Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Химия / Конспекты / VI топтың элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт және оның қосылыстары (10 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

VI топтың элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт және оның қосылыстары (10 сынып)

библиотека
материалов

Сынып 10.

Мерзімі:27.04.2016ж.

Сабақ№ 60.

Сабақтың тақырыбы:ҮІ топтың элементтерінің жалпы сипаттамасы.Күкірт және оның қосылыстары.Күкірт (ІҮ) және күкірт (ҮІ) оксидтері.Күкірт қышқылы және сульфаттар. № 4практикалық жұмыс.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды кремний элементімен және оның қасиеттерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пән аралық байланыс: математика, биология, экология.

Көрнекіліктері: оқулық, периодтық жүйе.

Негізгі әдебиеттер: Н.Нұрахметов, Қ.Бекішев, Н.Заграничная

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгендеу.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Фосфордың периодтық жүйедегі орны?

2. Табиғатта таралуы?

3. Фосфордың алынуы?

4. Физикалық қасиеттері?

5. Химиялық қасиеттері?

III. Өткен сабақты бекіту.


IV. Мақсат қою кезеңі:

Күкірт атомының сипаттамасын  Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің ПЖ атом құрылысы тұрғысынан сипаттама беру, күкірт (ІІ,ІҮ) оксидтерінің жіктелуін, оның құрылысы, оқушы өзі тақырыпты оқу арқылы қасиеттеріне көз жеткізуі . Топпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

V. Жаңа сабақты түсіндіру.

16 S ))) 1S2 1S2 /2S22р6 / 3S2 3 р4 (р+ =16,п0 =32-16=16 ) е- =10

286

Жер қыртысындағы массалық үлесі -0,1 %

Аллотропиясы: кристалдық (8 атом)

Күкірт (ағылш. Sulfur), S – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент; ат. н. 16, ат. м. 32,06. Тұрақты 4 изотопы бар. Сондай-ақ жасанды жолмен алынған 6 изотопы белгілі. Күкірттің жер қыртысындағы салмақ мөлшері 0,05%, теңіз суында 0,08 – 0,09%. Күкірт біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын белгілі болған. Қалыпты жағдайда күкірт сары түсті, бейметалл. Табиғатта бос күйінде (саф К.) және сульфидті (мысалы, пирит, галенит, антимонит, т.б.), сульфатты (гипс, ангидрит, барит, мирабилит, т.б.), т.б. минералдар түрінде кездеседі. Күкірттің бірнеше кристалдық түрлері белгілі, оның ішіндегі орнықтылары ромбылы α-күкірт және моноклинді β-күкірт. Күкірттің тығыздығы 2,07 г/см3 (α-түрі) және 1,96 г/см3 (β-түрі), балқу t 112,8°С, қайнау t 444,6°С, жылу өткізгіштігі 0,208 Вт/(м·град). К. суда ерімейді, бензолда жақсы ериді, қыздырғанда молекуласындағы атом саны бірте-бірте кемиді: S8→ S6→ S4→ S2 соңында 2000°С-тан жоғары қыздырғанда К. буында жеке атомдар пайда болады. Салқындатқанда осы процесс кері айналып полимерлену құбылысы жүреді. К. қосылыстарында –2-ден +6-ға дейін тотығу дәрежелерін көрсетеді. Азот, йод, алтын, платина және инертті газдардан басқа элементтердің бәрімен әрекеттеседі. К. металдармен реакцияда болғанда өте көп жылу бөлініп шығады. Оттекпен бірнеше оксид түзеді. К. саф К., полиметалдық кендер, газ және мұнайды тазалау кезінде олардан қосымша өнім ретінде алынады. К. негізінен химия өнеркәсібінде күкірт қышқылын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ қағаз, резина, сіріңке жасауда, тоқыма өнеркәсібінде мата ағартуға, дәрі-дәрмек, косметик. препараттар дайындауда, пластмасса, қопарғыш заттар, тыңайтқыш, улы химикаттар алуда кеңінен қолданылады.

Күкірт III периодтың, VI топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 16. Олай болса ядро заряды +16, протон саны 16, нейтроны да 16; электрондарының жалпы саны 16.

Электрондық құрылысы. Осы электрондар үш электрондық қабаттарда бөлініп орналасады, күкірттің электрондық формуласы: 1s22s22p63s23p4

Күкірт II, IV, VI - валентті бола алады, ал тотығу дәрежелері -2,0, +4, +6 болып келеді.

Күкірт - сары түсті, суда нашар еритін, су жұктырмайтын, жылу мен тоқ өткізбейтін, морт сыңғыш келетін қатты зат. Балку температурасы 119°С. Күкірт атомының сыртқы валенттілік кабатында екі дара электроны болғандыктан, олар өзара байланыса алады.

Балқаш, Шығыс Қазақстан облысында сульфидтер (ZnS, PbS, FeS2, т.б.) күйінде болса, сульфаттары (CaSO4 • 2Н2O - ғаныш (гипс), Na2SO4 • 10Н2O - мирабилит, FeSO4 • 7Н2O - темір купоросы) т. б. болады. Күкірт қосылыстары мұнайда және тас көмірде де кездеседі. Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады.

Вулкан атқылағанда газбен ілесе ұшқан күкірт сыртқа шығып кристалл түрінде қатаяды. Ондай күкіртті вулканмен байланысты арасан көздерден (фумаролдардан), тау жыныстарының жарықтарынан, қуыстарынан кездестіруге болады.

Сульфид минералдардың тотығуынан пайда болатын күкірт кендері көбінесе сульфид кендерінің үстіңгі қабатында болады. Бұл жағдайда пайда болатын күкірттің реакциясын мынадай түрде көрсетейік.

RS + Fe2(SО4) 3 = 2FeSO4 + RSO4 + S.

Қолданылуы

Күкірт каучукты резинаға айналдыру (вулканизация) үшін, медицинада, тұрмыста жертөлені және қоймаларды аластау үшін, оқ-дәрі жөне сіріңке өндірістерінде қолданылады.

Кен орны

КСРО-да шөгінді күкірт кенінің ең көп жері — Орта Азияда (Қарақұм, Гаурдақ, Шорсу), Поволжьеде (Куйбышев қаласы маңында).

Вулкандық күкірт кендері Кавказда, Камчаткада және Курил аралдарында кездеседі. Шет мемлекеттердегі күкірт кені Италияда, Сицилияда бар. Техас және Луизиана штаттарындағы (АҚШ) күкірт кендері тау жыныстарының жарығында кездеседі. Вулкандық күкірт кендері Италияда, Жанонияда, Чилиде» т. б. жерлерде бар.

S O2 (ІҮ) оксиді –түссіз, өткір иісті газ.Көп мөлшері ( ауада 0,03 % болса) адамды уландырады. Ол мата мен қағазды ағарту үшін және дезинфекциялық зат ретінде медицинада, ветеринарияда, көкөніс, жеміс қоймаларын зарарсыздандыруға қолданылады.

S + O2 = S O2

Тәжірибе: (видео көрініс «Күкірт (ІҮ) оксидінің өсімдіктерге әсері»)

S O3 (ҮІ) оксиді немесе күкірт ангидриді деп аталады. Ол алғашында ақ түтін түрінде түзіліп, қыздырғанда біртіндеп сұйыққа айналады.Егер ылғалды жерде ұзақ сақталса, қатты мөлдір , мұз тәріздес кристалдар түзеді.

2S O2 + O2 = 2S O3

Қосымша ақпарат:

Адам ағзасында тырнағы мен шашында күкірт кездеседі, сондықтан олардан күйдіргенде иісінен байқалады.

H 2S күкіртсутек қышқылы - шіріген жұмыртқаның жағымсыз иісі бар, ауадан ауыр, түссіз газ.Нәруыз шіріген кезде әрдайым күкіртсутек түзіледі, ұнамсыз иіс осыдан пайда болады.

H 2 + S =H 2S

Тәжірибе: (видео көрініс «Күкірттің сутекпен әрекеттесуі»)

H 2S O3 күкіртті қышқылытұздары сульфит

S O2 + H 2 O =H 2S O3

H 2S O4 күкірт қышқылы-өсімдік майы тәрізді , тұтқыр келген түссіз ауыр сұйықтық.Күкірт қышқылы бөлме температурасында ұшпайды, сондықтан иісі жоқ.Қышқылдың ерітіндідегі мөлшері 70%-тен жоғары болса, концентрациялы қышқыл деп аталады. Тұздары сульфат

S O3 + H 2 O = H 2S O4

S O3 +H 2S O4 = H 2S2 O7 олеум

VІ. Сабақ бойынша түсінігін тексеру.

1.Күкірт қышқылының сапалық реакциясы

2.Реакция теңдеуін жүзеге асыр:

S → SO2 → SO3Н2SO4Са SO4

↓ ↓ ↓

Н2S Mg SO4 Ва SO4

3. 67,2 л күкірттің (ІҮ) оксидің су буымен әрекеттестіргенде түзілетін күкірт қышқылының массасын табыңыздар.

VІІ. Бекіту:

«Ия, жоқ» әдісі

Таза күкірт сары түсті

Тірі ағзада күкірт болмайды.

Күкірттің 2 аллотропиясы бар

Күкірт – химия өнеркәсібінің наны”

Күкірт тек ІІ валентті

Күкірт қышқылы лакмусты қызыл түске бояйды.

Күкірт қосылыстарының барлығы улы заттар.

Күкірт резеңке өндірісінде қолданылады.

Күкірт қосылыстары сарымсақ иісті

Таза күкірт суда ериді.


VIІІ. Үйге тапсырма: 7.10-7.11 оқу,сұрақтарға жауап беру.Бағалау.











Автор
Дата добавления 29.04.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров262
Номер материала ДБ-059480
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх