Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Утренник на тему "Қош келдің жаңа жыл"

Утренник на тему "Қош келдің жаңа жыл"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

КМҚК «Балбөбек» балалар бақшасы









«Қош келдің жаңа жыл»

«Қайнар» тобының ертеңгілігі

























2014-2015 оқу жылы

Әсем музыка ырғағымен балалар залға кіреді. Зал әсем безендірілген. Ортада әдемі ойыншықтар ілінген шырша.

Сиқыршы: Құрметті қонақтар, ата-аналар, сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасына береке,бірлік татулық, жылылық қуаныш болсын! Келе жатқан жаңа жыл біздерге бақыт әкелсін дей отырып, ертеңгілігімізді бастаймыз.

Индира:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине,

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрінде.

Сиқыршы:Біз әнде білеміз ғой, қане «Жаңа жыл» әнін айтайықшы.

Сиқыршы: Бәрекелді жарайсыңдар, Балалар қараңдаршы айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен.

Сендерге мына сиқырлы таяғыммен шығыстан қонақтарды шақырайын, солардың биін қарсы алайықшы:

«Шығыстың биі»

Сиқыршы: балалар біз бір нәрсені ұмытып кеткен сияқтымыз, жан-жақтарыңа қараңдаршы, мына шыршамыз жанбай тұр екен. Аяз Атамызда кешіккен сияқты, олй болса, Атамызды бірге шақырайық.

Балалар: Аяз Ата!!!

Аяз Ата: Құтты болсын балалар,

Келген жаңа жыл

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз-ұлдарым

Ойларың мен бойларың

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Алмен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: ия

Сиқыршы қош келдің Аяз Ата, біздің мерекеге. Балаларда сізді көп күтті. Олай болса, өзіңізге арналған әнімізді тыңдаңыз демалып қаласыз.

«Аяз ата» әні.

Әбілмансұр:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле-төрле жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын.

Милана

Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән

Аяз Ата жаңа кеп

Мерекені бастаған.

Әбілхайыр:

Жылдың әнін бастайын

Аяз Ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды.

Ақшақар: Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Қар жинау». Қарлар жерде шашылып жатады. Балалар көңілді музыка әуенімен қарды жинайды.

Аяз Ата: Қандай өнерлі балалар, тағы кімнің тақпақ айтқысы келеді?

Еркеназ:

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарыққып

Шыршаларға шам іліп.

Әдемай:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Амина:

Өлең де әзір, ән әзір

Ойында әзір, бәрі әзір.

Кел, жаңа жыл біздерге

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл

Жүргізуші:

Біздің балалар биде билей алады.

«Испан» биін қарсы алыңыздар.

Ақшақар: Неткен өнерлі балалар тағы кімнің Аяз Атасына арналған тақпағы бар.

Алан:

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз Атаны

Сабина:

Көрдің бе Аяз Атаны

Аппақ екен шапаны,

Аппақ екен мұртыда

Аппақ екен сақалы.

Алихан:

Жаңа жылда барлық үйге

Аяз Ата келеді

Жаңа жылда сәбилерге

Сыйлық әкеп береді.

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кирилл:

Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да

Аяз Ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Сиқыршы: Менің ішім пысып кетті тағы бір ойын ойнайықшы.

Ойын «Қардағы іздер»

Аяз Ата: Рахмет балалар өнерлі екенсіңдер, сендерді қимай тұрмыз. Бірақ басқа балаларға баруымыз керек. Құр қол келген жоқпыз мынау сендерге әкелген силығымыз. (Кулек беріледі).



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДВ-473625
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх