Тюякпаева Данна Асқарқызы 1983 жылы 28 наурыз күні Шығыс - Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген.
2004 – 2008 жылдар аралығында Атырау қаласындағы Х. Досмұхамедов университетінің ағылшын тілі мамандығын аяқтаған.
2003 жылдан бері осы мектепте мұғалім болып, қызмет атқарып келеді. Данна еңбек еткен жылдарында ұстазға тән ұстамдылық, тынбай талаптану, ізденгіштік қасиеттерімен көрінуде.
Ол ақжарқын, ашық мінезді, жігерлі ұстаз. Ұйымдастырушылық қасиеті, өнерге, соның ішінде биге ерекше бейім.
Данна жаңа технологияны өз дәрежесінде меңгерген. Өз сабақтарында оқытудың жаңа технологиясы, ақпараттық технологияларды, интерактивті жүйені сабақта пайдалану әдістері тиімді қолдануда. Сабақ өткізу барысында мұғалімнің психологиялық дайындығы, оқушылар алдында өзін-өзі ұстауы, оқушылармен жақсы қарым-қатынаста екендігін байқатты.
Сонымен қатар, оқушыларды адамгершілік, ізгілік қасиеттерге тәрбиелеуде көптеген мәдени шаралар өткізіп, оқушылар ықыласына бөленуде