Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Утренник выпускного вечера "Қош бол балабақша"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Утренник выпускного вечера "Қош бол балабақша"

библиотека
материалов

Залға балалар шармен  музыка әуенімен кіреді.

Барлығы:    Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс! (Шарларын жібереді)

1-жүргізуші                   Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын

2- жүргізуші Ақ тілекті ағытып бір тастайық
 Қоштасатын кешімізді біз бастайық
 Жүздерінен көркем шаттық арайлы
                  Болсын солай әрбір күнің , әр айың
  

1-Тәрбиеші:         Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл- ойларың
Қуанышы бүгінгі
Құтты болсын тойларың

2- тәрбиеші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектеімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

1-    Тәрбиеші:     Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән: «Әдепті баламыз»

Осы кезде Гүлдер ханшайымы кіреді.
Гүлдер ханшайымы: Саламатсыздар ма, балалар! Мен музыка әуенін естіп сендерге келіп тұрмын. Қандай әдемі балалар, қандай әдемі безендірілген бөлме. Мен қай жерге келдім?


1-Жүргізуші: Бұл «Қызғалдақ» балабақшасының «Толқын» тобы. Біздің бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасқалы жатыр, ал сіз кімсіз, қайдан келдіңіз?
Гүлдер ханшайымы: Мен ертегі патшалығынан келген гүлдер ханшайымымын.
Жүргізуші: Онда төрлетіңіз, бізге қонақ болыңыз, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
«Вальс» биі.
Гүлдер ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Өнерлерін өрге жүзсің. Ал менің кететін уақытым болды. Мен сендерге бос қол келген жоқпын, менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Мынау жеті түсті сыйқырлы гүл. Әр бір гүлтешесін жұлып тілек тілесеңдер, тілектерін орындалады. Жақсы, балалар, қош сау болыңдар.
Жүргізуші: Қандай ерекше гүл, солай ма балалар? Кәне гүлшесін жұлып көрейікші, тілегіміз орындала ма екен. Кәне, балалар, бірінші гүлшесін балабақша меңгерушісіне жұлдырып көрейік.
Меңгеруші жұлып тілегін оқиды.
- Балабақшамен қоштасқалы тұрған бүлдіршіндерге сәт сапар тілеймін. Балабақша туралы тақпақ естігім келеді.
Екінші гүлшені әдіскер жұлып тілегін оқиды.
Үшінші гүлшені музыка жетекшісі жұлып.
- Мен үйреткен бір би билеп берсін.
Испанский«Фламенко» биі.
Төртінші
гүлшені ата - аналарға жұлдыртуға береміз
Бесінші гүлшені тәрбиешілер жұлып тілек тілейді.
- Тәрбиеші туралы ән естігіміз келіп тұр.
«Апатайым» әні.

2-Тәрбиеші:           Алдыңдағы балалар
    Мектепке кетіп барады
    Тақпақ айтып бір – бірден
    Қимай кетіп барады- дей отырып  ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз

1Балабақша, балабақша
Шаңарағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін


2Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Едік аппақ нәресте
Көп- көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде

3Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

4Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын

5Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз

6Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты

1Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынамыз әлі-ақ біз.

2Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Оқу білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
Жеті жасқа толамыз,
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз!


3Біз сабақты бастаймыз,
Қайталаудан аспаймыз.
Есептен де қашпаймыз.
Жазуды енді бастаймыз.

4Мектепке енді барамыз,
Оқимыз сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз


5Метепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

6Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.


Ортаға «Білгішбек» келеді
Білгішбек: Балалар сәлеметсіндер ме, мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы  білімдісіңдер  мен сендерді өз әлемімі шақырамын,менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік  асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?

Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді
Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр кеттік балалар ойнауға не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр кеттік .

2-Тәрбиеші: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде  талпынуың керек емспе?
Жалқаубек: Ой мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз аналарымыз, әжеміз оқиды басымызды ауыртпаймыз.

1-Тәрбиеші: Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен  апаңнан  қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып , біліп алған кәне отыршы көресің.

Білгішбек: Апай мен балалармен ойын ойнап көрейінші балалар мектепке дайын ба:
Ойын «Кім жылдам сөз айтады»

Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.

2-Тәрбиеші : Ал Жалқаубек қалай екен біздің балалар?
 Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.    Мектепке біз барамыз ба?
2.    Кілең бестік аламыз ба?
3.    Айтқан тілді аламыз ба?
4.    Ақылды бала боламыз ба?
5.    Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6.    Ертеңгісін тұрамыз ба?
7.    Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8.    Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 
9.    Екі алғанда жылаймыз ба?
10.     Оқушы біз боламыз ба?
Жалқаубек: Ой балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек?
2-Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.    Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2.    Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3.    Тамағын уақытылы бересіз бе?
4.    Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5.    Сериал көріп жатасыз ба?
6.    Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7.    Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8.    Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9.    Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10.     Бала үшін асулардан асасыз ба?
1-Тәрбиеші: Рахмет  көп- көп
                      Балаларымыз көңілді
                       Шақырамыз ортаға
                      Тойымызға сән беріп
Тақпақ айтады


1Біздер бес жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз.
Мектеп бізді шақырды,
Қош бол,әсем бақшамыз.

2Қош балалар бақшасы,
Естен кетпес есімің.
Қош балалар бақшасы,
Алғаш ашқан есігім

3Қош бол, енді бақшамыз,
 
Қимай сені барамыз.
 
Бал күндерді қиялдап,
 
Сағынармыз әлі біз

4Балабақша тым бізге, 
Жақын болып барады.
 
Есейтеді бір күнде,
 
Ақылды қып баланы.
 
Күлеміз, ойнаймыз,
 
Демалып алаңсыз.
 
Ризамыз саған біз,
 
Қымбатты бақшамыз

6 жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз

Қуантып ата- ананы

Мектепке кетіп барамыз

Сезімді туған баламыз

Оянды ақыл – санамыз

Адамдықтың бастауын

Өзіңнен алып барамыз

7Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып балабақшамен Мектепке енді барамыз

2-Тәрбиеші: - Балалар біз мектепке не үшін барамыз?
1-    бала. - оқып білім алу үшін
2-    бала: - еліме еңбек ету үшін
3-    бала: Білімді азамат болу үшін
4-    бала: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін

1-Тәрбиеші: Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер

Білгішбек: Мен балалармен тағы да ойын ойнағым келіп тұр, Жалқаубек сенде ойна.
Ойын «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға бірден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.

Жалқаубек: Білгішбек сен оны қайдан біліп алдың? Менің асығымнан, фишкамнан, добымнанда қызық ойын екен, менде үйге барып мектепке дайындалайын, балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесейік.
Тәрбиеші: Білгішбек саған көп рахмет, Жалқаубекті дұрыс жолға салдың ғой

2-Тәрбиеші: Оқимыз білім аламыз
                       Болашақ жолын саламыз
                        Бақшаменен қоштасып
                         Біріншіге барамыз деп енді баларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек

Гүлдендірген бақшаны

Меңгеруші апай жақсы адам

Сондықтан да біз үшін

Артықсыз сіз басқадан

Қарлығаш апайға мың алғыс!

Біздің апай Айгерим
   Маманы оның әдіскер.
Бұл апайға қарасақ,
        Ақылына көркі сай. 
          Мақтан етем әрдайым,
           Аман болшы апатай.

Тамылжыта ән салдырып үйреткен
Мың бұралта белімізді билеткен
Зура апайға сіздерге де алғыз айтамыз
Мың қайтара сәби бала жүреккен

Баулып, баптап өсірген,
Балалық істі кешірген
Ботагоз,Жулдыз,Назымгул апайларға
Тәрбиелік сөздеріңізді
Ұмытпаймыз өздеріңізді.


Қайнаған су әкеліп

Іш деп дәрі береді

Жылтындатып инесін

Түршіктірер дененді

Каламкас апайларға мың алғыс!


Орындық,шкаф,төсекті де

Шаңышқы мен кесе де

Бәрі де өзі келе ме

Сонын бәрін табатын

Шаршамайтын,күлетін

Зыр жүгіріп жүретін Ботагоз, апайға мың алғыс!


Тәтті тағам пісірген

Айран сүтін ішкізген

Нагима,шолпан,Жулдыз апайларға

Сіздерге де мың алғыс!


Төсек орны тап таза

Аппақ жуған сүлгісі

Аягоз,Нагима апайларға сізге де

Балалардан мың алғыс


бізде мұнда әрдайым

Бәрі бәрі дап дайын

Қамымызды ойлаған

Жанна апайға мың алғыс!


тобымызға жиі келіп

Жүреді бізді аймалап

Еркелетіп,бізбен ойнап

Алмагул,Ляззат,Маша апайларға

Балға,Нұрмағамбет,

Ер азаматтар ағаларға

Балалардан мың алғыс!


Адам етіп баптаған

Ардақтап бізді мақтаған

Бақшамызға мың алғыс!

Тәрбиеші: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып ортаға білім мен тәрбие нәріне берген Жүлдыз апайымызды ортаға шақырамыз.

Ән: «Балаларым-балдырғандарым» ( өз шығармашылығынан ән)

Би: Попурри үнді би


Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
                   Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
    Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
     Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!

Тәрбиеші: Бір ата, бір ананың тірегіміз,
                  Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
                   Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.
                   Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Кәрім К.С.. береміз












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров104
Номер материала ДБ-093578
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх