Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Утренник на тему "Көктем аруы"

Утренник на тему "Көктем аруы"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:«Көктем аруы»

Мақсаты: көктем мезгіліеде болатын алғашқы мереке- Аналар мерекесі туралы түсінік беру. Қыздарды шапшаңдыққа, ептілікке, ұқыптылыққа баулу. Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, шарлар, гүлдер.

Жүргізуші: Ана деген сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бұл әлемде тыныштық.

Біз ғана емес қадір тұтқан балалар

Аналардан кейбір туған балалар

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар құрметті аналар, қымбатты ата-аналар, әжелер, қыздар, қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын.

Жүргізуші: Бала, бала, бала, деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған

Бұл кім?

Балалар: Ана, ана, ана.

Әрине, бұл біздің аналарымыз. Ендеше осы мерекеге арналған «Көктем аруы» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Жас күніңде жалындау бар, жану бар,

Үлкендерден үлгі өнеге алыңдар.

Көрерменге өнерлерін паш етсін,

Қош келдіңдер кіп-кішкентай арулар!

Бүгінгі байқауға қатысушы аруларымызды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділ қазы алқаларын сайлайық,

Кішкентай аруларды таңдап бүгін алуға- деп, бүгінгі кешіміздің бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.

Жүргізуші: Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төглді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

Бірінші кезең бойынша аруларымыз өздерін таныстырады.

Жүргізуші: Шыққаннан соң сахнаның төріне,

Білімділер тек биіктен көрінер.

Арулармен бірге саяхат жасайық,

Ғажайыптар ертегілер еліне.

Бүгінгі арулар ертегілер еліне саяхат жасайды. Ертегіледі таңдап алып, қандай ертегі екенін айтып береді. (жұмбақтар шешеді)

Жүргізуші: Бастап бүгін арулардың сайысын,

Аруларды бар қазағым танысын.

Өнерлі өрге жүзер ендеше,

Ару боп өс, туған жердің бағы үшін.

Бүгінгі арулар өз өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші: Тимеші гүлге, үзбеші оны,

Сұлу боп өссін даламыз- дей келе сұлу да, сымбатты қыздарымыз сән үлгісін көрсетеді.

Ән: «Ақ мамам»

Жүргізуші: Ұл балаларымыздың ән-шашуын қабыл алыңыздар.

Сөзімді дұрыстайтын, әже,

Айғайлап ұрыспайтын, әже,

Қыдырса, ерте кететін әже,

Ылғи да еркелететін әже,

«Алысқа кетпе» дейтін, әже,

Келмесем өкпелейтін әже.

Асыл әжелерімізге арналған балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар. ( балалар тақпақтарын айтады )

Ән: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»

Жүргізуші: Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анаңдай-ақ тілесін,

Ана деген ардақты ат, сен оны,

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.

Ән: «Анашым» (балалардың ана туралы тақпақтарын тыңдау)

Жүргізуші: Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Анамызға сыйлаймыз.

Балалар дайындаған сыйлықтарын аналарына сыйлайды.

Жүргізуші: Арайлап атты таңымыз,

Жайнайды бақша бағымыз.

Гүлдей құлпырып,

Би билейміз енді біз.

Ұлдар би билейді.

Жүргізуші: Ал құрметті аналар, қонақтар бүгінгі ертеңгілігімізге келіп, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рақмет. Әрқашан дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, балаларыңыздың қуанышына кенеле беріңіздер.

Жүргізуші: Ана – біздің күніміз,

Ана – біздің гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Сіздерді тағы да, 8- Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров125
Номер материала ДВ-127638
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх