ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТӘРБИЕ САҒАТЫ Тақырыбы: «Астана қаласына саяхат» Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту. Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Сабақтың барысы: Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.(Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.) Тәрбиешінің сөздері -Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет. Яғни,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі. Республикамыздың президенті – Н.Ә.Назарбаев. - Балалар, мынау біздің еліміз- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Балалармен сұрақ –жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды. Балалардың тақпақтары: 16 желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Ерекше боп мәңгілік ---Зарема Ел жадында қалған күн Шырқап көкке аспан-ән, Болашаққа бас қадам, Қазақ рухын биіктет, ----Айым Ей, бас қалам-Астана! Отан-жерім, Отан –суым, Отан қуат, нәр береді. Отан ұран, Отан –туым, -----Аяулым Отан мәңгі гүлденеді! Балалармен әңгіме жүргізіп, сұрақ-жауап; Балалар кім айтып береді,біздің бас қаламыз қалай аталады! АСТАНА! Ал астана қаласында кім болды? БАЛАЛАР КАЗІР БІЗ СЕНДЕРМЕН АСТАНАҒА САЯХАТҚА БАРАМЫЗ. Машинаға ОТЫРАМЫЗ.Би Би Би. Міне балалар біз астана қаласына келдык. Ғажайып сәт: Айсұлу қыз шығады.Сәлеметсіздерме, балалар! сендер қайдан жүрсіңдер.Біз бақшадан астанаға саяхатқа келдык.Ал сен кімсің?Менінің атым Айсулу, жүріңдер ендеше мен сендерді астананің ішінде қыдыртамын.Мен сендерге ең маңызды жерлерін көрсетіп өтемін. Мынау болса ол ақ орда бұнда біздің президентіміз отырады,ал мынау болса ол байтерек ол астананың ең биык құрұлысы,бүл ұлкен үй ол хан шатыр деп аталалады.Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар,мен сендермен бір ойын ойнағым келеді, ол ойның аты «Туған жерді гүлдендір»