Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Вариативный компонент для предшкольной группы с казахским языком обучения.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Вариативный компонент для предшкольной группы с казахским языком обучения.

библиотека
материалов


Мектеп жасына дейінгілерді жазуға дайындау


Түсіндірме жазба


Мектеп жасына дейінгілерді мектепке дайындау сұрағына қазір көп назар аударылып отыр. Мұнымен бала бақшалар, қосымша білім беретін мекемелер және т.б. айналысады. Мектепке дейінгілермен жұмыстың тәсілдерін, түрлерін. Мазмұндарын реттейтін бағдарламалар әзірленген. Олардың әртүрлілігіне қарамасатан, бәрі бірдей педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған:

-балалардың жаңа жағдайға бейімделуі (мектеп, мұғалімдер, балалар ұжымы);

- баланың әрі қарай дамуына базалық қызмет ететін, белгілі кешенді дағды мен мүмкіндіктерін қалыптастыру (есте сақтау, назар қою, сөйлеу, ойлау, ұсақ моторика).

Өзімнің жұмысымда даярлық тобындағы балаларды мектепке дейінгі жазуды меңгеру үшін маңызды қол қозғалысының ұсақ моторикасын дамыту сұрағын жан-жақты қарағым келеді. Оларда көптеген суреттер, қызықты тапсырмалар, жеке элементтердің жазылуын меңгеру жаттығулары бар. Бірақ менің пікірімше, бір маңызды кемшілік бар: әріп элементтері жолдарын бірқалыппен қайталап жазу. Ал, 5,6 жастағылар үшін оқытудың табыстылығы – бұл еліктіргіштік, қозғалыс, қызықтыру! Міне, сондықтан да, мен балаларды жазуға дайындау үшін өз бағытымды әзірлеуге кірістім.



ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІЛЕРДІ ЖАЗУҒА ДАЙЫНДАУ


Сабақтарда балалар альбоммен – 28 сағат, тор көз дәптерлермен – 4 сағат жұмыс істейді. Мектепке дейінгілерді жазуға дайындауға келесі жұмыстар кіреді:

  • сөздік жұмыс;

  • құрау;

  • штрихтау.






Сөздік жұмыс


Әр сабақ белгілі бір тақырыпқа арналған – аэропорт, құстар ауласы, теңіз саяхаты, жаңа жылдық ертегі, қалаулы тілек, орманда және т.б.

Осы тақырыптар бойынша кішігірім әңгіме өткізіледі, онда әңгіме заты бойынша балалардың білімі нақтыланады, олардың сөздік қорлары кеңейтіледі, жағымды және эстетикалық нормалары қалыптастырылады.

Бұл кезеңде көрнекті құралдарды және әдеби сөздерді қолдану үлкен рөл атқарады. Бұл балаларға айтылғандарды айшықты көз алдарына әкеліп, олардың сипаттық ерекшеліктерін естеріне сақтауға, алған білімдерін пайдаланып, жаңа сөздерді өмірде қолдануларына мүмкіндік береді. Тақырып бойынша әңгіме өткізгенде ойындарды жиі пайдаланамын, балардың қиялдауға бағытталады. Олар өздерін жолаушылар, саяхатшылар болып сезінеді, өз қиялдарындағы әртүрлі суреттерді салып, олар туралы айтады.


Құрау


Келесі кезең – бұл суреттерді құру. Бұл жерде әр бала үшін табысты жағдай жасау өте маңызды! Сондықтан жұмыста әртүрлі трафереттер, әртүрлі трафереттік сызғыштар пайдаланамын. Бұл тек әдемі сурет құруға ғана емес, сонымен қатар, ұсақ моториканы дамытуға әсер ететін, сызғыштарды, трафереттерді пайдалануға үйретеді. Дегенмен, балалар өздерінің мүмкіндіктері және қиялдарымен шектеліп қалмайды. Олар үлгідегідей суретті құрайды, тіпті өздерінің суреттерін ойлап таба алады. Ең бастысы трафереттік сызғыштарды және трафареттерді пайдаланады.


Штрихтау


Жұмыстың қорытынды кезеңі – штрихтау. Штрихтау үшін гельді қаламдар пайдаланылады (түрлі –түсті кәдімгі қаламдар да жарайды). Осылайша, жұмыстар айшықты, әдемі, көңілді болып шығады.

Суретті әріп элементтерімен штрихтаймыз. Бірінші штрих –тік сызық, одан әрі қарай элементтер күрделендіріледі. Жыл ішінде балалар барлық әріптердің элементтерін жазуға үйренеді. Орындау барысында балалар сурет шекарасынан шықпауын, элементтердің дұрыс жазылуын қадағалау керек. Осының нәтижесінде балалар әріп элементтерін бір қайталау емес, бірнеше рет жазады, сонымен қатар оның қызығушылығы азаймайды, ол өзі қалаған суретін салады. Жұмыс соңында «балалар жұмысының галлареясы» көрмесін ұйымдастырамыз, онда әрқайсысы өзінің шығармашылығын көрсетіп, басқалардың жұмыстарын көріп, бағалай алады.


Сіздерді мектепке дейінгі жазуға дайындау құрлымымен таныстырамын. Қаралған шаралардан басқа, әр сабақта қол және саусақ бұлшық еттерін нығайту үшін міндетті түрде шынықтыру минуттары өткізіледі, өйткені бала 15-20 минут бойы жазумен айналысады ғой. Шынықтыру минуттарын және гимнастика өткізу үшін мүмкіндігінше балаларға арналған тақпақтарды таңдап, ойнату керек. Өзіндік жұмыс кезінде тыңдауға жайлы музыка немесе тақпақтар, ертегілер қосуға болады.



ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ


Авторлық бағдарламада мектепке дейінгілерді мектепте оқытуға психологиялық дайындау курсында жазуға 32 сағат бөлінген.

Сабақ жұмасына бір рет, 30 минут өткізіледі. Сабақ өткізу үшін қажет:

  • балалар санына арналған сурет альбомдары (А5 форматтағы)

  • балалар санына гельді қаламдар

  • балалар санына траферетті сызғыштар

  • балалар санына трафереттер жинағы

  • әр тақырып бойынша штрихтауға берілетін суреттердің үлгілері (А3 форматта)





















Төменде мектепке дейінгілерді жазуға дайындау үйірме сабақтарының тақырыптық жоспары:


тақырып

Сағат саны

1

Кіріспе сабақ.

Қыркүйек

І апта

2

Геометриялық формалардың өрнектері. Құру және штрихтау

Қыркүйек

ІІ апта

3

Аэропортта. Ұшақты құру, штрихтау

Қыркүйек

ІІІ апта

4

Теңіз саяхаты. Кеме мен маякты құру, штрихтау

Қыркүйек

ІV апта

5

Үйлерді қалай салады. Көтергіш кранды штрихтау.

Қазан

І апта

6

Орман соқпақтарындағы кездесулер. Қырықбуынды салу, штрихтау

Қазан

ІІ апта

7

Космосқа саяхат. Ракетаны құру, штрихтау

Қазан

ІІІ апта

8

Іске уақыт, ойынға сәт. Сағат-оятқышты құру, штрихтау.

Қазан

ІV апта

9

Құстар ауласы. әтешті құру, штрихтау.

Қараша

І апта

10

Үй мұражайында. Үйді құру, штрихтау.

Қараша

ІІ апта

11

Тілектерді жасырамыз. Аквариумдегі алтын балықты құру, штрихтау.

Қараша

ІІІ апта

12

Бізбен қатар кім тұрады ? (үй жануарлары туралы) Мысықты жасау, штрихтау.

Қараша

ІV апта

13

Шыршаны әшекейлеуге дайындаламыз. Ертегі ойыншықтарды салу, штрихтау.

Желтоқсан

І апта

14

Қысқы ертегі. Жаңа жыл шыршасын салу, штрихтау

Желтоқсан

ІІ апта

15

Көлік мұражайында. Золушканың күймесін салу, штрихтау.

Желтоқсан

ІІІ апта

16

Балаларға арналған ойыншықтар.

Желтоқсан

ІV апта

17

Қысқы ойындар. Аққала салу, штрихтау.

Қаңтар

I-ІІ апта

18

Қолғап, құлақшынды штрихтау.

Қаңтар

ІІІ апта

19

Біз жолаушылармыз. Трамвайды салу, штрихтау.

Қаңтар

ІV апта

20

Ромашкодағы Паровоз.

Ақпан

ІІ апта

21

23 ақпан открыткасын салу, штрихтау

Ақпан

ІІІ апта

22

Құламайтын қуыршақты штихтау.

Ақпан

ІV апта

23

8 наурыз открыткасын салу, штрихтау

Наурыз

І апта

24

Сыйлықтар. Мамаға арналған вазадағы гүлдерді салу, штрихтау

Наурыз

ІІ апта


25

Торкөз дәптермен жұмыс. Торкөздер бойынша штрихтау.

Наурыз

ІІІ апта

26

Тар жол дәптермен жұмыс. Үйренген әріптердің элементтерін жазу.

Сәуір

ІІ апта

27

Қолшатырды штрихтау.

Сәуір

ІІІ апта

28

Трафареттер бойынша әріптердің жазылуын басу.

Сәуір

ІV апта

29

Су құйғышты штрихтау.

Мамыр

І апта

30

Көкөністер мен жемістер.

Мамыр

ІІ апта

31

Гүлді штрихтау.

Мамыр

ІІ апта

32

Сәлем, жаз! Жаз тақырыбына суреттер салу, штрихтау

Мамыр

ІV апта


Барлығы

32





























1 сабақ

Тақырып: Кіріспе сабақ. Қарындашты, альбомды, жазу барысында

бойды дұрыс ұстауға үйренеміз. Трафереттер және трафереттік

сызғыштармен танысу.

Мақсаты: «Іскер қарындаштың мектебі» (штриховка) туралы түсінік беру.

элементінің жазылуын бекіту; балалардың қиялы мен сөйлеуін

дамыту, олардың сөздік қорын байыту; штрихтап жазуға

қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

Саусақ жаттығуынан басталады:

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұсай алмайды жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине жіпке ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды...

Өнерлі екен он саусақ!

Қала салсақ, жол салсақ.

ІІІ. Жаңа тақырып

Біздің бұл сиқырлы «Іскер қарындаштың мектебі» атты вариативтік сабағымызда нені үйренеміз? Не қылған бұл сиқырлы әлем екенін танимыз. Мұнда біз:

  • сызғыш – трафарет;

  • әртүрлі түсті қаламдар;

  • түрлі-түсті қарындаштарды қолданамыз.

- Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

- Кәнекей көрейік, бұл фигураларды штриховка қалай қолданған?

- Балалар, сопақшада штриховка қалай салынғанына көңіл аударайық. Біз мұндай элементтерді жазу сабағында көргенбіз. Мындай шешімге келуге болады, әртүрлі тәсіл арқылы штрихтауға болады.

Штрихтаудың ережелерін есте сақтайық:

    • штрихтағанда контурдан шығуға болмайды;

    • штрихтағанда аралары бірдей болу керек;

    • бір бағытта сызықтарды жүргізу;

    • қолды үзбей сызықты штрихтау .

- Жақсы штрихтау үшін, саусақты демалту қажет:

Біз жаздық, біз жаздық.

Қолымыз қатты шаршады.

Енді дем аламыз.

Біраздан соң қайта жазмыз.


Балаларға сызғыш трафаретті қолдана отырып, өздеріне ұнаған суретті салу. (үй, ұшақ, кеме және т.б.) Салынған суретті бояу қажет.

Дұрыс бояудың ережесі:

  • бір бағытта бояу;

  • суреттің сыртына шықпау;

  • Барлық жерді тұтастай бояу.

ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.









































2 сабақ

Тақырып: Геометриялық формалардың өрнектері. Құру және штрихтау.

Мақсаты: Геометриялық формалардың өрнектері туралы түсінік беру. Құру

және штрихтау элементінің жазылуын бекіту; балалардың қиялы

мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын байыту; штрихтап

жазуға қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Мұнда біз:

  • сызғыш – трафарет;

  • әртүрлі түсті қаламдар;

  • түрлі-түсті қарындаштарды қолданамыз.

- Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

- Кәнекей көрейік, бұл фигураларды штриховка қалай қолданған?

- Балалар, сопақшада штриховка қалай салынғанына көңіл аударайық. Біз мұндай элементтерді жазу сабағында көргенбіз. Мындай шешімге келуге болады, әртүрлі тәсіл арқылы штрихтауға болады.

Штрихтаудың ережелерін есте сақтайық:

    • штрихтағанда контурдан шығуға болмайды;

    • штрихтағанда аралары бірдей болу керек;

    • бір бағытта сызықтарды жүргізу;

    • қолды үзбей сызықты штрихтау .

Саусақ жаттығуы

Ақ тауық-ау, ақ тауық,

Ақ тауық неден қақсауық.

Ертеңнен қыт-қыттайды,

Ауламыздан шықпайды.

Шеп-шеп десем келмейді,

Берген жемді жемейді.

Ауруы қандай қауіпті,

Деп аяймын тауықты.

Деп жүрсем тауығым,

Ақ жұмыртқа тауыпты.

Балаларға сызғыш трафаретті қолдана отырып, өздеріне ұнаған суретті салу. (үй, ұшақ, кеме және т.б.) Салынған суретті бояу қажет.

Дұрыс бояудың ережесі:

  • бір бағытта бояу;

  • суреттің сыртына шықпау;

  • Барлық жерді тұтастай бояу.

ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.


3 сабақ

Тақырып: Аэропортта. Ұшақты құру, штрихтау.

Мақсаты: Нүктелерді қосуға үйрету, штрихтау элементінің жазылуын

бекіту, түстерінің сәйкестігін табу, балалардың қиялы

мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын байыту; штрихтап

жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Жұмбақ:

Құс сияқта, құс емес,

Самғап ұшқан биікке,

Қақпайды бір қанатын,

Жүрсе де тым биікке (ұшақ)

Бүгінгі сабағымызда сіздерге мындай жұмысты ұсынғым келіп отыр. Ойын: «Өз түсін тап»

Мындай бағытпен бұл жұмысты орындауға болады. Ортадағы гүлді сары түспен бояуы ұсыну, ал оң жақтағы гүлді қызыл түспен, ал сол жақтағыны көк түспен бояу. Ұшақтың қанаттарын штрихтаумен жалғастыру (нүктелеп қосқаннан кейін) , бірақ жұмыс тәртібінің бағытын басқаша түрге өзгерту. Мысалы: ұшақтың жоғарғы бұрышы –сары, ортаңғысы-қызыл, төменгісі- көк.

-Балалар, енді ұшақты аэропортқа қондыруға көмектесейік.

Тіл ұстарту жаттығу.

ұлт – ұлт – ұлт – жүзеді аспанда бұлт

ют – ют – ют – мен көрдім парашют

ат – ат – атұшақта қанат


Саусақ жаттығуы

Тыңдаңдар, қыздар!

Тыңдаңдар, ұлдар!

Өз қолдарыңды дайындап,

Саусақтарды майыстырып.

Сегіз саусақ ән айтты,

Қатты олар күшенді,

Екі саусақ қосылып,

Бәрін олар жеңіп шықты..


ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.




4 сабақ

Тақырып: Теңіз саяхаты. Кеме мен маякты құру, штрихтау.

Мақсаты: Кеме мен маякты нүктелер арқылы қосуға үйрету, штрихтау

элементінің жазылуын бекіту, түстерінің сәйкестігін табу,

балалардың қиялы мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын

байыту; штрихтап жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

- Суретке назар аударайық. Бұл суреттер не араласып кеткен?

Құс сияқта, құс емес,

Самғап ұшқан биікке,

Қақпайды бір қанатын,

Жүрсе де тым биікке (кеме)


Мұхиттарда - өзендерде,
Балықтар жүзеді,
Ең үлкен фонтандарға
Бізге жүзіп келуге бермейді!
Олардан толқын келеді,
Бұл әрине … (маяк) қой!


- Кемені көлденең сызықпен, ал маякты – тік сызықпен штрихтаймыз. Ал мұхитта нелер жүзеді? Олар немен қоректенеді?

Балалар тапсырманы штрихтап орындаған кезде, «Көгілдір су» әні орындалады.

- Нелерді суда кездестіруге болады? Балықтар қайда жүзеді? Басқа жануарлардан балықтың қандай айырмашылығы бар?

Тіл ұстарту жаттығу.

ок – ок – ок – теңізде жүзді катерок

кенкенкентербелді желкен

кекекежел соғады бетке

- Суда балықтар қалай жүзеді? Ортадан толқын сызықшалар жүргізу.

Саусақ жаттығуы

Кеме суда жүзгенде,

Кемеріне су келеді.

Балалар, сендермен «Кішкене кеме» әнін тыңдап, «Портта» мультфильмін көрейік .

ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.





5 сабақ

Тақырып: Үйлерді қалай салады. Көтергіш кранды штрихтау.

Мақсаты: Құрылыс материалдарынан үй құрастыра білуге жаттықтыру. Қажетті құрылыс материалдарын таңдауға үйрету. Штрихтап жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Күз мезгілі, апта, ай аттары туралы шағын әңгіме жүргізу (мезгілге байланысты).

Құрылысшылар үй салып жатқан суретке қарап әңгіме құрау.

Құрылысшылар не істеп жатыр?

Үй салып жатыр.

Қай жыл мезгілінде олар үй салып жатыр...

Күз.

Міне олар көп қабатты үйді салып болыпты. Неше қабатты үй, қане, санайықшы.

Қабатын, есігін, терезесін санау.

Педагог: Ал осы көп қабатты үйдің қажеті не?

Балалар: Адамдар тұру үшін.

Педагог: Біздің еліміз ұланғайыр, көп ұлтты. Міне, осындай көп қабатты үйлеріміз адамдар тұру үшін салынған. Бір көп қабатты үйде шамамен 50-60 жанұя тұрады. Ұлттары да әр түрлі. Олар бір-бірімен бір үйдің адамындай өте тату тұрады. Бір-біріне амандасады, көмектеседі, т.б.

Педагог: Балалар, осы зәулім үйлерді кімдер салады?

Балалар: Құрылысшылар.

Педагог: Ал, кез келген адам үй сала бере ме? Жоқ, осындай зәулім үйлерді мамандар ғана сала алады. Оларды арнайы оқытады, құрылысты салу жолдарын үйретеді. Бәріміз "Құрылысшы" деген тақпақты есімізге түсірейікші.

Қолда темір қалағым,

Саздан сарай саламын.

Алматыдан аумайтын

Әсем қала саламын.

Жұмбақты шеш:

Мойны ұзын, керік емес.

Төртбұрышты қолданып, үй жасайды көріңіз,

Жаңа қоңыс, жаңа үй.

Қуанышпен кіріңіз.

(Көтергіш кран)


Құс ұясы секiлдi,

Үйшiгi бар биiкте.

Өрiлген қос кекiлдi,

Тұрар мойын иiп те.  

(Кран)


Балалар, көтергіш кранды штрихтаймыз.

Тіл ұстарту жаттығу.

ар – ар – ар – біз қойдық самовар

ай – ай – ай – тез құй шай

ІV. Сабақ қорытындысы

Балалардың жұмыстарының көрмесі.







































6 сабақ

Тақырып:Орман соқпақтарындағы кездесулер. Қырықбуынды салу,

штрихтау.

Мақсаты: Қырықбуынды нүктелер арқылы қосуға үйрету, штрихтау

элементінің жазылуын бекіту, түстерінің сәйкестігін табу,

балалардың қиялы мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын

байыту; штрихтап жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгин біз орманға саяхатқа барамыз. Балаларды сиқырлы орамалмен жабамын.10 ға дейін санап , терең демалып, дем шығару (тыныс алу жаттығуы).

(әуен ырғағымен)

Міне, бәріміз ормандамыз.Орман салқын екен.От жағып жылынайық.Ол үшін ағаш бұтақтарын, жапырақтарды жинаңдар. Бұл жинағандарын аздау, себебі, отымыз лаулап жану үшін, бір-бірімізге деген мейірімімізді, жүрек жылуымызды, ыстық күлкімізді беруіміз қажет.Олай болса шеңберге тұрайық. Мен өз жүрегімнің жылуын, күлкімді, көршіме сыйлай отырып, келесі күлкіні жаға отырып, жақсы көңіл-күй беремін. Енді бір-бірімізідің қолымыздан ұстап, жылуымызды беру арқылы отымыз жарқырап және лаулап жанады. Қолдарымызды жоғары көтеріп, бір-бірімізіге жақындап тұрайық. Ыстық жалынды сездіңдер ме? Жылындыңдар ма?

Балалар жауабы:

Ойын –жаттығу: «Біз орманға барамыз»

Мақсаты: Моториканы дамыту.

Әуен ырғағы ойналады.

тәрбиеші: Ой, балалар мен балабақшаға қайта оралу үшін айтатын сиқырлы сөзді ұмытып қалдым. Енді не істейміз?

Балалар мүмкін орманда бізден басқа біреулер бар шығар. Дауыстап көрейік.

Жаттығу: «Жаңғырық»

Мақсаты: Естіп қабылдауды дамыту, жолдастарына деген қызығушылықтарын арттыру.

(Шырша жанында жатқан хатты алу)

тәрбиеші: Мына хаттың ішінде орман аңдарының ойын тапсырмалары бар екен.Сол тапсырмаларды орындасақ балабақшаға қайта баратын сиқырлы сөзді табады екенбіз, балалар. Тапсырмаларды орындау үшін әртүрлі сынақтардан өтеміз. Тапсырмаларды орындаймыз ба?

Қоянның тапсырмасы:

Ойын: «Айта ғой»

Мақсаты: Зейінді дамыту.

Қажетті құрал: Доп

тәрбиеші: Допты лақтырып, қағып алған балаға сұрақ қояды.

Мысалы: Жыл мезгілдерін айта ғой.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Арайдың көйлегінің түсі қандай? т.б.с.

Қасқыр мен түлкінің тапсырмасы.

Ойын: «Суреттерді жина»

тәрбиеші: Орманда қасқыр мен түлкі ренжісіп қалыпты. Себебі, «А» және «Б» әріпінен басталатын суреттерді бөле алмай шатасыпты.Суреттерді бөліп алуға көмектесеміз бе?

Кірпінің тапсырмасы:

Қырықбуынды салу, штрихтау.


тәрбиеші: Осымен саяхатымыз аяталды. Балабақшамызға қайта ораламыз. Сау болыңыздар!



































7 сабақ

Тақырып: Космосқа саяхат. Ракетаны құру, штрихтау.

Мақсаты: Нүктелерді қосуға үйрету, штрихтау элементінің жазылуын

бекіту, түстерінің сәйкестігін табу, балалардың қиялы

мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын байыту; штрихтап

жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Балалар, біздің тұратын жеріміз-Жер планетасы деп аталады екен. Төбемізде аспан әлемі бар. Бұл аспан әлемі-ғарыш. Біз өзіміз Жер планетасында өте тату-тәтті өмір сүреміз.

«Ұшақ» ойыны.

«балалар ұшаққа отырып ұшып көрейік. (Бөлмеде баяу әуен ойналады) Алдымен жылдамдыққа алу үшін моторды қосайық. (балалар жұдырықтарын жұмып, екі қолын айналдырады) «Ұштық!» –деген екі қолдарын артқа –төмен жіберіп жүгіреді. Әуен тоқтағанда балалар орындарына келіп жайғасыады»

-Біз немен аспанға ұштық?

-Ұшақтар қай жерде ұшады?

-Ал, тағы да өте биікке, аспанға дейін ұшатын қандай ауа көлігін білесіңдер?

-Иә, ол зымыран, ғарыш кемесі.

Жұмбақ:

Аспанда бір алып құс, ызғып ұшып барады.

Қарап тұрсаң ғажайып, соңынан із қалады.

(зымыран)


Графикалық бақылау: бастама нүктеден 1 торкөз солға, 1 – жоғары, 1 – солға, 1 – төменге, 1 – солға, 4 – жоғары бір бұрыш оңға, 1 – жоғары, 1 – жоғары бір бұрыш оңға, 1 – жоғары бір бұрыш оңға, 1 – төмен бір бұрыш оңға, 1- төмен бір бұрыш оңға, 1 – төменге, 4 – төмен бір бұрыш оңға, 1 – солға, 1 – жоғары, 1 – солға, 1 – төменге, 1 – солға.


Тіл ұстарту жаттығу.

ың – ың – ың – қандай биік шың

өс – өс – өс – құстар бізге дос

қа – қа – қа – ұшады зымыран алысқа


ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.





8 сабақ

Тақырып: Іске уақыт, ойынға сәт. Сағат-оятқышты құру, штрихтау.

Мақсаты: Адамға қажетті көмекші құралдар туралы білуге қызығушылықтарын арттыру. Сағат-оятқышты құру, штрихтауға үйрету.

Құрал-жабдықтар: трафареттік сызғыштар, әтештің трафареті, түрлі-

түсті қаламдар, альбомдар, «Құстар ауласы» плакаты,

әтештің көрнектілік суреті, әтештің таратылытын

суреттері.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Сағат-адамның көмекшісі. Олар қандай болды. Электронды, механикалық, күн, құмсағат, қол, қалта, қабырға сағаты.

-Ал бұрынға уақытты қалай анықтады? (Күн және құмсағат арқылы). Механикалық сағаттың ішінде уақытты есептеп отыратын бірнеше дөңгелектер бар екен. Оларды жиі бұрап отыру керек. Электронды сағаттар кішкентай компьютер сияқты бұрауды қажет етпейді. Олар батареядан алады. Құмсағаттар медицинада физиоемдеу уақытында қолданады. Құмсағаттар әр түрлі 1,3,5,10 минуттық болады.

Сағатта 12 сан рет-ретімен орналасқан. Ең кішкентай тіл-сағатты көрсетеді. Ұзын, жалпақ тілі- минутты, ал ұзын және жіңішке –секундты көрсетеді.

Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей, иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей, иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ, жаттығу оңай-ақ.

Жұмбақты шеш:

Сылдырлайды түнімен, сылдырлайды күнімен.

Білгің келсе уақытты, көрсетеді тілімен.

(Сағат)

Балалар, сендерді таңғы уақытта оятатын сағат-оятқышты штрихтауды үйренеміз. Сағат қандай пішінде болады?

Саусақ жаттығуы

Мынау – менің атам,

Мынау – менің әжем,

Мынау – әкем,

Мынау – анам,

Ал мынау – мен.

Барлығы – менің жанұям!


ІV. Сабақ қорытындысы

Балалардың жұмыстарының көрмесі.



9 сабақ

Тақырып: Құстар ауласы, әтешіті салып, штрихтау.

Мақсаты: «тік сызық» элементінің жазылуын бекіту; балалардың қиялы

мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын байыту;

фольклорлық жанрға қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: трафареттік сызғыштар, әтештің трафареті, түрлі-

түсті қаламдар, альбомдар, «Құстар ауласы» плакаты,

әтештің көрнектілік суреті, әтештің таратылытын

суреттері.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

Жұмбақты шеш:

Аспанда ұшады, жерде жүреді.

Өлең айтады,

Орманда, бақта бізге көмектеседі. Бұл не? (құстар).

Оның құстар екенін табу үшін қандай сөздер бізге көмектесті? (ұшады, өлең айтады).

Ал құстар бізге орманда, бақта қалай көмектеседі?

Қазір далада құстар көп пе?

Олар қайда? Қысқа қарай жылы жаққа ұшып кететін құстарды қалай атайды?

Құстар қайда тұрады? (орманда, саяжайларда, пәтерлерде, құстар үйінде) орманда, бақтарда, саяжайларда тұратын құстарды қалай атайды? (жабайы)

Тағы қандай құстар бар? (үй, әдемі)

Қандай үй құстарын білесіңдер? («Құстар ауласы» суретімен жұмыс).

Балалар сурет бойынша құстарды атайды.

Қандай құс сендерге көбірек ұнады?

ІІІ. Жаңа тақырып

Әтеш туралы әңгіме. Бүгін біз әтешті саламыз. Әтеш өте әдемі құс. Ол туралы көп жұмбақтар, ертегілер, мәтелдер бар. Мен сендерге жұмбақтар оқып берейін, сендер онда әтеш туралы қалай айтылатынына назар бөліңдер.

Құйрығы өрнекті, етігі тырнақты.

Әтештің құйрығы қандай, тырнақты дегені қалай түсінесіңдер?

Басына кигені қып-қызыл, кеудешесі мен тоны ала-ала.

Басына кигені қандай, ал кеудешесі мен тоны қандай?

Үлкен бастық емес, бірақ көп ұйықтатпайды.

Патшаны кім сұрамай оятады?

Неге олай дейді?

Сендер әтеш туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Штрихталатын суретті қарау

Суретте қандай геометриялық фигуралар қолданылған?

Трафареттік сызғышпен оның бәрін салуға бола ма?

Үйренген штрихтарды қайталап, оны жазу.

Альбомдарда суреттерді құру (өзіндік жұмыс)

ІV. Сабақ қорытындысы

Балалардың жұмыстарының көрмесі.

10 сабақ

Тақырып: Үй мұражайында. Үйді құру, штрихтау.

Мақсаты: балаларға құрылыс үлгілерін талдауға, олардың бөлшектерін, атқаратын қызметін анықтай білуге үйрету. Үлгі бойынша штрихтап, жан-жағы шықпауға үйрету.

Құрал-жабдықтар: трафареттік сызғыштар, үйдің трафареті, түрлі-

түсті қаламдар, альбомдар, «Үйлер» плакаты,

үйдің көрнектілік суреті.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Тұрғын үйлердің суреттері берілген. Суретте не көріп тұрмыз?

-Бұл үйлер не үшін салынған? Олардың адамдарға қандай қажеттілігі бар?

-Сендер бұл үйлерді неліктен «тұрғын үйлер» деп санайсыңдар? Мүмкін олар театр немесе мектеп шығар?

-Үй неше қабаттан тұратынын қалай білуге болады?

-Қай үй көп қабатты?

Балалар үйдің есік, терезелерін қарап, олардың көлемін, пішінін анықтайды.

-Ал, енді байқап қараңдар, барлық терезелер бірдей ме?

-Осы үйлер қандай құрылыс материалдарынан салынған?

-Ал сендер тұратын үй қандай?

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз, қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір, бұрыламыз солға бір.

Біздер тату боламыз, гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ, жақсы сергіп қаламыз.


Жұмбақты шеш:

Көзі көп қабырға,

Білінбес жамауы.

Тұмсығын шатырға,

Тығады сабауы.

(Үй)

Балалар, сендер қандай үйде тұрасыңдар? Үйді штрихтауды үйренеміз. Үй нелердің нелері болады?

Саусақ жаттығуы

Орманда бір үй тұр,

Есігінде құлып тұр.

Айтыңдаршы балалар,

Құлыпты кім ашады?


ІV. Сабақ қорытындысы

Балалардың жұмыстарының көрмесі.



11 сабақ

Тақырып: Тілектерді жасырамыз. Аквариумдегі алтын балық құру, штрихтау.

Мақсаты: Ертегі арқылы алтын балықты нүктелер арқылы қосуға үйрету,

штрихтау элементінің жазылуын бекіту, түстерінің сәйкестігін табу,

балалардың қиялы мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын

байыту; штрихтап жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Жұмбақ:

Суда өседi, өнедi,

Сыртқа шықса, өледi.   (Балық)

Балалар, сендерге «Алтын балық» ертегісін оқып бергім келіп отыр.

Ерте-ерте, ертеде шал мен кемпір болыпты. Олардың еш нәрселері болмапты. Тек ескі үйі ғана болыпты. Кемпір ескі шарамен кір жуса, ал шал өзенге балық аулауға барыпты.

Бір күні шал алтын балық ұстапты.

Балық:-Суға қоя бер,-деп жалыныпты. –Мен қазір кішкенемін. Мені алғанмен, саған түсер пайда аз. Жесең-аузың жарымайды. Сатсаң-пұлға жарымайсың. Қоя берсең-мен сенің айтқаныңның бәрін орындаймын-депті.

Шал болса, алтын балықты суға қоя беріпті. Барлық арманын орындапты.

Сергіту сәті

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме құдықтан су әкеліп беремін,

Еденді де жуамын, шаң-тозаңын сүртемін.

Сендермен ертегіде тыңдалған «Алтын балықты» құрып, оны штрихтаймыз.

Су асты әлемінде тіршілік ететін жәндіктер мен жануарлардың түрлері сан алуан. Солардың бірі-балықтар.

-Балықтардың қандай түрлерін білесіңдер?

«Балықтар-үсті қабыршақты, қанаттары болса да ұшпайды, құйрығының көмегімен жүзеді, уылдырық арқылы көбейеді».

«Жақсы және жаман» д/ойын

Теңіз-жақсы, себебі.... (теңізде демалуға болады, теңіз суының емдік қасиеті бар, теңізде адамдар демалыс күндерін өткізеді, теңіз суы ащы, бірақ пайдалы....)

Теңіз-жаман, себебі.... (суық суда шынықпаған адам тез ауырып қалады, малту білмесе батып кетеді, кемелер соғылуы мүмкін, теңізде акулалар өмір сүреді...)

Күн, От, Балық...

Тіл ұстарту жаттығу.

ма-ма-ма- жалқау бала болма.

ба-ба-ба-суға секірді бақа.

са-са-са-ызыңдайды маса.


ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.

«Алтын балық» балалардың тілектерін орындайды.








































12 сабақ

Тақырып: Бізбен қатар кім тұрады? Мысықты жасау, штрихтау.

Мақсаты: Мысықты нүктелер арқылы қосуға үйрету, штрихтау элементінің

жазылуын бекіту, түстерінің сәйкестігін табу,

балалардың қиялы мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын

байыту; штрихтап жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Жұмбақ:

Ерiксе,

Құйрығымен ойнайды.

Зерiксе,

Ұйқыға бiр тоймайды.   (Мысық)

-Балалар, сендердің үйлерінде мысық бар ма?

-Мысық адамдарға не үшін қажет?

-Мысықтың пайдасы бар ма?

-Қандай мысықтарды білесіңдер?

-Қазір сендермен осы әдемі, жүнді мысықты штрихтаймыз.

Сергіту сәті

Ал, кәнекей, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған,

Арамызда қай бала?


«Қарама-қарсы» д/ойын

Балаларға бірнеше сөздерді айтады, ал балалар мағынасы қарама-қарсы сөздерді айтады: биік-аласы, алыс-жақын, батыр-қорқақ, басы-аяғы...

Тіл ұстарту жаттығу.

Олай-былай жүгіріп,

Ала мысық ойнайды,

Аша алмаса есікті

Дыбыстайды ол қалай? мяу-мяу-мяу...


Күзетші күшік-саққұлақ,

Үй күзетіп шапқылып,

Дыбыс шықса қаттырық,

Қалай, қалай үреді? аф-аф-аф...

ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.


13 сабақ

Тақырып: Шыршаны әшекейлеуге дайындаламыз. Ертегі ойыншықтарды

салу, штрихтау.

Мақсаты: Шырша ойыншықтарын салу арқылы нүктелер қосуға үйрету,

штрихтау элементінің жазылуын бекіту, түстерінің сәйкестігін табу,

балалардың қиялы мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын

байыту; штрихтап жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Латын Америкасы елдерінде қар болмайды. Шыршаны мақтамен, жылтырауық ұнтақпен әшекейлейді. Жапондар Жаңа жылды түнде қарсы алмайды. Олардың Жаңа жылы ертеңіне қаңтардың бірі күнітаңмен басталады. Польшада Жаңа жыл 10-12 күнге созылатын бүкіл халықтық карнавалмен басталады. Кубада Жаңа жыл түні сағат үні сыртылдаған сайын, әрбір адам бір жүзім түйірін жеуі тиіс. Сағат куранты он екі рет соғу құрметіне он екі түйір жүзім желінеді. Бұл-жақсы ырым.

Англияда Жаңа жыл күні жұрттың бәрі өз үйлерінің есіктерін жауып алады. Қонаққа да бармайды.

Ал біздің жерімізде Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы аламыз?

Әрине, шырша орнатып оны ойыншықтармен әшекейлейміз.

Жұмбақ:

Тікен-тікен тік пісте, қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

Бүгін сендермен осы ойыншықтарды штрихтаймыз.

Сергіту сәті

Ал, кәнекей, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған,

Арамызда қай бала?

«Не қалай дауыстайды?» д/ойын

Жылқы қалай кісінейді... Түйе қалай боздайды....

Қой қайтіп маңырайды... Ешкі қайтіп бақырады...

Тіл ұстарту жаттығу.

-ян,-ян,-ян.... қалқан құлақ қоян.

-кі,-кі,-кі... қу түлкі.

-ін,-ін,-ін... үлпілдек тиін.

-қыр,-қыр,-қыр... көкжал қасқыр.

-ю,-ю,-ю... аңқау аю.

ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.

14 сабақ

Тақырып: Қысқы ертегі. Жаңа жыл шыршасын салу, штрихтау.

Мақсаты: Жаңа жыл шыршасын штрихтау элементінің жазылуын бекіту,

түстерінің сәйкестігін табу, балалардың қиялы мен сөйлеуін

дамыту, олардың сөздік қорын байыту; штрихтап жазу түріне

қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

-Балалар, жылдың қандай мезгілі?

-Қыс мезгілінде қандай мерекелерді атап өтеміз?

-Жаңа жыл мерекесінде бізге қонаққа кім келеді?

-Бізге не сыйлайды?

-Үйге, бала-бақша топтарына не орнатамыз?

-Шыршаларды нелермен әшекелейміз?

Шырша ағашын штрихтаймыз.


Жұмбақ:

Қыста ғана болады, ұстасаң, қолың тонады. (қар)


Құлағы мен көзі жоқ, жоқ қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз, мәнерлеп ою ояды. (қырау)


Қанаты жоқ, ұшады, аяғы жоқ, желеді, аузы жоқ, ұлиды. (боран)

Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық, қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.

«Тәтті сөздер» д/ойын

Қанекей, бәріміз бір-бірімізге «тәтті сөздер» сыйлайықшы. Мысалы: балмұздақ, кәмпит, шырын, апельсин....

Тіл ұстарту жаттығу.

-ян,-ян,-ян.... қалқан құлақ қоян.

-кі,-кі,-кі... қу түлкі.

-ін,-ін,-ін... үлпілдек тиін.

-қыр,-қыр,-қыр... көкжал қасқыр.

-ю,-ю,-ю... аңқау аю.


ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.





15 сабақ

Тақырып: Көлік мұражайында Золушканың күймесін салу, штрихтау.

Мақсаты: Ертегілер туралы түсінік беру, балалардың қиялы мен сөйлеуін

дамыту, олардың сөздік қорын байыту; штрихтап жазу түріне

қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Балалар үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдап, әуенге сай билейді. Педагог қолына «сиқырлы таяқшаны» алып, әр баланы түрлі ертегі кейіпкерлеріне айналдырады.

Балалар ертегі кейіпкерлері атынан тілектер айтады: «Мен-Бауырсақпын, сендердің бір-біріне ыстық ықылас танытып, құрметтей жүрулеріңе тілектеспін... Мен-қар ханшайымымын....»


Әңгімелесу:

«Ертегі- бұл ерекше жанр. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам үшін түрлі нәрселерді істей алуы мүмкін. Ертегіде сиқырлы құралдар бар. Ертегіде әрқашан қайырымдылық зұлымдықты жеңеді. Қайырымды, шыдамды, еңбекқор адамдар әрқашан сый алады»

-Кім қандай ертегі біледі?

Сендерге «Золушка» ертегісі таныс па? Халық ертегісі.

Золушканың күймесін штрихтаймыз.

Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық, қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.

«Сиқырлы заттар» д/ойын

Педагог сиқырлы заттардың атын атайды, балалар өткен ертегілерді еске түсіріп, заттың қай ертегіде сиқырлы әрекеттер орындайтынын табады. (кілем-ұшақ, сиқырлы таяқша, алтын кілт, алтын балық...)

Тіл ұстарту жаттығу.

-ян,-ян,-ян.... қалқан құлақ қоян.

-кі,-кі,-кі... қу түлкі.

-ін,-ін,-ін... үлпілдек тиін.

-қыр,-қыр,-қыр... көкжал қасқыр.

-ю,-ю,-ю... аңқау аю.


ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.





16 сабақ

Тақырып: Балаларға арналған ойыншықтар. Ойыншықтарды салу, штрихтау.

Мақсаты: Балаларға арналған ойыншықтар туралы айту, ойыншықтардың

суретін салу, оны штрихтауға баулу, суреттер арқылы балалардың

қиялы мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын байыту;

штрихтап жазу түрі қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Балалар, бүгін біз ойыншықтар әлеміне барып оларды әдептілікке шақырайық. Ойыншықтар әлемінде де сыпайы болуды үйрене алмай, қиынсынып жүрген бір ойыншық бар екен. Ол қандай ойыншық екенін менің жұмбағымды шешсеңдер білетін боласыңдар.

Қорбаң, қорбаң еткен

Қыс бойы ұйқыға кеткен. (аю)


-Дұрыс, ол аю.

«Аю» әнімен таныстыру:

Мен бәрін де білемін,

Тіпті баспен тұрамын.

Сурет салам, ән айтам.

Ғарышқа да ұша аламын.

Көзімді жұмбай ұйықтаймын,

Түстерді көре аламын .

Күні бойы барлығын

Қатырып мен алдаймын.

-Міне, аю қалай ән шырқайды.

-Аюдың әні сендерге ұнады ма? Неге?

- Дұрыс ол мақтаншақ , «Мен барлығынан күштімін!»- деп, ондай мақтаншақтар сүйкімсіз. Кішіпейіл адамдар мақтанбайды .

Аю тек мақтаншақ емес екен оның әнін ары тыңдасаңдар білесіңдер.

Аю бүгін ашулы .

Інісін ол итерді.

Қарындасына да айқайлап

Кітапқа үңілді.

-Ондай аюды қандай дейміз?

-Дұрыс дөрекі, ұрысқақ, зұлым.

Аю: Балалар мен дөрекі болғым келмейді. Не істеуім керек көмектесіңдерші маған.

-Балалар аюға бүгін әдепті болуды үйренейік.

1 тапсырма: өнер орталығында аюдың бейнесін салу.

Ойын : « Ойыншықты жандандырайық!»

-Балалар, өз ұнаған ойыншықтың қасына барып сол ойыншықтан атынан жауап бересіңдер.

Тәрбиеші: Қоян егер біреуден өтініп сұрағың келсе не деу керек? (берсеңіз)

-Мысығым сен қандай ризашылық сөздер білесің? (тамаша)

-Түлкі сен біреуді байқамай алдасаң не дейсің?(кешіріңіз)

2 тапсырма:ойыншықтарды штрихтау.

Балалар, сендер қандай өнерлісіңдер, мақтануды, ренжуді білмейсіңдер. Мен де сендер сияқты өнерлі, ақылды болғым келеді.

Тіл ұстарту жаттығу.

-ян,-ян,-ян.... қалқан құлақ қоян.

-кі,-кі,-кі... қу түлкі.

-ін,-ін,-ін... үлпілдек тиін.

-қыр,-қыр,-қыр... көкжал қасқыр.

-ю,-ю,-ю... аңқау аю.


ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.































17 сабақ

Тақырып: Қысқы ойындар. Аққала салу, штрихтау.

Мақсаты: Балаларға қысқы ойындар, аққала туралы айту, оны штрихтауға

баулу, суреттер арқылы балалардың қиялы мен сөйлеуін дамыту,

олардың сөздік қорын байыту; штрихтап жазу түрі

қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

- Балалар бүгін бізде ерекше күн. Қане орнымыздан тұрып бір-бірімізбен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!
І. Кіріспе бөлім
Жұмбақ шешу:
Көзіңе көрінбейді,
Тоңдырып қызартады.
Күні - түні ерінбейді,
Өзенге мұз артады. (Аяз)
- Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады?
- Қыс мезгілінде болады.
- Қыс мезгілі қандай болады?
- Салқын болады, беті - қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады.
- Қыста біздер қалай киінеміз?
- Жылы киімдерімізді киеміз.
- Қандай қысқы ойындарды білеміз?
- Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз. Хоккей ойнаймыз.

Аққала" дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: басына киетін шелегі, аузы, қолы, сыпырғышы, ілгегі сияқты суреттері жатады. Балалар осы бөліктерді алып, артындағы сұраққа жауап беріп іледі.
Аққаланың неше бөліктен тұратынын, қандай геометриялық фигуралардан құралғанын айтады.
Аққаланың суретін салу, штрихтау.
Тіл ұстарту жаттығуын жаттап, айту.
Ша - ша - ша
Жап - жасыл шырша.
Ар - ар - ар
Қандай аппақ қар.
Ыс - ыс - ыс
Келіп қалды қыс.


ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.










































18 сабақ

Тақырып: Қолғап, құлақшынды штрихтау.

Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейте отырып, қысқы

табиғатты бақылай білуге жаттықтыру.Қыс туралы өлең, тақпақ,

жұмбақ, мақал-мәтел үйрету.Балалардың сөздік қорын дамытып,

байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. штрихтап жазу түрі

қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

- Балалар бүгін бізде ерекше күн. Қане орнымыздан тұрып бір-бірімізбен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері
Боран соғар оң жақтан,

                   Боран соғар сол жақтан.

                   Қар лақтырып ойнасақ,

                   Су өтеді қолғаптан.

І. Кіріспе бөлім
Қазір жылдың қай мезгілі ?

            Қыс айларын атап беріңдерші ?

            Қыстың ерекшеліктерін білесіңдер ме ?

Балаларға жұмбақ шешкізу:

     Қолы жоқ, сурет салады,

     Тісі жоқ, тістеп алады?

     Ол не?                                (аяз)

 

     Өзі сондай аппақ,

     Жердің бәрін жаппақ.

     Ол не?                               (қар)

 

Сергіту сәті: Қыс айлары көңілді,

                      Ақ қар жапқан өңірді.

                      Үйренеміз жалықпай,

                       Коньки, шаңғы тебеміз.

А.Асылбековтың «Қыс» тақпағын оқып беру:

  Қандай суық қыс деген?

  Қалтырайды құс деген.

  Құлақшынды кимесең,

  Құлағыңды тістеген.

  Қандай қызық қыс деген?

  Бәрін шебер істеген.

  Бақша-бауды, тауды да,

  Болған ақ түспенен.

 Қолғап, құлақшынды штрихтаймыз.

- Бұл өлең шумағында не туралы айтылған ?

- Қардың түсі қандай ?

- Дала қандай екен ?

- Қандай ойындар ойнайсыңдар ?

- Сендер бақшаға келгенде қалай киінесіңдер ?

 Иә дұрыс. Балалар қазір қыста далаға киінетімізді көрсетейік, ойын жаттығулар арқылы (қимылмен көрсету)

Тоңса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Зу – зу – зу,

Шанамен зулаймыз.

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт – сарт – сарт,

Қолымызды соғамыз. 

 

Қорытынды: Қай жыл мезгілімен таныстық ?

                      Ауа райы қандай ?

                      Қыста қандай қызықты ойындар ойнайды ?

                      Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау. 


 

 

 

 

 

 

 













19 сабақ

Тақырып: Біз жолаушымыз. Трамвайды салу, штрихтау.

Мақсаты: Балаларға жол ережесімен  таныстыру. Жол қауіпсіздігін сақтаудың

адамдар өміріндегі маңыздылығын  ұғындыру, көше жағдайындағы

кеңістікті   бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балаларды зейінді,

епті болуға ,сақтыққа , шыдамдылыққа тәрбиелеу. Трамвайды

штрихтап жазу түрі қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

Бүгінгі “Ережені жаттаймыз , Өмірлерді сақтаймыз !” жиынымызды

бастауға рұқсат етіңіздер!

                    Жол жүру ережесін  білмей тұрып ,

                    Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да .

                    Жол жүру ережесі заңды тәртіп –

                    - Ол ортақ

                    Үлкен – кіші баршамызға !

1-кезең : Бағдаршамның  шығу тарихы.

1- топ – “Бағдаршам ”

Топтың ұраны : Тоқта ! Сақтан ! Жол  ашық !

                            Жүрме жолға таласып .

Бағдаршам туралы мәлімет .

Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмек-

                   шіміз. Оның сырын біліп ,тілін алу баршамызға керек.

                   Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.

                                    Менің үш көзім бар.

                                    Бір көзім “ кідір ” дейді ,

                                    Бір көзім “жүгір ” дейді.

                                    Бір көзім “абайла ” дейді,

                                    Қарап қалма маңайға дейді.


2- топ : Жол  белгілері

Топтың ұраны : «Жол  тәртібін білейік ,

                              Аман –есен жүрейік »

2- кезең : Жұмбақтар шешу

Жұмбақтардың шешуі болатын заттарға сипаттама беру.       

1.Ала таяқ ұстаған ,                         2. Көше бойлап аяңдайды ,

  Жол тәртібін  нұсқаған .                   Адам тасып  аялайды.

  Өміріңді күзеткен ,

  Ысқырығы түзеткен.                           (Автобус , троллейбус)

               (Жол  сақшысы)

3.Көліктің қаншасын жанынан өткізген ,

   Іргеден басталып , алысқа жеткізген .

                                     ( Жол )

4.Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та ,

   Бақырайған үш көзі бар бірақ та . ( Бағдаршам )

3- кезең Ауызша түрде шағын тест жүргізу

Көшеден өтуге болады:

      1. Сары жанғанда

       2. Қызыл  жанғанда;

       3.  Жасыл жанғанда;

  Бағдаршамсыз жағдайда:

        1.  Көшеден мүлде өтуге болмайды

        2. Жүргінші жолы арқылы жүру керек;

         3. Көлікпен  жарыса өту керек;

 Трамвайды салу, штрихтау.

Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.



































20 сабақ

Тақырып: Ромашкодағы Паровоз.

Мақсаты: Көлік түрлерімен танысу. Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Паровозды штрихтау.


Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

Бар екен бір нақты зат түсі қара,

Сүйрейді неше мың пұт іліп ала.

Болғанмен жүгі ауыр, жүрісі тың,

Таңданады көрген жандар тамашаға.

( Паровоз )

Бүгін біз сендермен осы әдемі паровозбен Рамашка еліне саяхатқа барамыз. Онда өте қызықты, әртүрлі тапсырмаларды орындаймыз.

Гүлдер туралы тақпақтар.
Ұмытпай күнде су құямын гүлге
Тұрады гүлім құлпыртып түрін

Үйде тұрып өсетін

Әкеп гүлдің көшетін
Топырақты салдым да
Отырғыздым қалбырға

Мақал-мәтел жаттау.

Ел-елдің барі жақсы, 
Өз елің барінен жақсы.

Отан – елдің анасы,

Ел- ердің анасы.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз, қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір, бұрыламыз солға бір.

Біздер тату боламыз, гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ, жақсы сергіп қаламыз.


Балалар, енді осы әдемі паровозды штрихтаймыз.

Саусақ жаттығуынан басталады:

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұсай алмайды жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине жіпке ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды...

Өнерлі екен он саусақ!

Қала салсақ, жол салсақ.

Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.


21 сабақ

Тақырып: 23 ақпан открыткасын салу, штрихтау.

Мақсаты:. 23 ақпан – ұлдар мерекесі туралы айту. 23 ақпан открыткасын салу, штрихтау. Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.

Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан — ана, Отан - үлкен,

Қазақстан - туған ел!

- Отан - біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.

Біздің Отанымыз - Қазақстан.

- Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?

- Рәміздерді атаңдар.

- Қазақстан Республикасының Президенті кім?

- Қазақстан картасын білесің бе?

- Сендер қай қалада тұрасыңдар?

Т. Молдағалиевтың «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау.

Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау,

Бәрі сенің өз жерің, өз суларың, батыр-ау,

Туған жердің тынысын ұққын орман нуымен,

Алтынды Алтай шығысың, қыран ұшқан шыңынан...

Педагог балаларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша!

Көзімізді ашамыз. Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз.

Сергіту сәті:

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.

23 ақпан открыткасын салу, штрихтау.

Дидактикалық ойын: «Қай қала екенін тап».

Ойынның шарты: Ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі. Картадан сол қалаларды тауып, жанына белгілерін іледі: Астана - Бәйтерек, Алматы - Қазақстан қонақүйі, т.б.

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы - біздің сүйікті Отанымыз!

Қазақстан - өте үлкен, бай республика. «Жері байдың - елі бай».






22 сабақ

Тақырып: Құламайтын қуыршақты штрихтау.

Мақсаты: Балалардың ойыншық тура­лы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету.

Құламайтын қуыршақты штрихтап жазу түрі қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

Балалар шаттың шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қосылып айтады:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

Педагог:

- Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?

- Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?

- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Қ.Мырза Әлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттау.

Іші тола бөлменің (бөлменің суреті).

Ойыншығым (ойыншықтар суреті) мол менің.

Босқа тізіп қоймайық, келе ғой, дос, ойнайық.

Мына тұрған арғымақ (арғымақтың суреті),

Мінем оған қарғып-ақ.

Мына тұрған қояным (қоянның суреті),

Алдына жем (сәбіздің суреті) қоямын.

Сөздік жұмысы:

- Арғымақ деп жүйрік әрі әдемі атты айтамыз.

- Қарғып деп атқа секіріп мінуді айтады.

-Құламайтын қуыршақты итерсекте ол құламайды.

Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап».

Ойын шарты: Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, бала­лар аяқтайды.

- Менің ойыншығым ... /әдемі/.

- Мен қуыршақпен ... /ойнаймын/.

- Допты жоғары ... /лақтырдым/.

Сергіту сәті: Саусаққа арналған жаттығу.

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бұл дірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

(Саусақпен, аяқпен көрсетеді).

- Өзіңе ұнайтын ойыншықтың суретін сал. Ол туралы білетініңді айт.

Жұмбақтың шешуін тап.

Бөбектердей бүлдіршін,
Киініп тұр бір мүсін.

Ол қаз басып жүрмейді,
Сөйлемейді, күлмейді. (қуыршақ)

Қуыршақты штрихтаймыз.

Қорытынды:

- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

- Қандай ойыншық түрлерін білесің?

- Ойыншықты кімдер жасайды?

- Ойыншық туралы қандай тақпақ білесің?









































23 сабақ

Тақырып: 8 наурыз открыткасын салу, штрихтау.

Мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру арқылы мейірімділікке, кішіпейілділікке, анаға құрмет көрсете білуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 8 наурыз открыткасын салу, штрихтау.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, аналарына жақсы тілектерін айтады.

- Ана — не деген мейірімді, не деген қасиетті жан!

- Ана деген болашағы өмірдің!

- Ана деген қуанышы көңілдің!

- Өмірде үш қадірлі зат бар, ол - күннің нұры, сәбидің күлкісі, ананың аң сүті!

Педагог:

- Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

- Мерекеде аналарыңа не сыйлағыларың келеді?

Ж. Әлмашевтың «Не сыйлау керек?»

әңгімесін балаларға оңып таныстыру.

- Балғынға көкесі нені ескертті?

- Балғын қайда келді?

- Балғын не ойлады?

- Апайы Балғынға қандай көмек көрсетті?

- Балғын ненің суретін салды?

- Анасына қандай сыйлық беретін болды?

Сергіту сәті: Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,

Кейде оны жұлуға да қимаймыз.

Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,

Шын жүректен аналарға сыйлаймыз!

(Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Анаңды таны».

Ойын шарты: Үнтаспаға балалардың аналарының даусы басылған, балалар өз анасының даусын тануы керек.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады, көз алдарына өздерінің туған аналарын елестетеді. Анамыз аялы алақанымен басымыздан сипайды. Алақаны неткен жұмсақ еді. Көзімізді ашамыз.

Ал бүгін біз сендермен анамызға открытка саламыз және оны штрихтаймыз.

Қорытынды:

- Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?

- Аналарың нанға жұмсаса, барасыңдар ма?

- Аналарыңа қандай сыйлық жасайсыңдар?

- Ана туралы қандай тақпақ білесіңдер?





24 сабақ

Тақырып: Сыйлықтар. Мамаға арналған вазадағы гүлдерді салу, штрихтау.

Мақсаты: Табиғаттың  әсем  бейнесін  музыка  арқылы  сезіне  білу. Мерекелік  көңіл-күй  сыйлау.  Дауыс  жаттығулары  арқылы  сөйлеу  дикциясын,  тыныс  алу  дағдыларын  қалыптастыру.Сыйлықтар туралы сөз қозғау. Мамаға арналған вазадағы гүлдерді салу, штрихтау.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

Кел,  балалар,  күлейік,

Күлкіменен  түлейік.

Күлкімізді  күн  қылып,

Гүл  өссін  деп  тілейік.

(қимылымен  көрсету).

Балалар  марш  әуенімен  дөңгелене  залға  кіріп  тұрады.  Қонақтармен  амандасады.  Жаттығу  әнін  айтып,  жаттығулар  жасау 

(денелерін   ширату  мақсатында).

Жыл  мезгілдерін  сұрау,  жыл  мезгілдерінің  ерекшеліктеріне  тоқталу.

Ән  айтпас  бұрын  (тамақ  жібіту)  дауыс  жаттығуларын  жасату.  Слайд  арқылы  әтештің  суретін  көрсету.

А) до – до – до;  ру – ру – ру;

-    Балалар,  әтеш  қалай  шақырады?

Слайд  арқылы  құстың  суретін  көрсету.

Балалар:    ку-ка-ре-ку..

-         Құстар  қалай  сайрайды?

-         Чик-чирик,  чик-чирик..

ІІ. Негізгі  бөлім.

         Көктем  туралы  жұмбақтар  қойылады,  балалар  жұмбақтың  шешуін  табады.  Көктем  мезгілі  туралы  түсіндіру,  ерекшеліктеріне  тоқталу.

Сергіту  сәті:

Шомылып  нұрға  атырап,

Ағаштар  жайды  жапырақ.

Далаға  бірден  таралды,

Гүлдерден  жұпар  шашырап.

Таңғажайып  сәт.

Бәйшешек  кіреді.

-         Мен  көктемнің  алғашқы  гүлі – бәйшешекпін.  Менің  достарым  жоқ.  Мына  жерден  сендердің  ән  айтып,  көңілденген  дауыстарыңды  естіп  келдім. Сендер  менімен  дос  боласыңдар ма?

-         Иә!

Жүргізуші:    Онда  бізбен  бірге  болыңыз.

 Бәйшешек:  Енді   мен  сендерге  жұмбақ  жасырайын:

Айтқаныңды  қайталайды,

Өзі  бірақ  айта  алмайды.             (жаңғырық)

Әуенді – дидактикалық  ойын.

(есту  қабілетін  тексеру  үшін).

Тайтұяқты  соғады,  балалар  қайталайды.  2-3  рет,   ұзақ – қысқа   дыбыстарды   тайтұяқ  арқылы  соғып  көрсетеді,  балалар  қайталайды.

Көктемде аналар мерекесі болады. Анамызға сыйлықтар даярлау керекпіз. Мамаға арналған вазадағы гүлдерді салу, штрихтау.

Қорытынды:

- Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді?

- Ауа райын бақыла.

- Ағаштар қалай өзгереді?

- Көктем мезгіліне арналған өлең айтыңдар.































 

 

 

 

                  

                             

 

                

      25 сабақ


Тақырып: Төркөз дәптермен жұмыс. Төркөздер бойынша штрихтау.

Мақсаты: Нүктелерді қосуға үйрету, штрихтау элементінің жазылуын

бекіту, түстерінің сәйкестігін табу, балалардың қиялы

мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын байыту; штрихтап

жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Жұмбақ:

Жіп-жіңішке денесі,

Ортасында шегесі (қарындаш)


Бүгінгі сабағымызда сіздерге мындай жұмысты ұсынғым келіп отыр.

Ойын: «Ұзын қысқа сөздер»

-Балалар мен ұзын сөз айтқанда қолдарынды жазып көрсетесіндер,ал қысқа сөз айтқанда колдарынды жаймай көрсетесіндер.Мыс:(ұзын сөз қызғалдақ,ойыншықтар т.б.(қысқа сөз ана,тау,шана,су т.б.)

Тіл ұстарту жаттығу.

Са-са-са

Ызыңдайды маса

Төркөз дәптермен жұмыс. Төркөздер бойынша штрихтау.

Саусақ жаттығуы

Тыңдаңдар, қыздар!

Тыңдаңдар, ұлдар!

Өз қолдарыңды дайындап,

Саусақтарды майыстырып.

Сегіз саусақ ән айтты,

Қатты олар күшенді,

Екі саусақ қосылып,

Бәрін олар жеңіп шықты..


ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.









      26 сабақ


Тақырып: Тар жол дәптермен жұмыс. Үйренген әріптердің элементтерін жазу.

Мақсаты: Нүктелерді қосуға үйрету, штрихтау элементінің жазылуын

бекіту, түстерінің сәйкестігін табу, балалардың қиялы

мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын байыту; штрихтап

жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Жаттығу: «Телефон»

Балалар сиқырлы телефонның тетіктерінде жазулы тұратын сандары түгел емес екен. Ол сандар шыршаларда ілулі тұр екен. Сандарды алып, дұрыс орналастырайык. (Балалардың тапсырманы орындауы)

Жаттығу: «Кітап»

Балалар сиқырлы кітаптарда әріптер шашылып қалған екен. Әріптерден сөз құрастырайық. Сөздерді оқиық.

Тіл ұстарту жаттығу.

ок – ок – ок – теңізде жүзді катерок

кенкенкентербелді желкен

кекекежел соғады бетке

Саусақ жаттығуы

Добым, добым, домалақ.

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың,

Тентек болып кеттің деп,-

Тұрмын сені тепкім кеп.


Тар жол дәптермен жұмыс. Үйренген әріптердің элементтерін жазу.






ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.






      27 сабақ

Тақырып: Қолшатырды штрихтау.

Мақсаты: Нүктелерді қосуға үйрету, штрихтау элементінің жазылуын

бекіту, түстерінің сәйкестігін табу, балалардың қиялы

мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын байыту; штрихтап

жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

Бақыт біздің сиқырлы шеңберіміз.

Бақыт-достарымызға сенгеніміз

Бақыт-таңнан біреумен достасуың.

Бақыт кешке достармен қоштасуың.

Бір заманда бір патшанын төрт қызы болыпты. Біреунің аты –Қыс, екіншісінің аты Көктем, үшіншісінің аты –Жаз, ал төртіншісінің аты –күз екен. Қыс қарды жақсы көреді, Көктем кемпірқосақпен дос болыпты. Жаз жемістермен-көкөністерді жақсы көреді екен, ал Күз болса жаңбырдың құйғанын ұнатады екен.

Ал қазір жылдың қай мезгілі? Қазір көктем мезгілі екен, себебі әр мезгіл келген сайын оның патшалығы басталады. көктем жаңбырды жақсы көргенен кейін көктемде жаңбыр көп жауады. Балалар көктемде тағы қандай өзгерістер болады?.

Бүгін жаңыр күні өте қажет заттың бір ол қолшатыр, қазір осы қолшатырды штрихтаймыз.

Тіл ұстарту жаттығу.

ұлт – ұлт – ұлт – жүзеді аспанда бұлт

ют – ют – ют – мен көрдім парашют

ат – ат – атұшақта қанат


Саусақ жаттығуы

Тыңдаңдар, қыздар!

Тыңдаңдар, ұлдар!

Өз қолдарыңды дайындап,

Саусақтарды майыстырып.

Сегіз саусақ ән айтты,

Қатты олар күшенді,

Екі саусақ қосылып,

Бәрін олар жеңіп шықты..


ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.


     

               




28 сабақ

Тақырып: Трафареттер бойынша әріптердің жазылуын басу.

Мақсаты: Трафарет суреттері арқылы қосуға үйрету, штрихтау

элементінің жазылуын бекіту, түстерінің сәйкестігін табу,

балалардың қиялы мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын

байыту; штрихтап жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

Мен сенін досынмын,

Сен менін досымсын

Бәріміз доспыз!

Қолымызды қатты ұстайық.

Көңілді болу үшін

Бір –бірімізді құшақтайық.


ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Балалар, қараңдаршы бұл сызғыш. Бірақ бұл сиқырлы сызғыш. Мында әріптер жазылған. Осы әріптерді сендер қарындашпен бастырып жазамыз. Қарындашды үзбей әріптің үстінен бастырып жазамыз.

Тіл ұстарту жаттығу.

Гу – гу, гу- гу, гуілде,

Қалып қойма бірің де.

Пш- пш, пш- пш біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік.

- Сендердің жазған әріптерді бояу керек. Әдемі боялған әріптер пайда болды.


Саусақ жаттығуы

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Бізде тату баламыз

Гүл-гүл жайнап жанамыз

Әріп-ол дыбыстардың жиынтығы. Әріптерді біз жазамыз, көреміз.



ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.




29 сабақ

Тақырып: Су құйғышты штрихтау.

Мақсаты: Балаларды көктем мезгілімен таныстыру. Балалардың алған

білімдерін кеңейту және сөйлеу мадениетін дамыту. Ақыл ойын

жетілдіру, әдептікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Су құйғышты

штрихтау.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

Бастаушы: Күн, Күн, сен неге күлімдейсің?

Балалар: Көктем келді.

- Жаңбыр, жаңбыр, сен неге сыртылдайсың? (Жауынның жауған дыбысы)

- Көктем келді.

- Бұл ақ, бұл ақ, сен неге сылдырайсың? (Судың дыбысы)

- Көктем келді.

- Құстар, құстар, сендер неге сайрайсыңдар? (Құстардың сайраған дыбысы)

- Көктем келді.

Балалар бір-біріне: «Досым, біз де күлімдейікші», - деседі.

Педагог:

- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Көктем мезгілінде ең алғаш өсетін гүлді білесің бе?

-Гүлдерді қайда қоямыз?

Н. Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңін жаттау.

Күншуақты кез келді,

Көп көрініс көзде енді.

Жерге сіңіп қалың қар,

Жер көйлегі өзгерді.

Педагог:

- Көктемде қандай өзгерістер болады?

- Қар еріп, қайда сіңеді?

- Жер қандай түске өзгереді?

- Жерде не өседі?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Тыныштық сәті: Баяу әуенмен балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Жасыл желек жамылған шөптерді, бүршік атқан ағаштарды, сайраған құстарды, гүлге қонған көбелектерді көз алдарына елестетеді. Гүлдердің иісі қандай әдемі! Иіскейді. Терең тыныс алады.

Дидактикалық ойын: «Гүлдер».

Ойын шарты: Тақтаға гүлдердің суреті ілінеді. Балалар көздерін жұмады, көздерін ашқанда гүлдердің біреуі жоқ бола­ды. Қай гүлдің жоқ екенін табу.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам. (Қимылмен көрсетеді).

Дәптермен жұмыс: «Көктемгі еңбек» суреті бойынша әңгіме құрастыру. Жұмбақтың шешуін тап.

Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Көктемде)

Су құйғышты штрихтау.

Қорытынды:

- Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді?

- Ауа райын бақыла.

- Ағаштар қалай өзгереді?

- Көктем мезгіліне арналған өлең айтыңдар.
































30 сабақ

Тақырып: Көкөністер мен жемістер.

Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Күз мезгілінің астық, жеміс- жидек, көкөністерді жинау мезгілі екендігін, ағаштардың жапырақтарының түстері өзгеретіндігі жөнінде білімдерін кеңейту. Үлкендердің еңбегін құрметтеу, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу.

Көкөністер мен жемістерді штрихтау.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

1. Тәрбиеші балалармен бақша ауласына саяхатқа шығады. Күннің көзі жарқырағанмен жылуын аз береді;

  • Күн салқындады, ауа райы құбылмалы;

  • Ағаштарды аралап, жапырақтардың түсуіне назар аудару, олар күзді қарсы алу үшін өздерінің түстерін өзгертіп(түсіндіру, неліктен...), неліктен өсімдіктер күз мезгілін күтті( өйткені, ағаштар жаз бойы қатты шаршады, олар еңбек етті, алма ағашы алма беру үшін, шие ағашы шие беру үшін көп күш жұмсады). Енді олар келесі жаз мезгіліне дейін күш жинаулары керек.

2. Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

3. Көкөністер егілген көшеттерді аралау.

- Бұл жерде көкөністер отырғызылған(сәбіз, қызанақ, бұршақ т.б). Оларда жемістерін беру үшін жаз бойы еңбектенеді, күш жұмсайды. Олар жақсы жеміс беру үшін бізде көмек жасап, су құйып, топырақтарын қопсытып, артық шөптен тазалауымыз қажет.

Алдын- ала дайындалған көкөністердің муляждары көрсетіледі.

  • Пішіндері қандай, түстері ше, олардың дәмі қандай болады? Осы көкеністер піскен соң, біз жерден қазып алып, түрлі тағамдарға пайдаланамыз, сендерге аспазшылар дәмді сорпа пісіріп береді.

(Балалар топқа кіреді).

4. Суреттермен жұмыс: Егін жинау жайлы мазмұнды суреттермен жұмыс, әңгімелеу.

Өлең оқу, мазмұнын түсіндіру: (Қ.Мүсірепов)

Көктемде егін егетін,

Күзде жинап беретін.

Біздің дала- бай дала,

Алтын астық айнала.

Астықтың(бидай, арпа) егін даласында, жеміс- жидектер бақта, ал көкеністер бақшада өседі. Жеміс- жидектерден әр түрлі шырындар мен сусындар жасап, көкеністерді арнайы қоймада сақтайды.

  • Балалар, біз еңбеккерлердің еңбегін құрметтеуіміз керек, еңбектерінің өніміне қамқорлықпен қарауымыз керек.

Ойын: «Не қайда өседі?»

О/м: Балалардың өсімдіктер жөнінде білімдерін бекіту. Өсу орнына қарай өсімдіктермен таныстыру.

О/ш: Бақ пен бақша салынған үлкен суреттердегі бос торкөздерге жеміс- жидектерді дұрыс орналастыру.

О/б: Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бір топта бақтың суреті салынған,2-ші топта бақшаның суреті салынған үлкен сурет болады. Суреттер арасында бос торкөздер бар. Қорапта үлестірмелі суреттер жатады. Жүргізушінің белгісі бойынша балалар үлестірмелі суреттерді жарыса отырып, тор көздерге орналастырады.. Аттарын атайды.

Көкөністер мен жемістерді штрихтау.

Қорытынды бөлім:

  • Біз қандай көкөністерді білеміз?

  • Олардың қандай пайдасы бар?

  • Оларды күту ерекшеліктерін естерінде сақтадыңдар ма?



































31 сабақ

Тақырып: Гүлді штрихтау.

Мақсаты: Балалардың тілдік қорын дамыту, эстетикалық сезімдерін дамыту. әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.Түстерді ажырата білуге дағдыландыру. Гүлдер , ағаштарды , бар жасыл тіршілікті қамқорлыққа алып оларды күтіп аялауға тәрбиелеу. Гүлді штрихтау.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

Шаттық шеңбер: балалар шеңберге тұрып бір-бірімен амандасып , бір – біріне жылы сөздер айтады.

Таңмен бірге оянамыз,

Күнмен бірге қуанып,

Біз бақшаға ораламыз,

Құшақ - құшақ гүл алып .

- Балалар , мен сендерді бүгін тағы да бір таңғажайып әлемге апарамын. Ол «Гүлдер әлемі». «Гүлдер әлемінде» қандай адамдар өмір сүреді деп ойлайсыңдар? Онда әлемдегі ең әдемі, ең сұлу, ең сыпайы адамдар өмір сүреді. Олардың аттары да гүлдерге сәйкес қойылған . Мысалы: Раушангүл, Нарғызгүл , Коңыраугүл т.с.с.

Балалармен серуенге шығып, алаңдағы гүлдерді тамашалау. Оларға күтім жасау.

  • Балалар, мынау гүлдің атауы қалай екен ?

  • Раушангүл.

  • Раушан гүлі әлемдегі ең әдемі, ең нәзік гүлдердің бірі. Оның түсі қызыл, ақ, сары, қызғылт және ең сирек кездесетін көгілдір түсі де кездеседі, оларға күтім жасау өте қиын. Оны аса баппен, нәзіктікпен күту қажет.

Әр гүлдің атауын атап, оларға қысқаша сипаттама беру және күту ерекшеліктерімен таныстыру.

- Балалар , топқа оралып, топтағы гүлдерге назар салайық .

Топтағы гүлдерге де қысқаша сипаттама беріп айтып кету.

Ойын : «Гүл жинау»

Мақсаты : Балаларды сергіту, олардың түстерді ажырата білу қабілеттерін дамыту, зейінін тұрақтандыру .

Шарты: Балалар екі түсті екі себетке, сол себет түстес гүлдерді жинап салу.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың ,

Құлпынайы көп екен ,

Теріп – теріп алайық ,

Қалтамызға салайық.

Әдемі гүлдерді штрихтау.

Қорытынды бөлім:

  • Біз қандай гүлдермен таныстық?

  • Оларды күту ерекшеліктерін естерінде сақтадыңдар ма?



32 сабақ

Тақырып: Сәлем жаз! Жаз тақырыбына сурет салу, штрихтау.

Мақсаты: Жаз туралы балалардың түсінігін кеңейту. Жаз айында айналада болатын өзгерістерді, табиғаттағы ерекшеліктерді бақылай білуге үйрету. Жаз тақырыбына сурет салу, штрихтау.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.

Сабақ жоспары

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Барлығы бірге айтады:

Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ,

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күншуақ.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Күндер ысып, шөп пісіп,

Ел пішенін орады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Жазда)

Жаз тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастырту.

- Жаз айының басқа жыл мезгілдерінен қандай айырмашылығы бар?

- Жазда балалар қайда шомылады?

- Мал қайда жайылады?

- Жазғы демалыста қайда барасың?

- Жаз мезгілі несімен ұнайды?

Абайдың «Жаз» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру. Н. Айтовтың «Жарқын жаз» өлеңін жаттау.

- Жаз қалай келді? (жарқылдап)

- Қаздар қалай ұшып келді? (қаңқылдап)

- Көбелектер қайда қонды? (гүлге)

- Не жауады? (жаңбыр)

- Гүлдер несін ашады? (қауызын)

- Ненің төсінде? (жайлаудың)

- Не басталады? (қызық-думан).

Дидактикалық ойын: «Жылдың қай мезгілі екенін тап». Ойын шарты: Бірнеше сурет берілген, сол суреттер ішінен жылдың қай мезгілі екенін тауып, әңгіме құрастыру керек.

Сергіту сәті: Жаз келіпті дегенше,

Алма пісті дегейсің.

Бағымызда ендеше

Алма тарту көбейсін.

Жаз келіпті дегенше,

Қарбыз пісті дегейсің,

Бақшамызда ендеше

Қарбыз жинау көбейсін. (Қимылмен көрсету).


Жаз мезгілін сурет салу, штрихтау.


Тыныштық сәті:

- Қане, балалар, бір сәт тыныштың сақтап, өзімізді табиғат аясында тұрмыз деп елестетейік. Мейірімді күн шуағы көгілдір көлге шағылысып, жалт-жұлт етеді. Енді сендер суға шомылып, ыстықтағанды басыңдар. Қандай рақат, көңіліміз жайланып, көтеріліп қалды.

- Енді осы елестеткен, ойлаған ойларыңмен бөлісейік. Балалар жаз мезгілі туралы өз ойларын айтады. Қорытынды:

Жаз мезгілі - жылдың ең қызықты кезі. Балалар жазғы демалысқа шығады, суға шомылып, демалатын орындарға ба­рады, кейбір балалар жайлауға ата - әжелеріне барады.



























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров506
Номер материала ДВ-349072
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх