Қазақ халқының ардақты азаматының бірі Ж.Аймауытов: "Ана тілін толық меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес" деп айтқандай, қазақ тілін оқытуда тіл мамандарының алатын орны ерекше. Мен өз ұстаздық мамандығымды жүрек қалауыммен таңдап алғам. Сондықтан оны әрқашанда жоғары бағалаймын. Мұғалім қашан да ізденгіш тұлға. Қазіргі таңда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жаңа идеяларды жан- жақты, жүйелі қолдану– менің күнделікті мақсатыма айналды. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі- жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді.
Мен сын тұрғысынан оқу мен жазу бағдарламасымен жұмыс істеймін. Қазіргі уақытта RWCT жобасының сертификатталған мұғалімімін. Кембридж бағдарламасының екінші деңгейін бітірдім, жоғары санатты ұстазбын, еңбек өтілім- 26 жыл. Оның ішінде 13 жыл бойы мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарудамын. Осы уақытта жинаған іс- тәжірибеммен бөлісуге дайынмын. Мақсатым- сіздерді өзіміз қызмет жасап отырған ортамызға тарту.
Тәлімімді жас ұрпаққа арнаған,
Қиыны мен қызығына қанбаған.
Мен- ұстазбын, үйретуден жалықпас,
Өмірден мен осы жолды таңдағам.
Ұстазбын мен осы жолда талмаған,
Құрмет етпес бізді, сірә, бар ма жан?
Ұстаздары кемеңгері- қамқоршы,
Шәкірттері әрқашанда қолдаған.
Шәкіртімнің ғарышқа қол созғанын,
Отанының адал ұлы болғанын.
Көрсем деймін, жатсам- тұрсам ойланам,
Өзімнен де көш ілгері озғанын.
Өз ұлтымының ұлылығын танытып, ізгілікті ардақ тұтқан қадамы нық шәкірттерім өсе берсе екен деймін. Әр бала – жеке тұлға. Өсіп келе жатқан балғын жеткіншек. Шәкірттеріміздің еркін ойлы, шығармашыл, үлкен өмірге бейім азаматтар болып шығуына тілектеспін!