Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
6 месяцев назад

Жансейтов Калибек Жансейтович

преподаватель

Казахстан Еркиндикская ОСШ

Материалов: 5

Просмотров: 3599

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Жансейтов Калибек Жансейтович

Учитель по биологии,стаж работы 21 лет,женат воспитываю 5 детей.очень люблю свою работу,занимаюсь научными исследовательскими работами ,готовлю учащихся к ЕНТ, делаю презентацию,свободное время люблю играть в шахматы,занимаюсь спортом люблю плавание. Ашық сабаққа өзіндік талдау Өткізген ашық сабағым 8 сыныбында өтті. Сабаққа 15 оқушының 14 қатысты. 1-уі себепті. Сынып оқушылары белсенді, жауапкершіліктері мол, білімге құштар, алғыр, қабілетті, ізденімпаз. Алынған тақырыбым бөлімнің ішіндегі жаңа материалды игеруге бастама беретін, мазмұнын ашатын, жалпы күрделілік деңгейі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай. Жаңа материалдың көлемі мен қиындығы, мазмұны түсінікті. Сабақтың түрі білімді меңгерту және шығармашылық сабақ болғандықтан алдыма қойған ең негізгі мақсатым, тыныс алу жүйесінің ерекшеліктерімен таныстырып, жаңа білім беру, ойлау қабілеттерін, біліктіліктерін жетілдіріп, түрлі көрнекі құралдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық, іздену қабілеттерін дамыту, жауапкершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу сияқты үш жақты үйлестілікті дұрыс ұйымдастырып, негіздеу болатын. Көздеген мақсат-міндеттеріме оқушылардың тікелей қатысуымен қол жеткіздім деп ойлаймын. Өткізген сабағым қызықты, жаңашыл түрде өтті. Ең бастысы оқушылар өткен тақырыппен байланыс жасай отыра жаңа материалды толық игеріп, өздеріне тың мағлұматтар алып, сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін шыңдау негізінде шығармашылық жұмыстарға жұмылдырылып, өз денсаулықтарын сақтай білудің алғышарттарымен танысты. Ағылшын,орыс тілі тілімен пәнаралық байланыс жасау тиімді болды. Сынып оқушыларының әрқайсысы өздеріне өзіндік бағалау беріп, толық бағаланды. Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытуға барлық мүмкіндіктер пайдаланылды. Келешекте өткізетін сабақтарымда Insert түртіп алу кестесімен жұмыс істеуді, өзіндік іздену қабілеттерін дамыту жұмыстарын, пәнаралық байланыстарды ары қарай жалғастыруды, жетілдіруді көздеймін. Биология пәнінің мұғалімі: Жансейтов К.Ж. Пән бірлестік жетекшісінің талдауы: Ашық сабаққа 7 ұстаз қатысты. Сабақты интерактивті тақтада өткізді, мақсаты айтылды. Үй тапсырмасын «Полиглот», «Көкпар» ойыны арқылы тексерді Жаңа сабақты көрнекілік арқылы оқушыларға жақсы түсіндірді, мұғалімнің білімінің жоғары екендігібайқалады. Сабақ жоспарының құрылымы жақсы. Оқушылардың ойлауына, есте сақтауына, пәнге қызығушылығына және шығармашылық ізденуіне көп көңіл бөледі. Сабақта химия, ағылшын, салауаттану, экологиямен пәнаралық байланыс болды. Сабақты бекітуде оқушылардың алған білімдері тексерілді, тыныс алу жүйесінің мүшелерін сызба-нұсқа арқылы бақылады. Әр оқушы өзінің білімін өзі бағалады, қосымша мұғалім бағаны толықтырып айтып, бағалары қойылды. Сабаққа келген оқушылардың барлығы қамтылып, белсене қатысты. Үй тапсырмасы берілді, оқушыларға іздену үшін баяндама тақырыбы айтылды. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтілді, мақсатына жетті. Мұғалімнің әдістемелік дәрежесі жақсы, білімді, білікті жас маман. Бірлестік жетекшісі: Байжаханова А.А. Күні 02.02.2015 ж Пәні:Биология Сынып: 8 Сабақтың жоспары: Сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тыныс алу жүйесінің маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы жаңа білім, түсінік беріп, ұғымдар қалыптастыру Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, біліктіліктерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту Тәрбиелік: Жауапкершілікке, адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, интерактивті тақта, тыныс алу мүшелерінің макеті, модельдері, суреттері, слайдтар Сабақтың түрі: Білімді меңгерту, шығармашылық сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивті оқыту, түсіндіру, сызба-нұсқа, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік, Insert кестесі Пәнаралық байланыстар: Химия, ағылшын, салауаттану, экология Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру II Үй тапсырмасын сұрау 1-кезең: “Көкпар” 1. Қанайналым жүйесі дегеніміз не? Қандай мүшелер жатады? 2. Қантамырлары неше топқа бөлінеді? 3. Жүрек неше қуысты, қабырғасы неше қабаттан тұрады? 4. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі қалай аталады? Қалай білуге болады 5. Қанның қанайналым шеңберімен ағатынын ашқан ағылшын ғалымы? 6. Мынау қандай аурудың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсеңдейді. 2-кезең: “Полиглот” 1. Ешбір техникамен алмастыруға болмайтын моторлы қызмет атқаратын мүше? 2. Көптеген ұлпалардың жиынтығынан не құралады? Мысалы бұлшықет және дәнекер ұлпасынан тұратын қанайналым ......... 3. Жүрек кемістігі (порок) жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болатын жұрек-қантамырларның ….? 4. Дәнекер ұлпасының сұйық түріне немесе ағзаның ішкі ортасына не жатады? 5. Жүректің сол жақ қарыншасынан басталып → дене жасушаларына → жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталып, қанды бүкіл денеге таратып, қайтадан жүрекке әкелетін қанайналым шеңбері 6. Жүректің оң жақ қарыншасынан басталып → өкпеге → жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталатын қанайналым шеңбері 7. Лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болатын, тек қана рентген сәулесі, радиоактивті элементтердің көмегімен емдейтін жүрек-қантамырларының ауруы 8. Қай қантамыр оттекпен қаныққан? Себебі біз не арқылы тыныс аламыз? 9. Мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайтын қантамыр? 10. Қандай да болмасын аурудың алдын алу үшін әр адам нені сақтап, ұстану қажет? III Жаңа сабақ • Тыныс алудың маңызы • Тыныс алу мүшелерінің құрылысы • Тыныс алу мүшелерінің қызметі 1-Слайд. Тынысалу деп организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесін айтады. 2-Слайд. 3-Слайд. 4-5-6-слайдтар «Тыныс алу мүшелерінің құрылысы» бейнеленген суреттер IV Бекіту “Ойлан, тап!” кезеңі. Тыныс алу жүйесінің мүшелерін сызба-нұсқа түрінде сызып, макеттен орналасуы мен құрылысын түсіндіріп өтіңдер “Инсерт” түртіп алу жүйесі арқылы кестені толтыру Білемін Меңгердім Нені түсінбедім? Таңқалдырды V Бағалау Бағалау парағы арқылы оқушылар алдымен өзіндік бағалауларын қойып шығады, одан соң мұғаліммен оқушының ортақ бағасы қойылады. VI Үйге тапсырма беру 1. §40 оқу; Баяндама жазу: “Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы” 2. Сәйкестендіру тестін орындау 3. Баяндама: “Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы немесе аурудың алдын алу шаралары”

  • 5 материалов
Антропогенез 9 класс по биологии

Биология
Конспекты 22.04.2015 Просмотров: 580 Комментариев: 0

Антропогенез-Адамның шығу тегі туралы ілімТақырыбы:Адамның шығу тегі.Адам эволюцисының негізгі кезеңдері Мақсаттары:Білімділік : 1. Адамның шығу тегі туралы алғашқы және қазіргі кездегі көзқарастарға жалпы сипаттама беруАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріне жалпы сипаттама беру 2.Тарихи дамуда адамның арғы тегінің мінез- қылығы мен құрылысындағы күрделілену үдерісін білу. 3.Адамның дамуындағы негізгі кезеңдерді білу.Дамытушылық:1 Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағды...

Презентация по биологии на тему Тынысалу 8 класс

Биология
Конспекты 21.04.2015 Просмотров: 407 Комментариев: 0

Еркіндік орта мектебі Ашық сабақ тақырыбы: Сыныбы: 8 Биология пәнінің мұғалімі: Жансейтов К.Ж. 2014-2015 оқу жылы Ашық сабаққа өзіндік талдауӨткізген ашық сабағым 8 сыныбында өтті. Сабаққа 15 оқушының 14 қатысты. 1-уі себепті. Сынып оқушылары белсенді, жауапкершіліктері мол, білімге құштар, алғыр, қабілетті, ізденімпаз. Алынған тақырыбым бөлімнің ішіндегі жаңа материалды игеруге бастама беретін, мазмұнын ашатын, жалпы күрделілік деңгейі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай. Жаңа материа...

Адам генетикасы по биологии 9-класс

Биология
Конспекты 21.04.2015 Просмотров: 672 Комментариев: 0

. Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі Төле би Тақырыбы: Адам генетикасы және оның әдістері Мақсаты: Білімділік: 1.Оқушыларға білім тереңдету мақсатында адам ағзасындағы хромосомалардың атқаратын қызметін және маңызын білу. 2. Хромосомалар арқылы тұқым қуалайтын аурулар мен ауытқуларды толық ажырата білу. 3. Генетикада адамның тұқым қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік беретін әдістерді білу. Дамытушылық: 1. Әр түрлі білім көздерін қолдана білу (мәтін, сурет, жинақтамалар, слайд және электрон...

9 класс Жердегі тіршілік

Биология
Конспекты 21.04.2015 Просмотров: 569 Комментариев: 0

14.03.2015 ж Биология 9-сынып Cабақтың тақырыбы: Тіршіліктің пайда болу тарихы. Палеозойдағы тіршілік Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды тіршіліктің пайда болу тарихымен таныстыру. 2. Оқушылардың тірішіліктің даму тарихындағы замандар жайлы дүине-танымын арттыру. 3. Тарихи дүниетанымдарын тәрбиелеу. Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих.география Сабақтың түрі: кіріктірілген. Сабақтың көрнекілігі: Геохронологияльщ шкала (кесте),кепешөптер, сурет,презентация. Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау,кес...

9-- класс по биологии Ч.Дарвин

Биология
Конспекты 21.04.2015 Просмотров: 1371 Комментариев: 0

Еркіндік орта мектебі Чарльз Дарвиннің эволюция ілімі Тақырыбы: Чарльз Дарвиннің эволюциялық ілімі . Мақсаты:Білімділік: Чарльз Дарвиннің эволюциялық іліміне жан-жақты толық сипаттама беруДамыту: Оқушылардың өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Әр оқушының еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік: Материалистік дүние танымдарын жетілдіру Болжамдап отырған нәтиже: Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы туралы көзқарастармен танысқан тұлға. Саб...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх