Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Вне класнная работа"Елбасы мақтанышым"

Вне класнная работа"Елбасы мақтанышым"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Тақырыбы:  Имандылық басты тәрбие.

Мақсаты:   1. Оқушыларға  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір 

                        заңдылықтарын білуге үйрету;

                   2. Адамгершілік қасиеттерге  бағыттай отырып, оқушының  

                       рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, 

                       дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;

                   3. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге 

                       тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.

Көрнекілігі:  нақыл сөздер, слайдтар.

Түрі: өнеге  сағаты

Әдісі: сұрақ-жауап,топтастыру, тренинг, жағдаяттық сұрақтар.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Шаттық шеңбері.  

Қайырлы күн, балалар!

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,

Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Мұғалім: 

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген  Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,                                  

Елінің соры болады- деген  Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Имандылық басты тәрбие» атты тәрбие сағатты бастайық.   

 3. Жаңа ақпарат

Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні  «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді.  Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды.

Абай атамыздың даналығы –адамдықты жақтайды.

Адам болам десеңіз...

Бес нәрседен қашық бол...,—

Бес нәрсеге асық бол, - деп  Абай атамыз айтқандай, адамның  ішкі рухани казынасының молығуы өз қолында.

Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық  мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.      

-Дәптермен жұмыс.

Имандылық қасиеттер

қарапайымдылық

сыпайылық

мейірімділік

кішіпейілділік

ізеттілік

адалдық

 4. Ойланайық пікірлесейік.

Ұлдарға сұрақ:

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің?  ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине 

сыртқы келбеті)

2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?   ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, 

бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай   кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие  қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

3. Қызға қандай қылық жараспайды?   (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені өтірік айтқаны)

4. Қыздарға арнап мақал айт.    ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер) 5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса, сыпайы, биязы  болса  )

Қыздарға сұрақ:

1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні 

сыйламайтыны)

2. Ұлдарға арнап мақал айт  (Атадан жақсы ұл туса,

Қар үстінде от жанар, 

 Атадан жаман ұл туса,

Ат үстінде ит қабар

Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)

3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл,адамгершілігі мол)

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің? ( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол  үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

5.  Ситуациялық жағдаяттар.

Елдостың қылығы.

Велосипедпен жарысып келе жатқан Елдос жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жарыстың аты жарыс, Елдос қарияның жолын кесіп өтеді. Елдостың қылығы дұрыс па, бұрыс па?  Сен қайтер едің? 

Бекіту. 

1 сұрақ.   Сіз автобуста отырсыз. Келесі аялдамадан  қарт  адам кірді. Бос 

                 орын жоқ. Не істер   едің?

2 сұрақ.    Көшеде  қарт  әже  құлап қалды. Сен не істер едің?

3 сұрақ.  Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз? Қандай әрекет 

                жасар едіңіз?

4 сұрақ.   Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сізден кейін егде тартқан қарт 

                   адам  келіп  тұрды. Қайтер едіңіз?

5 сұрақ.    Сыныптас екі құрбың театрда отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп, басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не айтар едің?

 6. Қорытынды.

Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбиеден не түйдік?

 Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.

7.Үйге тапсырма: Адамгершілік,имандылық туралы шығарма жазу.








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-489591

Похожие материалы