Информатика 5 сынып
Тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту
Мақсаты: 1. WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы мәлімет беру.
2. Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету.
3. Өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Оқушының сабақ барысындағы мүмкіндіктері:
- ортада жайлы әрекеттестікті орнату, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасау;
- өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестікті орнату;
- оқушылардың белсене қатысуына көмектесу;
Оқытудың нәтижесі:
Сабақ соңында әр оқушы топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдалануға ұмтылады;
ортада жайлы әрекеттестік орнатады, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды;
- өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестікті орнатады;
- оқушылар белсене қатысады;
Күтілетін нәтиже:
•Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады.
• Қолдану, түсіну және талдау: өз тәжірибесінде оқушы топтық жұмысты тиімді пайдалана білуге дағдыланады, топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.
• Бағалау: Өзін - өзі, өзгені бағалауды үйренеді.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Қолданылған құралдар: А4 парағы, маркерлер, түрлі - түсті қағаздар, әртүрлі кәмпиттер, плакат, стикер, қапшық.
Сабақ барысы
Сабақтың әрекеті
Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Оқушылармен бірге тұрып “Шаттық шеңберін’ құру. Сабаққа байланысты бір – біріне ақ тілектерін жеткізу.