Инфоурок Школьному психологу Научные работыУйден окитын окушыга жоспар 1 класс

Уйден окитын окушыга жоспар 1 класс

Скачать материал

 «БЕКІТЕМІН»                                                 «КЕЛІСЕМІН:                                              

Мектеп директоры                                          Оқу ісінің меңгерушісі                             

 ____________ Б.Ш.Онгаров                       ____________ М.А.Торенова                            

«___» _____________ 2016ж.                        «___» _____________ 2016ж.                                               

 

 

 

 

Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау

Психомотриканы және сенсорлы үрдістерді дамыту 

(үйде оқыту)

Т.Айбергенов атындағы орта мектебі

 

 

 

 

                                                                        Сыныбы: 1

                                                 Пән мұғалімі:  С.З.Оғылбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

Миялы ауылы

2016-2017 оқу жылы

Психомоториканы және сенсорлы үдерістерді дамыту 1 -сынып   

Тоқсан

Са-

бақ

Тақырыбы

Сағаты

Мерзімі

І

1

 

2

 

 

3

 

 

 

4

5

 

6

 

 

 

 

7

8

9

 

10-11

 

 

 

 

12

13

 

14

 

 

15-16

 

 

 

 

 

17

 

 

 

Кіріспе  «Мен кіммін?»

Мақсаты: зерттеуде жүйелі жол табу

Сенсорлық дамуын анықтау

Мақсаты: әр түрлі сенсорлық құрамның біртұтас объектілерін, сапасымен белгісін тану;

Танымдылық іс –әректінің диагностикасы

Мақсаты: психологиялық көмек ұйымдастыруда оның өзекті және жақын даму аймағын анықтау;

Зейінді және есте сақтау қабілетін  анықтау

1.Бақылау, салыстыру.

2. Заттардың белгілерімен еліктеулерді және оларды сөйлеу тілі кезінде жеткізе білу.

3. Есте сақтау барысында психологиялық процесстердің дамуы, ойлауы, сөйлеу тілі, қабылдауы.

Моторикалық  дағдыларды дамыту:  

«Дыбыс арқылы қозғалыс ойыны»

1.Бұлшық еттің түрлі топтарын дамыту қимылдары; 2.Қимылдардың дыбыстық белгімен сай келуі.  3.Қимылдарды орындау, орындалуы жөнінде сөздік есеп беру;

Графамоторикалық дағдыларды дамыту:  

Ұсақ мозайка

Мақсаты:   қолдың ұсақ қимылдарының дәлдігін жетілдіру;

Психогеометрия әлемі

1.Күрделі тапсырмалары бар графикалық диктант; 2.Геометрикалық пішіндерді сызу (шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш);

3.Суреттердің симметриялық жалғасын толықтырып салу; заттардың бейнесін «көз өлшеммен» қайшымен кесу (алмұрт, доп).

Түйсіну – қимылдарын қабылдауы:

«Ғажайып дорба» ойыны

Мақсаты: заттардың түрлі қасиеттері мен сапаларын сипап білу арқылы ажырату (майысқан, ағаш, ыстық, тікенді);

«Ермексаз және сазбалшық»

1.Ермексаз және сазбалшықпен жұмыс кезінде сипап түйсінуді дамыту; (ұсақ заттармен)

1

 

1

 

 

1

 

 

3

1

1

 

1

 

 

3

 

1

1

1

 

2

 

 

 

3

1

1

 

1

 

 

2

 

 

 

 

2

1

02.09

 

07.09

 

 

09.09

 

 

 

14.09

16.09

 

21.09

 

 

 

 

23.09

28.09

30.09

 

5,7.10

 

 

 

 

12.10

14.10

 

19.10

 

 

21,26.10

 

 

 

 

 

28.10

 

ІІ

18

 

 

19

 

20

21-22

 

 

 

23-24

 

 

 

 

 

25

 

26

27

 

 

28

29

 

30-31

 

 

32

 

 

 

Ұсақ мозайкамен ойын.

Кинестетикалық және кинетикалық даму:

Қимыл іс-әрекет қозғалысы

1.Қимыл мен дененің түрлі мүшелерінің қалпының сай келуі .

2. Қимыл мен іс-әрекетті сөйлеу арқылы орындау.

Сенсорлық дамуын қалыптастыруға арналған жаттығулар

Мақсаты: бұлшықеттерді босаңсытуға арналған жаттығулар;

Ой арқылы елестету

Мақсаты: ой арқылы елесетеіп қимылдарды жасау  (допты лақтыру, ағашты жару, киімді жуу).

Түс, көлем, формасын қабылдау және заттарды құрастыру:

Дидактикалық ойын «Түсті ата»;

1.Заттарды екі белгісі бойынша өз бетінше топтастыру;

2.Сөзбен толықтыру;

3.Заттарды көлемі, түсі, формасы бойынша топтастыру және салыстыру;

 «Техникалық құрастыру», ұсақ пазл;

1.Заттардың жекелеген параметрлерін өлшеу.  2.Салыстыру үшін қарапайым өлшемдерді қолдану (ұзындығы, ені, биіктігі бойынша);

Дидактикалық ойын «Сипаты бойынша таны».

Мақсаты: бір элемент бойынша заттарды тану; заттарды сөзбен сипаттау арқылы тану.

Зейінді дамытуға арналған жаттығулар

Мақсаты: зейінді дамыту

1

2

 

1

 

1

2

 

 

 

2

 

 

 

 

3

1

 

1

1

 

2

1

1

 

2

 

 

1

09.11

 

 

11.11

 

16.11

18,23.11

 

 

 

25,30.11

 

 

 

 

 

02.12

 

07.12

09.12

 

 

13.12

14.12

 

21,23.12

 

 

28.12

 

ІІІ

 

33

34-35

 

 

36-37

 

 

 

 

 

38-39

 

 

40-41

 

 

 

 

 

42-43

 

44

 

45-46

 

 

47-48

 

 

 

 

 

49-50

 

 

 

 

 

51

 

 

 

 

Ойлау және елестету элементтері

1. Шығармашылық  елестету арман

2.Ұсақ моториканы пайдалануға арналған жаттығулар

Мақсаты: ұсақ моториканы дамыту

Көру арқылы қабылдау мен көру арқылы есте сақтауды дамыту:

Суреттерден «Сәйкессіздікті» табу;

Мақсаты: көрнекі материалдан ерекше және ұқсас белгілерді табу (2-3 заттық, сюжетті суреттерді салыстыру).

«Есіңде қалғанын бейнеле»;

Мақсаты: көру арқылы есте сақтауды дамыту. көруді алдына алу. Көзге арналған жаттығулар.

Заттардың ерекше қасиеттерін қабылдау:

Заттармен жұмыс

Мақсаты: заттарды сипап сезу сезімінің айырмашылығын дамыту (құрғақ-ылғал-дымқыл); олардың ауызша анықтамасы;

Қоршаған ортаны зерттеу.

1.Дененің, судың, ауаның температурасын өлшеуге арналған құралдар;

2.Дәм сезу сезімінің айырмашылығын дамыту (тәтті-тәттірек, қышқыл-қышқылырақ);

«Затты иісінен тап» дидактикалық ойыны.

Мақсаты:  иістердің айырмашылығын қабылдау (жеміс, гүл, иіссу иістері).

Заттарды таразыда өлшеуге арналған жаттығулар; 

Мақсаты: заттардың қарама-қарсы қасиеттерін анықтау (таза-кір, жарық-қараңғы); заттармен жасалынатын қарама-қарсы әрекеттерді анықтау (ашу-жабу, түймелеу-ағыту, киіндіру-шешіндіру).

Естіп қабылдау мен естіп есте сақтауды дамыту: дыбыстардың ұзақтығы мен қаттылығына қарай ажырату (сөйлеу кезіндегі, әуендік).

Ес процесін дамытуға арналған жаттығулар Мақсаты: ес процесін дамыту, естен сақтау үдерісі: есте сақтау, еске түсіру.

АРТ терапия әдістемесін пайдалану

Мақсаты: сенсорлы қызметтің дамуы мен есту және сөйлеу ерекшеліктерін дамыту;

3

1

2

 

 

      2

 

 

 

 

 

      2

 

 

2

 

 

 

 

3

2

 

1

 

2

 

 

2

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

1

 

 

11.01

13,18.01

20,25.01

 

 

 

 

 

27.01,08.02

 

 

10,15.02

 

 

 

 

 

17,22.02

 

24.02

 

01,03.03

 

 

09,10.03

 

 

 

 

 

15,17.03

 

 

 

 

 

17.03

ІV

 

 

52-53

54

 

55

 

 

56

 

57

 

58

 

59

 

 

 

 

60

61

 

 

62

 

63

64

65

66

Дидактикалық ойын «Тыйым салынған дыбыс»;

1. Есту моторлық үйлестілігін дамыту.

2. Есту арқылы түрлі әуендік аспаптардың дыбысталуын анықтау. «Бұл ненің дыбысы, тап»;

3. Ырғақты сезінуді дамыту. Ойын жаттығулары.

Кеңістікті қабылдау:

Қоршаған ортамен танысу

1) Ауызша нұсқау бойынша көшедегі ғимараттарды бағдарлау;

2) Жақын және алыс кеңістікте заттардың орналасуын анықтау;

3) Заттардың кеңістікте орналасуын модельдеу; кеңістіктік қатынастарды сөзбен жеткізу;

4) Түрлі үлгідегі (дәптер, альбом, ватман) және түрліше орналасқан (тігінен, көлденеңінен, қырынан) қағаздарға бағдарлану.

Уақытты қабылдау:

Дидактикалық ойын «Минутты сақта»

1)    Сағаттан уақытты анықтау;

2)    Уақыт аралықтарының ұзақтығы.

 

Дидактикалық ойыны «Бұл қашан болады»;

1. Күнтізбемен және жылдық күнтізбе үлгісімен жұмыс.

2. Негізгі өмірлік оқиғалардың реттілігі.

3. Адамдардың жасы;

4. Танымдық әрекеттердің бақылау диагностикасы.

Қорытындылау

4

 

2

1

 

1

 

4

1

 

1

 

1

 

1

 

 

2

 

1

1

 

4

1

 

1

1

1

1

 

 

05,07.04

12.04

 

14.04

 

 

19.04

 

21.04

 

26.04

 

28.04

 

 

 

 

03.05

05.05

 

 

10.05

 

12.05

17.05

19.05

24.05

 

 

Барлығы:

66

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Психомоториканы және сенсорлы үдістерді дамыту   1-сынып   

Күні  

Кіріспе  «Мен кіммін?»

Мақсаты: зерттеуде жүйелі жол табу

Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.

Сабақтың тақырыбы: «Мен мәдениетті адаммын»

Мақсаты: Этикетке және берілген тәртіп ережелеріне дұрыс көзқарасты қалыптастыру

·        Мәдениетті адам деп кімді айтамыз?  Не үшін?

·        Қандай қасиеттерді біз жақсы бағалап, үлгі көреміз?

·        Не үшін? Бұл қасиеттерді игеруге бола ма?

«Мен деген не?» талқыламасы. Жүргізуші «Мен деген не?» сұрағын бірінші өзі, сосын жалпы топта талқылауды ұсынады.

 «Мен – бұл сезімдер, ойлар, тән, әрекеттер, тілектер, армандар, жан, мінездер...»

«Мен кіммін?» және Мен қандаймын? жаттығуы.

         жұмыс дәптеріне «Мен кіммін?» сұрағына суретпен көрсету ұсынады. Сосын «Мен қандаймын?» сұрағына жауап береді.      Менің шынайы, идеалды, сыртқы бейнем.

         Жүргізушінің «Мен-шынайы», «Мен-идеал» сөзін қайталау.

Менің идеалым – өзің қалаған сыртқы келбет, қасиеттер жайлы айту.

Менің сыртқы бейнем – өзің туралы, қасиеттерің, қабілеттерің, әрекеттерің, ойларың туралы басқалардың пікірі.

 

Сергіту сәті  «Біз гүлдерше өсеміз»
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желге ырғалып шайқалған

 

«Сенемін-сенбеймін» ойыны
Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту.
Балалар шеңбер құрып отырады. Психолог допты кез келген бір балаға лақтырып, былай деп айтады:
- Піл ұшу біледі;
- Құстар апанда ұйықтайды;
- Балықтар құрлықта өмір сүреді, т.с.с.
Балалар педагог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер бала жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған бала «ең зейінді бала» болып есептеледі.
Нәтижесі: .............................................................................................................................................

Тексерген:

Психомоториканы және сенсорлы үдістерді дамыту   1-сынып   

Күні  

Сенсорлық дамуын анықтау

Мақсаты: әр түрлі сенсорлық құрамның біртұтас объектілерін, сапасымен белгісін тану;

Сабақтың тақырыбы:

Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.

Сергіту сәті

Нәтижесі:

«Суретте қандай затттар жасырылған?»

Әдістеменің мақсаты: қабылдауының   даму  деңгейін анықтау.

Нұсқау. Бұл әдістемеде балаларға бұрыннан таныс заттар бір суретке  біріктіріліп салынған күйінде көрсетіледі. Зерттелуші осы суреттегі заттарды 1 минуттың ішінде атап айтуы қажет. Егер зерттелуші 1 минуттың ішінде аталған тапсырманы орындай алмаса, оны тоқтатуға тура келеді. Ал егер, зерттелуші тапсырманы 1 минутқа жетпей орындаса, барлық жұмсалған уақыт есептеледі. Әдістеменің нәтижесін мынадай балдық жүйе бойынша есептейді.

 10 балл - бала суреттегі барлық 14 затты еш қиындықсыз 20 секундтың  ішінде тапса

 8-9 балл- бала суреттегі 14 затты 21ден 30 секунд  аралығында тапса

 6-7 балл- бала барлық затты 31 ден 40 секунд аралығындатапса

 4-5 балл- бала барлық затты іздеуге 41 ден 50 секунд жұмсаса

 2-3 балл- барлық затты табуға 51 ден 60 секунд жұмсалса

 0-1 балл- барлық суреттегі заттарды 60 секундтан артық уақытта таба алмаса

        Балдық жүйенің көрсеткіші.

              10 балл-өте жоғары

              8-9 балл- жоғары

              4-7 балл- орташа

              2-3 балл- төмен

              0-1 балл- өте төмен

Сергіту сәті

 «Қолдану» жаттығуы.

Оқушыға таныс нәрсе көрсетіледі. Ол бұл нәрсені түрлі тәсілдермен қайда қолдануға болатынын табады. Мысалы: «Кірпіш тас», «Газет»,  т.б.

«Белгісін тап» жаттығуы.

Оқушыларға үш-төрт сөз беріледі. Мысалы: АЛМА, СИЫР, ТҮН. Осы сөздердің бір белгісін табуға тапсырма беріледі. (Алма - тәтті, сиыр – сүтті, түн – қараңғы). Оқушылар жаттыққан соң екі, үш  белгісін таптыруға болады.

Нәтижесі: ........................................................................................................................................

Тексерген:

Психомоториканы және сенсорлы үдістерді дамыту   1-сынып   

Күні  

Сабақтың тақырыбы: Танымдылық іс –әрекетінің диагностикасы

Мақсаты: психологиялық көмек ұйымдастыруда оның өзекті және жақын даму аймағын анықтау;

Қабылдау және заттық –ойын әрекетін дамыту

«Аяқталмаған суреттер »

Сабақтың мақсаты :

«Аяқталмаған суреттер» әдістемесін пайдалана отырып тұтастай қабылдауды дамыту.

«Суретті есте сақтау » әдістемесін пайдалана отырып , көрнекі-бейнелі есте сақтау қабілетін дамыту.

«Фигураны ата» әдістемесі бойынша көру арқылы қабылдауды дамыту.

Суретке қарап мазмұның айтып беру барысында сөздік қорын молайту.

Сабақта денені тік ұстап, дұрыс отыруға тәрбиелеу.

Көрнекі –құралдар: әртүрлі суреттер, геометриялық фигуралар, ертегі кітапшасы.

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Баламен амандасу      

-Баланы ыңғайлы отырғызу

-Жылулық шеңберін орнату арқылу баланың көңіл- күйін көтеру

 «Аяқталмаған суреттер» әдістемесі.

Тұтастай қабылдауды дамытуға арналған әдістеме. Яғни балаға 2 нұсқа беріледі. Ол нұсқада үш суреттен орналасқан. Ол суреттер жартылай салынып , аяқталмаған. Бала сол суреттерді табуы қажет.

«Суретті есте сақтау » әдістемесі

Балаға бұрыннан таныс он сурет бейнеленген парақ бірден көрсетіледі. Бала әр суретке 2 секунд қарап есіне сақтауы тиіс. Сурет жабылып қойылады. Бала есінде қалған суреттерді айтып шығуы қажет. Тапсырманы қайталап орындату керек. Бала барлық суретті айтып болғанша тапсырма қайталанады. Жақсы орындаған үшін баланы мадақтау қажет.

 

Ойлау әрекетін дамыту. Қазір екеуміз қызық ойын ойнаймыз, мен саған қазір әртүрлі сөздер айтамын сен сол сөздер бойынша сурет, затты көрсетуін керек. Мысалы :

Айжан, Айгүл-------

Қыс, Жаз----------

Қуыршақ , доп ---------

Қалам, карандаш---------

Мысық, ит------------

Торғай , қарға-----------

Қызыл, көк-------------

Нәтижесі: .............................................................................................................................................

Тексерген:

Психомоториканы және сенсорлы үдістерді дамыту   1-сынып   

Күні

 

Сабақтың тақырыбы:  Зейінді және есте сақтау қабілетін  анықтау

Мақсаты: бақылау, салыстыру, заттардың белгілерімен еліктеулерді және оларды сөйлеу тілі кезінде жеткізе білу есте сақтау барысында психологиялық процесстердің дамуы, ойлауы, сөйлеу тілі, қабылдауы;

 

Ертегімен жұмыс  «Қоян мен тиін әңгімесі»

  Жазда қоян мен тиін достасты. Тиін сары түсті, ал қоян сұр түсті еді. Күнделікті егіске барып бір-бірін қонақ қылады. Қоян тиінге сәбіз бен орамжапырақ, ал тиін жаңғақтар береді. Жаз өтті. Қыс басталды. Ақ қар түсті. Қоян шыршаның астына, тиін еменге тығылады. Тиін еменнен секіріп түсті. Қоянды көріп танымай қалды: өйткені қоян сұр емес ақ түске айналған. Қоянда тиінді танымай қалады: өйткені тиін сары емес , сұр түске айналған. Алайда жаз басталғанда бірін-бірі таныды.

Мәтін екі рет оқылады. Бала мәтінді тыңдап айтып беруі қажет.

Сергіту сәті

 

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық

Қанатымызды жазамыз

Жоғары –төмен ұшамыз

Биік көкте айналып

Жұлдыздай болып жанамыз

 

Қарама-қарсы сөздер ойыны

Енді екеуміз орнымыздан тұрып бір ойын ойнайық. Ойынның аты қарама-қарсы сөздер. Екеуміз бір бірімізге қарама-қарсы тұрып доп лақтырамыз. Мен допты лақтырып ақ десем сен қара деп жауап беруін қажет.

 

Нәтижесі: .............................................................................................................................................

 

Тексерген:

 

 

 

Психомоториканы және сенсорлы үдістерді дамыту   1-сынып   

Күні  

Сабақтың тақырыбы: Моторикалық  дағдыларды дамыту:  

 

«Дыбыс арқылы қозғалыс ойыны»

Мақсаты: бұлшық еттің түрлі топтарын дамыту қимылдары; қимылдардың дыбыстық белгімен сай келуі,  қимылдарды орындау, орындалуы жөнінде сөздік есеп беру;

 

«Үш сөзден сөйлем құра!» жаттығуы

Мысалы, «көбелек», «аю», «өзен» деген сөздер беріледі. Осы үшеуін қатыстырып, сөйлем құрау тапсырылады. «Аю өзеннен су ішіп жатып, гүлге қонған көбелекке қарады». Музыка ырғағымен, дыбыспен  жеткізу.

 

 «Әуенді терапия»
Мақсаты: жаттығуға қатынасушылардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл күйін көтеру.
Көрнекілігі: музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат көріністері бейнеленген сурет.
Уақыты 5 -7 минут.

Ойын терапиясы мен қозғалмалы би терапиясына арналған ойын-жаттығу. 
Музыка әуенімен  берілген кедергілерден би билей өту арқылы, шарларды жару керек. Шар ішінде қатысушыға арналған сыйлық бар. Шарды жара алмаған қатысушы екінші мүмкіндік беріліп, өз сыйлығын алуға болады. 

Орнымыздан тұрамыз, қатарға тұрыңдар. (музыкамен балалар

айналып ортаға келеді)

-Қазір біз жаттығулар жасаймыз.

-Денені тік ұстаймыз. 1,2,3,4- ке санаймыз.

-Келесі жаттығу .......

-Азамат сен не істедің?

Мен жаттығу жасадым.

 

Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақ саған ұнадыма? Қане есімізге түсіріп көрейікші. Өткен әдістемелерді есімізге түсіріп , шолып өту.

Нәтижесі: .............................................................................................................................................

.............................................................................................................................................

 

Тексерген:

Психомоториканы және сенсорлы үдістерді дамыту   1-сынып   

Күні  

 

Сабақтың тақырыбы: Графамоторикалық дағдыларды дамыту:  

Ұсақ мозайка

Мақсаты:   қолдың ұсақ қимылдарының дәлдігін жетілдіру;

 

Тақырыбы: «Төртінші артық» әдістемесі

Мақсаты: маңызды белгілерін бөліп көрсете білуін диагностикалау.

Көрнекілігі: ән әуені, әр түрлі белгілері бар сурет үлестірмелер

«Сіз қандай адамсыз» тест
Түстерді таңдау арқылы адамға сипаттама беріледі.
Мақсаты: Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін анықтау.

Тақырыбы: «Сиқырлы әлем патшалығына саяхат»
Мақсаты: баланың бойындағы танымдық құзіреттілігін арттыру, 
өз бойындағы сезіммен, басқаның сезімін түсіне білуге үйрету, 
үлкендермен жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету, сөздік қорын молайту, қабылдауын және ұсақ қол моторикасын дамыту, сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету, қарапайым қолда бар заттармен массаж жасауға үйрету.
Көрнекілігі: Электрошам, проектор, айна, «Ғажайып қалта», «Сиқырлы қорапша», тұз, жолақша.

Ән «Орманда»

Міне, қандай жапырақ

Айналады күледі

Міне, қандай жапырақ

Балаларда бар.

Міне, қандай көбелек

Айналады, ұшады

Міне, қандай өрмекші

Ою-өрнек салады.

-Ән қалай аталады?

 

 

Нәтижесі: .............................................................................................................................................

 

Тексерген:

Психомоториканы және сенсорлы үдістерді дамыту   1-сынып   

Күні  

Сабақтың тақырыбы: Психогеометрия әлемі

Мақсаты: күрделі тапсырмалары бар графикалық диктант; геометрикалық пішіндерді сызу (шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш); суреттердің симметриялық жалғасын толықтырып салу; заттардың бейнесін «көз өлшеммен» қайшымен кесу (алмұрт, доп).

 

Психогеометриялық тест

Қазір дыбыстарды анық және дұрыс айтамыз.

ТА-ТА ТИТИ-ТА

ТУ-ТА ТА-ТИТИ

ТИ-ТА

ТА-ТА

тити-ТА, ТА-тата

тити-ТА, ТА-тата

дом-бы-ра, Ай-да-на

-Ырғақты келтіреміз.

-Ақниет тақтаға кел.

-Тағы бір тыңдап ал.

тити- ТА (оқушылар қайталайды)

-Ырғақты сал. (оқушы ырғақты тақтаға салады)

«Фигураны ата» әдістемесі

Баланың алдына фигуралар бейнеленген таблица ұсынылады. Ол таблицада әртүрлі геометриялық фигуралардан салынған суреттер беріледі. Бала бұл сурет қандай фигуралардан құралғаның айтуы қажет. Фигуралар бірте-бірте қиындай береді.

 

Нәтижесі: .............................................................................................................................................

 

Тексерген:

Психомоториканы және сенсорлы үдістерді дамыту   1-сынып   

Күні  

Сабақтың тақырыбы: Түйсіну – қимылдарын қабылдауы:

«Ғажайып дорба» ойыны

Мақсаты: заттардың түрлі қасиеттері мен сапаларын сипап білу арқылы ажырату (майысқан, ағаш, ыстық, тікенді);

 

"Дизайнерлер" 

Мақсаты: Баланың көңілін көтеріп, талғамын артыру.

Барысы: Ойынға анасына қажет болмай қалған, боянатын затгар (помада, пудра, т.б.) жинағы керек. Ойынды отбасы мүшелерімен және достарымен ойнауға болады. Ойын барысында сіз балалардың көңілі көтеріліп, жүздерінен өте әдемі, күлкілі, қызықты болды деген сияқты сезімді байқайсыз.

Барлығы бір-бірін бояндыруын қадағалаңыз, бірақ өзін-өзі бояуына болмайды.Ойынның соңында жақсылап жуындырыңыз.

Тынысқа арналған жаттығулар.

1. Қолды кеудеге қойып терең демаламыз. (мұғаліммен бірге)

2. Қолды алға қойып бірден демаламыз

3.Қолды алға қойып жәй демаламыз.

"Ғажайып сурет"

Мақсаты: Қиялын, ойлауын дамыту.

Қажетті заттар: ақ қағаз, түрлі-түсті қаламдар.

 

Барысы: Баладан әр түрлі гүлдердің (бәйшешек, қызғалтақ, раушан, т.б.), көкөністердің (қияр, сәбіз, қарбыз, банан, т.б.) жемістердің (алша, алма, өрік, жүзім, т.б.). біреудің бейнесін, бір нәрсенің көрінісін-қыздың бейнесін, жануардың, машинаның, балықтың, т.б. суретін салуды өтіну).   Ескерту: Бала жұмыс істеп отырғанда ешқашан асықтырмау керек.

 

Қорытынды: Салыстыру, мадақтау, Бала қандай сурет салса да, қандай түсті таңдаса да жұмысын мадақтау қажет.

 

 

Нәтижесі: .............................................................................................................................................

 

Тексерген:

 

Психомоториканы және сенсорлы үдістерді дамыту   1-сынып   

Күні  

Сабақтың тақырыбы: «Ермексаз және сазбалшық»

Мақсаты: ермексаз және сазбалшықпен жұмыс кезінде сипап түйсінуді дамыту; (ұсақ заттармен), ұсақ мозайкамен ойын.

 

  «Вербальды қиял» әдістемесі 
  Баланың елестетуін анықтау үшін оған мынадай тапсырма беріледі. 5 минут ішінде елестете отырып ертегі, әңгіме құрастыру керек. Оны айтып беру керек. Айтқан әңгімесін мынадай ерекшеліктеріне қарап бағлаймыз: 
  
1. Елестету процесінің тездігі 
2. Бейнені ұйымдастырудағы ерекшелік 
3. Қиялының бай болуы 
4. Ерекше ұйымдастыру қабілеттері 

Мына жаңылтпаштан біреуін таңдап, жылдам айтып шығу керек. (Ауызша) 
1. Қарға, қарға, қарғалар, қар үстінде жорғалар 
2. Көк базарда бәрі бар. Барып бәрің бәрін ал 
3. Шалғышы шалғы алды. Шаңғышы шаңғы алды. 

«Шапалақты тында» ойыны

Мақсаты: Қимыл-қозғалыс пен есту мүшелері арқылы ойын, зейінін дамыту.

Жүргізілу барысы: Бір рет шапалақтағанда «тырна» секілді тұрып қалулары керек. Екі шапалақ «құрбақа» секілді тұрып қалу, үш шапалақтаң соң «қоян» секілді қалу керек. Төрт рет шапалақтағанда қайтадан бастапқы қалыпқа келулері керек.  Рефлекция.

 

«Төрт апат» ойыны

Мақсаты: Қимыл-қозғалыс пен есту мүшелері арқылы зейінді дамыту жаттығуы.

Егер «Жер» деген сөзді айтса, қолын төмен түсіреді. Егер «Су» деген сөз айтылса, қолдарын алдарына көтересің, ал «Ауа» десе, қолын жоғары көтересің.

 

Нәтижесі: .............................................................................................................................................

 

Тексерген:

 

Психомоториканы және сенсорлы үдістерді дамыту   1-сынып   

Күні  

Сабақтың тақырыбы: Кинестетикалық және кинетикалық даму:

Қимыл іс-әрекет қозғалысы

Мақсаты: қимыл мен дененің түрлі мүшелерінің қалпының сай келуі және қимыл мен іс-әрекетті сөйлеу арқылы орындау

 

«Қалпақ ойыны»   авт. С.Б. 

Мақсаты: психикалық қобалжу сезімдерінен арылту. Таным процестерін  дамыту.

Ойын ережесі: Алғашқыда тақпақты оқып беру, сосын мен «қалпағым» дегенде; оқушы басын өз қолымен екі рет соғады, ал «менің» деп айтқанда өзінің көкірегін көрсетеді. Келесі «үшбұрыш» деп сөзін қайталағанда, үш саусағын көрсетіп екі саусағын қосып көрсету керек. Осылай тақпақты алдымен жәй оқып, кейіннен тез айтып өзіңе де қимылдарын көрсету керек. Ал оқушы соны қайталап, үлгеруі керек. Бірнеше рет қайталап, оқушы тез қимылдарын көрсете бастаған да ойын аяқталады.

Қалпағым менің, қалпағым.                     Қалпағым менің  үшбұрыш.

Ал егер  үшбұрыш болмаса,                      Ол менікі  емес қалпағым.

 

"Клякса жайындағы ертегі"

 

Мақсаты: Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, өзіне деген сенімділігін арттыру, мәдениетілікке, әсемділікке  ұмтылу.

       Ерте-ерте замаңда кішкене қап-қара қуыста Клякса өмір сүріпті. Ол адамдарға көрінгенді ұнатпайды екен. Неге? Себебі ол қандай ортаға келмесін барлығы: "Қандай қорқынышты!", "Қандай майлы, ұсқынсыз қара Клякса!" дейді екен. Әрине, мұндай кімге ұнасын. Міне, сондықтан да ол қуыстың ішінде отырғанды жөн көріпті. Күндердің күнінде біздің Клякса жалғыз отырғаннан зерігіп, ол мейрамда қыдырып, қонаққа баруды ұйғарыпты. Ол әдемі киінейін деп, үстін сары түсті бояумен бояпты. Ол өзін күндей жадырап тұрғандай сезініп, өзіне-өзі қатты ұнапты. Көшеде кездескеннің барлығы "Қандай сары Клякся" деп үрейленіп айқалапты. Ол дүкенге кіріп қызыл бояу сатып алып, онымен өзінің шляпасын бояйды. Тағы да оны көргендер қолын сермеп, үрейленіп, "Қандай ұсқынсыз шляпа киген Клякса!" депті. Сонда Клякса көк бояу сатып алып, онымен юбкасын бояпты. Мұны да еш жан бағаламапты. Ол тағы да "Қандай үлкен жасыл юбкадағы Клякся!" (сары мен көк түстен жасыл түс пайда болады) дегенді естиді. Клякса бәріне өкпелеп, қалған көк бояуды алып өзінің қуысына оралыпты. Ол қуыстың ішін көк бояуымен бояп қараса, өзіне ұнамды, әдемі, жайлы болғанын сезінеді.

Талдау. Пікір алмасу.

Нәтижесі: .............................................................................................................................................

Тексерген:

 

Мақсаты: Күні бойы эмоция мен сезімге талдау жасауға психоэмоционалдық көніл күй туғызуға үйрету.

     Көзімізді жұмып бір күннің таңертенгі күнін еске түсіреміз. Барлық оқиғаны қарап шығып, жеке үзінділерді еске түсіреміз. Енді көз алдымызға оқиғаны жасаймыз. Басқа адамдармен әнгімелестін бе, қандай әсер алдың, не үшін? Қандай сезімде тұрсың? Не сезінесін? Не айтқан жоқпын деп ойлайсын. Сенің қоршаған ортанда кім жүр? Кімді көп көресің, кіммен көп сөйлейсің? және т.б.  Талдау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Уйден окитын окушыга жоспар 1 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 340 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2017 9045
    • DOCX 89.2 кбайт
    • 257 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Огылбаева Саним Закирбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Огылбаева Саним Закирбайкызы
    Огылбаева Саним Закирбайкызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26092
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие психологической устойчивости обучающихся к воздействиям СМИ

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Нейропсихологический подход к диагностике и коррекции задержки речевого развития у детей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 314 человек

Курс повышения квалификации

Психологическое развитие эмоционального интеллекта у детей

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 232 человека

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек