Жолдыбаева Жадыра Махамбетовна

  • учитель технологии
  • №70 Жанқожа атындағы орта мектеп
  • Казахстан
  • 10.07.1971

Категории по интересам:

Қазақ елі егемендігін алғаннан кейін әміршіл-әкімшіл жүйенің күйреуі, жаңа қоғамдық қатынастарға бетбұрыс, демократиялық өзгерістер қазақтардың өзінің өткенін, руы мен тегін, тарихын, елінің бұрынғы өткен игі жақсыларын, батырлары мен билерін, олардың халық алдындағы еңбегін бағамдауға кең мүмкіндік туғызды. Осы кезеңнен бастап көңілі ояу, көзі қарақты қалам ұстаған ағайын өз елінің өткенін зерттеп, көнекөз қариялардың ауызша айтқандарын жинастырып, ататек шежіресін құрастырып топтап, тарихтың жаңа беттерін аша бастады. Бұрын аты аталмай, беймәлім болып келген батырлар мен билер, кейін ұмыт бола бастаған арыстар мен боздақтар туралы жарияланымдар сөзіміздің айғағы. Мен бүгін өз руым Қияттың шығу тарихын, бұрын еш жерде жарияланбаған, тек аталарымыздың аузынан бабаларымыз туралы естіген естеліктерін ортаға салмақпын. Әуелі Қият деген атаудың қайдан шыққанына тоқталайық. Алау деген қыз бала, суға түсіп жүріп судың көбігінен жүкті болады. Сәл кейін Көбік деген жігіт бір ұрыста 18 жасында Енесейден өтіп бара жатып суға кетіп өлген екен. Хан баласы Көбікті іздеп Алауға кезігеді. Алау жағада бор жеп отырған. Мән-жайға қаныққан хан Алаудың жүкті екенін көріп «кімнен болды?» деп сұрағанда «көбіктен» деп жауап берген. Қате түсінген хан «Ұрпағымның қатыгез болғанын қаламаймын, өлтіріңдер» деп әмір беріп сандыққа салып даияға ағызып жібереді. Дарияның арғы бетіндегілер қара қалпақ киеді екен. Бергі бетіндегілер бас киім кимейтін болған. «Ханталапай» ойыны басталады. Сұрмерген (бір жерде Қарамерген) деген мерген сандықты қиялап атып, жағаға келтіреді. Енеміз аман қалып, ұл туады. Сандықты қиялап атып аман алып қалдық, бұл баланың аты «Қият» болсын деп балаға есімін қояды. Алау өліп кетеді. Сұрмерген баланы өсіреді. Қият өте тұйық, қайратты болып өседі. Міне, Қият атауы осыдан шығып, Қияттан біздің ұрпақ тараған.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 7
  • Просмотры: 1156
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0