Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Утренник "Жасыл шырша жанында"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Утренник "Жасыл шырша жанында"

библиотека
материалов

ҚР Білім және ғылым министрлігі. ШҚО «Ұлан ауданы білім,дене шынықтыру және спорт бөлімі». «Айгөлек» балабақшасы КМҚК









«ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАНЫНДА»


атты мерекелік

ертеңгілік бағдарламасы.

/ «Айналайын» МД тобы/











Бағдарламаны құраған

және өткізген

тәрбиеші Ағзам А.А.









Бозанбай ауылы, 30 желтоқсан 2015 жыл.

Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»

Мақсаттары:Жаңа жыл мерекесі туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Балалардың сөздік қорларын, ой-өрістерін,шығармашылық қабілеттерін дамыту және ертегілер әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру. Өздерін көпшілік ортада дұрыс ұстай білуге баулу.Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.Эстетикалық тәрбие беру,ұйымшылдыққа,өзара достастыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтары мен көрнекіліктері:

-Интерактивті тақта

-Музыкалық орталық

-Кейіпкерлерге арналған мерекелік костюмдер

-Сиқырлы таяқшалар

Алдын-ала атқарылған жұмыстар:

-Ата-аналармен ақылдасу

-Костюмдер дайындау

-Бағдарлама бойынша балаларды дайындау

БАРЫСЫ:

«Жаңа жыл» әнінің әуені ойнап тұрады.Орындайтын: Алишер Қайратұлы.

1. «Ей,балақай» атты әннің әуенімен балалар залға билеп кіреді.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, кәне,бәріміз шыршаны айнала шеңберге тұрайық. Қонақтарымызға құрмет көрсетейік:

Үлкенге де – Сіз

Кішіге де – Сіз

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз.

Жүргізуші:

Қош келдіңіз бүгін бізге бәріңіз!

Қош келдіңіз,көңіл-күйге сеніңіз!

Қош келдіңіз шыққан күндей жарқырап,

Бақытты сәтті бізбен бірге бөліңіз!

Таңғаларлық сәт: Қарға кіреді

Қарға:Сәлеметсіңдер ме,балалар! Сәлеметсіздер ме,қонақтар!

-Балалар, сендер мені таныдыңдар ма?

Балалар: - Иә, сен ертегідегі қарғасың ғой!

Қарға: - Балалар, ал сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

Балалар: - Иә! – дейді.

Қарға: - Ендеше, ертегілер орманына саяхат жасайық.Жол қысқарсын, ән айтайық

Хоровод: «Аппақ, аппақ жапалақтап» әні

Қарға: -Міне,балалар, қысқы орманға да жеттік.Шырша қандай керемет!

Балалар, орманшы атай осында бір сиқырлы үй бар деп еді.Анау тұрған сол болар.Жақындап көрейік.

Жүргізуші:

Балалар, мына құлыпты қараңдар.Енді қалай ашамыз? Айтпақшы, менде орманшы атайдың сиқырлы таяғы бар емес пе? Оның пайдасы тиер.

Балалар хормен:

Кәне,құлып,ашылшы!

Ішінен құпия шашылшы!

Интерактивті тақта ашылады.

Жүргізуші: - Міне, керемет,балалар.Іші толған ертегі ғой.Біз білетін ертегі бар ма екен?

Қарға: - Балалар, мынау қай ертегі?

Балалар: - «Түлкі мен тырна» ертегісі

Жүргізуші: - Ал мынау қай ертегі? Кәне,балалар,қарғаға білімімізді көрсетейік.

Балалар: - «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі

Қарға: Ал мынау қандай ертегі,балалар?

Балалар: - «Бауырсақ» ертегісі.

Жүргізуші: - Балалар, бауырсақ домалап келе жатып қандай жануарларға кездесті?

Балалар: - Қоян, қасқыр, аю, түлкі

Жүргізуші:

- Кәне, балалар, қасқыр болайық.

-Ал енді аю, түлкі болайық.

-Көрдіңіз бе, Қарға ханым, біздің балалар ертегілерді өте жақсы көреді.

Қарға: - Қарр-қарр, мен сендерге ризамын, балаларУақыт өте тез өтті.Сау болыңдар, - деп ұшып шығып кетеді.

Жүргізуші:

Балаларым, тұрыңдар.

Әуенге мойын бұрыңдар.

Қысылып еш саспаңдар,

Қызықты биді бастаңдар!

2. «Кішкентай үйректердің биі»

Жүргізуші: -Балалар, біздің мерекемізге қонақтар келе жатқан сияқты.Кәне, қол соғып қарсы алайық!

3. Аңдардың кіруі: «У меня, у тебя» әуенімен

«Жаңа жыл кешіндегі айтыс» немесе «Шырша жанындағы көрініс»:



Түлкі:

Түлкі бикеш мен едім

Аңқауды алдап келемін,

Алау жақса балалар,

Мен де билеп беремін.

Қоян:

Мен-қоянмын,қоянмын.

Аппақ қарға бояндым.

Мерекеге келем деп,

Ертеменен ояндым.

Қасқыр:

Қоянға да сенемін

Қозыға да сенемін.

Желе жортып келемін.

Танысайық, балалар,

Қасқыр батыр мен болам!

Аю:

Мен – аюмын,балалар,

Аю балдан нәр алар.

Ей,достарым, мені де

Мерекеге ала бар.

Жүргізуші: - Балалар, Жаңа жыл мерекесіне барлық қонақтарымыз келген сияқты.Шыршаның шамын жағуымыз үшін кімдер жетіспей тұр,балалар?

Балалар: - Аяз ата мен Ақшақар.

Жүргізуші: Ендеше,дауыстап шақырайық

Балалар хормен : «Аяз ата,Ақшақар!» 3 рет айқайлайды.

Жүргізуші:

Аяз, бізге келіңіз!

Дайын сізге төріміз.

Өзіңізді дәйім біз

Қарсы алуға дайынбыз!

Мақтап,жақсы көреміз,

Тақпақ айтып береміз:

4. «Боранның дыбысы» атты жазба 20-30 секундтай қойылады

Аяз ата:

Балабақша көрінді,

Келіп қалдық,міне біз.

Құтты болсын мереке

Жалынды сәлем береміз

Қуанып қарсы ала біл

Келе жатыр Жаңа жыл!

Балалардың арнау өлеңдері:

Жансая:

Армысың,қонақ Қыс!

Қонақ болсаң,аттан түс.

Әуелет әнін елімнің

Дала мен қырға жүгіргін.

Бізде жазық жазира

Бітпейтін мол қазына.

Өзенге өткел сала бер

Далаға кілем жаба бер.

Ералы:

Скоро, скоро Новый год

Он торопится идет.

Постучится в двери к нам

Дети, здравствуйте, я к вам.

Райымбек:

Бала кезден маған таныс

Бес бұрышты жұлдызша.

Безендірген шамдармен

Сәні асқан бұл шырша



********

Айсері:

Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты

Аппақ боп үстіміз

Ақ қырау жабысты.

Жанболат:

Алғашқы ақша қар

Бетінде із қалды

Жүйткіді ақ шанам

Алға ұстап ызғарды

Нұрдана:

Зырлай түс, ақ шанам

Бөгет жоқ бізге еш.

Көрсін дос,басқа да

Шаршайтын біз емес.

5. «Ергежейлілер» биі. Ұлдардың орындауында.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, Аяз ата мен Ақшақардың құрметіне тағы бір өлең тарту етеміз.

М.Жаманбалинов. «Суретші» атты өлеңі

Нұрлыбай:

Шеберін-ай аяздың,

Әйнектерді қағаз қып.

Әшекейлеп қойыпты

Бірнеше ою ойыпты.

Мадина:

Түрлі-түрлі гүлдердің

Мәнерін де кілемнің

Өркешін де әр таудың

Мүйізін де арқардың

Айнытпай-ақ салыпты.

Шуақ:

Суреттерді әр үйге

Әйнектерге, әрине,

Түнде салып береді

Көзі қалай көреді?

Гүлнара:

Аспанның көк күмбезін,

Жадыратқан күн көзін

Аяз салған өрнекті

Неге өшірдің әйнектен?

Өшіргенім, бөлмеңе,

Жарық түссін дегенім.

Әйнек таза болғанда

Күйініп аяз оған да

Сурет тағы салмай ма?

Жүргізуші: - Балалар, енді біз аяз атаға бір ән айтып берейік.

«Аяз ата» әні орындалады.

Ақшақар:

Далада қар бораймын

Ақ мамыққа ораймын.

Мұз боламын, қатамын.

Жып- жылтыр боп жатамын

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен бірге ойнайын деп келдім.Дала өте суық екен.Мен тоңып кеттім.Кәне, балалар, қызықты жаттығу жасап жіберейік:

И. Токмакова. «Аю» атты сергіту жаттығуы:

Тауға шықсам, қалың қар

Сайға түссем, қалың қар.

Байқаңдар, қар астында

Ұйықтап жатқан аю бар.

Ақшақар:-Балалар, сендермен көңілденіп ойнап қызынғаным сондай, тіпті еріп кетуге қорқамын.

Жүргізуші:-Балалар, ендеше Ақшақармен бірге ойын ойнап жіберейік

«Қатырмақ» ойыны ойнатылады.

Жүргізуші: - Ақшақар, ризасың ба?

Ақшақар: - Ризамын, рахмет.

Жүргізуші: - Ақшақар, тағы қандай тілегің бар?

Ақшақар: - Мен тағы да ойнағым келеді

«Сөз тізбегі» дидактикалық ойыны

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс.

Қыс қандай?

Суық.

Тағы не суық?

Су.

Су қандай?

Сұйық.

Тағы не сұйық?

Сүт, компот, шырын...

Жүргізуші:

Ақшақар, Аяз атаға

Көрсетеді өнерін.

Апайы әнді бастаса,

Балалары ереді.

Тақпақтарын зулатып

Би де билеп береді.

6. «Ұлпа қарлар» биі. Қыздардың орындауында.

Жүргізуші: Сөз кезегін тағы да бүлдіршіндердің арнау өлеңдеріне беремін

Айзере:

Праздник мы встречаем

Елку наряжаем.

Вешаем игрушки,

Шарики, хлопушки.

Аяужан:

Шуақты күндер азайып

Қалың орман төгілтіп

Киіп ғажап бас киім

Тыныштыққа елітіп,

Ұйықтап кетті тас түйін.

Күн қысқарды, түн ұзап,

Шуақты күндер азайып.

Аяз келді сықырлап

Қыс басталды ғажайып.

Алина:

Арай таңда айнала

Ақша қарға оранды.

Бүкіл әлем ақ мұнар

Қыс келбеті оралды.

Дархан:

Жүріңдер, балалар.

Сырғанақ тебеміз.

Құрыспай,құрыштай

Шынықсын денеміз

Дарын:

Сантә Клаус, Сантә Клаус

Кам ту ауа хаус.

Нұрдана:

Нью е дей

Нью е дей

Лет ас син

Энд лет ас плэй.

Шұғыла:

Жаңа жыл келіп әлемге

Бізге де сәлем беріпті.

Шыршаның тәжі секілді

Жайнай бер, жұлдыз көрікті!

Жүргізуші: Балалар, мына жақта бір тықыр естіледі.Бұл не сыбдыр екен,көрейікші?!

Тышқан – Айсері, түлкі – Гүлзада Жанарбекқызы.

Түлкі:Тышқан,тышқан, неге сенің тұмсығың лас?

Тышқан: Жер қаздым.

Түлкі:Жерді не үшін қаздың?

Тышқан:Ін жасадым.

Түлкі:Інді не үшін жасадың?

Тышқан:Сенен құтылу үшін, Түлкіжан.

Түлкі: Тышқан, тышқан, мен сені аңдып ұстап аламын.

Тышқан:Ал менің інімнің ұйықтайтын бөлмесі бар.

Түлкі:Қарның ашса, шығасың!

Тышқан: Ал менің інімнің қоймасы да бар.

Түлкі:Тышқан, тышқан, мен сенің ініңді қазып тастаймын.

Тышқан:Ал мен сенен құтылып кетемін, Түлкіжан!

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар! Енді қайтеміз? Түлкі кішкентай тышқанға тиіспеу үшін не істеуге болады?

Аяз ата: Түлкіні райынан қайтару үшін бәріміз қосылып,бір жақсы би билейік.Мерекемізді көңілді аяқтайық, балалар!

7. Соңы: «Вперед четыре шага» биі. Барлығы билейді.



«Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілікті өзіндік талдау:

Алдыма қойған мақсаттарым:

Жаңа жыл мерекесі туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Балалардың сөздік қорларын, ой-өрістерін,шығармашылық қабілеттерін дамыту және ертегілер әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру. Өздерін көпшілік ортада дұрыс ұстай білуге баулу. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Эстетикалық тәрбие беру, ұйымшылдыққа, өзара достастыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қолданылған құрал-жабдықтары мен көрнекіліктері:

-Интерактивті тақта

-Музыкалық орталық

-Кейіпкерлерге арналған мерекелік маскалдар

-Сиқырлы таяқша, құлып

Алдын-ала атқарылған жұмыстар:

-Ата-аналармен ақылдасу

-Костюмдер дайындау

-Бағдарлама бойынша балаларды дайындау

Барысы: «Жаңа жыл» әнінің әуені ойнап тұрды.Орындайтын: Алишер Қайратұлы. Балалар «Ей,балақай» атты әннің әуенімен залға билеп кірді.

Ұйымдастыру кезеңінде балалар шыршаны айнала шеңберге тұрып, қонақтарға құрмет көрсетті. Таңғаларлық сәтте Қарға кіріп, балалармен ертегілер орманына саяхат жасап, жол қысқарсын деп, хороводта жүріп «Аппақ, аппақ жапалақтап» әнін айтты. Ормандағы сиқырлы үйдің құлпын орманшы атайдың сиқырлы таяқшасының көмегімен аштық. Кәне,құлып,ашылшы! Ішінен құпия шашылшы! - деп балалар дауыстағанда интерактивті тақта ашылу керек болған.Одан бірнеше ертегінің слайдтары көрсетіліп, балалар қосымша сұрақтардың көмегімен ертегілердің мазмұнын еске түсірді / «Түлкі мен тырна», «Қасқыр мен жеті лақ», «Бауырсақ» ертегілері/. Қарға балалармен қоштасып ұшып кетті. Балалар «Үйректер биін» биледі. Балалар мерекеге келе жатқан қонақтарды қол соғып қарсы алды. Аңдар «У меня, у тебя» атты әуенмен біртіндеп кіріп, «Жаңа жыл кешіндегі айтыс» немесе «Шырша жанындағы көрініс» атты көрініс көрсетті /түлкі – Жанарбек Г., қоян – Жиналыс Р., қасқыр – Умбеткалиева Ғ., аю – Семенова Г./.

Балалар хормен Аяз ата мен Ақшақарды шақырды. Аяз ата кірерде «Звуки природы» атты жинақтан боранның дыбыс жазбасы қойылды

Аяз ата рөлін топтағы Жанболат атты баланың әкесі Шәней Рақатбек жасады. Аяз атаға арнап балалар үш тілде өлеңдер оқып берді: Маркс Айзере мен Ералыға орыс тілінде, Камиев Дарын мен Серікбекқызы Нұрданаға ағылшын тілінде қысқа тақпақтар берілген болатын, олар айтып берді. Ол тақпақтарды ағылшын тілінің мұғалімінің көмегімен жаттадық. «Аяз ата» әні орындалды. Содан соң Ақшақарға сөз кезегі берілді. Ол балалармен И.Токмакованың «Аю» атты өлеңімен сергіту жаттығуын жасады. Ақшақар еріп кетпеу үшін «Қатырмақ» ойыны ойнатылды. «Сөз тізбегі» дидактикалық ойыны барысында балалар тізбектелген түрлі сұрақтарға жауап берді. Қыздардың орындауында «Ұлпа қарлар» биі биленді. Оған «Белоснежные снежинки» атты әннің жазбасын қолдандым. Ертеңгілік соңына қарай В.Бианкидің «Түлкі мен тышқан» атты әңгімесінен құралған көрініс көрсетілді /тышқан – Әділбекқызы А., түлкі – Жанарбек Г./. Аяз ата мен Ақшақарға: «Енді қайтеміз? Түлкі кішкентай тышқанға тиіспеу үшін не істеуге болады?», - деген сұрақ қойылды. Аяз ата: «Түлкіні райынан қайтару үшін бәріміз қосылып,бір жақсы би билейік. Мерекемізді көңілді аяқтайық, балалар!»,- деп жауап беріп, балалар ертеңгілікті «Вперед четыре шага» биімен аяқтады.

Жетістіктерім:

Балалар үш тілде өлеңдерін жатқа айтты.

Ата – анамен байланыс болды:

Қыздардың биіне керекті құралдарын дайындап берді

Аяз ата өз тобымыздың ата-анасы болды

Орыс және ағылшын тілінде өлең жаттаған балаларды ерекше атап өтуге болады:

Серікбекқызы Нұрдана, Камиев Дарын мен Маркс Айзере

Интерактивті тақтаны қолдануға тырыстым.

Ұяң деген балалар да бұрынғысынан қарағанда ашылды: Дарын, Дархан, Шуақ

Ертеңгілік балалардың жасына сай 35-40 минуттан асқан жоқ.

Ата – аналар ризашылықтарын білдіріп, пікірлерін жазып кетті. Олар: Камиева Ж., Ауғанбай Ә., Қаблашат Б., Тәмәнәй К.

Кемшіліктерім:

Өзім жүргізуші бола тұрып, екінші жағынан интерактивті тақтаны қолдануда және музыка қоюда қиналдым.

Әрбір сәтке қолданатын музыка жазбалары дайындалды, бірақ дауысы ақырын болды

Хороводтағы әндер музыкалық сүйемелдеусіз айтылды.

Соңғы көрініс: тышқан рөліндегі Айсерінің дайындығы аз екені білініп тұрды.





Автор
Дата добавления 06.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров185
Номер материала ДВ-506759
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх