Өмірбаян
Жайлауов Нурболат Қуатбекович 1983 жылы 24 қаңтарда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Көктал ауылында туылды. 1989 жылы Көктал ауылының Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданды. 2000 жылы Бірлік орта мектебінде 11-сыныпты аяқтады.
2000 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ- ға түсіп, "тарих және география" мамандығы бойынша 2004 жылы бітіріп, тарих және география мамандығын алып шықты.
2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, Алматы облысы Балқаш ауданы Бірлік ауылындағы "Бірлік орта мектебінде" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде тарих және география пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқаруда.
Осы мектепте қызмет атқара жүріп, 2004-2008 жылдары Бірлік ауылында жастар ұйымының жетекшісі қызметін атқарды.
2011ж. 13-ші мамыр №131-ші бұйрығымен бірінші санаты берілді.
"Бірлік орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2011-2012 жылдары педагог-ұйымдастырушы лауазымы қызметін атқарды.
2012-2014 жылдары директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары лауазымы қызметін атқарды.
Марапаттар: 2005 жыл. Аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы;
2006 жыл. Аудан әкімінің Дипломы;
2009 жыл. Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің грамотасы;
2010 жылы Аудандық «Шебер мұғалім-2010» байқауының «Зерттеуші мұғалім» номинациясын иеленген;
2010 жылы Талдықорған қаласындағы облыстық «Жетісу» телеарнасында өтілген«Бес қару» теле-байқауының 1-ші кезеңіне қатысып, І орынға ие болды.
2015 жылы Аудандық «Үздік тарих пәні мұғалімі» байқауынан жүлделі І орын .
2005ж.2006ж.2007ж. Аудандық пән олимпиадасынан оқушысы Отарбаев Рахман тарих және құқық пәндерінен жүлделі II-III орындарды иеленді;
Аудандық пән олимпиадасынан оқушысы Ноғайбай Анас 2014ж. қазақстан тарихы пәні бойынша жүлделі II орын және 2015ж.құқық пәні бойынша жүлделі II орын алды.
2015ж. Аудандық пән олимпиадасынан 9- сынып оқушысы Хамза Еркежан құқық пәні бойынша жүлделі II орын алды және10- сынып оқушысы Жұмаділ Әділет қазақстан тарихы пәні бойынша жүлделі II орын иеленді.
Газет баспаларына: 2014ж.«Құзыреттілік-шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негізі» атты облысттық жинақ кітапқа «Абылай хан» тақырыбында үлгілі сабағы басылып шықты.
Аудандық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық «Балқаш өңірі » газетіне 2013ж. «Жетістікке жетудің кілті- жаңаша оқытуда» мақаласы жарық көрді.
Аудандық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық «Балқаш өңірі» газетіне 2015ж. «Зұлмат жылдар зобалаңы» мақаласы жарияланды.
Аудандық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық «Балқаш өңірі» газетіне 2015ж. «Өткенді білсек,өркеніміз өседі» мақаласы жарияланды.
2015ж.«Мұғалім мінбері » облыстық қоғамдық-педагогикалық газетінің «Сақтар» атты үлгілі сабағы жарық көрді.
2015ж.«Мұғалім мінбері » облыстық қоғамдық-педагогикалық газетіне «Дін және мәдениет. Исламның таралуы» атты үлгілі сабағы жарық көрді.
2015ж.«Мұғалім мінбері » облыстық қоғамдық-педагогикалық газетіне « Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін зардаптары» атты үлгілі сабағы жарық көрді.
2015ж.«Мұғалім мінбері » облыстық қоғамдық-педагогикалық газетіне «Тас дәуірі» атты үлгілі сабағы жарық көрді.
2015ж.«Мұғалім мінбері » облыстық қоғамдық-педагогикалық газетіне «Германия» атты үлгілі сабағы жарық көрді.