Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Вне классный "қазақ хандығына 550 жыл" 8 класс

Вне классный "қазақ хандығына 550 жыл" 8 класс

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» 

Мақсаты:

Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихы мен таныстыру, қазақ жеріндегі  тұңғыш  дербес мемлекеттің жаулап алушылық  соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.

Дамытушылық:Өз бетінше қорытынды жасауға , өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.


Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.


Түрі: Пікіралмасу

Әдісі: Ой — қозғау

Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар, жиналмалы бетшелер.

Жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Кіріспе сөз.

  • «Қазақ елі» бейнеролигі

  1. Тарихқа үңілсек бөлімі.

  2. Қорытынды

Мұғалім сөзі: Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы —  Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Нұрсұлатан Әбішұлы Назарбаев. Биылғы жыл – қалың қазақты бір жасатып тастады. Армысыздар бүгінгі тәрбиелік шараға жиналған құрметті  ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі өткелі отырған тәрбиелік шара тақырыбы  — «Қазақ хандығының  құрылуы». Осы ерекше датаның  бүгінде маңызы зор. Бүгінгі шара Дүбірлі тойдың өз деңгейінде атап өтілуі  үшін бізідің қосқан үлесіміз болып табылады.


1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен студенттер. Биылғы 2015 жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. 

2-жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасап, бастарын біріктіру Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді. 
Рухы мен тілін жанындай сүйген, 
Адамдар неге санаулы? 
Ұлт үшін дәуір отына күйген, 
Аталар болды алаулы. 
Армандай асқар, 
Жолдарға бастар, 
Ісіңнен ұрпақ от алар. 
Қалмайсың көштен, 
Шықпайсың естен, 
Тағдыры шыншыл аталар. 
1-жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды. 
Көрініс "Сұлтандар кеңесі". Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/ - Ассалаумағалейкум, ағалар. - Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер. Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен? Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді. Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін. Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді? Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік. Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз. Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз. Керей: Жолыңды Алла қолдасын, Жаманшылық болмасын. Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы, Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы. Барған жерде құшақ жая қарсы алсын Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы. Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын, Көңілің шат, ат - көлігің арымай, Отбасыңмен аман - есен табысқын. Әумин. 1 - жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды. 2 жүргізуші:- Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек. Оқушы: Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.» Оқушы: М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.» 870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары. 



2-жүргізуші:1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыта қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды. Суы мол, топырағы құнарлы, жер жанаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды. 
1- оқушы: 
Біз қазақпыз! 
Ежелден-ақ қазақ болып аталған 
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң. 
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от 
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан 
Біз қазақ ежелден-ақ ел боп келдік, 
Ел қорғауда жасадық сан мың ерлік 
Болашақтың атар деп жарқын таңы 
Ұрпақ үшін тозақтың отын көрдік 
Қалмаққа барлық қазақ қарсы тұрды, 
Бас қосып хан мен билер ақыл құрды 
Орыс, қытай, қалмақтан аман шығар. 
Ұлт тағдырын ойлайтұғын күн туды. 
Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек 
Халық баға береді әділ хан деп 
Бар қазақтың алғашқы ханы болған 
Керей ханның билікте аты ерек. 

2 - оқушы: 
Шайбани Әбілқайырға сақтама кек, 
Ұлы көшті бастады Керей, Жәнібек 
Болашақты бастаған оны өзгерткен 
Ұрпақтары ұлыларға табына бермек. 
Батыстан шекара Жайықтан қайтты, 
Ұлы Қасым хандықтың жерін ұлғайтты. 
Тәукенің заманында дана халқымыз 
Алтын ғасыр болады деп тауып айтты. 
Мәмілеге көреген хандар тұсында 
Қазақ жері кетпеді жау уысында 
Керісінше, Мәскеумен көрші елдермен 
Қарым-қатынас орнатты Қасым тұсында. 


3- оқушы: 
Хандардың қайсысын айтпасақта бүгін 
Аспанда бұлт тарқап ашылды күн 
Олардың ерліктерін мәңгі жырласаң 
Мәңгілік ел болуға лайықпыз, мүмкін 
Қосқолан тауында жау әскерімен мол 
Жеңіске сеніммен бастап келді қол 
Он есе көп жауға тойтарыс берді 
Салқам Жәңгір, батырлар, Орбұлақта сол 
Ол хандар мәңгілік қалды тарихта 
Ол хандар қалмады қиыннан ықта 
Әліде тереңірек зерттесек тағы 
Ашылады тарихтың қарасы ағы 
Қазақтың хандары мәңгілік мақтаныш 
Халқының ерлігінен алып жігер-күш 
Олар заңгер, саясаткер, олар қолбасшы 
Халқын біріктірді, жүзге бөлмей үш. 

1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс 
Біздің жаққа келген екен жылы ағыс 
Хандық құрып жеткен екен мұратқа 
О, халайық ,құтты болсын қуаныш! Келесі кезекте Хор: "Елімменің" 

2-жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата-баба рухына 
Үлгі бізге аталардың ерлігі 
Ұлағаты өнегесі еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары 
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі 
Би: Қара жорға
1-жүргізуші: Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес.Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыздың аманаты. Ұшқан құстың қанаты талатын, қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен алған. 
4- оқушы: 
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, 
Ұранға Алаш деген атты аламын 
Сүйгенім қазақ, өмірі өзім қазақ, 
Мен неге қазақтықтан сақтанамын? 
Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық 
Арасын қоныс қылдым ірге жайып. 
Елім, жерім қорғайтын ерім болып, 
Ер жеттім ен далада лықа тойып. 
Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен, 
Бір кезде Еуропаны тітіркенткен 
Кіргені есік, шыққаны тесік болып, 
Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен 
Кешегі хан Шыңғыстың ұрпағына, 
Талай царь, талай княз тәжім еткен 
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, 
Ұранға Алаш деген атты аламын 
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ 
Мен неге қазақтықтан сақтанамын. 

5 - оқушы: 
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер 
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер 
Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде 
Ойын–ойнап, шыбын–шіркей қуған жер. 
Жаратылдым топырағыңнан, сен–түбім 
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан–тәнім 
Сенен басқа жерде маған қараңғы, 
Жарық болар Шолпан, Айым, сен–күнім 
Тәтті суың дәмі аузынан еш кетпес 
Қалың нуың, қыр суыңа жер жетпес 
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы 
Жазу болып адамзатқа ер жетпес 
Балақ түріп, қозы қуып, жарысып, 
Батпағыңда тең құрбымен алысып, 
Түнде – ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз 
Үйретем деп асау тайға жабысып. 
«Адам басы – Алла добы» деген рас 
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас 
Кім біледі, мен де шетке кетермін 
Туған жерім, сені тастап басым жас. 

6 - оқушы: 
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген 
Намысын қолынан ешкімге бермеген 
Тұс-тұстан анталап көз сүзген жаулардан 
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған. 
Төрімде жерімнің байрағым желбіреп, 
Тұп-тұнық тұрады аспаным мөлдіреп 
Қазақтың тілері ата жол салтымен 
Достасу, танысу әр елдің халқымен 
Қонақжай халқымыз, жомартпыз, дарханбыз 
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз 
Таныған жұмыр жер алаштың баласын 
Қазақтың елімен даңқты даласын 

7 - оқушы: 
Еркіндігім 
Қасиеттім 
Қастерлім 
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! 
Кеше сенің келбетіңді арман ғып, 
Боданына бұғауландық басқа елдің. 
Бабалардың басын тігіп бәйгеге, 
Аналардың жанарына жас бердің! 
- Уа, Еркіндік, қош келдің! 
Өзегімді өртке ораған қоғамда, 
Өз үйіме өзім өгей болам ба?! 
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш 
Азаттығым! Қадіріңде жоқ онда! 
... Саған жету қиын болса қаншалық 
Сақтап тұру қиынырақ одан да! 
Алла берген азаттықтың әр сәті- 
Аманат қой 
Маған, 
Саған, 
Оған да! 
Уа, Еркіндік! 
Құның немен өлшенді?! 
Сені көксеп 
Боздақтарым өлсе өлді! 
Сенің, менің ең ғажайып өлеңім, 
Ең шуақты, 
Ең шырайлы, 
Ең шерлі! 
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын – 
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі! 

2-жүргізуші:Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па 
Өз-өзінен жүрегім ән салады. 
Монолог: Сүйеубаева Г. 
1-жүргізуші:Азат өлкем күндей күлген шығыстан 
Асыл елім жан жүректі ұғысқан 
Ата-бабам аңсап өткен бақытым 
Айналайын, байтақ елім Қазақстан! 
Ән: Алға Қазақстан 
2-жүргізуші: Осымен қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған Қазақ мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын болсын.Қош сау болыңыздар.










































Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады. (Жүргізушілердің суырып салу қабілеті болғаны дұрыс)

Жігіт:  Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!

Қыз: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

Жігіт: Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.
 

Қыз: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде - әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.

Жігіт: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Жылқы жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры ... ортаға шақырамыз! (7 минут)

Қыз: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін,

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек. .... орындауындағы ... (Жаңа жыл тақырыбында) әні. Қарсы алыңыздар!

Ән орындалады (4 минут)

Жігіт: Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдың бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар.

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар,

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Уа, халайық той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық Жылқы жылын

Ұзатып сап Жыланды!

Қыз: Жылқы - қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне етене жақын тамырлас та, тағдырлас айтылады. Жылқының қазақ тарихында алатын орны ерекше. Шетсіз – шексіз далада адам жаяу ұзақ жүре алмайды, ал астында аты бар адам қашқанда құтылып, қуса жетіп тіршілік етеді. Сол себепті қазақтың «Жылқы – ер қанаты» деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын көрсетеді. 

Жігіт: Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні соншалық, «қазақ жылқы мінезді» деп өзінің мінез-құлық, бітім – болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет, әрі бұл қазақтың осы түлікке деген аса жоғары құрметінің белгісі.

Қыз: Ұшып жүру үшін де

Жаралған бұл мүсін бе?!

Сезімталы осы мал

Төрт түліктің ішінде.

 

Сақтаған ғой ол бұрын

Батырлардың ғұмырын.

Жер түбінен естиді

Жау мен жылқы дүбірін.

 

Қайран жылқы!

Бұл әлі -

Қасиеттің бұлағы.

Тұяғымен естиді,

Естімесе құлағы!

 

Жігіт: Оларға да керегі

Жылы лебіз дер едім.

Кім бар, кім жоқ артында

Бұрылмай-ақ көреді.

 

Керек сенің еліңе,

Құлын байла желіге.

Кірпияз да талғампаз

Суың менен жеміңе.

 

Тұлпар болар бір құлын

Неге татыр

Біл құнын!

Үлкен жүрек жоқ малда

Жүрегіндей жылқының!

Ән: "Жаңа Жыл"

Жігіт: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Жылан жылы еліміз талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар алтын ұя мектебіміз де өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді.(2013 жылғы мектептің жетістіктері баяндалады) (8 минут)

Қыз: Әр сыныптан бір-бір оқушыдан ортаға шақырып, Жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келуге жұмасасақ қалай қарайсыздар? Аяз ата мен Ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, кешіміздің басты қонақтарын бірге алып келесіздер деген үміттемін. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 15 минут уақыт беріледі. (Оқушыларды шығарып жібереміз). Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт, достар. 

Жігіт: Ендеше барлықтарыңызды мерекелік кештің керемет би алаңына шақырамыз!

Жалпы би (10 минут)

Жігіт: Рақмет, достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің достарымыздың межелеген уақыты да таяп қалды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен? (Іздеп кеткен оқушылар келеді. Біреуі айқайлап айтады)
Қыз: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше? 
(Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмын!)
Жігіт: Мінекей, біздің көптен күткен қонақтарымыз да келеді. Олай болса, орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
Қыз: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық. (Аяз Ата мен Ақшақар кіреді)

hello_html_m27e3ffd7.jpg

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4-пен 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
(Шырша жанына орналасқан арнайы үстелге отырып, мерекелік шыршаны күтпеген сәтте жағады).
 

Жігіт: Қош келдіңіз Аяз Ата,
Қарсы аламыз орын беріп.
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.
 

Қыз: Ортамыз нұрға толып, 
Төрт құбыламыз түгел болды.

Жігіт: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар. Ендеше келесі кезекті әр сыныптың әзірлеп отырған ерекше нөмірлі мерекелік кештегі қойылымдарына берейік.

Қыз: Олай болса, кешіміз одан әрі жалғасын табады. Ортаға 8 сыныптың жас таланттарын шақырамыз!

Жігіт: Биіктерге құлаш сермейді,

Шарықтап көкке өрлейді.

Өтсе де қанша ғасырлар,

Халық мұрасы өлмейді. Кешегі сайын дала төсінде қырандай самғап, еркіндікте өмір сүрген бабалар мирасы - халық биі Қара жорға қарсы алыңыздар!

hello_html_3dbaf6e7.jpg

"Қара жорға" биі (Барлық сыныптар қосыла)

Жігіт: Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп бүгінде үлкен сахналарда өз өнерін халқына паш етіп жүрген 9 сынып оқушысы ... микрофон ұсынамыз!

hello_html_2dcadd00.jpg

Ән: Мерекелік ән орындалады

Қыз: Ақынбыз асау - біз деген,

Өмірден сәуле іздеген.

Қызыл көйлек кигенім,

Қызылға құмар қыз деген, - деп ақындықтың биігіне ұмтылып қара өлеңнің қадірін жастайынан біліп өскен кешегі өткен ұлылардың ұрпағы, асылдың сынықтарының қаламынан туған жырын жалғастырар 10 сынып оқушыларының өз арнау жыр-шумақтарына кезек берейік!

Өлеңдер оқылады

Жігіт: Сыр қалмасын көңілде ақтарылмай,

Бақытын өз елінде тапқан ұдай.

Тай құлындай жарысып бірге өскен,

Балауса балалықтың шақтарындай, - демекші мектеп өмірінен театрландырылған қойылым! (11 сынып, "Менің мектебім")

Жігіт: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. Сізге салфеткадан қар суреттерін қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі қар суретін қиған ойыншыға сыйлық беріледі.

(Аяз Ата өз сыйлығын береді)

Жігіт: Ал, халайық, тұрмайық 
Әндетейік, жырлайық 
Ортамызды ашайық 
Ырыс тілеп бұл жылға 
Жырдан шашу шашайық!
Ән орындалады

hello_html_6053b8da.jpg

Қыз: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер құраған жұп бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз.

Жігіт: Ал енді ойынды бастайық. Сұрақтарды оқиық.
Ойын шарттары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек. 
2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап, жылы сөздер айту керек.
3. 7,8,9 санының көбейту кестесін айтыңыз.
4. Қоянның қимылын келтіріңіз.
(Ойын біткен соң)
Қыз: Мына сандықта әртүрлі сөздер бар. Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!
Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман 4. Қар

Би: 1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі 4. Ча-Ча-Ча

Жігіт: Ендеше келесі ойынымыз "Бірнеше сағыз шайнап Жаңа жылға тілек айту" деп аталады. 

Ақшақар: Балалар барлығыңыз да өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік. (Орындарына отырады)
Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, 
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Аяз-Ата: Қош, сау болыңдар, балалар!

hello_html_m18e3e91b.jpg

Қыз: Аяз ата мен Ақшақарды суретке түсуге шақырайық!

hello_html_17270560.jpg

Жігіт: Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салдық, ендігі кезекте Жаңа 2014 жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез де келді. Бүгінгі кештің қонақтарына бір-бір жапсырмадан беріп шығамыз. Бұл жапсырмаларды қыздар осы кеште ұнатқан жігіттеріне, ал жігіттер ұнатқан қыздарына жапсырады. Ең көп жапсырма жинаған жігіт пен қыз Жыл Ханзадасы мен Ханшайымы атанады. Ал қазір жапсырмаларды тарата берейік.

Ән қойылып, би билейді. (Ханзада мен Ханшайым анықталған соң)

Жігіт: Сонымен бүгінгі кештің Ханшайымы ... ал Ханзадасы ... Қане, қошемет білдірейік.
Қыз: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, 
Жігіт: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
Қыз: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп.
Жігіт: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын! 
Қыз: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. 
Жігіт: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!





































1 — жүргізуші: Мағзұм
— Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2 — жүргізуші: Камила
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер.
1 — жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2 — жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1 — жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2 — жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1 — жүргізуші: Байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой.
Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?
2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар.
Қане ашып көрелік., қане сен ашып көр.
1 — жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде қаптың
аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші:  Жарайды, мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
/ Шырша түбіндегі қапшықта ұялы телефон жатады. Телелфон шырылдап қоя береді./
1 — жүргізуші: Алло бұл кім екен?
 
/Телефонның ар жағынан дауыс естіледі. /
—          Алло ,Мағзұм, Гүлшат, мынау есікті аша алмай тұрмыз. Мерғалым ағай кілттін де бермей жатыр. Есікті тек ғажайып шырша ғана аша алады.
—          Қалай ?
—          Шырша түбінде ұстаздарға арналған сұрақтар бар.Сол сұрақтарға олар жауап айтқан сайын,есік ашылады екен. Оны бізге Тұрсын апай айтты. Тездетіңдерші біз мерекені бастауға асығып тұрмыз!!!
—          Жарайды, жарайды, біз қазір бастап жібергенбіз.Сіздерді де ішке кіргіземіз!
—          Гүлшат, ендеше апайлар мен ағайларды ортаға шақырып, тездеп сұрақтарға жауап алайық.
/шырша түбінен сұрақтар оқылған сайын бір –бір сыныптан кіре береді/
1 сұрақ:  Дидар ағай сіздің  тұрғыңыз келетін материк қайсы?
Жауап :————————————————————————————————
Сізде   оқушыдан тұратын сынып қай сынып?
Жауап: 7  «А» сыныбы
/  7  «А» сыныбын Дидар ағай жариялап ортаға шақырады.  7  «А» сыныбының оқушылары қуанышты көңіл-күймен шырша маңына жақындайды/
2 сұрақ: Гүлбаршын апай сіздің сүйіп тыңдайтын әніңіз қай ән? Сол әннен бір шумақ орындап беріңізқші келесі сыныптың ішке кіруіне көмек беріңізші!
Жауап:————————————————————————————————————
—          Апай  Сізге  тәтті торт  сыйлаған  қай сынып?
Жауап:———————————————————————————————————-
/  7  «Ә» сыныбын Дидар ағай жариялап ортаға шақырады.  7  «Ә» сыныбының оқушылары қуанышты көңіл-күймен шырша маңына жақындайды/

2 жүргізуші: — мынау тағы не болды екен?Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып   тұрмын.
1 — жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Біз бағанағы сияқты былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде  қаптың   аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші:  Жарайды, мен келістім. Ендеше бастасақ, бастайық.
Клоун1: Сәлем саған, туған ел!
Клоун2: Сәлем, сәлем достар!
Клоун1: Жаңа жыл құтты болсын! Сіздермен көңілді мереке кешін өткізуге келдік. Қалай қарайсыңдар!
Клоун1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Солай ғой достар!
1 — жүргізуші: — жә, жә  қандай қызықтарыңыз бар!

  • Клоун1: Біз сіздерге жұмбақ жасырамыз!

Клоун2:            Қатал емес, мейірімді.

Қатты емес, әділетті.

Қыстай қатты суық емес,

Тілегі ыстық, тәп — тәтті.

(Мектеп директоры)

2 – жүргізуші:  Дұрыс айтасыздар!Құрметті жамағат “Жақсы сөз — жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы  Дүйсебаева Р.М.  береміз.

1 – жүргізуші: Қош келдің, Жаңа жылым,

Көп болар жаңалығың

Саған жыл бақ сый еттім.

Жаңа нұр күттім, досым,

Жаңа жыл құтты болсын!

Жылқы  жылы: Туғызар айды бүгін

Әр күнім айбынды күн

Күлімдеп нұр шығады

Әкеліп бейбіт күнді

Ешбір жан болмас мұңды

1 – жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі

Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.

Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі

 

Клоун 1: Достар, сіздердің көңілдеріңді жақсы тілек бір көтерсе, біздің әнімізбен тағы да бір көңілденіп алайық. Ендеше ортаға барлық ұстаздар мен шәкірттер қатар тізіп тұрасыздар.Бастадық!

 

/ 2 клоун оқушыларды ГАнгНам Стайл әніне билетеді. Барлық мұғалімдер мен оқушылар бірге флеш моб билейді/

1 жүргізуші -:- Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,

Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!

2- жүргізуші: — Жаңа жыл – Жылқы  жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

1 жүргізуші:- Камила  біз осы бір нәрсені ұмытып кеттік қой!

2- жүргізуші: —  Нені ұмыттық!

жүргізуші :-Осы біздің сынып жзетекшілеріміз қайда екен, сен оларды көріп тұрсың ба?

2— жүргізуші: —  Ия, ия, мен де оларды таппай тұрмын? Балалар апайларымыз қайда?

1 жүргізуші  — Ия , олар жаңа жылдық шыршаға дайындалып жүреген болар?

2— жүргізуші: — Ой мынау Белоснежка  ғой. Апай сәлеметсіз бе? Жаңа жылыңызбан?

—          Ия, Сіздерді де, жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.

—          Но, ваши учителя, у меня на работе.

—          Как у Вас разве есть работа.

—          Да, да, у меня частная школа в котором учатся мой ребята. Ваши учителья  работают там.

—          А что нам сделать что б Вы их отпустили.

—          Хорошо, у меня к вам задания. С каждого класса 7 гномов. Они должны пробежать эстафету. Они все должны покозать как учать физкультуру. Если все будут занимать первые места, Я позову и учителей и Деда мороза.

—          Хорошо, мы согласны! Да , ребята!!!

/Эстафеталфқ ойындарды  алдын ала дайындалған 7 гном бастайды. 1 болып, 7А мен 7Ә жарысады.Содан соң 7Б мен 7В жарысады.Ең соңында, Барлдық сынып та бірінші болды деп саналады/

—          Все прекрасно покозали себя, Всем на Новом году здоровья, счастья и любви.А теперь позовем учителей. Даригул апай,Алия апай, Айгуль апай, Лаззат апай!!!

/ Барлығы Жаңа жылдық маскарадтық киіммен келу керек./

—          Ребята давайте теперь потанцуем Носа-носа все вместе.

/ Флеш моб  барлық сынып оқушылармен бірге,/



1-Жүргізуші:

 

Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып

Дастарханды отырмыз саған жайып

Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Келген сайын көңілді өсіресің

Ұлы болсын бастаған осы көшің

Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен

Қазақ деген халықтық несібесін!

 

2 жүргізуші: —  Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын !

1-Жүргізуші: — Балалар біздің шыршаның Аяз атасы келді!

Даригул апай:  -Бірақ оны Ақбөпе апай менің шартымды орындасаңдар беремін деп жібермей жатыр екен.Орындайсыздар ма?

—          Ия, ия!!!

—          Ақбөпе апай біздің мерекеге қош келдіңіз. Ақ тілегіңізбен бірге , өз шартыңызды айтып берсеңіз. Балалар Аяз ата мен Ақша қарды сағынып қалды!

Ақбөпе апай: — Сәлеметсіздер ме? Сіздерді Жаңа жылмен шын ниетпен құттықтаймын!

Менің шартым. Әр сынып тамаша топтық би көрсетулері керек. Ал оны билеу мына қағаздағы жазылған би түрлерін таңдаудан басталады.

1 лезгинка, 2 қара жорға, 3 орыс биі, 4 ұйғыр биі.

/ Балалар кезек – кезек билейді/

Ақбөпе апай:— Ал балалар, сіздер өте талапты, өнерлі екенсіздер.Енді менімен бірге Аяз атаны шақырып алайық!!!

-Аяз ата, Аяз ата……..

/Аяз ата келмей қояды. Сонда Ақбөпе апай сөз алады/

Ақбөпе апай:

—          Балалар Аяз ата өте алыста, сондықтан оған тек сиқыр ғана жетпей тұр. Ендеше сіздер көздеріңізді қатты жұмып іштей тілейсіздер.Содан соң, мен сиқырлы таяқшамен оны алып келемін.Жарайма ?

—          Ия, ия, ия….

—          Сіздер 1   2  3  деп көзді жұмып қатты дауыстап айтыңдар.

—          1   2   3

/Осы кезде алдын ала дайындалған үлкен қорапты тұрған Аяз ата ммен Ақша қар жарылғыш фантикті атып кеп жібереді де, қораптың ішінен шығады./

Аяз ата: — Сәлем балалар!!!

Оқушылар – Сәлеметсізбе!!

—          Бізді  күтіп қалдыңдар ғой!

—          Ия,ия

\Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді/

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.

Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?

Ақшақар Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!

Қарашы, біз тойға келдік!

Кәне, балалармен амандасайық.

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер

/. Ақшақар басын көтермей тұрады/.

Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!

/Аяз Ата оны жұбатып тұрып/

—          Қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын немесе балалар өө өнерлеріңмен шаттарандырып жіберіңдерші!

Ән орындалады.

Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

1 жүргізуші:  Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

2Жүргізуші:Бір жерде жатқан болар, жаңа мыстан ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.

/сол кезде жылан жылы келеді де,  сиқырлы таяқты тауып алағанын айтады./

Аяз Ата: Жарайсың, ескі жыл, Жылан досым! /бетінен сүйеді/

1 жүргізуші:

—           Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық.

/Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршаны жағады/

1 жүргізуші:  Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда — жаңа жыр.

шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Аяз Ата:

—          Мен сіздерге осы мерекенің белгісі Жаңа жылды ала келдім. Қарсы аласыздар ма!

—          Ия,Ия…

—          Ендеше маған өнерліріңді көрсетесіздер!!! Келісесіздер ме!!!

—          Ия, ия…

/Сыныптардың концерттік бағдарламасы жүргізіледі.Алдын ала сйенарий жасалуы тиіс.Сыныптар араластырылып, бірінен соң бірі өнер көрсетеді. ЮБарлық жұрт бір шетке тұрады. Оқушылар алдын ала дайындалған сахна төріне шығып, өнер көрсетеді.Бағдарлама біткен соң, шырша той ары қарай жалғаса береді/.

—          Жарайсыңдар бүлдіршіндерім, енді сіздерге Жаңа жылды шақырып берейін.Сіздер менімен бірге дауыстаңдар жарай ма! Жаңа жыл, Жаңа жыл,……

—          Сәлем балалар!!!

/Өлең жолдарын авансахнада оқылады.Музыка ойналады/

Қуанатын шақ болсын,

Достарымыз ақ болсын.

Бізге келген жаңа жыл,

Құт береке бақ болсын!

Аяз Ата:Жарайсыңдар балаларым! Жаңа жылды араларыңа қосып, көңілім шаттанып  қалды.Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

(қолдарын бұлғап шығып кетеді)

1 жүргіуші:Аяз ата сізге көп-көп рахмат. Біз сізді келесі жылы тағы да күтеміз.Қош сау болыңыз!!

Балалар: — Сау болыңыз !!!

2жүргізуші:

—          Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл

Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!…

 

1 жүргіуші:

Армысың, аманбысың Жаңа жылым.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Жылқы  жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

 

/Әрі қарай кеш би мен жалғасып, 2-3 бимен кеш аяқталады/

 

2жүргізуші:-Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар Жаңа жылда Сіздерге бақыт, табыс, оқуда алғырлық, тапқырлық ,еңбекте табыстар тілей отырып Жаңа жылды күтіп алу кеші осымен аяқталады.Келесі кездескенше хош аман сау болыныздар!


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров89
Номер материала ДВ-461197
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх