Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
1 месяц назад

Жуманова Нургул Юрьевна

Психолог, учитель самопознании

Казахстан Б. Жумалиев атындағы орта мектеп

Материалов: 5 Просмотров: 1126 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Психология Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Жуманова Нургул Юрьевна

Мен Жуманова Нургул Юрьевна 1989 жылдың 10 ақпанында дүниеге келдім. 1995 – 2006 жылдары Шайыр орта мектебінде білім алдым. 2006 – 2011 жылдары Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық институында «Педагогика және Психология» факультетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалавры академиялық дәрежесін алдым. 2011 жылдан бері Маңғыстау ауданы, Шетпе селосындағы Б.Жұмалиев атындағы орта мектебінде педагог – психолог қызметін атқарып келемін. 2011-2012 оқу жылында 11 сыныпта «Болашақ бүгіннен басталады», 9 сыныпта «Сенім - менің серігім» ашық психологиялық сабақтар, 2012 – 2013 оқу жылында 2013 – 2014 оқу жылында мұғалімдерге «Жақсы көңіл – күй жан азығы» сайыс сабағын өткіздім. 2013 – 2014 оқу жылында мектепішілік пән апталықтарында «Лабиринт», «Өрмекші торы», «Майшам», «Бақшада» тренинг сабақтарын өткіздім. 2011-2012 оқу жылында аудандық «Болашақ бүгіннен басталады» психологтар жүрмелі семинарында Н.Жұбаев мектебінде «Менің көңіл – күйім», Шетпе лицейінде «Мақсатқа жету», Шетпе гимназиясында «Стресс – тест», М.Атымов мектебінде «Стресс – тест» тренинг – сауалнамалар, 2012 – 2013 оқу жылында Н. Жұбаев мектебінде «Сенімділік күш береді», Шетпе гимназиясында «Үйсіз қоян», М.Атымов мектебінде «Мектеп бітірушілерге психологиялық кеңес» тренинг – кеңестер өткіздім. Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебінде «Мамандық таңдауда оқушыларды дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбымен өткен аудандық семинарда «Мамандықтар шеңбері» тренингін өткіздім. Аудандық «Жас мұғалімдер» слетінде психологиялық ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, тобымыз «Ізденімпаз ізбасарлар» І орын иеленді. Мектепішілік «Жас келсе іске» жас мамандар апталығында «Еңбекқор ұстаз» номинациясымен , Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебінде өткен «Мамандық таңдауда оқушыларды дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбымен өткен аудандық семинарда «Зерделі психолог» номинациясымен марапатталдым. Аудандық «Ең үздік жыл психологы – 2013» байқауында ІІ орын иелендім. Аудандық «Үздік психологиялық тренинг – 2015» байқауында бас жүлдені иелендім. 2012 – 2013 оқу жылының тамыз кеңесінде «Оқушылар арасындағы мінез – құлық ауытқулары мәселесін шешуде психологиялық анықтау мен түзетудің алатын орны», бірлестік отырысында «Тәрбиесі қиын балалардың ата – аналарымен психологиялық зерттеу жүргізудің маңызы», қайырымдылық акциясында «Отбасы – адамгершілік рухани тәрбие беру негізі», 2013 – 2014 оқу жылында педагогикалық кеңесте «ҰБТ – ге оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындаудың маңызы», директор алды кеңесте «Қиын оқушылармен жұмыс», «Мектептегі психологиялық жұмыстар жайы» тақырыптарында баяндамалар оқыдым . Білімімді көтеру мақсатында семинарларға қатысып тұрамын. «Электронды оқыту жүйесін (e-learning) енгізу жағдайында білім контенттерін жасау технологиясы» (№0379472, 2012ж), «Жасөспірімдер арасындағы суицид пен қатерге бейім мінез – құлықтың алдын алу» (2012 ж), Электронды үкімет және электрондық қызметтер» (№EG13 – 09045, 2013ж), «Кемелдену: мұғалім шеберлігі және шәкірт ізденісі» (2013 ж) атты семинар – тренингтерке қатыстым. «Мектеп оқушылары бойында отансүйгіштік пен ұлттық дәстүрге адалдық сезімдерін қалыптастырудағы Дінтану негіздері пәнінің ролін көтерудің әдістемесі» (№0097407, 2015 ж), «Өзін – өзі тану пәнін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері» (№0099208, 2015 ж ) 2015 оқу жылында Аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым. Республикалық «Семейного Воспитания» институтының «Почетная грамота» марапатталдым.

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх