Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
8 дней назад

Уалиева Дина Серикбаевна

Учитель географии

Казахстан сш.имени Ю.А.Гагарина

Материалов: 5

Просмотров: 2024

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0



Категории по интересам: География
Инфоурок / Сайты учителей / Уалиева Дина Серикбаевна

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы «Ұстаз... Жаратлысынан өзіне айтылғанның бәріне жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадына сақтайтын, да алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, шешен, өнер - білімге құштар, аса канағатшыл, жаны асқақ және ар – намысын ардақтайтын, әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсететін, қорқыныш пен жасқанудың білмейтін батыл да ержүрек болуы керек» (Әл – Фараби) Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытушы тұлға. Ұстаз сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні - жақсылыққа. Өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізу дегенді білдіреді. Ал ішкі қыр - сырына тереңірек бойлап көріңізші! Үңілген сайын баға жетпес қазыналарға кенелгендей күй кешетініңіз аян. Ұстаз сөзі көз алдымызға мейрімді, білімді, парасатты, жүрегі жұмсақ асыл жанды елестетеді. Талмай іздену, маңдай терін төгу арқылы ғана ұстаз көп жетістіктерге қолын жеткізе алады. Ұрпақ тәрбиесі - қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұлы іс. Кез келген қиындыққа шыдай білген адам сол еңбегінің жемісін көреді. Сол еңбегінің жемісін көру үшін ұстаз бойында ұстамдылық, дарындылық, байсалдылық, ізденімпаздық сияқты алуан түрлі қасиеттер болуы шарт. Абай атамыз «Ұстазсыз шәкірт - тұл, шәкіртсіз ұстаз - тұл» деп адам баласына кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтады. Ұлағатты ұстаз – ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретеді. Әр ұстаздың өзіндік орны бар. Сабақ түсіндіруде бірі - ғылымға сүйенсе, екіншісі - бойындағы білімге сүйенеді. Енді бірі - ғылымды да, білімді де тұрмыспен ұштастырып, оқушыға ойын жеткізіп, жанын салып білім береді. «Ұстазсыз ғұмыр - сөнген күн»деп ата - бабамыз айтқандай, бұл өмірді ұстаздарсыз елестету мүмкін емес. Өзгенің уақытын аялап қана қоймай, ұстаз дегеніміз - айналасына адамгершілік пен ізгілік дәнін себуші ізгі жан қоғам қайраткері болуы қажет. Себебі ол - ертеңгі өмірімізді жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеуші. Ұстаздықтың күшті рухы - әрбір мұғалімнің барлық кезде өз міндетін дәл, мінсіз атқаруынан, ұқыптылығынан, тиянақтылық танытуынан көрінеді.

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх