Алла тағала адам баласына басқа тіршілік иелерінен өзгеше сыйды, ой мен сананы, тілді берді. Жарық дүниеге шыр етіп келген әр бір адам баласы анасының мейірімінен нәр алып ұлғаяды. Анасы бала үшін бәрінен де қымбатты, аяулы. Ананың аялы алақанында алаңсыз жүрген сәби балабақша табалдырығынан аттаған күні өзін қорғаусыз жалғыз қалғандай сезініп, анасына жеткісі келіп асығады. Күндер өткен сайын айналасында анасы сияқты мейірімді жандардың бар екендігіне иланып, көңілі шаттанады. Періштедей пәк баланың өмірінде ананың орнын ешкім де баса алмайтындығы сөзсіз. Бірақ анасымен қатар өмірдің бұрылысы мен қақтығысында қапыда қалмау үшін оған әрдайым қол ұшын созып, тура жолға бағыттауды көздеген, жақсылық нұрын таратуға үлесін қосуға атсалысып жүрген кереметтей мамандық иелері бар. Осындай қымбатты мамандық иесі ол - мұғалім. Әлі күнге дейін жан дүнием сонау балалық шағымның балғын кездеріне әр күні саяхат жасап келетін секілді. Өйткені мен өзімнің бар жан - тәніммен қалап таңдаған бастауыш сынып мұғалімімін.
Алла тағала адам баласына басқа тіршілік иелерінен өзгеше сыйды, ой мен сананы, тілді берді. Жарық дүниеге шыр етіп келген әр бір адам баласы анасының мейірімінен нәр алып ұлғаяды. Анасы бала үшін...