Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Уй жануарлары. ТӨРТ ТҮЛІК МАЛ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Уй жануарлары. ТӨРТ ТҮЛІК МАЛ

библиотека
материалов

ТӨРТ ТҮЛІК МАЛ


Мақсаты:


· Балаларды төрт түлік малдың қазақша атауларымен таныстыру.


· Төр түлік малды «пайдалы» және «зиянды» етіп екіге бөлмей, оларға сауаттылықпен қарауға, олардан қолдан келген көмекті аямауға үйрету.


· Балалардың төрт түлік мал туралы түсініктерін одан әрі кеңейтіп, сабақ барысында сөздік қорын байыту (тақпақ, жұмбақ арқылы).


· Төрт түлік малдың айырмашылығын, сүтінің, жүнінің пайдалылығын айтып өту.


Сабаққа қолданатын құралдар - жабдықтар:


· Сурет «Жайлауда»


· Сандық


· Төрт түліктің суреттері, ойыншықтар


· Сурет салатын қағаз, түрлі түсті бояу, қылқалам.


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі:


Сәлеметсіздер ме, балалар!


Қазір жылдың қай мезгілі?


Көктемнің қай айы?


Бүгін аптаның қай күні?


Кеше аптаның қай күні болды?


Ертең аптаның қай күні?


Жаңа сабақ:


Балалар, сендер қандай үй жануарларын білесіндер, айтып беріндерші?


Бүгінгі сабақта біз үй жануарларының қазақша атауларымен танысамыз. Қазақ тілінде осы үй жануарларын «Төрт түлік мал» деп атайды.


Мұғалім жануарлардың суретін көрсетіп, балаларды олармен таныстырады .


Мынау - қой.


Мынау - қозы.


Мынау - сиыр.


Мынау – бұзау.


Мынау – жылқы.


Мынау - құлын.


Мынау – түйе.


Мынау – бота.


Дидактикалық ойын: «Кімнің дауысы?»


Мұғалім төрт түлік малдың дауысына ұқсатып дыбыс береді. Балалар қандай малдың дауысы екенін тауып, қазақша айтады.


Дидактикалық ойын: «Сиқырлы сандықша».


Ойынның шарты: Мұғалім сиқырлы сандықшаны көрсетіп, оның қалай ашылатынын түсіндіреді. Сандық тек қана жұмбақтың шешуін дұрыс тауып және жауабын қазақ тілінде бергенде ғана ашылады. Шешімі дұрыс және қазақ тілінде айтылғанннан кейін, сандық ашылып, ішінен «Төрт - түлік» мал бейнеленеген ойыншықтар шығады.


Жұмбақтар.


1. Кішкене ғана боый бар,


Айналдырып киген тоны бар. (қой)


2. Апан-апан,


Ескі шапан.


Иір қобыз,


Жарық жұлдыз. (түйе)


1. Екі айнасы бар,


Екі найзасы бар.


Төрт жылтырмағы бар,


Бір шыбыртқасы бар. (сиыр).


Сергіту сәті.


Суретпен жұмыс. « Жайлауда».


Балалардың қойылған сұрақтарға толық жауап берулері.


Мысалы: Сиыр не дейді?


Сиыр не береді?


Жылқы не істейді?


Жылқы не береді?


Жылқының сүтінен жасалатын сусын - қымыз деп аталады. Қымыздың көптеген емдік қасиеттері бар.


Түйе де бізге сүт береді. Оның сүті - шұбат деп аталады. Оның жүнінің де емдік қасиеті бар.


Мұғалім:


Қазір, балалар біз «төрт – түлік» малдың балаларын сүюі туралы өлең естиміз.


Қой сүйеді баласын «қоңырым» - деп.


Ештеңені білмейтін «момыным» - деп.


Сиыр сүйеді баласын «торпағым» – деп.


Қараңғыда баспаған «қорқағым» - деп.


Түйе сүйеді баласын, «боташым» – деп.


Жаудыраған көзіңнен «тоташым» – деп.


Ешкі сүйеді баласын «лағым» – деп.


Тастан тасқа секірген «шұнағым» – деп.


Жылқы сүйеді баласын «құлыным» - деп


Тұлпар болып жүгірген «жұрыным» деп.


Сурет салу:


Балалардың жайлаудан көрген «төрт түлік» малды, табиғат көрінісін сурет арқылы бейнелеулері.


Мұғалім балалардың салған суреттерін мадақтап, талдау жасап сабақты қорытындылайды.







Пәні: Ана тілі Күні:

Тақырыбы: «Төрт түлік. Торы құлын»

Мақсаты: 1) Төрт түлік түрлерімен таныстыру, пірлерін қалай атайтыны, пайдасы туралы әңгімелей отырып, өлеңді сауатты, мәнерлеп оқуға үйрету.

2) Тіл байлықтарын, байланыстырап сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

3) Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

IV.Сергіту сәті

V.Бекіту.Қорытындылау

VI.Бағалау

VII.Үй тапсырмасын беру


І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқимыз, үйренеміз , жалықпаймыз,

Білімнің шыңына біз шарықтаймыз

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

«Бесік жыры» жаттау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Ребусты шеш: төрт түлік

Төрт тұлік түрлері: жылқы, қой, сиыр, түйе.

Жылқы қолтұқымы туралы мағлұмат беру:

Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар – тарпан мен түзат. Жабайы жылқылар тарихы дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті аймақтарында үйір-үйірмен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулау нәтижесінде жойылып кеткен. Жылқының алғашқы қолға үйретілген Қазақстан даласы деп саналады. Жылқы қазақ халқының ерекше қастерлеп, пір тұтатын жануары. Жылқының пірі – Қамбар ата. Дүние жүзінде жылқының 250-ден астам қолтұқымдары бар. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшін де өсіреді. Қымыз халқымыздың кәделі сусыны. Қымыздың 40 жуық түрі бар, уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз т.б. Қымыздың шипалық қасиетіне шет елдерде көңіл бөле бастаған.

Оқулықпен жұмыс:

Өлеңді 1-қатар: тізбектей, 2-қатар: іштей, 3-қатар: мәнерлеп оқиды.

IV.Дәптермен жұмыс:

Жылқы төлдерін былай бөледі:

- Құлын (биенің жас төлі);

- Жабағы (6 айдан асқан құлын),

- Тай (1 жастан асқаны) деп атайды.

V.Сергіту сәті:

Арнайы дайындалған слайд бойынша жүргізіледі.

-Жақсы балалар, енді айта қойыңдаршы сендерді үйде апаларың, аналарың қалай еркелетеді?

-Ия, дәл осылай малдар да өз төлдерін еркелетеді екен,қалай екенін білгілерің келе ме?Олай болса Малдың төлдерін сүюін оқып көрелік

Кубизм стратегиясы.

Дәлелде:Жылқы,бота,қой сөздері неге жуан айтылатын сөздерге жатады.

Әңгімеле:Жылқының пайдасы туралы айт.

Бейнеле:Төрт түліктің бірін бейнеле.

Жарнама:

1-қатар: сиырды

2-қатар: түйені

3-қатар: жылқыны

VI.Бекіту:

Ұйқасын тап:

Менің атам бақты оны,

Үстінде бар ақ тоны.

Ол не?-төлдің бозымы,

Білемін ғой....


Ащыдан басқа жемейтін,

Ыстық шөлде отаны.

Шөлдесе “су” демейтін,

Кім біледі....


Өнері бар сан қилы

Тастан-тасқа қарғиды

Ол не?-шұнақ құлақты

Білемін ғой ...

Оқушылардың үйден дайындап келген жұмбақтарын бір-біріне жасыруы.

VII.Бағалау: балалар, бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар .....

VIII. Үй тапсырмасын беру: «Торы құлын» жаттау.

Ат әбзелдерін жазып келу.






























Сабақтың тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар.

Ж.Смақов « Қой», «Қозы» өлеңі.

Сабақтың мақсаттары:

1. Жуан дауысты дыбыстарды меңгертіп, ажырата білуге үйрету; оқушыларды өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдіру; әдемі, таза, сауатты жазуға үйрете түсу;

2. Сөйлеу әрекеттерін, ой-өрісін дамыту; Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту; танымдық қабілеттерін дамыту;

3. Үй жануарларының пайдасын түсіндіре отырып, жануарларды аялауға баулу, тәрбиелеу;


Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын қолдану;

Көрнекіліктер: интерактивті тақта

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Қазір бізде ана тілі сабағы

- Біздің ана тіліміз қай тіл? (қазақ тілі)

- Біз ана тілі пәнінен не жайында , қандай тарау өтіп жатырмыз? (үй жануарлары)

- Бұрын біздің ата-бабаларымыз немен айналысқан, қалай өмір сүрген?(мал бағып өмір сүрген)

- Қандай малдарды көбірек ұстаған?(жылқы, сиыр, қой т.б)

- Жылқы бағатын адамды кім дейді? (жылқышы)

- Қой бағатын адамды ше? (шопан)

- Ал осы үй жануарларын жалпы қалай атаған? (Төрт түлік мал)


- Бүгінгі сабағымызда біз бір ауылға қонаққа барамыз.Қонаққа құр қол баруға болмайды. Біздің қонаққа апаратын сыйлығымыз - ол біздің біліміміз.

Баратын ауылымыз алыс таудың етегінде. Сондықтан жолда талай кедергілер кездеседі. Сол кедергілерден өту үшін сендер тапсырмаларды дұрыс әрі тез орындауларың керек.

І кедергі: - Балалар, алдымызда биік төбе тұр.Одан өту үшін үй тапсырмасын еске түсірейік.

Үйге қандай тапсырма берілді?


ІІ Үй тапсырмасын тексеру

«Сиыр» «Ақ бұзау» өлеңін жатқа сұрау

- Өткен сабақта жуан дауысты дыбыстарды өткен болатынбыз. Жуан дауысты дыбыстарды кім айтады?

- а, о, ы, ұ


ІІІ Өткен сабақты пысықтау

- Дыбыс дегеніміз не?

- Әріп дегеніміз ше?

- Дыбыстың неше түрі бар?

- Дауысты дыбыс қалай айтылады, түрлері.

- Жарайсыңдар балалар! Біз бірінші кедергі биік төбеден өттік. Бірақта алдымызда әліде кедергілер бар екен.


ІҮ Жаңа сабақ

«Адасқан әріптер»

- Егер мына әріптерден сөз құрасақ қай ауылға қонаққа баратынымызды және де бүгінгі тақырыбымызды білетін боламыз.

1. О, й, қ- Қой

2. Қ, з, ы, о- Қозы

- Балалар біз қай ауылға қонаққа барады екенбіз?

- Қойлы ауыл Шопаната ауылына барады екенбіз

- Балалар алыста көптеген адамдар жүр екен. Солардың ішінен бір адам бізге жақындап келе жатқан секілді. Танысып көрсек қалай қарайсыңдар?


Жақан Смақов 1932 жылы Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы Ынталы ауылында дүниеге келген. Ж.Смақовтың 1953 ж. “Пионер” журналында балаларға арналған “Арамшөп пен бидай” деген алғашқы өлеңі жарық көрген. Бөбектерге арнап “Сыйлық”, “Қаз - қаз бас”, “Жастық сыры”, “Ойындар мен жұмбақтар”, “Күлдірген”, “Сылдырмақ”, “Жүз бір жұмбақ” деген өлеңдер жинағы жарыққа шыққан.


Ж.Смақов – бірнеше ертегі, поэманың авторы. “Опай- сопай”, “Тамшы”, “Бұршақ туралы ертегі”, “Кім күшті, кім мықты”, “Ұзын аяқ”, “Аю қалай адасты” секілді шығармаларының жұлдызы жоғары.

- Бүгін біз Жақан Смақовтың «Қой» мәтінімен және «Қозы» өлеңімен танысамыз.

1. Мәтінді мәнерлеп оқимын.

2. Сөздік жұмыс

- уақ - ұсақ, кішкентай мал

- ашатұяқ – Тұяғының арасы ашық, екіге бөлініп тұратын тұяқты айтады.


Туырлық – киіз үйдің түндігі мен үзігінің арасын қосатын, уықтың орта тұсынан керегенің басына дейін жабылатын қалың киіз.

Түндік – киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз.

Үзік – киіз үйдің жоғарғы жағына, уықтың үстіне, туырлықпен астастырыла жабылатын қалың киіз.


3. Оқушыларға тізбектей оқыту

4. Мәтінде не туралы оқыдыңдар? (Қой туралы)

- Қой қандай мал екен?

- Қандай шөп жейді?

- Несі пайдалы екен?

Қойдың төлін қалай атайды? (Қозы)

1.Өлеңді оқимын.

2.1- 2 оқушыға оқыту


Сергіту сәті

ІІ кедергі:

- Алдымызда өзен жатыр, өту үшін келесі тапсырманы орындаймыз.

Дәптермен жұмыс:

1- тапсырма.

Өзің жалғастыр... дәптерге жазу

Түйе боздайды,

Сиыр .................... (мөңірейді)

Қой ......................... (маңырайды)

Жылқы ....................(кісінейді)

Жуан дауысты дыбыстардың астын сызып шығыңдар.


ІІІ кедергі

Өзеннен аман-есен өттік. Алдымыздан қойшының иті шықты. Қойшы ауылына жақын қалыппыз. Келесі тапсырманы орындамасақ ол иттер ары қарай бізді жібермейді.

Суретпен жұмыс: (ауызша)

Сурет бойынша әңгіме құра


Ү Сабақты пысықтау

- Балалар қараңдар біздің алдымыздан тағы 2 ит шықты. Қойшының иттері көп болады.

- Неліктен көп ит асырайды деп ойлайсыңдар?

Келесі тапсырмамыз шешуші тапсырма. Тез, дұрыс орындасақ Біз ауылға да жететін боламыз.

5 жол өлең құрастыру (дәптерге жазу)

1. Қой

2. Қандай?

3. Не істейді?

4. Сезіміңді білдір

5. Мағыналас сөз


- Ауылға келдік. Бізді шопан ата күтіп тұр. Әкеле жатқан сыйлығымызды әдемілеп жинақтап шопанатаға берейік.

- Сендер бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

- Қой туралы, оның адамға пайдасы туралы.

- Балалар, келесі сабағымызда біз ары қарай төрт-түлік туралы көптеген мағлұматтар білетін боламыз. Ал бүгінгі сабағымызда біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын.

ҮІ Үйге тапсырма: «Қой» оқу, мазмұндау. «Қозы» жаттау. 33- жаттығу

ҮІІ Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.



Тақырыбы: «Төрт түлік»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балаларды халықтың тіршілік-істерімен таныстыру,мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім-бағымын түсіндіру. Атакәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып, қазақ халқының табиғатқа, жан-жануарға деген қарым-қатынасының тәрбиелік жағына назар аударту.

Дамытушылық: Төрт түлік туралы өлең, жыр, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, мәтіндер оқыту, танымын кеңейту, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, іскерлікке, шеберлікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Төрт түлік туралы қима қағаздар, суреттер, ойыншықтар т.б.


І. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылырмен амандасу, ән ұранды сұрау, сыныптағы оқушыларды тексеру. Біздің халқымыз төрт түлік туралы жұмбақтарға бай болып келеді. Балалар төрт түлік туралы білітіндеріңді естеріңе түсірі, жұмбақтардың шешемін табыңдар.

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)


Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар. (сиыр)


Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Міңсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)


Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Екі құлағы бар

Иегінде сақалы бар. (ешкі)


Осындай халық мақалдары әр малдың түр-тұрпатын сипаттап көрсетеді.

ІІ. Мал төлдеріні туралы түсінік беру.


Оқушылырға мал төлдері бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар көрсетіп, содан соң мал төлдерінің атын атап, әр төлді суреттегі енесінің қасына апарып қояды.


ІІІ. Мал төлдерінің аттары.

Түйе төлі-бота

Жылқы төлі-құлын

Сиыр төлі- бұзау

Қой төлі-қозы

Ешкі төлі-лақ


Балалар сөздіктерін ашып,жазып алады.

Түйе-верблюд

Бота-верблюжонок

Жылқы-кобыла

Құлын-жеребенок

Сиыр-корова

Бұзау-теленок

Қой-баран

Қозы-ягненок

Ешкі-коза

Лақ-козленок



ІV. Малдардың төлдеуі

Әр түліктің төлдеуіне байланысты айтылатын сөздер болады. Оған байланысты сөздерді дұрыс айтуымыз керек.

Малдың төлдеуі:

Түйе боталайды

Жылқы құлындайды

Сиыр бұзаулайды

Қозы қоздайды

Ешкі лақтайды-деп айтамыз.

-Балалар, малдардың төлдеуін немен байланысты айттық?

- Мал төлдерінің аттарымен байланыстырып айтамыз


v. Малдардың дыбыс шығаруы:

Әр малдың дыбыс шығаруы нақтылы сөзбен айтылады.

Түйе боздайды

Жылқы кісінейді

Сиыр мөңірейді

Қой маңырайды

Ешкі бақырады

-Қане, балалар, өзіміз дыбыстап айтып көрейікші?


VІ. Түлік сыры

Топпен жұмыс.

Оқушыларға қима қағаздарға жазылған сөйлемдер тобы таралып беріледі. Топтағы оқушылар сөйлемдері талдап,оның қай түлікке тән айтылғанын табады. Сөйтіп,тақырыптық мәнін құралады.

1.Түйе.

Төрт түліктің төресі – түйе.Оның еті – тамақ, шұбаты – сусын, жүні – киім.Түйе – таптырмас көлік.Ол шөлге өте төзімді келеді.


2.Жылқы.

Жылқы – ер қанаты.Ол сезімтал, талғампаз жануар.Жылқыда өт жоқ .Сондықтан ол күйіс қайырмайды.Жылқының жүйрігі,жорғасы болады.


3Сиыр.

Сиыр – ірі қара малға жатады.Сиырдың еті , сүті пайдалы.Сүтінінен айран , қаймақ ,құрт ,ірімшік жасалады.


4Қой.

Қой уақ малға жатады.Ол төрт түліктің ішіндегі момыны.Қойдың сүйікті шөптері изен, жусан ,ажырық.Қойдың еті , сүті , майы , терісі пайдалы .Жүнінен киіз басылады .Киім – кешек , алаша , кілем тоқылады .


5Ешкі.

Ешкі уақ малға жатады .Оның мінезі жеңіл , ұшқалақ .Тастан тасқа секіріп, тыным таппайды .Оның сүті , түбіті пайдалы .Ол ағаш қабығына өш .


VІІ.Қазақ халқында төрт түлік туралы мақал – мәтелдері көп.


1.Түйеатасы – нар.

2Ат – адамның қанаты .

3Мал бақсаң – сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан.

Мал өсірсең – қой өсір,

Өнімі оның көл көсір.


VІІІ. Тиым сөздер.


1.Малды басынан ұрма.

2Малға теріс мінбе.

3Малды теппе,

Ақты төкпе,- деп ескерткен.

Қанекей, дәптерлеріңе малқалдармен тыйым сөздерді жазып алыңдар.

ІХ.Ойын.

Кім көргіш?

Тақтада жылқының суреті ілінген , балалар көздерін байлап , құйрығын тағу қажет.


Кім шапшаң?


Х.Бағалау.


Сабаққа жақсы қатысып , білімдерін көрсетіп отырған балаларды бағалау .

ХІ.Үй тапсырмасын беру .


Сөздерді жаттап , мақал мен тыйым сөздерді мәнерлеп оқып келу .

ХІІ.Қорытынды:


Балалар төрт түлік туралы не біліп үйрендіңдер? Сендерге төрт түлік турасында нелер ұнады? Сабақ түсінікті болды ма?

Онда сабақ аяқталды , сау болыңыздар.


hello_html_5ead4b20.pnghello_html_4fba43d2.png





hello_html_72929208.pnghello_html_m5770ae72.pnghello_html_m38b0777b.pnghello_html_m18167eec.png


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Мақсаты: 

 

·        Балаларды   төрт  түлік  малдың  қазақша  атауларымен  таныстыру.

 

·        Төр түлік малды «пайдалы» және «зиянды» етіп екіге бөлмей, оларға сауаттылықпен қарауға, олардан қолдан келген көмекті аямауға үйрету.

 

·        Балалардың  төрт  түлік  мал   туралы  түсініктерін  одан  әрі  кеңейтіп, сабақ  барысында   сөздік  қорын  байыту (тақпақ, жұмбақ  арқылы). 

 

·        Төрт  түлік  малдың  айырмашылығын,  сүтінің, жүнінің  пайдалылығын   айтып  өту.

 

Сабаққа  қолданатын  құралдар - жабдықтар:

 

·        Сурет  «Жайлауда»

 

·        Сандық

 

·        Төрт  түліктің  суреттері, ойыншықтар

 

 

·        Сурет  салатын  қағаз, түрлі түсті  бояу, қылқалам.

Сабақтың  барысы:

 

Ұйымдастыру  кезеңі:

 

Сәлеметсіздер  ме, балалар!

 

Қазір  жылдың  қай  мезгілі?

 

Көктемнің  қай  айы?

 

Бүгін  аптаның  қай  күні?

 

Кеше  аптаның  қай  күні  болды?

 

 

Ертең  аптаның  қай  күні? 

Автор
Дата добавления 02.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров4746
Номер материала 358125
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх