Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Утренник на тему "Күз береке, молшылық"

Утренник на тему "Күз береке, молшылық"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Ертенгілік «Күз береке молшылық»

Жүргізуші: Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық.

Құрметті қонақтар, балалар, бүгінгі «Күз береке молшылық» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Бүгінгі алтын күзге арналған балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Темірлан (балдырған)

Көбейді құт береке

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Аружан (гүлдер)

Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгіледі.

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді.

Темірлан (қоңырау)

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жыйнауға

Шақырады біздерді.

Ж: Балалар, бізде қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз

Ж:Дұрыс балалар енді мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға «күз аруын» шақырайық.


Музыка әуенімен Күз кіреді.

Күз:Алтын түске боялды

Таумен қырқа, дала, түз

Келді міне ортаңа

Менің атым Алтын Күз.

Ж: Қош келдің алтын күз!Төрлет төрлет!

Күз: Сәлеметсіңдерме балалар, ия, мен Алтын күзбін. Қараңдаршы айналаның бәрін, алтын түске бояп қойдым.

Ж: Мереке басы ән болар, қазір біздің балаларымыздың орындауында күз жомарт әнін тамашалаңыздар

Хор «Күз жомарт»

Айбар (балдырған)

Өрік, алма

Шие, алша

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз

Қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп орақ түсіп,

Қырман дәнге толады

Әйгерім (қоңырау

Алтын, сары, қызыл көк

Алуан, алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жалтырап.

Әлинұр(гүлдер)

Жапырақтар жамырап,

Сайға барып бекінді.

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді.

Ойын «Сыңарыңды тап».

Ж: Ал, қонақтар, қарайық,

Біздің балалар билейді.

Би әсемдік сымбаттық,

Әдемілік бұл дейді.

Енді біздің балаларымыздың орындауында «Қол шатыр» биін тамашалаңыздар.

Ж: Жанзара

Алтын күз,алтын күз

Күтеміз сені біз

Көреміз сізді күз

Келіңіз , келіңіз.

Дина

Көктемде егін егетін

Күзде жыйып беретін.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Ерасыл

Біре астық түсіріп,

біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен,

Алдым оны түсініп.

Жәнібек

Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.


Жүргізуші: Енді 2013 сән үлгісін тамашалайсыздар.

Ж: Ару күз сенде толып жатқан сырлар көп, Біздің балаларға арналған қандай сыйыңыз бар?

Күз: Ия, балалар менің сыйларым көп, сендергеде құр қол келгем жоқ. Әкелген базарлығым бар. Одан бұрын сендермен ойнағым келіп тұр.

Балалар бұл үш шар, бұл жай шар емес, сыйқырлы шар, ішінде сендерге арналған тапсырмасы бар.

  1. Жұмбақ :Жер астына түседі, сап сары болып піседі. (сәбіз)

  2. Ағайынды бәрі, шықса жасыл, түссе сары.(жапырақ)

  3. Күзде неше ай бар?

  4. Түсті ажырату

  5. Суықтан қорықпайтын құстар

  6. Күзден кейін жылдың қай мезгілі?

Күз: Ой, балалар жақсы ойнадыңдар, сендер барлығың әдемі, ақылды екенсіңдер. Мен сендерге құр қол келгем жоқ, базарлығым бар. Міне себетте жемістерім бар.

Ж: Көп көп рахмет сізге ару күз.

Күз:Енді балалар сендермен қоштасатын уақытымда келді. Келесі жылы кездескенше сау болыңдар.

Балалар қоштасады.

Енді сендермен «Кім жылдам ?»

Ж: Құрметті балалар, қонақтар, осымен біздің «күз мереке молшылық» ертеңгілігіміз аяқталды тамашалағандарыңызға рахмет сау болыңыздар!









hello_html_1be70dc.jpg

Үлкен Нарын ауылындағы Балбөбек балалар бақшасы





Тақарыбы: «Күз береке молшылық»

ертенгілік






















Катон-Қарағай ауданы 2013-2014 оқу жылы






Автор
Дата добавления 21.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДВ-473618
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх