Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
1 месяц назад

Заманбекова Айнур Нгметовна

учитель начальных классов

Казахстан Каратальская СШ с ДМЦ

Материалов: 5 Просмотров: 588 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Начальная школа Библиотека
Инфоурок / Сайты учителей / Заманбекова Айнур Нгметовна

Ұстаз болу- жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақындығы, Ұстаз болу- мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы. Еліміздегі өзгерістер мен білім беру жүйесінде болып жатқан жаңалықтар «мектептің жүрегі» деп орыны айшықталған мұғалімдер алдына жауапты да маңызды міндет қойып отыр. Абай атамыз: «бала тәрбиесіне 3 жақ әсер етеді, ата- анасы, ұстазы, және жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады.»деген ойы ұстазға да ауыр салмақ салып тұр. Себебі баланың үш мезгілі ұстазбен өтеді. ХХI ғасырға оқушыларды қалай даярлаймыз, қалай оқытамыз, білімді қалай береміз, міне, осы сұрақтар мұғалімді күнде мазалап жүруі керек. №1,2суреттер. Қазақ тілі сабағында Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты. Ұстаным дегеніміз не? («Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс- әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы есебінде атап көрсетеді. Менің педагогикалық ұстанымым оқушыларға әділ болып, олардың білім сапасын көтеру болып табылады. Әрине, тек өз пәнінді жақсы білетін маман болу аз, оқушылардың жанын түсінетін адал, шыншыл тәрбиеші болу да қажет. Шәкірттеріміз мектепте алған білімін қоғамда қолдана білсе, нұр үстіне нұр емес пе?! Алдымызда мөлдіреп отырған бүгінгі оқушылар, ертеңгі қоғамның мүшелері.Бірі- дәрігер, бірі- экономист, бірі- тілші болып, ұлы Абайдың сөзімен айтқанда, қоғамда кірпіш болып қаланады. ХХI ғасырда жаңа технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқанда, оқушыларымыз да сол технологияларды үздік игеретін,заман талабына сай шәкірттерге білім беруіміз керек. Сондықтан да мұғалім мамандығына талап жоғары болады. Әр адам үкілеп, әлпештеп өсірген ұл мен қызын мектепке жетектеп әкеліп, мұғалімге зор сенім артады. Үкілеген үміттеріне үлкен жауапкершілікпен қарау - біздің борышымыз. Қарапайым сөйлеу тілін игеріп келген балаға әдебиетіміздің қайнар бұлағы - сөз әлемінің сиқырлы тілін үйретемін. Қазақ халқының асыл қазынасы- бай салт- дәстүрімен, рухани байлығымен, шешендік сөздерімен таныстырамын.Қазақтың бас ақыны Абайдың әлеміне, сөз шебері- Ғабит Мүсіреповтің шығармаларына саяхат жасаймын. Жазықсыз қиянат көріп, халқы үшін бозторғайдай шырылдап өткен Ахмет, Міржақып, Мағжандардың өмірімен таныстырамын. Қазақ халқының тілі мен әдебиетін ұрпаққа үйрету -мен үшін тіл жеткізбес бақыт. Мен үшін даңқ та, ақша да маңызды емес, шәкірт тәрбиелеу, сөзімді бағалайтын ұрпақ болса- сол маңызды. Қорытындылай келе, Ұстаз бақыты- білімді ұрпақта, абыройлы еңбекте дер едім. «Шәкіртсіз- ұстаз тұл»- демекші, оқушыларым бар да, мен де бармын.

  • 5 материалов
Дүниетану пәні "Табиғаттағы су" (3 сынып)

Начальные классы
Другие методич. материалы 06.04.2016 Просмотров: 297 Комментариев: 0

«Табиғаттағы су» Сабақтың мақсаты: Судың қасиеттерін еске түсіру арқылы табиғаттағы су және олардың түрлері туралы ұғым қалыптастыру, өзеннің жалпы сызбасымен таныстыру, судың өсімдіктер, жануарлар мен адамдардың өмірінде атқаратын рөлі мен маңызы жөнінде түсініктерін жүйелеу, суды қорғау туралы білімдерін нығайту.Пәнге деген қызығушылығын арттыру; ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, шығармашылығын дамыту. Адамгершілікке, табиғатты қорғауға, үнемділікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: физикалы...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх