Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Вариативтік компонент "Қасқыр мен жеті лақ ертегісімен таныстыру Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Вариативтік компонент "Қасқыр мен жеті лақ ертегісімен таныстыру Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ»

библиотека
материалов

Бекітемін_______________

КМҚК «Айналайын » яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 05 » ақпан 2016жыл


Вариативтік компонент "Қасқыр мен жеті лақ ертегісімен таныстыру

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ»

Мақсаты: Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттерімен жүріс- тұрыстарын талдау кезінде оларға мейірімділікті, қайырылымдылықты білдіруді өзара көмектесу қабылданған ережелеріне сәйкес баға беруге үйрету.

Билингвальді компонент: қасқыр- волк

Тәрбиешінің іс-әекеті:

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы


Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші балаларды жартылай шеңберге, тұрғызып,балалармен сәлемдеседі.

Сәлем деймін достарға,

Сәлем деймін құстарға.

Сәлем дейміз апайға.

Өлең жолдарын қимылмен қайталап,барлығы орнына отырады.


Іздену- ұйымдастырушылық



-Балалар,сендер қандай ертегілер білесіңдер?

-Ертегі оқыған сендерге ұнай ма?

Ертегіні оқып беру, сурет арқылы мазмұнын ашу?

-Ешкі мен лақтар қайда тұрады?

-Ешкі тоғайға не үшін барады?

-Ешкі тоғайға кеткенде кім келеді?

-Лақтар қасқырға есікті неге ашпады?


Сергіту сәті:

Ауыл алды аққала,

Ақша қарда балалар.

Соғып жатыр аққала

Жалқауы жоқ жұмысқа


Балалардың жауабы.


Мұқият тыңдайды.


Балалардың жауабы.





Рефлексивті-

түзетуші

Педагог ұйымдасқан оқу іс-әрекетті қорытындылайды,балаларды мадақтайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атауларын

Игереді: мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін.

Меңгереді: шығарманы зейін қойып тыңдайды.

Картаны толтырған: Ақболатова Гүлбаршын








Бекітемін_______________

КМҚК «Айналайын » яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 12 » ақпан 2016жыл

Вариативтік компонент «Ертегілер әлеміне саяхат»

Тақырыбы: «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі

Мақсаты: Ертегіні оқу, тіл байлықтарын молайту. Ертегінің мазмұнын, дауыс ырғағын келтіре айтуға жаттықтыру, қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекіліктер: Суреттер. (Үстел үсті театры).

Билингвальді компонент: қасқыр – волк, жеті лақ – семь козлята.

Әрекет кезеңдері


Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы бөлім

Балалар шеңбер бойында тұрып, педагогпен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды. Қуан шаттан алақай

Қуанатын күн келді

Қуанатын күн бүгін

Сәлеметпе? Достарым

Балалар педагогпен бірге сөздерді қайталайды.

Ұйымдастырушы-ізденуші бөлім

Кіріспе әңгіме:

- Балалар,сендер қандай ертегілер білесіңдер?

- Ертегі оқыған сендерге ұнай ма?

- Ендеше мен сендерге «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін үстел үсті театры арқылы көрсетіп, әңгімелеп берейін. Сендер мұқият тыңдаңдар, жарай ма?

Ертегіні оқып беру, сурет арқылы мазмұнын ашу, үстел үсті театры арқылы көрсету.

Сұрақ – жауап:

- Ешкі мен лақтар қайда тұрады?

- Ешкі тоғайға не үшін барады?

- Ешкі тоғайға кеткенде кім келеді?

- Лақтар қасқырға есікті неге ашпады?

- Балалар қасқыр қандай?

- Ол сендерге ұнады ма?

Балалардан ертегіні сұрау.




Ертегіні зейін қойып тыңдап, қызығушылықпен қарайды.







Сұрақтарға белсене жауап береді.

Рефлексивті-коррекциялық бөлім

Педагог ұйымдасқан оқу іс-әрекетті қорытындылайды,балаларды мадақтайды.


Күтілетін нәтиже.

Білуі керек: ертегінің мазмұны мен жан – жануарлардың атауларын.

Игеруі керек: мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін.

Үйренуі керек: шығарманы зейін қойып тыңдауды.

Картаны толтырған: Ақболатова Гүлбаршын



Бекітемін_______________

КМҚК «Айналайын » яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 19 » ақпан 2016жыл

Вариативтік компонент «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі

Тақырыбы: «қане досым сөзге қосыл»

Мақсаты: Ертегіні оқу, тіл байлықтарын молайту. Ертегінің мазмұнын, дауыс ырғағын келтіріп орындату. Рөлдерді эмоция арқылы көрсете білуге үйрету

Қолданылған көрнекіліктер: Ертегі киіпкерлерінің саусаққа киетін түрлері

Билингвальді компонент: қасқыр – волк, жеті лақ – семь козлята.

Әрекет кезеңдері


Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы бөлім

Балалар шеңбер бойында тұрып, педагогпен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды. Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Жарқыраған күнге

Балалар педагогпен бірге сөздерді қайталайды.

Ұйымдастырушы-ізденуші бөлім

«Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін саусақ театры арқылы сахналаймыз жарай ма?

Ертегіні оқып беру, сурет арқылы мазмұнын ашу, саусақ театры арқылы көрсету.

Сұрақ – жауап:

- Ешкі мен лақтар қайда тұрады?

- Ешкі тоғайға не үшін барады?

- Ешкі тоғайға кеткенде кім келеді?

- Лақтар қасқырға есікті неге ашпады?

- Балалар қасқыр қандай?

- Ол сендерге ұнады ма?

Балалардан ертегіні сұрау.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі




Ертегіні зейін қойып тыңдап, қызығушылықпен қарайды.



Сұрақтарға белсене жауап береді.




Балалар қимылмен көрсетеді

Рефлексивті-коррекциялық бөлім

Ендеше балалар оздеріңе ұнаған киіпкерлерді саусақтарыңа киіп, ертегіні сахналайық

Рөлдерге бөлініп сахналайды

Күтілетін нәтиже.

Білуі керек: ертегінің мазмұны мен жан – жануарлардың атауларын.

Игеруі керек: мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін.

Үйренуі керек: саусақ театрымен сахналауды уйренеді

Картаны толтырған: Ақболатова Гүлбаршын



Бекітемін_______________

КМҚК «Айналайын » яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 26 » ақпан 2016жыл

Вариативтік компонент «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін сахналау

Тақырыбы: "Қасқыр мен жеті лақ" ертегісі .

Автор: Баяғыда бір ешкінің жеті лағы болыпты.Ешкі көк майсада шөп жеп, мұп-мұздай су ішуге орманға кетеді екен.Ол кетісімен лақтары үйшік есігінің күршегін іліп алып, өздері ешқайда шықпайды екен.Ешкі өрістен келген соң, есікті қағып:

Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар, аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр! –деп өлеңдетеді екен.

Жеті лақ есік күршегін ашып енелерін кіргізеді.Ешкі лақтарын сүтке тойғызып, қайтадан орманға кетеді.Ал, лақтары есікті мықтап жауып алады.

Қасқыр ешкінің орманға кеткенін байқап

қасқыр: О, мына орманда ешкі де тұрады екен ғой!Өзінің неше лағы бар, оңай олжаға тап болдым ғой.Қарным бір тоятын болды.(деп қарнын сипап қояды.)

Тәрбиеші:Ешкінің өлеңін қасқыр тыңдап тұрады.Ешкі орманға кетісімен, қасқыр есікке келіп жұп-жуан даусымен.

Қасқыр: О, Лақтарым!Ой шырақтарым!

Аша қойыңдар,

Аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Тұяғым шылқыған су.

Тәрбиеші:  дейді өлеңдетіп.

Лақтар:

-Естідік, естідік-біздің енеміздің даусы жіңішке, өлеңі де бұдан басқа. – дейді.

Автор:Қасқыр не істесін.Ұстаға барады да, көмейіне жіңішке тіл салып беруін сұрайды.Өлең айтқанда даусы жіңішке шықсын деп ұста көмейіне жіңішке тіл салып береді.

Қасқыр:

О, ұста менің көмейіме жіңішке тіл салып бер әйтпесе жеп қоямын.

Ұста:Қолымнан келмейді.

Қасқыр:Жеп қоямын, жіңішкертіп бер дейді.

Тәрбиеші:   Үйшіктің жанына келеді де, бұта арасына жасырынады.Өрістен ешкі келеді.Есікті қағып.

Лақтар: Бұл кім?

Ешкі:Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр!-

Автор:дейді әндетіп

Лақтар:Есік ашып, енесін кіргізеді.Бәрі қасқырдың қалай келгенін, өздерін жемек болғанын анасына айтып береді.

Ешкі кетерінде:

-Егер біреу келіп, мен айтатын өлеңді түгел айтпаса және даусы жуан болса есікті ашпаңдар,-деп қатты тапсырады.

Тәрбиеші:  :Ешкі кетісімен қасқыр есікке келеді.Содан жіп-жіңішке даусымен.

Қасқыр:

Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар, аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр! –деп әндетеді.

Лақтар анасы екен деп есікті ашады.

Қасқыр:О, шырақтарым менен қорықпандар.Мені сендерге енелерің жіберді, аналарың орманда күтіп отыр,-дейді.Лақтар қасқырдың соңынан еріп жүре береді.

Тәрбиеші:   Ешкі өрістен келеді, өлеңін қанша рет қайталайды.Үн жоқ.Қараса есік ашық, үйге кірсе, бір лақ қалмаған.Пештің ішін қараса, жалғыз лағы қалыпты.Лақтарынан айрылған ешкі есігінің алдына отырып жылай береді.

Лақ:Апа, сіз жоқта, қасқыр сіздің даусыңызды салып, сіздің өлеңіңізді айтты.Біз есік аштық.Қасқыр бізді алдап бауырларымды орианға алып кетті.

Тәрбиеші:   Ешкі орманда аңшыны көріп жылап көмек сұрайды.

Ешкі:Аңшы, маған көмек беріңіз!Қасқыр менің лақтарымды алдап, орманға алып кетіпті.

Аңшы:О, жүр мен оның сазайын тартқызайын. Ешкі аңшыны ертіп қасқырдың ұясына келеді.

Қасқыр:Ой, мынау аңшы ғой, қолындағы мылтығы ма?Қой атып тастамай тұрғанда қашайын.

Лақтар:О, анамыз келді, апа кешіріңіз енді есікті ешкімге ашпаймыз,-деп жылайды.

Тәрбиеші:  Ешкі лақтарымен табысып, орманда бақытты өмір сүреді.

Рөлдерде ойнағандар:

Қасқыр-Ұл Мереке

Ешкі-Қ.Кәусар

Лақтар-Дана, Нұрай, Медина,Нұрсәт, Мадина,Амина,Інжу

Ұста- Қуандық

Аңшы- Жалғас


Күтілетін нәтиже.

Нені білу керек:" Қасқыр мен жеті лақ " ертегісін сахналауды

Нені білді: ертегі киіпкерлерінің киімдерін киіп өз тілдерімен сахналауды.

Картаны толтырған: Ақболатова Гүлбаршын













КМҚК «Айналайын » яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 06 » қараша 2015жыл

Вариативтік компонент «Шұбар  ала  тауық»  ертегісімен  таныстыру

Тақырыбы:   Орыс  халық  ертегісі: «Шұбар  ала  тауық»

Мақсаты: 

Ертегіні  мұқият  тыңдауға,  онда  болып  жатқан  оқиғаларға  сезімталдықпен  үн  қосуға  үйрету. Зейінін, есте  сақтау  қабылетін  дамыту.

Ыждағаттылыққа   және  кітапқа  қатты  қызығушылығын  танытуға  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Осы  ергегі  бар  және  әдемі  суреттері  бар  балалар  кітабы,  жұмсақ  ойыншық  тауық, жұмыртқа.


 

 

Мотивациялық-қозғаушы бөлім

 

 

 

Тәрбиеші  жұмсақ  ойыншықты  немесе  оның  суретін  көрсете  отырып, балаларды  Шұбар  ала  тауықпен  таныстырады.Тауық  қыт-қыттап  жүр, балалар  оның  тапқан  жұмыртқасын  көреді.- Ой  қараңдар,  мынау  не?Сендер  қуырылған, пісірілген  және  салатқа  қосылған  жұмыртқаны  жегенді  жақсы  көресіңдер ме?Тәрбиеші  әңгіме  барысында  суреттерді  көрсете  отырып, ертегіні  айтуға  кіріседі.

Балалар,  қуана, қызыға  ертегіні  тындайды.

Ұйымдастыру  іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

Ертегі  қалай  аталады?- Жұмыртқаны  тапқан  не?- Кімнің  есінде  бар, тауық  қайда  тұрды?- Алғашында  ол  қандай  жұмыртқа  тапты? Неліктен  оны  ата  да  әже  де  жара  алмады?- Оны  жарған  кім?- Есімізге  түсірейікші, тауық  ата мен  әжені  қалай  жұбатты?Тәрбиеші  балаларға  «Ата  жылама, әже  сен  де  жылама, мен  сендерге  жаңа  жұмыртқа  тауып  беремін»  деген  сөздерді  өзімен  бірге  айтып  шығуды  ұсынады.

Балалар   бір – бірімен  жарыса  сұрақтарға  жауап  береді.

Рефлексивті — түзетушілік

Тәрбиеші  балаларға  «Ата  жылама, әже  сен  де  жылама, мен  сендерге  жаңа  жұмыртқа  тауып  беремін»  деген  сөздерді  өзімен  бірге  айтып  шығуды  ұсынады.Жұмбақ:Ішіне  тамақ  салынған,Есігі  тастай  жабылған.(жұмыртқа)

Сабақ  бойынша  алған  әсерлерін  балалар  айтып  береді

Күтілетін   нәтиже: 

Білу: Ертегінің  мазмұнымен  толық  танысу.

Өзіне үйренгені:  Тауықтың  пайдасын  біледі.

Үйрену: Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.

Картаны толтырған: Ақболатова Гүлбаршын






Бекітемін_______________

КМҚК «Айналайын » яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 13 » қараша 2015жыл

Вариативтік компонент «Ертегілер әлеміне саяхат»

Тақырыбы:   Орыс  халық  ертегісі: «Шұбар  ала  тауық» (үстел үсті сахналау)

Мақсаты:  Ертегілердің  мазмұның және  онда  болып  жатқан  оқиғалардың  ретін есте  сақтап  қалуға  үйрету.. Дауыс  ырғағын, артистык  қабылетін  дамыту.

 Қолданылған көрнекіліктер: Суреттер. (Үстел үсті театры).

Мотивациялық-қозғаушы бөлім


 

 

 

 

 

Тәрбиеші  балаларға  жұмыртқаны  көрсетеді.- Қарандаршы, мен  сендерге  не  әкелдім. Бұл  жай  жұмыртқа  емес, алтын  жұмыртқа.Мұндай  әдемі  жұмыртқаны  тапқан  не?Тауықтың  аты  қалай?Келіңдер  бәріміз  бірге  тауықты  шақырайық: «Шұбар  ала  тауық», сен  бізге  кел.Тәрбиеші  теппектердің  көмегі  арқылы  ертегінің  мазмұның  естеріне  салады.

Балалар ертегінің  мазмұның және  онда  болып жатқан  оқиғалардың  ретін естеріне  түсірді.

Ұйымдастыру  іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

Мен  балалардан  тауықтың  қалай  жүретінің, оның  дәнді  қалай  шоқып  жейтінің  көрсетуді  сұраймын.  Балалар  әже  мен  атаның  алтын  жұмыртқаны  көргенде  қалай  таңғалып,  қуанғаның  көрсетеді. Бұдан  соң  ата  мен  әженің  жұмыртқаны  алғашында  ақырындап, одан  кейін  қаттырақ  соғып, тіптен  күштеп  жарып  көргілері  келгенің  көрсетеді. Таң – тамаша  қалады – бұл  неге  жарылмайды?- Тышқан  жүгіріп  келеді. Оның  қалай  жүгіріп  келе  жатқаның  көрсетіндер, біреу  көріп  қалар  ма  екен  деп  артына  қарап  қояды.Рөлдерді  бөліп  беріп, оларды  ойнап  көрсетуге  көмектесем.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды.

Рефлексивті — түзетушілік

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға  бидай  шаш.

Әй-әй  балақай,Жамандықтан  қаш!

Аппақ  доп  тауып,Шақырады  ақ ……  (тауық)

Бүгінгі сабақта «Шұбар  ала  тауық» деген ертегіні  сахналадық. Әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже: 

Білу: Ертегінің  мазмұның  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені:  Дауыс  ырғағын, артистік  қабылеттерін  дамытты.

Үйрену:  Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.


Картаны толтырған: Ақболатова Гүлбаршын







Бекітемін_______________

КМҚК «Айналайын » яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 20 » қараша 2015жыл

Вариативтік компонент «Ертегілер әлеміне саяхат»

Тақырыбы:   Орыс  халық  ертегісі: «Шұбар  ала  тауық» (үстел үсті сахналау)

Мақсаты:  Ертегілердің  мазмұның және  онда  болып  жатқан  оқиғалардың  ретін есте  сақтап  қалуға  үйрету.. Дауыс  ырғағын, артистык  қабылетін  дамыту.

 Қолданылған көрнекіліктер: Суреттер. (саусақ театры).

Мотивациялық-қозғаушы бөлім


 

 

 

 

 

Балалар шеңбер құрады.

Қуан шаттан алақай

Қуанатын күн келді

Қуанатын күн бүгін

Сәлеметпе? Достарым

Балалар сендерге «Екі әтеш» деген ертегіні айтып берейін.

Балалар ертегінің  мазмұның және  онда  болып жатқан  оқиғалардың  ретін естеріне  түсірді.

Ұйымдастыру  іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

Мен  балалардан  тауықтың  қалай  жүретінің, оның  дәнді  қалай  шоқып  жейтінің  көрсетуді  сұраймын.  Балалар  әже  мен  атаның  алтын  жұмыртқаны  көргенде  қалай  таңғалып,  қуанғаның  көрсетеді. Бұдан  соң  ата  мен  әженің  жұмыртқаны  алғашында  ақырындап, одан  кейін  қаттырақ  соғып, тіптен  күштеп  жарып  көргілері  келгенің  көрсетеді. Таң – тамаша  қалады – бұл  неге  жарылмайды?- Тышқан  жүгіріп  келеді. Оның  қалай  жүгіріп  келе  жатқаның  көрсетіндер, біреу  көріп  қалар  ма  екен  деп  артына  қарап  қояды.Рөлдерді  бөліп  беріп, оларды  ойнап  көрсетуге  көмектесем.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды.

Рефлексивті — түзетушілік

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға  бидай  шаш.

Әй-әй  балақай,Жамандықтан  қаш!

Аппақ  доп  тауып,Шақырады  ақ ……  (тауық)

Бүгінгі сабақта «Шұбар  ала  тауық» деген ертегіні  сахналадық. Әр  бала  өз алдына ерекше орындады.


Күтілетін   нәтиже: 

Білу: Ертегінің  мазмұның  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені:  Дауыс  ырғағын, артистік  қабылеттерін  дамытты.

Үйрену:  Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.


Картаны толтырған: Ақболатова Гүлбаршын






Бекітемін_______________

КМҚК «Айналайын » яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 25 » желтоқсан 2015жыл

Вариативтік компонент «Үйшік» ертегісін сахналау

Тақырыбы: «Үйшік»  орыс халық ертегісі .

Мақсаты:   Балаларды «Үйшік»  ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  үйшік үйі, киіпкерлердің киімдері

Тәрбиеші:   Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған.
Бірде оны
қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді.

Тышқан тоқтап: Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?

Тәрбиеші:   Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп,  осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
Бақа:   -  Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа:  -  Мен бақылдауық бақамын.
             -Кел, бірге т
ұрайық.
Тәрбиеші:   - Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып , бірге тұрады.   Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.
Қоян: - Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?.
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа:  -  Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян:  - Мен қорқақ қоянмын!
Екеуі: - Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші:   -  Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге  өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп , терезені  қағады.
Түлкі:  - Сүп-сүйкімді , кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар ?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: -  Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!  Ал сен кімсің?
Түлкі:  - Мен қу  түлкімін.
Үшеуі:  -  Кел, бірге  тұрайық.
Тәрбиеші:   -  Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап , айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып , қырылдаған даусымен: 
Қасқыр: Бұл үйшікте кім бар?
Тышқан:  -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын!
Қоян:  - Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: -  Мен қу тү  лкімін!Ал  сен кімсің?

Қасқыр:  -Мен сұр қасқырмын!
Бәрі:  -  Кел , бірге тұрайық.
Тәрбиеші:   -Қасқыр қысыла- қымтырыла ішке кіреді.  Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке бесеуіде  сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген  аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол  үйшікке жақын келіп , бар даусымен:
Аю: Сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?!
Тышқан:   -Мен тықырлауық  тышқанмын!
Бақа :  - Мен бақылдауық бақамын!
Қоян :  - Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі : - Мен қу түлкімін!
 Қасқыр : - Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?
Аю:  - Мен қорбаңбай аюмын!   
Бәрі:  - Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші:   - Аю ары- бер тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
Аю:-Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
Бәрі: - Жоқ қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.

Аю:  - Қорықпаңдар түкте болмайды.
Тәрбиеші:  -  деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп , жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша , достар өздеріне әп – әдемі , жаңа үйшік тұрғызып алады.

Рөлдерде ойнағандар:

Тышқан-Ерасыл

Бақа-Бекзат

Қоян-Нұрай

Түлкі-Аймира

Қасқыр-Жалғас

Аю-Наурыз


Күтілетін нәтиже.

Нені білу керек: "Үйшік" ертегісін сахналауды

Нені білді: ертегі киіпкерлерінің киімдерін киіп өз тілдерімен сахналауды.

Картаны толтырған: Ақболатова Гүлбаршын







Бекітемін_______________

КМҚК «Айналайын » яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 04 » желтоқсан 2015жыл

Вариативтік компонент «Үйшік» ертегісін таныстыру


Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Бөлімі: Ертегілер елінде

Тақырыбы: «Үйшік» орыс халық ертегісі.

Мақсаты: Әдеби-шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне өзінің қатынасы жөнінде

әңгімелей отырып,оны адамгершілік қағидалар мен түсіністер тұрғысынан

бағалауға ниеттендіру. Шығармалар кейіпкерлеріне жанашырлықпен,

аяушылықпен қарауға тәрбиелеу.

Билингвальдық компонент: «үйшік»-«домик»

Ойын: «Қай ертегіде кездеседі?»

Балаларға қоянның, бақаның суретін көрсетіп бұл аң қай ертегіде кездеседі деп сұрау. Ойын осылай жалғасады.

Балалар ойынға қызыға қатысады.

Үйшікертегісінде кездесетінін айтады.

Ұйымдастырушылық

ізденіс

Жұмбақ жасыру:

Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды ол кісіні.

Ол не?

Қасқыр жайында не айта аласыңдар?

Балалар бүгін біз орыстың халық ертегісі «Үйшік» ертегісімен танысамыз.


Тәрбиеші ертегіні қызықтыра айтады.


«Үйшік» ертегісін түсініктері бойынша сахналату.

Слайд арқылы сұрақ-жауап алу.



Қасқыр.


Өз ойларын айтады.


Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.


Түсінгендерін білдіріп отырады.

Балалар сахналауға қызығушылықтарын танытып,ат салысады. Ойланып дұрыс жауап беруге тырысады.

Рефлекстік түзету

Бүгін өткен ертегіміз қалай аталады?

Ертегі не туралы? Жағымсыз кейіпкерді кім атап береді? Жағымды кейіпкерге не жатады? Неліктен олай ойладың?


Өз ойларын айтады. Сұрақтарға толық жауап береді.Жағымсыз, үйді құлатқан аю, деп жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Жағымды кейіпкерлерді атай білу

Ертегі туралы түсінігіболу


Картаны толтырған: Ақболатова Гүлбаршын







Бекітемін_______________

КМҚК «Айналайын » яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 27 » қараша 2015жыл

Қуыршақ театры вариативтік компанент


Тақырыбы: «Шұбар тауық» ертегісі(сахналау)


Мақсаты: Балаларды таныс ертегіні аяғына дейін қызығушылықпен тыңдауға үйрету.Ертегі мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруін,кейіпкерлердіңқимылдарын көрсете отырып,ертегінің мазмұның айтып беруге үйрету.


Ойын құралдары: Қуыршақтар,ойыншықтар.


Ойын барысы:

Автор: Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті,олардыңШұбар тауығы болыпты. Бір күні тауық жай емес,алтын жұмыртқа тауыпты.Шал мен кемпір қуаныпты.


Шал: Кемпір,жұмыртқаны жарып көрсек қайтеді,мүмкін ішіндегауһар тас бар шығар?


Автор: Шал жұмыртқаны қасықпен ұрып-ұрып сындыра алмапты.


Кемпір: Әкелші мен жарып көрейін.


Автор: Кемпір де жұмыртқаны ұрып-ұрып сындыра алмапты.Тарсылды естіген тышқан інінен шығып,үстелдің үстімен жүгіріпбара жатып,жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді.Жұмыртқаеденге түсіп жарылып қалады.Шал мен кемпір жылайды.


Шұбар тауық: Ата,әже жыламаңыздар!Мен сендерге алтын емес жайжұмыртқа тауып беремін.


Автор: Көп кешікпей тауық бір себет ірі де тәтті жұмыртқа тауып береді. Осылайша олар бақытты өмір сүре береді.


Рөлдерде ойнағандар:

Шал-Бекзат

Кемпір-Аймира

Тауық -Інжу

Тышқан- Нұрасыл



Күтілетін нәтиже.

Нені білу керек: "Шұбар тауық" ертегісін сахналауды

Нені білді: ертегі киіпкерлерінің киімдерін киіп өз тілдерімен сахналауды.

Картаны толтырған: Ақболатова Гүлбаршын



Бекітемін_______________

КМҚК «Айналайын » яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 11 » желтоқсан 2015жыл

Вариативтік компонент «Үйшік» ертегісін


Тақырыбы:«Үйшік» ертегісі.»(мнемотехниканы қолдану)

Мақсаты:

Білімділік:Балаларға ертегі барысын эмоционалды қабылдауды, мнемотехника әдісі арқылы кейіпкерлерді тануға үйрету.Әңгімелеу барысында ойларын байланыстырып жеткізуге,сөздік қорларын ертегі мазмұнына сәйкес пайдалана білуді жетілдіру

Дамытушылық:Балаларды ертегі мазмұнын берілген кейіпкерлердің тірек суреттер арқылы ,өз қиялдарымен әнгімелеуге үйрету. Шығармашылық қабілеттерін арттыру,тапқырлыққа баулу.

Тәрбиелік:. Ертегі кейіпкерлерінің жағымды,жағымсыз қасиеттерін көруге,олардың іс-әрекеттерін бағалауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: ғажайып сәт, мнемотехника арқылы ертегіні мазмұндау.сұрақ-жауап,ойын «Кім тапқыр»

Сиқырлы қалта қызыға қарайды.

Ұйымдас-қ ізденушілік кезеңі

Ертегіні есіне түсіріп, талқылау.

-Ертегі қалай аталады?

-Үйшікте қандай жануарлар бар?

-Ертегіде тышқанды,бақаны,қоянды,

қасқырды,аюды қалай атайды?





Тәрбиеші сиқырлы дөнгелектер назар аударады


-Балалар мына ақ қағаздан не көріп отырсыздар?

Бұл дөңгелектер жай дөңгелек емес,сиқырлы дөңгелектер.Бұл дөңгелектерді ертегі кейіпкерлеріне айналдырамыз.

-Ең бірінші үйшікке не келді?

-Бірінші дөңгелегімізді тышқанға айнал

дырайық,құйрығын салайық.




























-Екінші болып кім келеді?

-Бақаның аузы үлкен.Аузын салайық.

-Бақадан кейін не келді?

Қоянның құлағы қандай?

-Ұзын құлақ салайық,Шеңберді қоянға айналдырайық.

-Ал түлкі қандай?Құйрығы қандай?

-Түлкіден кейін қай аң келеді?

-Қасқырдың тісі қандай?

-Аю қандай?Аюды қалай атайды?

Балалар тәрбиешінің көмегімен суреттерді тану арқылы ертегіні айтады.


Сергіту сәті:

Алаңда үйшік

Есікте құлып

Сәулетті үйшік тым жақсы

Үйшікте кім бар тіл қатшы

Тук,тук,тук.

Тәрбиеші балаларға кейіпкерлерінің тірек схемалар бойынша ертегіні аяқталуын өзгертіп,қиялымен әнгімелеу.


Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. інқазған- тышқан

бақылдауық-бақа

желаяқ-қоян

Түлкіжан-сіңіліжан

Көкжал қасқыр

Қорбанбай-аю

Балалар назарын сиқырлы дөңгелектерге аударады.

-Бұл қағаздан дөңгелек көріп отырмыз.

Бірінші болып інқазған- тышқан келеді.













-Екінші болып бақылдауық-бақа келді.

-Бақадан кейін желаяқ-қоян келеді.


Түлкіжан-сіңіліжан келеді. -Түлкі қу,құйрығы ұзын.

Көкжал қасқыр келеді.


















Балалар суретке қарап ертегіні айтып береді.


Сергіту сәтін қимылмен жасайды

Рефлекстік реттеуші

Д/о « Кім тапқыр»

Ойының ережесі:балаларға лентатағы тірек суреттер беріліп жануардың екінші бөлігін немесе сәйкес келетін тірек белгілерін тауып,сызық арқылы қосу.Мысалы: қоянның ұзын құлағы-кішкентай құйрық,торғайдың тұмсығы-т.б.


Балалар қызығушылығымен ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Ертегі мазмұнын;

Игереді: Ертегі кейіпкерлерінің жағымды,жағымсыз қасиеттерін көруге,олардың іс-әрекеттерін бағалауды;

Меңгереді: Балаларға ертегі барысында эмоционалды қабылдауды,модельдеу әдісі арқылы кейіпкерлерді тануды;

Картаны толтырған: Ақболатова Гүлбаршын





Тақырыбы:
 Ертегі елі қонақта 

Мақсаты:
 балалардың тілін дамытып сөздік қорларын молайту. 

Білімділік:
 балаларды бейне тақта арқылы өздеріне таныс ертегілердің мазмұнын қысқаша баяндату.

Дамытушылық:
 балаларды ертегі мазмұнымен таныстырып тапсырма орындату.

Тәрбиелік:
 ұйымшылдыққа,еңбек сүйгіштікке,татулыққа,үлкенге,кішіге көмек бере білуге тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар;
 бейне тақта,ватман қағаз,түрлі түстіқағаздар,желімдер,сулықтар.














































Бекітемін _______________

КМҚК «Айналайын » ясли бақшасы

Әдіскер : Елеусинова. Г

« 20 » қараша 2014 жыл













« Құлыншақ » тобы

Білім беру саласы : «Әлеуметтік орта»

Бөлімі : Көркем әдебиет

Тақырыбы :«Түлкі мен тырна»



Мақсаты :Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттерін мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелеріне сәйкес баға беруге үйрету.



Көрнекілігі :хрестоматия, суреттер, ойыншықтар.



Сөздік жұмыс: тырна, құмыра, жайпақ табақ



Мотивациялық - қозғаушы


Шаттық шеңбер:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді,

Бір бірімізге сыйлайық.



Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды.


Ұйымдастырушы – ізденуші



  • Балалар бүгін біз « Түлкі мен

тырна» ертегісін оқып, мазмұнын ашамыз.

« Түлкі мен тырна» ертегісін оқып беру.



Сергіту сәті:



Қанат жаям жалма жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам,

Аяғымның ұшына.



Сұрақ – жауап арқылы мазмұнын ашу:

  • Түлкі кіммен дос болыпты?

  • Түлкі қонағын қалай күтті?

  • Тырна Түлкіні қалай күтті?

  • Түлкі қандай аң?

  • Тырна қандай құс?

  • Екеуі дос болуы мүмкін бе?

Дұрыс айтасыңдар балалар екеуі дос болуы мүмкін емес.






Балалар мұқият тыңдайды.













Қимылдар жасайды.









  • Тырнамен

  • Дұрыс емес

  • Ерегесіп

  • Жабайы, аң

  • Мойыны ұзын

  • Жоқ


Рефлексивті-коррекциялаушы


Балалардың жауаптарын тыңдап, дұрыс жауап берген балаларды мадақтау.





Күтілетін нәтиже:



Нені білу керек : ертегінің мазмұнын;



Нені білді :ертегінің кейіпкерлеріне баға беру арқылы жақсы қасиеттерін білді.



Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Жуманова Салтанат






















Күтілетін нәтиже;

Біледі:
 ертегінің мазмұнын

Игереді:
 бір-біріне көмектесуді,достық қатынасты бағалай білуді.

Меңгереді;
 ертегі кейіпкерлері бір үйде дос,тату болып тұруды

Толығырақ:
 http://alashainasy.kz/ustazdar_ustahanasy/uyyimdastyiryilgan-oku--s-areketnn-tehnologiyalyik-kartasyi-61413/
материалды қалай болсын қолдану тек қана
Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі


Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров436
Номер материала ДБ-012154
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх