Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Утренник на тему "Жолың болсын балдырған"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Утренник на тему "Жолың болсын балдырған"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Жолың болсын балдырған»

Мақсаты: балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Мекткпке баратын балаларды салтанатпен шығарып салу. Білімге, ғылымға, өнерге қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту отбасы, мектеп, бала арасындағы байланысты нығайту.

Көрнекілігі: әсем безендірілген бөлме, шарлар, әріптер, сандар, суреттер, нақыл сөздер.

Барысы:

Тәрбиеші: Мәз-мәйрам бүгін бүлдіршін,

Естисің сыңғыр күлкісін.

Естисің тәтті сөздерін,

Байқайсың жанған көздерін.

Көрсетер бүгін өнерін,

Бұлбұл жанған ұл-қызың.

Құтты болсын қадамың,

Мектепке барар, жұлдызым!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, шақырылған қонақтар! Кешегі балғын бүлдіршін мектепалды даярлық сыныбын аяқтап, кішкентай ғана оқушы атануға дайын тұр. Аз да болса жауапкершілік жүгін арқалап, сәл де болса есейгендігін аңғаратын балаларыңыздың білімін, өнерін тамашалауға қош келдіңіздер.

Бірінші сыныпқа аяқ басып

Осы ғой біздің өсіп кеткеніміз

Еліміздің арқа сүйер тіректері

Ата-ананың лүпіл қаққан жүректері

Шақырайық ортамызға ендеше біз,

Мектепалды даярлықтың түлектері!

(Ортаға музыка әуенімен кезекпен балалар шығады)

Қайсар мінез батырлардың ұрпағы

Келді міне кездесетін күн тағы

Шақырамыз Мейіржанды ортаға

Тобымыздың ішіндегі сұлтаны.


Әкесінің көмекшісі тірегі

Ол қуанса шын жүректен күледі

Ердоста бүгін біздің ортамызда

Қашан көрсең көңілді боп жүреді.


Қөздері ботадай домаланған

Жүрегі ақ көңіл аңқылдаған

Мансурды қарсы алайық қол соғып,

Дені сау азаматы болсын еліміздің.


Биязы біздің Анель деп,

Мақтан еттік бәріміз

Инабатын ізетін,

Үлгі етеміз әлі біз.

Жақсы оқушы болады,

Бұл-ақиқат наныңыз!


Өнерге қанат қағатын,

Құбылтып сурет салатын.

Нұрбектің көрсең суретін,

Таңдайынды қағасың.

Талабыңнан танбасың,

Асулар алда алатын.


Тектіліктен жаралған қазағымның

Еркелеу дара туған қыздарыңның

Шуақ шашқан көктемнің шуағындай

Қарсы алайық Айжан атты қыздарыңды.


Еркелеген ұяң балдырған

Нұрлыбек нағыз ер жігіт

Жолың болсын әрқашан

Жүрсең де сен қайда да.


Жақын болар әкесіне қыз деген

Жанеркенің ерке қызы екенін

Байқаймыз мінез-құлқынан

Ақжарқын, көпшіл, алғыр, мінезіңмен,

Ұяладың мәнгі санамызда.


Елнұр деген бар жігіт,

Ақылмен іс тындырар,

Елнұр деген нар жігіт,

Елім, жерім дегенде,

Күш-қайраты тасыған,

Атағы мәлім әлемге

Азамат бол, жас ұлан


Әкесінің сүйікті

Жандәулет деген баласы

Кішіге қамқор ағасы,

Ер жігіттің данасы.


Әкесі мен анасының еркесі

Сабағында жақсы оқып үнемі

Алда әркез Даниал жүреді

Спорт десе ерекше оның жүрегі.

Бәрі бірге айтады:

Даярлықтағы күндерді,

Есімізге сақтаймыз.

Тәрбиеші еңбегін,

Бәрімізде ақтаймыз.

Ән: «Дос болайық бәріміз»


Мейіржан. Оқушы болам зейінді,

Өнерге, іске бейімді.

Қамқоршы болып қарттар мен

Інілерге кейінгі.

Ердос. Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз,

Даярлықпен қоштасып,

Мектепке кетіп барамыз.

Мансур. Сыйластықты білеміз,

Достықты біз сүйеміз.

Ата-ананы сыйлаймыз,

Ұстазды біз тыңдаймыз.

Анель. Құшағында жарқылдап,

Өтті қызық күндерім.

Би биледім, ән тыңдап,

Алаңдауды білмедім.

Нұрбек. «Балам, ұлым, қызым» деп,

Еркелеткен біздерді.

Жақсы оқушы атанып,

Қуантамыз біз сізді.

Айжан. Мектеп біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан

Оқып білім аламыз.

Нұрлыбек. Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Даярлықты қимай біз

Қоштасатын күн бүгін.

Жанерке. Мектепке ерте барамыз,

Оқимыз, білім аламыз.

Ойыншықтармен қоштасып,

Сабақта болар санамыз.

Елнұр. Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді,

Мектепке барам мен енді,

Даярлығым қош енді.

Жандәулет. Алты жасқа толамын,

Әдепті бала боламын.

Қуантып ата-анамды,

Мектепке мен барамын.

Даниал. Әжептәуір бойым да,

Сабақ қана ойымда,

Оны ұқпас інім тек,

Шақырады ойынға.

Дейді: «Жел боп есейік,

Ойын отын көсейік».

Қайдан білсін ол менің

Кеткенімді есейіп.

Би: ұлдардың орындауында

Ән: «Бала тілегі»

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бізге қонақ келіпті ғой.

(Есіктен шаршап керіліп, созылып ұйқылы ояу Жалқаубек кіреді.)

  • Сәлеметсіз бе? (балалар сәлемдеседі)

  • Оу, Жалқаубек жасың онға келгенше мектепалды даярлық тобына келгеніңе жол болсын?

Жалқаубек: Қайдағы мектепалды даярлық? Мен мектепке келдім емес пе?

Анам маған мектепте «Соңғы қоңырау» өтіп жатыр деп айтты ғой. Балалар әндетіп жатқанына қарағанда мектеп осы болар, тым болмаса тойларыңа қатысайын деп сөмкемді ойыншыққа толтырып келдім.

Тәрбиеші: - Ай, Жалқаубек! Жалқаубек! Саған не дейін? Жалқаулықпен уақытыңды босқа өткізіп, даярлық есігін ашпадың ғой, сондықтан сен мектепалды даярлықта өтіп жатқан мерекелерді білмейсің.

Жалқаубек: - Сонда мына кішкентай балалар бірдеңе біле ме? Мен де санауды білем. (қолдарын, аяқтарын санайды)

Санамақ

Анель. 1дегенім – білім,

4-пен 5-ке ілін.

Алып жүргін. достар,

Мұғалімнің тілін.

Мейіржан. 2 дегенім – еңбек,

Еңбекпен іс өнбек.

Жалқау болсаң, достар.

Бар қиындық төнбек.

Айжан. 3 дегенім – үміт,

Жайдарлы жүр күліп.

Сотқар болсаң, достар

Атанасың «бұзық».

Нұрбек. 4 дегенім – төзім,

Сабырлы бол өзің.

Ал асықсаң достар

Мәнсіз болар сөзің.

Жанерке. 5 дегенім – бесік,

Жақсылық болсын серік.

Жалқау досқа достар

Кете берме еріп.

Мансур. 6 дегенім – мақұл,

Бол ақылды батыр.

Атаң не айтса, достар

Құп алғаның ақыл.

Елнұр. 7 дегенім – жеңіс,

Тұр алдыңда көп іс.

Тым ұзаққа созбай,

Орындап шық тегіс.

Ердос. 8 дегенім - сенім,

Сенсін саған елің.

Соны да ойла, сенім,

Ақталмайды тегін.

Жандәулет. 9 дегенім – тоқтам,

Қызулы бол шоқтан.

Сақ болғайсың достар

Тілсіз жаудан оттан.

Даниал. 10 дегенім – оку,

Қажет емес қорқу.

Білгеніңді достар,

Көңіліңе тоқу.

Тапсырмалар: Бес алмұрттың үшеуін досың сұрап алады. Айтшы, сонда өзіңде нешеуі қалады? (2)

Екі сиырдың неше мүйізі бар? (4)

Геометриялық пішіндерді атап, түсін, бұрыштарын табу.

Тәрбиеші. Ал, Жалқаубек әріптерді танисың ба? (әріптерді қөрсету)

Жалқаубек: Танимын (әріптерді дұрыс айтпайды)

Тапсырмалар: Әріптерді атау, сөз айту, дауысты және дауыссыз әріптерді ажырату.

Дауыссыз да, дауысты да болып келетін әріп.

Ойын: «Оқу құралдарын жинау»

Тәрбиеші: Айналайын балалар,
Алда мектеп ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар даналар.

Қазақ биі: Катимоллиева Анель

Ән: «Болайықшы осындай»

Тәрбиеші: Жалқаубек біз тек оқымайымыз би билейміз, ән саламыз, сурет саламыз, ойындар ойнаймыз.

Жалқаубек: Ой, қандай керемет! Өздері менен кіші болса да құлшынып тұр ғой! Әттең! Босқа уақытымды өткізіп алғаным-ай. Ерінбей, жалқауланбай даярлыққа келсем ғой, мен де көп нәрсені үйреніп, біліп алар едім.

Тәрбиеші: Олай деп өкінбе Жалқаубек, талаптансаң еш уақытта кеш блмайды. Демалыста көп оқып еңбектенсең бәрін үйреніп аласың.

Жалқаубек: Рас па, онда келістім апай, балалардың алдында сөзімді берем. Мектепке барамын.

Тәрбиеші: Міне! Тамаша, олай болса Жалқаубекті кешіреміз бе?

Балалар: кешіреміз.

Тәрбиеші:Жалқаубек емес, Азамат деп атаймыз.

Азамат: Бәрі де керемет екен. Ал мен қазірден бастап мектепке баруға дайындалайын. Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші:

Бірге болсын ойымыз,

Құтты болсын тойымыз.

Қыздарымыз шаттанып,

Би билейді тамсанып.

Өзбек биі: қыздардың орындауында.

Қоштасу вальсі

Ән: «Елім менің» орындайтындар Жлдыбаев Ердос, Еркинов Елнұр.

Ән: «Мектебім» орындайтын Айжан.

Тәрбиеші: Әдептілік, ибалылық,

Ізеттілік сақтаңдар.

Жалқаулыққа, жамандыққа

Ешбір қадам баспаңдар.

Кілең төрт пен бестік деген

Жақсы баға алыңдар!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білім менен аспанға жол салынар.

Сәбилік таза пейілменен

Адал қалпы қалыңдар.

(Ата-аналар, ұстаздар, қонақтардың балаларға деген ниет-тілектерін тыңдау.)






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров179
Номер материала ДВ-127635
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх