Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 месяца назад

Жайыкбай Перизат Меретбайкызы

тарих пані мугалімі

Казахстан Б. Жумалиев атындагы орта мектеп

Материалов: 5 Просмотров: 1528 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: История
Инфоурок / Сайты учителей / Жайыкбай Перизат Меретбайкызы

ӨМІРБАЯН Мен - Жайықбай Перизат Меретбайқызы 1986 жылы 17 қаңтарда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосында дүниеге келдім. 2003 жылы Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы университеттің «тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2007 жылы бітіріп шықтым. Алғашқы еңбек жолын М.Атымов атындағы орта мектепте тарих, құқық пәндері бойынша 2 жылдан астам уақыт жұмыс жасап, 2011 жылы Б.Жұмалиев атындағы орта мектепке ауыстым. Қазір осы аталған мектепте 7, 10,11 сыныптарға тарих пәнінен, 9 сыныптарға дінтану пәнінен дәріс беріп келемін. Сабақ берумен қатар 10 «ә» сыныбына жетекшілік қызметін де атқарамын. Аудандық ғылыми жоба сайысында 9 – сынып оқушысы Жайлиева Динаға жетекшілік етіп, «Қазақ халқының қылмыстық заңы» тақырыбындағы ғылыми жобамыз жүлделі ІІІ орын алды. (2012 ж.) Дүние жүзі тарихы бойынша мұғалімдерге арналған І республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, аудан бойынша ең жақсы нәтиже көрсетіп, сертификатқа иелендім. Білімін көтеру мақсатында курстардан өтіп, семинарлаға қатысып, өзара тәжірибе алмасып отырдым. 2009 жылы «Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы жаңа технологияның рөлі» (№000490, №006772), 2010 жылы «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту методикасы (№0012441), 2011 жылы «Дінтану негіздері» факультативін оқытудың тиімді жолдары (№0014817) курстарынан өттім. 2011 жылы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын тарих сабағында қолданудың тиімді жолдары» тақырыбындағы аудандық семинарға, 2012 жылы «Жаратылыстану пәндерін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану – оқушылардың құзырлығын қалыптастырудың негізгі кепілі» тақырыбындағы облыстық семинарға, «Тарих сабағында оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы аудандық семинарлаға қатыстым. 5-6 сынып оқушыларына арналған гуманитарлық бағыттағы дарынды балалар олимпиадасының аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәнінен 5 «ә» сынып оқушысы Бердешова Аружан ІІІ дәрежелі дипломмен және 6 «ә» сынып оқушысы Сағынғалиқызы Жазира ІҮ дәрежелі дипломмен марапаталды. 2 наурыз - 24 мамыр 2015 жылы ІІІ деңгейлік (базалық) курсынан өтіп келдім. 20 тамызда «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде «Конституция-болашақтың кепілі» тақырыбында баяндама оқыдым. 1 қыркүйекте Маңғыстау аудандық Білім бөлімі білім саласына кәсіби біліктілігімен қосқан ерекше жетістігім үшін алғыс жарияланды. 25 қыркүйекте «Сындарлы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін мұғалімдердің өз іс-тәжірибелерінде қолдануына коучник, сабақтардың әсері» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинарға қатысып, тәжрибе алмасып қайттым. 29 қазанда Жаңаөзен қаласында №2 орта мектепте өткен «Мұғалімнің өзіндік дамуы: педагогикалық рефлексия» тақырыбында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған тәжірибелік семинарға қатысып, тәжірибе алмасып қайттым.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх