Инфоурок / Сайты учителей / Жумабаева Торгун Айтмагамбетовна

Жумабаева Торгун Айтмагамбетовна

  • учитель начальных классов
  • СКО Тайыншинский район КГУ "средняя школа №5 города Тайынша"
  • Казахстан
  • 01.01.1964

Категории по интересам:

Мен, Жумабаева Торгун Айтмагамбетовна, 2001ж Тайынша қаласындағы №5 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеймін. Бастауыш мектеп – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Бастауыш сынып кезеңінен бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, ұйымшыл болуға баулимын. Үздіксіз еңбек нәтижесінде шәкірттерімді республикалық «Балдырған» журналына жазылуына толығымен ұйымдастыра білдім. Сыныптың фотосуреті мен «Қатарымыз көбейсін» атты мақала республикалық балаларға арналған 2013ж №7 «Балдырған» журналында жарық көрді. Облыстық психология және тұлғаны дамыту «Рух» орталығы өткізген «Танысуға рұқсат етіңіздер - МЕН» атты ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауына қатысқан оқушыларым ІІ орын иеленді. Өзім ІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым. «Бастауыш сыныптардағы үздік әдістемелік-дидактикалық құралдар» атты облыстық байқауының «Үздік оқу-әдістемелік құралдар» номинациясы бойынша СҚО облысының білім басқармасынан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым. Петропавл қаласында өткен «Бастауыш және мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық іс-әрекет» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдарында «Инновациялық оқыту – баланы тұлға ретінде дамыту» атты баяндама жасадым. «Ақ бота-2013» - республикалық интеллектуалдық марафонында оқушыларым ІІ орын иеленіп, дипломмен марапатталды. 2014ж үш оқушым аудандық «Әлем таныған Абай» оқуларына қатысып сертификат иеленді. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші негізгі деңгей бағдарламасы бойынша 2014ж көктемінде Алматы қаласында білім алдым. Ендігі жерде сол алған білімім арқылы өз тәжірибеме құнды өзгерістер енгізіп нәтижесін көргім келеді. Осы жердегі мақсатым: оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру. Сондықтан мен әр-түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларымның ойлау негіздерін сын тұрғысынан дамытуға тырысып жүрмін. Оларды алған білімдерін сабақта қолдана білуге, өз пікірін дәлелдеуге үйретудемін. Болашақта іс-тәжірибеме енгізетін өзгерістерім: • Екінші деңгей бағдарламасы аясында алған білімімді жалғастырамын; • Топтық жұмыстарды ұйымдастырып дамытамын; • Әр оқушының дамуына ықпал етемін.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 18
  • Просмотры: 8984
  • Коментарии автора: 1
  • Коментарии автору: 0