Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Видеоуроки / Вне классная работа "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" 8 класс

Вне классная работа "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" 8 класс



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

«Надек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





resize_mans

8 «а»сынып

/Ашық тәрбие сағаты/







Сынып жетекшісі: Д.Е.Самылтырова










2016 жыл

Тақырыбы:«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

Мақсаты: Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан- жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.

Тәрбиелігі: Оқушыларды поэзияны сүюге, Мұқағали жырларын, дастандарын, әндерін айта отырып, ақындыққа баулу, Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.

1-Жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті ұстаздар, оқушылар!

М.Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны. Біз бүгін сонау XХІ ғасырдың арман – қиялы ақ қарлы, Алатау жаққа

шарқ ұрған - асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-

биікке самғаумен келген ақиық ақын М.Мақатаевтың 85-жылдығына орай,

8а сынып оқушыларымен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты

ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

“М” дегеніміз-Мұқағалидың азан шақырып қойған есімі-Мұхамедқали
“Ұ”
дегеніміз- ұрпаққа ұлағатты ұлан-ғайыр жырларын Мұқағали
атамыз зор сеніммен аманат етті.

“Қ”
дегеніміз-Қарасаз ,яғни Мұқағалидың туған жері Қарасаз ауылы,

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты ауыл.
“А”
дегеніміз- “Аманат”, “Аққудың қанатына жазылған жыр”

кітаптарының авторы Мұқағали Мақатаев .
“Ғ”
дегеніміз-Ғасыр. Яғни Мұқағали Мақатаев “Ғасыр ақыны”.

Ғасырдан ғасырға өз оқырманын тауып , жырларын мәңгілікке қалдырған.
“А”
дегеніміз-Асқар Оразақын. Асқар-ақын , зерттеуші. Мұқағалидың

бар шығармаларын зерттеп ,4 томдық шығармалар жинағын құрастырушы.
“Л”
дегеніміз-Лашын,Мұқағалидың өмірлік жары . Шын аты

Ләсима Әзімжанова
“И”
дегеніміз-имандылық .Адамзатқа ең бірінші имандылық

керектігін Мұқағали “Дүние жүзі мұсылмандарына хат” деген өлеңінде жырлайды.


1-оқушы:

2-оқушы:

3-оқушы:


1-Жүргізуші: М.Мақатаев Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз аулында дүниеге келді. Ақын өзінің шынайы таланты, сырға толы, тұнық та мөлдір жырлары арқылы халықтың жүрегіне жол тапқан. Мұқағали мұрасы бүгінде туған халқының қажетіне жарап, рухани азығына айналып отыр. Қазақ жерінің Райымбек бабамыздай киелі әулие батыр өмір сүрген таңғаларлық табиғаттың саф ауасын жұтып, өзінің өр талантымен, ұлылығымен танылған Мұқағали туған жерін тамсана жырлайды.

4-оқушы:

5-оқушы:

6-оқушы:

7-оқушы:


1 -Жүргізуші: Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінің мүшесі, жеті жылдық мектептің мұғалімі болды.


8-оқушы:

9-оқушы:

10-оқушы:


1-Жүргізуші: М.Мақатаев Нарыңқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» қазіргі «Егемен Қазақстанда», «Мәдениет және тұрмыс», қазіргі «Парасат», «Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды.


11-оқушы:

12-оқушы:

13-оқушы:




1-Жүргізуші: М.Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ.Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұның, әке зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын.

14-оқушы:

15-оқушы:

би «Саржайлау»


1-Жүргізуші: Айналасына ақ жауындай нұрын сеуіп, тау суындай мөлдір, таза сыр ағытып, келер ұрпаққа ұлағатты еңбектерін ұсынды. «Дариға – жүрек», «Аманат», «Армысыздар достар», «Өмір – өзен», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Аққудың қанатына жазылған жыр» шығармаларымен жырсүйер қауымды тамсандыра баурағаны баршамызға мәлім.

16-оқушы:


1-Жүргізуші: М.Мақатаев поэзиясы талай жүрекке от берген. Оның жырлары оқырманмен бірге мұнайып, бірге шаттанады. Оның әр шумақ өлеңінен шындық пен ақиқат жеңісі үшін тауға да, тасқа да жар салған ақын жүрегінің үні естіледі. Туған елдің тұңғиық намысын, шыңдықтың шыңына ту етіп, қадамын нық басып, шындықты жырлаған.



17-оқушы: «Шеше сен бақыттысың»

18-оқушы:

1-Жүргізуші: М.Мақатаевтың сазды лирикалық өлеңдерін оқыған сазгерлер үлкен әсерде болады. Мұқағали өлеңдеріне көптеген әндер шығарылды. Бұл Мұқағали өлеңдерінің өте бір нәзіктігі. Сазгерді ән салуға жетелеп, өмірге талай тамаша ән әкелді. Мұқағалидың жырлары жастардың жүрегіне, халқының жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жарығы мен жылуын дарытуда. Оқыған сайын жаңа сырларын, сырлы саздарын төгуде.

М.Мақатаевтың өлеңдері, жыр-шумақтары ғасырдан-ғасырға жалғаса береді. Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына, жырсүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай, оның өлең-жырлары өлген жоқ.


19-оқушы:


1-Жүргізуші: Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-

Деп өзі айтып кеткендей, ақынның өлеңдері еш уақытта өлмейді.

Ұрпақтары Мұқағалиды ешқашан да ұмытпақ емес, ұлы ойшыл кереметтей көркем өлеңдерімен мәңгі жасай бермек.

Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, хақымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынымыздай сақтап, оқуымыз керек. Ол – біздің міндетіміз.


Қорытынды

1-Жүргізуші :
Көп адам дүниеге бой алдырған ,
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған .
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Олай болса хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың « Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты ашық тәрбие сағатымызды, М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңімен аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Видеоуроки
Просмотров82
Номер материала ДВ-461171
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх