Мақсаты:
(Музыка әуенімен
балалар кіреді).
Жүргізуші:
Балалар, біздер бүгін қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Балалар:
Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.
Жүргізуші:
Балалар біздің шыршамыз қандай?
Балалар:
Үлкен, биік, әдемі, ойыншықтары түрлі- түсті, қызыл жасыл ойыншықтармен
безендірілген.
Жүргізуші:
Балалар мынау не?
Балалар: Қоңырау.
Жүргізуші:
Бұл жай қоңырау емес, сыйқырлы қоңырау. Егер қоңырауды сыңғырлатсақ ертегі
кейіпкерлері қонаққа келеді. Қәне сыңғырлатып көрейікші.
Аққала:
Көңілсіз қолмен мұрнын жауып кіреді.
Жүргізуші:
Сәлеметсің бе? Сен неге көңілсізсің бүгін?
Аққала:
Маған қарандаршы?
Жүргізуші:
Аққала сен не мұрнынды жоғалтып алдын ба? Ренжіме Аққала біздің балаларымыз
саған көмектеседі. Балалар қалталарынан іздеп көріндерші? Орындықтың астын іздеп
көрейікші? Әлде ата-аналар сіздер алдыңыздар ма?
Балалар:
Жоқ.
Жүргізүші:
Балалар олай болса орманға барып Аққаланың мұрнын іздеп қайтайық. Мен паровоз
боламын, ал сендер вагондарым боласындар.
Жүргізуші:
Балалалар орманға да келіп жеттік. Мынау кім қорылдап жатқан?
Аю:
Кім бұл мені ұйқымнан оятқан, менің орманымда не істеп жүрсіндер?
Жүргізуші:
Аюжан бұл біздер мына Аққаланың мұрнын іздеп жүрміз. Сенде жоқ па?
Аю:
Менде мына жаңғақтар ғана бар. Аққала мына жаңғақты қойып көрші.
Аққала: Жоқ,
жоқ бұл маған тұра келмейді бұл менің мұрным емес.
Жүргізуші:Аққала
ренжіме сенің мұрнынды іздеп табамыз. Кел, аюмен бірге ойын ойнап көңіліңді
көтер.
Ойын «Қорбандаған
аю».
Жүргізуші: Олай
болса аққаланың мұрнын іздеу үшін енді ұшаққа мінейік.
Қане балалар мына
шыршаның жанына келіп қонайық.
(Шырша түбінде
қоян отырады).
Жүргізуші:
Балалар қарандаршы? Бұл жерде қоян отыр екен. Сәлеметсің бе қоян. Бұл жерде не
істеп отырсын?
Қоян:
Мен Жаңа жылдық мерекеге достарымды күтіп отырмын. Ал сендер не істеп
жүрсіңдер?
Жүргізуші:
Біз мұнда Аққаланын мұрнын іздеп келдік.
Қоян:
Мүмкін мына менің сәбізім тура келер.
Аққала:
(мұрынды киеді) рахмет саған қоянжан, менің мұрным осындай еді, қандай
тамаша, алақай, алақай.
Жүргізуші:
Аққала енді көңілің көтерілді ме? Олай болса біздің қояндарымыздың биін
тамашалайық.
Би: «Қояндар».
Жүргізуші:
Балалар біздің Аяз атамызбен Ақшақар кешігіп жатыр ғой. Қане барлығымыз бірге ,
Аяз ата Ақшақар, Аяз ата Ақшақар, Аяз ата Ақшақар шақырайықшы.
Аяз ата:Қандай
жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларын.
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан.
Аталарын сендерге,
Шаршап
келді алыстан.
/Балалармен
амандасады/
Ақшақар:
Ақшақар:
Аяз ата біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр.
Аяз ата:
Балалар мен сендерге бір құпиямды ашайын. Қане барлығымыз аяқтарымызды
тарсылдатамыз. (шырша шамдары жағылады).
Аяз ата:
Қане шыршаға қарап алақанымызды жайып үрлейік. (шырша шамдары өшеді).
Ақшақар:
Аяз ата олай болса шыршамен бір ойын ойнайық.
Ойын «Шырша».
Жүргізуші:
Ой рахмет Аяз ата Ақшақар. Ойын ойнап балаларымыздың көңілдері бір көтеріліп
қалды. Ал енді шыршамызды айналып бір ән айтайық.
Ән: «Шырша» хормен.
Жүргізуші:
Сіздер алыстан шаршап келген шығарсыздар. Енді балаларымыздың тақпақ, әнін,
биін тамашалаңыздар.
Мадина:
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Айжан:
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері
аппақ күріштей.
Қызыл-ала шапаны,
Сағындым
Аяз атаны.
Ерасыл:
Аяз ата келсекен,
Бізге сыйлық берсекен.
Мұз
болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Мерей:
Аяз ата келіңіз,
Тамашаныц көріңіз.
Балаларға
арналған,
Сыйлықтарды
беріңіз.
Дулат:
Жасыл шырша жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Келді сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Ақерке:
Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрлет төрлет жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Аяна:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Максат:
Қандай әсем шыршамыз,
Шаттық күйге бөлеп тұр.
Кәмпитерін арқалап,
Аяз ата келіп тұр.
Ақшақар:
-Қане менің кішкентай ақшақарларым. Аяз ата мен ақшақарлармен бір би билеп
берейін сізге.
Би: «Ақшақарлар».
Жүргізуші: Аяз
ата балаларымыздың тағы тақпақтары бар екен соны тамашалаңыз.
Құрмет: Аяз
ата аппақ,
Падаркісі тәттақ.
Падаркісін
көп берсе,
Мен
айтамын тақпақ.
Арнұр:
Аяз ата қандайсың,
Жетпістегі шалдайсың.
Кәмпит пішіні берем деп,
Балаларды алдайсың!
Бексұлтан:
Тоғай да, баулар да,
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да,
Өзіңді сағынды.
Арсен: Аяз
ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Оң қолында мармалад,
Сол қолында шакалад.
Айару:
Қарандар мынау шыршаға,
Неткен әсем көрікті.
Жаңа жылдық думанға,
Аяз ата келіпті.
Асия:
Көптен күткен қыс келді,
Шырша тойын тойладық.
Аяз ата Ақшақар,
Сыйлығына тоймадық.
Асанали:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Аяз ата:
Ой бәрекелді менің кішкентай Ақшақарларым өте тамаша билейді екенсіңдер. Ал
енді меніңде сендермен бір ойын ойнағым кеп тұр.
Ойын:
«Қатырмақ».
Ойынын шарты:
Аяз ата: Қазір
мен қолдарынды қатырамын.
Ақшақар: Қане
балалар қолымызды шапалақтайық.
Аяз ата:
Енді аяқтарынды қатырамын.
Ақшақар:
Қане аяғымызды тарсылдатамыз.
Аяз ата:
Ал енді мұрындарынды қатырамын.
Ақшақар:
Мұрындарымызды ысқылаймыз.
Аяз ата:
Енді құлақтарынды қатырамын
Ақшақар: Енді
құлағымызды жасырамыз.
Жүргізуші:
Ал енді аяз ата біздің қыздарымыздың биін тамашалаңыз.
Би: «Қуыршақтар».
Жүргізуші:
Аяз ата біздің балаларымыз сізге тақпақ айтып би де билеп берді, енді сізге
арналған әніміз де бар соны айтып берейік.
Ән: «Аяз ата»
хормен.
Аққала:
Аяз ата меніңде достарым осында екен менде сол достарымен бір би билегім кеп
тұр.
Аяз ата:
Ой рахмет балалар мен сендермен ойын да ойнадым, би де биледім мен сондай
ыстықтап кеттім, бір салқын су болса.
Аққала:
Қазір Аяз ата мен сізге су әкеп беремін. (шығып кетеді).
Жүргізуші:
Аяз ата Аққала келгенше бәріміз бір би билейік.
Би: «Буги-буги».
(Аққала шана мен
шелектегі суды алып келеді. )
Аққала:
Аяз ата міне ішіңіз.
Аяз ата:
Рахмет. (Аяз ата су ішейін деп жатқан кезде (саптыаяқ) бір кәмпит түсіп
кетеді).
Аққала:
Мынау не? Мұнда сыйлықтар бар екен ғой. Аяз ата сіз сыйқыршы екенсіз ғой. Мына
шелектегі суды сыйлықтарға айналдырып жіберіпсіз ғой.
Аяз ата:Ия
бұл менің балаларға әкелген сыйлықтарым. Қане Ақшақар, Аю, Қоян, Аққала
қайдасыңдар мына сыйлықтарды балаларға таратып беріп жолға шығайық. Бізді тағы
басқа балалар күтіп отыр . Сау болыңдар балалар, көрісенше.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.