Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Презентации / Веб-квест по химии на тему "Пластмасса и виды пластмасс"

Веб-квест по химии на тему "Пластмасса и виды пластмасс"



  • Химия

Документы в архиве:

Название документа veb-qwest.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

Веб – квест «Пластмассалар және олардың түрлері»


Автор: Минайдарова Зауреш Мейрамкановна

e– mail: zoro-84@mail.ru

Пәні: химия, 11 сынып. Жалпы білім беру стандартына сай құрылған, «Пластмассалар және олардың түрлері» тақырыбындағы сабақта пайдалануға болады.

Қажетті ресурстар: ДК, Интернетке қолжетімділік, «Уроки химии Кирилла и Мефодия» мультимедиялық оқу курсы, 10-11 сынып.

Мақсаты: жоғары молекулалы қосылыстармен танысуды одан әрі жалғастыру. Пластмассаның құрамы мен қасиеттерін анықтай білу жолдарын үйрету. Пластмассаларды алу реакция теңдеулерін білу, сызбанұсқа жасай білуге, өзінің байқағанын қорытындылай білуге үйрету. Қазіргі заманда пластмассаның адам өмірінен алатын орны, жағымды және жағымсыз жақтарын өз бетімен анықтай білуге бағыт беру.

Веб-квестке арналған тапсырма типі: ақпаратты зерттеу барысында туындаған пікірлер мен дәйектерді объективті түрде мәтіндеу, яғни журналистік тергеу жүргізу


Тапсырма.

Тапсырманың қысқаша мазмұны

Жаңа сабақты оқып-үйрену, яғни зерттеу барысында мына сұрақтар қамтылады: пластмасса, шайырлар деген ұғымның анықтамасын біледі, олардың құрам бөліктері: полимері (шайыр), тотықтырғыштары (графитті, шыныталшықтар, ағаш ұнтақтар), бояулар жайлы рет-ретімен баяндалады. Пластмассаның түрлері, оның үлгілері алынып, оның электрөткізгіштігі, термопластикалы немесе термореактивті екені, қышқылдар, сілтілер мен тотықтырғыштарға әсеріне тәжірибе жүзінде көз жеткізеді. Пластмассалардың қолданылатын негізгі 5 тобы сөз болады. Кейбір аса маңызды пластмассалар өкілдеріне тоқталады. Оларды сипаттауды үйренеді. Қазіргі заманда халық шаруашылығы мен техниканың әртүрлі салаларында, күнделікті өмірдегі маңызын ашып береді. Пластмасса қалдықтарының экологияға әсері жайлы пікірлер туындайды. Қазіргі кезде пластамсса қалдықтарын кәдеге жарату жұмыстарының даму барысы, мүмкіншіліктері сөз болады.


Бұл мәселелерді шешу үшін бізге мынадай мамандар қажет:

Рөл 1. Химиктер

Рөл 2. Тұтынушылар

Рөл 3. Журналистер (түрлі пікір мен көзқарастары бар топ)

Олардың арасында міндеттерді бөліп береміз.


Рөл 1. Химиктер.

Химик ретінде Сіздер мына сұрақтарды сипаттап берулеріңіз қажет:

  1. Мономер мен полимерге салыстырмалы сипаттама беріңдер.

  2. Пропеннің полимерленуін жазып түсіндіріңдер (мономері, полимері, полимерлену дәрежесі).

  3. Пластмассалардың құрамын, қасиетін сипаттап беру, анықтамасын айту;

  4. Зертханалық жұмыс №6 «Пластмасса және талшықтарды танып білу»

Өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Ақпарат көздерімен жұмыс жасап болған соң, топ ішінде талқылап ортақ есеп берулеріңіз қажет. Есеп презентация, веб-парақтар немесе мәтіндік редактор түрінде болуы мүмкін.


Рөл 2.Тұтынушылар.

Тұтынушы ретінде Сіздер пластмассалардың алуан түрлілігі мен қасиетін ескере отырып, қазіргі заманда халық шаруашылығы мен техниканың әртүрлі салаларында, күнделікті өмірдегі маңызын ашып берулеріңіз қажет. Төменде көрсетілген мәселелерді сипаттап беріңіздер:

  1. Пластмассалардың аса маңызды өкілдері. Оларды мына сызбанұсқа бойынша сипаттаңдар: құрамы, құрылысы, физикалық қасиеті, жануы, тотықтырғыштарға, сілтілер мен қышқылдарға, органикалық еріткіштерге әсері.

  2. Пластмассалардың қолданылатын негізгі 5 тобы.

  3. Пластмасса халық шаруашылығында, құрылыс саласында, хирургияда, стоматологияда.

Ақпарат көздерімен жұмыс жасап болған соң, топ ішінде талқылап ортақ есеп берулеіңіз қажет. Есеп презентация, веб-парақтар немесе мәтіндік редактор түрінде болуы мүмкін.


Рөл 3. Журналистер.

Журналистер ретінде Сіздер пластмассаның пайдаланылуындағы жағымды және жағымсыз жақтарды ескеріп және дәйектерге сүйене отырып түрлі пікірлерді ортаға салуларыңыз қажет:

  1. Пластмассалардың антикоррозиялық және бүлдіргіш орталарға тұрақтылығы.

  2. Пластмасса тез тұтанушы материал ретінде

  3. Пластмассаның, пластмасса материалдарының қалдықтарының экологияға әсері.

  4. Пластмассалық қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіншіліктері.

Ақпарат көздерімен жұмыс жасап болған соң, топ ішінде талқылап ортақ есеп берулеіңіз қажет. Есеп презентация, веб-парақтар немесе мәтіндік редактор түрінде болуы мүмкін.


Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту мақсатына өздік жұмысын жасау ұсынылады.

Тапсырма: Төмендегі пластмассаларды сипаттаңдар.

І нұсқа

ІІ нұсқа

ІІІ нұсқа

ІV нұсқа

Полипропилен

Полихлорвинил

Политетрафторэтилен

Фенолформальдегид

Жоспары:

  1. Пластмассаның аты.

  2. Топқа жіктелуі (термопластикалы немесе термореактивті).

  3. Макромолекула құрамы (сызықты, кеңістіктік).

  4. Пластмассаны алу реакция теңдеуі (мономер, полимер).

  5. Пластмасса түрі.

  6. Қолданылуы.


Жұмыс тәртібі:

  1. Өздеріңіз қалаған, өздеріңіз жұмыс жасағыңыз келетін рөлді таңдап алыңыздар.

  2. Бірдей рөлді таңдаған оқушылар топтасыңыздар.

  3. Сіздерге берілген тапсырмаларды оқып, топ ішінде талқыға салыңыздар.

  4. Әр топқа ұсынылған ақпараттық ресурстарды зерттеңіздер.

  5. Анықтамалық әдебиетті зерттеп, алынған ақпаратты жүйелеңіздер.

  6. Материалды іріктеп, жауаптарыңызды есеп түрінде дайындаңыздар.

  7. Әр топ өз жұмысын:

  • Мультимедиялық презентация;

  • Жалпылама кестелер;

  • Шығармашылық есеп;

  • Веб-парақтары;

  • Түрлі сызбанұсқа, не диаграмма түрінде мәзірлей алады.

  • Әр топ, топтағы әр оқушы ұсынылған бағалау парақтары арқылы өздеріңіздің жұмыстарыңызды қорытындылаңыздар.


Бағалау критерийлері

Шығармашылық есеп (ауызша): Сөйлеу жанрының мәтін мазмұнына сәйкестігі, мазмұндаудың логикалы болуы, көрнекіліктердің тиімді пайдаланылуы, топ мүшерелінің арасындағы бірлестік, ынтымақтастық ескеріледі.

Жоба: Мазмұнның тереңдігі мен ерекшелігі, сапалы жобалау, сөйлеу сауаттылығы, топ ішіндегі бірлестік, ынтымақтастық ескеріледі.

Топ ішіндегі жұмысты әр топ басшысы мына бағалау парағы бойынша бағалайды:

Бағалау критерийлері

Мазмұнның тереңдігі мен ерекшелігі

Жобалау сапасы

Сөйлеу сауаттылығы

Топ ішіндегі ынтымақтастық

Жалпы ұпай







Топтағы әр оқушы өзін төменде ұсынылған сенім парағы арқылы бағалайды:

Оқушының аты-жөні:

Тақырыбы

Өте жақсы

5 ұпай

Орташа жауап

3 ұпай

Еш көмегімді тигізе алмадым

0 ұпай

1. Тапсырманы топ ішінде талқылау барысында топқа тигізген үлесім




2.Тапсырманы ақпарат көздерінен іздеу барысындағы жұмыс әрекетім




3.Іріктелген материалды жобалау кезіндегі тигізген үлесім




4.Жобаны сынып алдында қорғау барысындағы үлесім.




Барлық ұпай


Рефлексия кезеңі

ИӘ

ЖОҚ

Сабақта белсенді болдым




Сабақ ұнады




Сабақ ұнамады




Сабақта қажетті, қызықты мәлімет ала білдім






Ұсыныстар:

Өз жұмыстарыңды түрлі формада мәзірлеуге болады:

- Ол Wordта жазылған мәтіндік документ болып, кейін өз баяндамаларында тіркелуі мүмкін;

- Ол Googlда, немесе Etherpad блокнотында орналастырылған документ болуы мүмкін;

- Power Point көмегімен жасалған презентация болуы мүмкін;

- фото және видеофрагменттерден жасақталған видеоролик болуы мүмкін;

- Microsoft Publisher көмегімен орындалған буклет түрінде;

- Фотоальбом түрінде;

- веб-парақтары, мәтіндік редактор, т.б. болуы мүмкін.

Қорытынды.

Пластмассаның құрамы мен қасиеттерін анықтай білу жолдарын үйренеді. Пластмассалардың алуан түрлілігімен танысып, маңызды өкілдерінің маңызын, құрамын, қасиетін зерттеуді үйренеді. Оқушылар өз байқағандарын қорытындылай білуге үйренеді. Қазіргі заманда пластмассаның адам өмірінен алатын орны, жағымды және жағымсыз жақтарын өз бетімен анықтай білуге дағдыланады.


Интернет-ресурстар:

https://kk.wikipedia.org

http://bigox.kz/plastmassalar/

http://studopedia.org/7-10757.html

http://www.alhimik.ru/EATS/eda21/html


https://www.xumuk.ru/encyklopedia/1548.html

https://twig-bilim.kz/film/plastics-and-polymers-5651/

http://www.tehnoinfa.ru/modulnoeobuchenie/8.html

http://er.semgu.kz/ebooks/ebook_522/#ps

http://www.simplexnn.ru/?id=6866


http://www.bibliotekar.ru/spravochnik-153-2-tehnika/22.htm

http://moldstar.ru/articles/plastmassa-v-nashey-gizni

http://zablugdeniyam-net.ru/fakty/vse-plastmassy-neprochnye-i-goryuchie/ http://www.plastikp.ru/stati/?ELEMENT_ID=659

http://tezister.net/index.php?newsid=196466



Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Химия
Подраздел Презентации
Просмотров309
Номер материала ДВ-191909
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх