Қазіргі кезде компьютерлік графиканың қоғамның инженерлік,
ғылым, бизнес, өнер және т.б., барлық салаларында атқаратын рөлі зор.
Компьютерлік графика мультимедиялық программалар, телевизиялық жарныма,
киноның арнайы эффектілерін, мультфильмдер жасаудан бастап, машина жасаумен
іргелі ғылыми – зерттеулерді компьютерлік жобалауға дейін қолданылады.
Компьютерлік графика – программалық-
аппараттық құралдардың көмегімен суреттерді өңдеу, салу тәсілдері мен
әдістерін оқытатын информатиканың арнайы саласы.
Компьютерлік графика компьютердің басқөаруымен графикалық
ақпаратты енгізу, шығару және түрлендіруді қамтамасыз етеді.
Қазір компьютерлік графиканың негізгі мынадай бағыттарын атап
көрсетуге болады: іскерлік графика, инженерлік графика, ғылыми графика,
көркем – жарнамалық графика және Web графика.
Компьютерлік
графиканың бірі – бір мезгілде өзінде дыбыс, әуен, мәтін, бейне және анимация
үйлескен мультимедия болып табылады.
Компьютерлік графика бейнелену тәсіліне байланысты растрлық, векторлық
және фракталдық болып бөлінеді.
Нысанның модулін
тұрғызуда үш өлшемді графика жеке пән ретінде қарастырылады.
Векторлық, растрлық графиканы құру мен өңдеуге арналған
графикалық программалар немесе графикалық редакторлар деп аталатын арнайы
қолданбалар бар.
Графикалық редактор – графикалық
суреттерді салу мен өңдеуге арналған қолданбалы орта.
Компьютерде графикалық бейнелерді құру үшін бірнеше
программа қолданылады. Олардың ішінде кеңінен тараған программалар:
·
Paint – қарапайым графикалық кескіндерді алын ала қарау және оларды
басқа программаларға енгізуге негізделген растрлық графикалық редактор.
·
PictureManager – компьютерде сақталған суреттерді
редакциялауға, өңдеуге, ортақ пайдалануға және реттеу мен оларды басқаруға
негізделген программа.
·
Photoshop - растрлық бейнелермен жұмыс жасауға
негізделген көпфункционалды программа.
·
CorelDRAW – графикалық бейнелердің жұмысын
автоматтандыруға және векторлық графикамен жұмыс жасауға негізделген
векторлық графикалық редактор.
·
FlashMX – векторлық графика негізінде анимацияны құру программасы.
·
3D StudioMax – 3өлшемді кескінді құру мен -өңдеуге
арналған программа.
Графикалық файлдар
форматы (пішімі) – файлда графикалық ақпаратты сақтау тәсілін, сонымен қатар
ақпаратты сақтау формасын (сығу алгоритмін қолдануды) анықтайды.
Графикалық формат –
графикалық ақпаратты жазу тәсілі. Графикалық формат суретті өңдеу және
баспаға шығару мүмкіндіктерін, сонымен қатар оның жадта алатын көлемін
береді. Файлдың форматы әдетте файл атының кеңейтілуімен белгіленеді.
Графикалық файлдардың форматтары файлда ақпараттың
(растрлық немесе векторлық түрде) сақталу тәсілін; ақпараттың сақталу түрін
(сығу алгоритмін қолдануы) анықтайды.
Файлдың форматы немесе файлдың типі – компьютер үшін
файл туралы ақпарат. Осы ақпарат арқылы компьютер файлдың ішінде не бар
екенін, оны қандай редактордың аша алатынын түсінеді.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.