Инфоурок Биология Научные работы«Влияние эндогенной интоксикации при лямблиозе на морфологию твердой фазы ротовой жидкости»

«Влияние эндогенной интоксикации при лямблиозе на морфологию твердой фазы ротовой жидкости»

Скачать материал

Қарағанды облысының білім беру басқармасы

16 жалпы білім беретін орта мектебі, КММ





Бағыты: Таза табиғи орта- Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі

Секция: биология







ТАҚЫРЫБЫ: Лямблиоз кезіндегі эндогендік уланудың ауыз сұйықтығы қатқыл фазасының морфологиясына әсері






Орындаған: №16 ЖББ ОМ, КММ

11А сынып оқушысы

Рахимберлина Айдана

Ғылыми жетекші: б.ғ.к., доцент

Жангелдинова С.А., ҚММУ.













Қарағанды-2015

Кіріспе

Ғылыми зерттеулерде және практикалық медицинада диагноз қоюды және саралы диагностика жүргізуді жеңілдететін зертханалық диагностика әдістеріне айтарлықтай көңіл бөлінеді. Бұл ретте аса қолжетімді және жиі қолданылатын әдіс биологиялық сұйықтықтардың құрамын зерттеу болып табылады. Алайда, қазіргі заманғы талдау әдістері биологиялық сұйықтықтарда қойылған ақпаратты бағалаудың интегралдылығын қамтамасыз етілмейді, өйткені олар биологиялық сұйықтықтарда бар заттардың көп көлемі арасындағы өзара іліктестікті (көбінесе органдар мен жүйелердің құрылымы мен функцияларының ерекшеліктерін айқындайтын) сапалы талдаусыз жекелеген метаболиттердің сандық құрамын ғана анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бір мезгілде биологиялық сұйықтықтар сусызданған кезде қатқыл фазаның құрылымдық түзілуі аталған өзара іліктестіктерді ескере отырып жүреді (физикалық заңдар мен сыртқы шарттардан тыс), бұл оларды талдауға мүмкіндік береді [1].

Ауыз сұйықтығы қан плазмасының күрделі сусүзбесі болып табылады, сол себепті ағзаның ішкі ортасының динамикалық тұрақтылығының жай-күйін көрсетеді. Сонымен қатар ауыз сұйықтығы әртүрлі стимулдардың әсері кезінде құрамы, физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттері жағынан айтарлықтай өзгере алады, яғни ағзаның реактивтілігі индикаторы болып табылады. Сұйықтықты ағзаның функционалдық күйін диагностикалауда пайдаланудың маңызды уәжі осы биологиялық сұйықтықты алу шарасының қарапайымдылығы мен толық инвазиялы еместігі болып табылады. Зерттеудің инвазиялық емес әдістерін ендіру есебінен физиология мен медицинаның диагностикалық қуатын кеңейтудің өзектілігі (ең алдымен қан алуды жоққа шығаратын) адам туралы заманауи ғылымдардың басым бағыттарына жатады [2].

Көптеген жүйелі аурулар кезінде ауыз сұйықтығы кристалдарының пішіні өзгеретіні анықталды. Әдеби дереккөздерді талдау биологиялық сұйықтықтардың қатқыл фазасын бағалау әдістері клиникалық медицинада, гигиеналық зерттеулерде айтарлықтай кең қолданыс тапқанын көрсетеді. Бұл олардың арзандығымен, оңай орындалатындығымен, сондай-ақ жоғары сезімталдығымен және ақпараттылығымен түсіндіріледі. Сонымен бірге паразитарлық инвазия кезінде биологиялық сұйықтықтардың кристалдануын зерделеуге көптеген зерттеулер арналған. Сондықтан өзектілері едәуір кең таралған паразитарлық инвазиялар кезіндегі биологиялық сұйықтықтардың кристалдануын зерделеуге арналған зерттеулер болып табылады, оларға лямблиоздың да жататыны даусыз.

Жоғарыда баяндалғандарға байланысты осы жұмыстың мақсаты лямблиозды инвазия кезінде ауыз сұйықтығының қатқыл фазасының морфологиялық маркерлерін анықтау болып табылады. Зерттеу бірнеше кезеңде жүргізілді:

1. Зерттеудің бірінші кезеңінің мәні созылмалы ауруларға, ауыз қуысының аурулары мен лямблиозға шалдықпаған мүлдем сау адамдардағы ауыз сұйықтығының қатқыл фазасын зерделеуінде.

2. Зерттеудің екінші кезеңінде лямблиозды инвазияға шалдыққан адамдарда ауыз сұйықтығының кристалдануының ерекшеліктері анықталған. Зерттеу тобына ауыр созылмалы ауруларға және ауыз қуысы ауруларына және лямблиозға шалдықпаған адамдар енгізілді. Осылайша, ауыз сұйықтығының кристаллографиялық кескіндемесінің өзгеруімен білінетін эндогенді уыттану тек лямблиозды инвазиямен байланысты.

3. Зерттеудің үшінші кезеңі алынған деректердің мәні статистикалық талдауда және лямблиозды инвазиямен ауыратын науқастарға тән ауыз сұйықтығының кристалдануы ерекшеліктерін анықтауда.

Лямблиозды инвазия кезінде ауыз сұйықтығының кристалдануы ерекшеліктері аталған ауруды диагностикалауды орындаудың қосымша, инвазиялы емес, тез әдісі ретінде, сонымен қатар лямблиозға қарсы жүргізілетін емдеудің тиімділігін бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін.Осылайша, аталған зерттеу көкейтесті, оның жаңалығы мен нақты маңызы бар. Аталған зерттеуді орындау кезінде көпшілік мақұлдаған әдістемелер пайдаланылды, бұл жұмыс нәтижелерін сенімді әрі өнімді етеді.


Зерттеу бөлімі

1. Ауыз сұйықтығының қатқыл фазасының кристаллографиясы медицинадағы диагностика әдісі ретінде (әдеби дереккөздерді талдау)

Биологиялық сұйықтықтардың қатқыл фазасын зерделеудің көкейтесті бағыттарының бірі олардың еркін кристалдануымен байланысты. Биосубстраттың өзіндік сусыздануы кезінде кездесетін құрылымдардың сантүрлілігі өте кең болатыны атап көрсетілген [3]. Медициналық зерттеулерде еркін кристалдануды (кристаллоскопиялық әдісті, сынатәріздес сусыздану әдісін)қолдану мүмкіндігін В.Н.Шабалин мен С.Н.Шатохина негіздеп берді. Олар қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі биологиялық сұйықтықтардың морфологиялық құрылымдарының негізгі сипаттамаларын берді [4,5]. Әдістің авторлары орталық, шеткі және өтпелі аймақтарының барлығымен сипатталатын мүлдем сау адамдардағы биологиялық сұйықтықтарын құрылымдау ерекшеліктерін атап көрсетті. Басқа зерттеушілер жеке көрсеткіштер: ұзындығы, қалыңдығы, сызаттардың ауытқу бұрыштары және деструкция индекстері, релаксация және бұзылыстар секілді жалпылама көрсеткіштер бойынша зерттеудің статистикалық әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін фацияларды математикалық талдау тәсілерін әзірледі [6]. Сонымен бірге биологиялық сұйықтықтардың жекелеген морфологиялық маркерлері органдар мен тұтастай алғанда ағзаның патологиялық қартаюының индикаторлары бола алатыны тұжырымдалады [7]. Кристаллографияны қолдана отырып, кристаллограммаларды әрі қарай графикалық өңдеуішке ауыстырып, өңдейотырып, сілекейдің құрғақ фазасының сарапшылық белгілері ерекшеленеді [8]. Зерттеушілер қалыпты кезде ашық бетте кептірілген сілекейде («кристалды қақтар» немесе еркін кристаллогенез әдісі) 3 типті кристалл кездесетінін анықтады: қораптар түріндегі (қалпында сирек), айқыш түрінде (қалпында сирек), ағаш немесе бұтасын түрінде (сілекей кристаллдарының негізгі түрі). Ағаш немесе бұтасын түріндегі кристаллдар қаңқалы кристаллдар немесе дендриттер деп аталады. Мұндай кристаллдарда қаңқаның негізгі тармақтары, немесе алғашқы қатардың тармақтары және екінші және кейінгі қатарлардың тарайтын тармақтары бөлінеді. Кристаллдану барысында шеңберлері шайылған, жұқарған, нығыз қабатталған, үзіктелген, қосарланған, тармақтары симметриялы және асимметрияланған және майда өсінділері аз кристаллдар түзілуі мүмкін. Сипаттаған кезде өсінділердің түзілу тәсілдерін (симметриялы немесе асимметриялы), өсінділердің ұзындығын, өсінділердің ұштану түрлерінескеру қажет [9].

Көптеген жүйелі аурулар кезінде ауыз сұйықтығы кристаллдарының пішінің өзгеруі жүреді. Мәселен, қант дибетімен науқастарда ұсақ кристаллдар көбіне түзілмейді, кристаллдардың өсінділері көбінесе қысқа кеңейтілген келеді, анық емес текстуралық құрылыммен аяқталады. Науқастардың бір бөлігінде ине түріндегі құрылымдар немесе өсінділердің түрі шыңның шошағы түрінде кездеседі, көбіне кристаллдар маржан тармағын еске түсіреді. Көптеген жағдайларда ұсақ өсінділері біржақты өскен кристаллдар байқалады [10, 11]. Кейбір жұмыстарда сілекей кристаллдары белгілерінің зерттелетін адамның жынысымен және асқазан-ішек жолдарының бірқатар патологияларымен корреляциялануы анықталды [12]. Балалар динамикасындағы асқазан-ішек жолдарының жай-күйін бағалауға мүмкіндік беретін инвазиялық емес әдіс ретінде ауыз сұйықтығының сына тәрізді сусыздануы әдісін пайдалану ұсынылады. Сілекейдің ұсақ кристаллдануын зерттеу нәтижелеріне сәйкес үлгілер үш типке бөлінді: бірінші типі – фацияның орталық аймағы дендрит тәріздес бірыңғай тізбек түрінде танылады. Фацияның өтпелі аймағы жақсы көрінеді; екінші типі – өтпелі аймақ көрінбейді; үшінші типі орталық аймақ аморфты суретпен танылады, өтпелі аймағы көрінбейді. Сау балаларға сілекейдің ұсақ кристаллдануының бірінші типі тән екендігі анықталды. Сауығу және гастроэнтерология бөлімшесінен шығу кезеңіндегі балаларда екінші типі анықталған. Асқазан-ішек жолдары патологиясы бар балаларда сілекейдің ұсақ кристаллдану түрі үшінші типке жатқызылады [13]. Сонымен қатар сілекейдің кристаллогенді қасиеттерін талдау аталық бездің ерте диагностикасы үшін пайдалануға болатыны анықталды. Аталық бездің патологиясы үшін симметриялы орналасқан өзгертілген ұсақ өсінділермимоза түріндегі өсінділердің түзілуі, мозаикалық құрылым, біржақты ұзын өзгертілген өсінділер тән[14]. Кейбір паразитарлық ауруларда сілекейдің кристаллографиялық кескіндемесінің ерекшеліктерінің диагностикалық маңыздылығы дәлелденді [15]. Сілекейді кристаллографиясы офтальмологияда диагностикалық мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Ортаңғы құлағының холестеатомасымен науқастардың сілекейін сына тәрізді сусыздану әдісімен зерттеу кезінде фацияның құрылымында тән тілікшелі морфотип анықталды, бұл аталған патологиялық процесті диагностикалауда қосымша критерий бола алады [16]. Сонымен қатар ауыз сұйықтығының кристаллографиялық кескіндемесінің өзгеруі ауыз қуысының созылмалы ауруларына тән [17, 18]. Ауырлығы орташа дәрежелі созылмалы генерализацияланған пародонтитпен ауыратын науқастардың сілекейінің фацияларында анық байқалатын сызаттары бар шеткі аймақты анықтауға болады, бұл биологиялық сұйықтықтағы ақуыздардың көп көлемімен және жүріп жатқан еркін радикалды процестермен байланысты. Фацияның деструкциялану дәрежесі құрылымның тұтастығының бұзылуы себепті қайталанады. «Папоротник», «қырықбуын» типіндегі кристалл пішіндер орталықта және шетте орналасқан, бұл созылмалы патологиялық процестің бар екені туралы ойлауға мүмкіндік береді. Тісжегісі бар науқастың сілекейінің кристаллдарын зерттей отырып, олардың құрылымындағы айтарлықтай өзгерістерді көруге болады, олар түрлі шамадағы «айқыштар» түріндегі пішіндермен танылады. Сілекей тамшысының бүкіл дерлік ауданын көрсетілген түзілімдер алып жатыр, бұл аралас сілекейдің минералдандыру әлеуетін дәлелдейді. Құрылымның тұтастығын бұзатын элементтері бар шеткі кең аймақ байқалады [19]. Спортшылардың функционалдық күйін диагностикалауға арналған сілекейді зерттеудің кристаллоскопиялық әдісінің маңызы көрсетілген. Ұзықтығы мен орындалатын жүктемесінің көлеміне қарай шағын тесттік старталды әсерлерді әзірлеу спортшының жарысқа шығуының нәтижелілігін бастапқы болжамдауда пайдалы болып көрінуі мүмкін. Осы тұрғыда тест жүктемесіне дейінгі және кейінгі сілекейдің кристалл түзілімін үш мәрте зерттеудің нәтижелеріспортшының бейімделу резервтері туралы ақпараттың айтарлықтай көлемін анықтауға және жарысқа шығу немесе жарысқа қатысу құқығынан айыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға септігін тигізеді [20]. Сілекейдің кристаллографиясы сондай-ақ еңбек гигиенасында да пайдаланылады. Сілекейдің құрылымдануы сипаты жөніндегі химиялық өндірістердегі зерттеулерде еңбек режимінің ағзаның күйіне әсерінің ерекшеліктері [21], сонымен бірге еңбек шарттарының жұмыс істейтіндердің биологиялық қартаюының қарқынына әсері зерттелген [22].

Осылайша, әдеби дереккөздерді талдау адамның биологиялық ұйықтығын кристаллдау туралы ұғымның дамуы жағдайында оны ерте патологиялық күйлерді диагностикалауда қолдану мәселесі көкейтесті болып отырғанын дәлелдейді.Ауыз сұйықтығының қатқыл фазасы құрылымының өзгеруі көптеген аурулардың қосымша диагностикалық белгісі бола алады. Сондықтан бұл әдіс клиникалық медицинада, гигиеналық зерттеулерде айтарлықтай кең қолданыс тапқан. Бұл олардың арзандығымен, оңай орындалатындығымен, сондай-ақ жоғары сезімталдығымен және ақпараттылығымен түсіндіріледі. Сонымен бірге паразитарлық инвазия кезінде биологиялық сұйықтықтардың кристалдануын зерделеуге көптеген зерттеулер арналған. Сондықтан бұл бағыттағы зерттеулер өзекті болып табылады. Лямблиозды инвазия кезінде ауыз сұйықтығының кристалдану ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері тек диагностикалық мақсатта ғана емес, сонымен қатар жүргізілетін емдеудің тиімділігін бақылау үшін пайдаланылуы ықтимал.

2. Ауыз сұйықтығының кристаллограммаларын зерттеу әдістері

Емдегенге дейін және одан кейінгі паразитарлық инвазия кезінде биологиялық сұйықтықтың қатқыл фазасының ерекшеліктерін зертеу үшін еркін ағатын сілекей пайдаланылды. Көлемі 0,1 мл ауыз сұйықтығының бір тамшысы автоматты қылтамшуырмен (микропипеткамен) майы айырылған зат шынысының бетіне жағылып, Петри тостағанымен жабылады, 23-25ºС температурада, қатысты ылғалдылығы 60-70% қатаң көлбеу күйінде кептіріледі. Кептіру кезеңінің ұзақтығы 24 сағатты құрайды. Сілекейдің құрылымын зерттеу 40 және 100 есе ұлғайтылып, Микимед-5 оптикалық микроскопының көмегімен орындалады. Матрицасының рұқсаты 14 Мпикс UCMOS цифрлы окулярлы бейнекамерасының көмегімен кескіндеме монитордың экранына беріледі. Кристаллограманың бөліктері JPEG пішінінде 96 dpi рұқсатымен графикалық файл түрінде жазылады. Кристаллограммалардың талдамасы AdobePhotoshop графикалық өңдеуішінде жүргізілді.Кристаллограмманы сипаттау кезінде А.Б. Денисовтің ұсынымдары ескерілді [9].

3. Жұмыс нәтижелері және оларды талқылау

Лямблиоз кезінде ауыз сұйықтығының ерекшеліктерін бағалау үшін лямблиозды инвазиямен ауыратын 30 адамның кристаллограммасы тексерілген болатын. Салыстырмалы топ болып созылмалы аурулары мен ауыз қуысы аурулары жоқ мүлдем сау 30 адам алынды.

Сілекейдің негізгі түрі дендрит деп аталатындар немесе қаңқаның негізгі тармақтарымен және олардан тарайтын екінші және кейінгі қатарлардың тармақтарымен танылатын қаңқа кристаллдары болып табылатыны анықталған. Сілекейдің кристаллограммасында шеткі, өтпелі және орталық аймақтар ерекшеленеді (1 сурет). Кристаллограмманы сипаттаған кезде өтпелі аймақтың бар-жоғы, кристаллдардың ұзындығы, оларда екінші және кейінгі қатарлардың өсінділерінің бар-жоғы, өсінділердің ұшының нысаны, кристаллдардың негізгі осінің ені, типсіз пішіндегі кристаллдардың бар-жоғы ескеріледі.



hello_html_6455bed3.jpg



1 –кристаллограмманың шеткі аймағы; 2 – өтпелі аймақ; 3 –кристаллограмманың орталық аймағы.

1 сурет – Сілекейдің кристаллограммасы (4 × 10)

Лямблиозы бар адамдардың ауыз сұйықтығының кристаллограмалары анық білінетін шеткі, өтпелі және орталық аймақтардың болуымен сипатталады. Орталық кристаллдық аймақ тамшының көп бөлігін алады және дендриттермен толтырылған. Көп жағдайларда дендриттер тамшының бүкіл орталық бөлігін алып жатады, 25% жағдайда орталық бөлікте дендриттердің сирек орналасуы байқалады (2 сурет).

hello_html_7693429d.jpg

2 сурет Лямблиозы бар адамдарда (4 × 10) сілекей тамшысының

орталық бөлігіндегі кристаллдардың орналасуы

Кристаллограмманың орталық бөлігінің дендриттерінің ұзындығы 0,4-тен 1,3 мм-ге дейін, кристаллдың негізгі осінің ені – 0,01-ден 0,06 мм-ге дейін өзгеріп отырады. Үлгілердің 95% өтпелі аймақ анық байқалды. Барлық үлгілерде дендриттердің типті құрылымы болған: негізгі тармақтар мен екінші қатардың тармақтарыжақсы білінген, үлгілердің 80% үшінші қатардың тармақтары анық байқалған. Екінші қатардың тармақтарының ұзындығы 0,1-ден 0,8 мм-ге дейінді құраған. Көп жағдайларда кристаллдардың бүйірлік тармақтарының ұштары дөңгелек пішінді болған.

Лямблиозы бар адамдардың сілекейлері кристаллограммаларының тән ерекшелігіөтпелі аймақтың нашар көрінуі болып табылады. Үлгілердің 80% өтпелі аймақ сараланбаған немесе өте жұқа болған.

Лямблиозды инвазиясы бар адамдардың сілекейінің кристаллограммаларында әдеттегі дендриттерден бөлек кристаллдардың басқа пішіндері байқалады: қалың негізгі және бүйірлік осьтері бар кристаллдар, нашар тармақталған жіп тәріздес кристаллдар, ұштары қосарланған бүйірлік тармақтары бар кристаллдар, айқыш тәрізділер, папоротник тәрізділер, маржан тәрізділер. Зерттелетін топтың сілекейінің кристаллограммасындағы негізгі осі қатты қалың және қысқа өсінділері бар кристаллдар (3 сурет) 15% жиілікпен кездеседі.

hello_html_m2d78affa.jpg

3 сурет Лямблиозды инвазиясы бар адамдардың кристаллограммаларындағы негізгі осі қалың кристаллдар (4 × 10)

Лямблиозы инвазиясы бар адамдар сілекейінің кристаллограммаларында екінші қатардың тармақтары қалың кристаллдар (папоротник тәрізді кристаллдар, 4 сурет) осындай жиілікпен байқалады. Осындай түрдегі кристаллдар тамшының бүкіл орталық аймағын алған, кейбір үлгілерде қалың кристаллдармен қатар типтік құрылымды дендриттер де байқалады.

hello_html_m39fab2f5.jpg

4сурет Лямблиозды адамдардың папоротник тәрізді кристаллдары (4 × 10)

Адамдардың зерттелетін тобындағы сілекейдің кристаллограммасы үлгілерінің 20% айқыш тәріздес кристаллдар байқалды (5 сурет). Үлгілердің көпшілігінде айқыш тәріздес кристаллдар кристаллограмманың бүкіл орталық бөлігін алған.

hello_html_m135b0b9c.jpg

5 сурет Лямблиозды инвазиясы бар адамдардың айқыш тәріздес кристаллдары (10 × 10)

Лямблиозбен науқастардың сілекейінің кристаллограммаларында жіп тәріздес өрілген (маржан тәріздес) кристаллдар (6 сурет) салыстырмалы түрде сирек, үлгілердің 80% кездеседі.Маржан тәріздес кристаллдар әркез әдеттегі дендриттермен немесе айқыш тәріздес кристаллдармен бірге үйлестікте байқалады.

hello_html_5812af3f.jpg

6сурет Лямблиозды инвазиясы бар адамдардың жіп тәріздес кристаллдары (10 × 10)

Лямблиозды адамдардың ауыз сұйықтығы кристаллдарындағы бүйірлік тармақтардың ұштарының пішіні салыстырмалы топтағы осындайлардан ерекшеленді. Мәселен, үлгілердің 63% кристаллдардың бүйірлік тармақтарының ұштарынайза пішіндес болған (7 сурет), үлгілердің 10% кристаллдардың бүйірлік тармақтарының ұштарында қосымша өсінділері болған.



hello_html_m726615ba.jpg

7 сурет Лямблиозды инвазиясы бар адамдар кристаллдарының бүйірлік тармақтары ұштарының пішіні (10 ×10)

Лямблиозды адамдар тобындағы сілекейдің кристаллдарының ұзындығы кең көлемде 0,3-тен 2,4 мм-ге дейін өзгереді. Кристаллограммалардың көпшілігінде ұзындығы 0,7 мм аспайтын кристаллдар байқалады. Кристаллдардың қалыңдығы 0,01 – 0,09 мм аралығында құбылады, көп жағдайлардакристаллдардың негізгі осінің қалыңдығы 0,02 – 0,04 мм аспайды. Екінші қатардың бүйірлік осінің ұзындығы 0,02-ден 0,09 мм-ге дейін өзгереді. Кристаллдар үлгілерінің 70% екінші қатарының бүйірлік осьтеріндетек үшінші қатардың осьтері дамымаған ұсақ өсінділер байқалады. Мүлдем сау адамдар тобындағы және лямблиозды адамдар тобындағы сілекей кристаллдарының салыстырмалы сипаттамасы 1 кестеде берілген.

1 кесте – Салыстырмалы топтағы адамдардың және лямблиозды адамдардың сілекейінің орталық бөлігінің кристаллдарының сипаттамасы

Көрсеткіштер

Салыстырмалы топ (n = 30)

Лямблиозбен ауыратындар (n = 30)

Кристалограмманың орталық аймағындағы әдеттен тыс дендриттердің бар болуы

үлгілердің 5%

үлгілердің 58%

Орталық аймақтағы кристаллдардың ұзындығы, мм

1,10 ± 0,20

0,96 ± 0,15

Екінші қатардың өсінділері ұзындығы, мм

0,35 ± 0,07

0,33 ± 0,05

Екінші қатар өсінділеріндегі үшінші қатар өсінділерінің болуы

Үшінші қатар өсінділері бар кристаллдардың

80%

Үшінші қатар өсінділері бар кристаллдардың

30%

Кристаллдың негізгі осінің ені, мм

0,054 ± 0,01

0,042 ± 0,01

Өтпелі аймақтың көрінуі

үлгілердің 95% көрінеді

үлгілердің20% көрінеді

Өсінділердің ұшының пішіні

65% – дөңгелек

30% – доғал

5% – найза тәріздес

63% – найза тәріздес

10% – қосарланған

Кристаллдардың ұзындығының және екінші қатар өсінділерінің орташа мәндерінің, сондай-ақ салыстырмалы топтың адамдарының және лямблиозды адамдардың ауыз сұйықтығының кептірілген тамшыларындағы кристаллдардың негізгі осьтерінің ендерінің анық айырмасы жоқ. Сонымен бірге кристаллдардың және кристаллограммалардың морфометриялық белгілерінің салыстырмалы талдамасы лямблиозды инвазиясы бар адамдардың ауыз сұйықтығының кристаллдануының тән ерекшеліктерін анықтауға септігін тигізді. Мәселен, лямблиозды адамдардың ауыз сұйықтығының кристаллограммасының көбінде өтпелі аймақ анық байқалмады. Лямблиозды адамдардың ауыз сұйықтығының кристаллды қақтарының үлгілерінің жартысынан астамында кристаллдардың әдеттен тыс пішіндері байқалды: негізгі және бүйірлік осьтері қалың, айқыш тәріздестер, папоротник тәріздестер, маржан тәріздестер. Салыстырмалы топтағы құрылымы әдеттен тыс кристаллдар тек үлгілердің 5% байқалды. Лямблиозды адамдардың ауыз сұйықтығының кристаллдары үшінші қатардың бүйірлік осьтерінің болмауынан аз тармақталғандығымен ерекшеленді. Лямблиозды адамдардың ауыз сұйықтығының кристаллдары үшін бүйірлік тармақтардың найза тәріздес ұштары тән болды, ал салыстырмалы топ адамдарының кристаллдары үшін дөңгелек ұштар тән. Лямблиозды адамдардың ауыз сұйықтығы кристаллограммаларының анықталған ерекшеліктері жүргізілетін емнің тиімділігіне мониторинг жүргізу үшін пайдаланылатын болады.



Қорытынды



Биологиялық сұйықтықтардың қатқыл фазасының морфологиясын зерттеу түрлі патологиялық күйлердің диагностикасында өзекті бағыт болып табылады. Ақпараттылығы мен қарапайым орындалуы бұл әдісті сондай-ақ емдеудің тиімділігін бағалауға пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі сәтке кристаллографиялық әдістің көптеген созылмалы ауруларды диагностикалаудағы нәтижелілігі дәлелденген. Сонымен бірге паразитарлық инвазияның биологиялық сұйықтықтар кристаллдарының морфологиясына әсері мүлдем зерттелмеген.

Сілекейдің кристаллды қақтарының морфометриялық белгілерінің салыстырмалы талдауы лямблиозды инвазиясы бар адамдардың ауыз сұйықтығының кристаллдануының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Мұндайлар: айқын өтпелі аймақтың болмауы мен көптеген үлгілерде әдеттен тыс кристаллдардың болуы; дендиттердің аз тармақталуы; кристаллдардың бүйірлік осьтерінің найза тәріздес және тармақталған ұштары болып табылады. Сілекейдің кристаллды қақтарының мұндай ерекшеліктері тек лямблиозды диагностикалау мақсатында ғана емес, сонымен бірге лямблиозға қарсы емнің тиімділігін мониторингтеу үшін пайдаланылуы мүмкін.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Максимов С.А. Морфология твердой фазы биологических жидкостей как метод диагностики в медицине // Бюллетень сибирской медицины. – 2007. – №4. –80-85 беттер.

  2. Постнова М.В., Мулик Ю.А., Новочадов В.В., Мулик А.Б., Назаров Н.О., Фролов Д.М. Ротовая жидкость как объект оценки функционального состояния человека // Волгогр. ун-тінің хабаршысы. 3Сер., Экон. Экол. – 2011. - №1(18). –246-253 беттер.

  3. Мартусевич А.К., Камакин Н.Ф. Унифицированный алгоритм исследования свободного и инициированного кристаллогенеза биологических жидкостей // Клинич. лаб. диагностика. – 2007. – №6. –21-24 беттер.

  4. Шабалин В.Н., Шатохина С.Н. Аутогенные ритмы и самоорганизация биологических жидкостей // Бюл. эксперим. биологии и медицины. – 1996. – №10. –364 -371 беттер.

  5. Шабалин В.Н., Шатохина С.Н. Морфология биологических жидкостей в клинической лабораторной диагностике // Клинич. лаб. диагностика. – 2002. – №3. –25-32 беттер.

  6. Бузоверя М.Э., Сельченков В.Л., Сельченкова Н.И. и др. Математический анализ структур твердой фазы биологических жидкостей // Геронтология и гериатрия. –1шығ. – 2001. –55-60беттер.

  7. Шабалин В.Н., Шатохина С.Н. Морфологические маркеры старения биологических жидкостей человека // Геронтология и гериатрия. – 1шығ. – 2001. –62-71беттер.

  8. Барер Г.М., Денисов А.Б., Стурова Т.М. Вариабельность кристаллических агрегатов ротовой жидкости в норме // Рос.стом. журн. – 2003. – № 1. –33-35беттер.

  9. Денисов А.Б. Алгоритм оценки кристаллических фигур, полученных при высушивании смешанной среды // Бюлл. эскперим. биологии и медицины. – 2004. - №7. –37-40беттер.

  10. Селифанова Е.И., Барер Г.М., Мкртумян А.М., Денисов А.Б. Особенности кристаллизации компонентов ротовой жидкости у больных сахарным диабетом II типа // Бюлл. эксперим. биологии и медицины. – 2004. – №9. –345-347беттер.

  11. Селифанова Е.И., Иванов С.Ю., Мкртумян А.М., Денисов А.Б., Чачиашвили М.В. Кристаллизация компонентов ротовой жидкости у больных сахарным диабетом первого типа // Бюлл. эксперим. биологии и медицины. – 2005. – №1. –22-24беттер.

  12. Денисов А.Б., Барер Г.М., Стурова Т.М. и др. Кристаллические агрегаты ротовой жидкости у больных с патологией желудочно-кишечного тракта // Рос.стом. журн. – 2003. – № 2. –27-29беттер.

  13. Ремизова Ю.А., Тян Д.В. Кристаллография ротовой жидкости в диагностике патологии желудочно-кишечного тракта у детей // Материалы 68 итоговой научной конференции: Актуальные вопросы современной медицины. – ГОУ ВПО Дальневосточный государственный медицинский университет. – Хабаровск, 2011 жылғы 21 сәуір. –85-87беттер.

  14. Денисов А.Б., Пушкарь Д.Ю., Денисов С.А. Использование кристаллогенных свойств слюны для ранней диагностики рака предстательной железы // Бюлл. эксперим. биологии и медицины. – 2006. – №8. –208-211беттер.

  15. Мартусевич А.К., Камакин Н.Ф. Кристаллография биологической жидкости как метод оценки ее физико-химических свойств // Бюлл. эксперим. биологии и медицины. – 2007. – №3. –358-360беттер.

  16. Самбулов В.И., Шатохина С.Н., Зенгер В.Г. и др. Новый подход к диагностике холестеатомы среднего уха у больных различных возрастных групп // Геронтология и гериатрия. – 2001. –1шығ. –104-105беттер.

  17. Кислых Ф.И. Кристаллографические исследования в диагностике воспалительных заболеваний слюнных желез, слюнные железы, кристаллография // Перм. мед.журн. – 2003. – №2. –120-123беттер.

  18. Кислых Ф.И.  Использование кристаллографического метода исследования слюны в диагностике заболеваний слюнных желез // Рос.стоматол. журн. – 2002. – №5. –4-5беттер.

  19. Прудникова З. П. К вопросу об изменениях в кристаллической структуре слюны при заболеваниях полости рта // Материалы междунар. науч. конф.: Медицина и здравоохранение: – Чита: Издательство Молодой ученый. –2012 ж.қараша. –42-47беттер.

  20. Мартусевич А.К. Информативность исследования кристаллогенеза слюны спортсменов-лыжников в прогнозировании результативности их выступления // Вестник спортивной науки. – 2007. –4шығ. –27-32беттер.

  21. Гурьянова Н.О. Особенности кристаллизации слюны работающих при различных режимах труда // Проблемы гигиены и эпидемиологии в Сибири. – Кемерово, 2003. –21бет.

  22. Максимов С.А. Взаимосвязь темпов старения и показателей кристаллизации слюны рабочих на химическом производстве // Актуал. проблемы биологии. –Томск, 2004. –3т. – № 1. 147-148беттер.











Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Влияние эндогенной интоксикации при лямблиозе на морфологию твердой фазы ротовой жидкости»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 730 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 658
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимберлина Айдана Роллановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 740
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 45 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 316 человек из 67 регионов

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе