Тақырыбы:
Алақай, жаз келді!
Мақсаты:Балаларға
жаз мезгілінің әсерін толықтай жетілдіріп, көрсету.
Көрнекілік: Қыздың,
көбелек,құстардың суреттері.
Өткізілетін орны:
музыка залы
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар мен балалар.Бүгінгі Жаз мерекеміз құтты болсын.
Балалардың бақшасында бүгін
той!
Жаз мезгілі келді оны біліп қой! –дей келе бүгінгі
біздің «Алақай,жаз келді!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Алақай - ау, алақай,
Той тойлайық, балақай.
Қызарғанша алақан,
қол, соғайық , балақай! –деп өлең жолдарымен ортаға балапан биін қарсы
алып, қошеметтеп шақырамыз!
«Лали Поп» биі
-Жарайсыңдар балалар! «Күншуақ»
тобының балалары шет жағынан өнерлі екен!
-Енді келесі
бүлдіршіндерімізді әдемі өлең жолдарымен шақырғым келіп тұр.
Тақпақ айтып кезектесіп бір -
бірлеп,
Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп.-деп ортаға Тұрлыбек Сабина және Кеңес
Сараны ортаға шақырамыз!
Сара:
Жазды ыстық сүйемін,
Сайраңдап жүремін.
Суына шомылам,
Күніне күйемін.
Сабина:
Балабақшам базарлы үй
Қаладағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты
Жүргізуші:Қараңдаршы, балалар, ауа райы қандай керемет!
Даладағы құстардың дауысы
Балалар жаз әсерін алдық па?
-Енді осындай жақсы көңіл
күймен бір серігіп алақайық! Орнымыздан тұрып экранда көрген іс-қимылдарды
қайталап жасайық.
«Сергіту сәті» слайд
-Бір серігіп алдық па?
-Мен өте қуаныштымын.
-Енді біздің келесі биші
бүлдіршіндерімізді қошеметпен қарсы алайық!
Балапан биі биі
-Бүлдіршіндеріміз жақсы
биледі! Өздері тәп-тәтті екен.
Бүгінгі ертеңгілік ұнады ма?
Бүгінгі ертеңгілік,
Жаз туралы сөз еткен.
Көп нәрсені біліп алдық,
Кетпейтұғын мәңгі естен.-дей
келе өкінішке орай біздің ертеңгілігіміз аяқталып қалды. Назар көріп, тыңдағандарыңызға
көптен көп рахмет сау болыңыздар!
ҚМҚК
«Балақай»бөбекжайы
«Алақай,
жаз келді»
Орындаған:
Түлек Е.Б.
Приозерск
қаласы
2015
жыл
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.