Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Вне классный меропрятие на тему "Қош бол,аяулы Әліппе"

Вне классный меропрятие на тему "Қош бол,аяулы Әліппе"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



Белоградов орта мектебі КММ












«Қош бол, аяулы Әліппе!»










Бастауышсыныпмұғалімі:

Тенсел Марта.
















2012-2013 оқу жылы


Ертеңгіліктің мақсаты:

Оқушылардың сауат ашу бөлімінен алған білімдерін тиянақтау, білімдері мен өнерлерін ата-аналар мен ұстаздарға көрсету. Эстетикалық талғамдарын тереңдете отыра, көпшіліктің алдында өздерін ұстай білуге, өзін-өзі басқара білуге тәрбиелеу.

Ертеңгіліктің өтілетін орны: акты залы

Ертеңгіліктің жабдығы: слайдтар, музыкамен жабдықтау, залды безендіру, шарлар, т.с.с

1-слайд

(Залда әсерлі музыка орындалып тұрады. Мұғалім ата-аналар мен мұғалім, қонақтарды қарсы алады,)

2-слайд

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Ғылымменен ұласқан,

Жас балаға нұр шашқан,

Әліппе – кітап тіл ашқан,

Бар білімнің бастауы.

3-слайд

Құрметті ата-аналар мен ұстаздар, қадірлі қонақтар! 1желтоқсан - тұңғыш президент күні қарсаңында өткелі отырған «Қош бол, аяулы Әліппе» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер! Өмірдің сан белесінің бірін артқа тастап, алғашқы оқулықтары әліппемен қоштасқалы тұрған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

(Музыканың үнімен мұғалім оқушыларды сахынаға шақырады.)

4-28-слайд

1.Ералы Айсұлтан

2.Анурбек Али

3.Серікбай Нұралы

4.Нұрлан Айшабибі

5.Аманова Айнеля

6.Хасымханов Алихан

7.Уалиханов Бекзат

8.Абильмажинов Даниал

9.Ермек Жалғас

10.Файзоллаева Дильназ

11.Айтжан Сабина

12.Дүйсенбай Шыңғыс

13.Мәлікұлы Мұрат

14.Қатыран Рахим

15.Шарапиденов Думан

16.Қасым Нұрай

17.Шуақбаева Сабина


18. Абай Дінмұхамед

19. Уразов Даниал

20. Байсейт Аружан

21. Исенбаева Дильназ

22.Бектенбаев Даулет

23.Канапинов Нұрсат

24.Шоманова Камила

25.Искакова Жанель


1-музыка. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні

29-слайд

Мұғалім:

Кешегі сәби балаңыз

Жарады міне қараңыз

Ғылым, білім жолына

Енді қанат қағамыз

Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар ұрпағымызды белі бесіктен шықпастан бастап жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын себу бүгінгі біздің – ұстаздардың, ата-аналардың міндеті. Ана тілінің ғажайып, әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді жетелейтін, өз тілін оқып үйренуіне, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын - Әліппе оқулығы. 42 әріптің сырын ашып, оқу мен жазуды үйреткен де - Әліппе. Бүгін осы қасиетті кітаппен қоштасқалы тұрсыңдар. Сендерді ғылым мен білім жолындағы алғашқы қадамдарыңмен құттықтай отыра сөз кезегін өздеріңі берейі. Ералы Айсұлтан шығып кетеді.

30-слайд

Сабина: Мұрат, мен бір түрлі жүрексініп тұрмын.

Мұрат:Неге жүрексінесің?

Сабина: Қонақтар өте көп, сөздерімді ұмытып қалатын сияқтымын.

Мұрат: Келген қонақтар өзіміздің ата-аналар мен құрметті ұстаздар ғой. Қорықпа, қасыңда мен тұрған жоқпын ба? Бастай бер.

Сабина: Армысыздар, ардақты аталар мен қымбатты аналар!

Мұрат: Хош келіпсіздер, аяулы ұстаздар!

Сабина: Бізге қызыға қарап отырған іні мен сіңлілер!

Мұрат: Баршамызға мереке құтты болсын!

31-слайд

Сабина:Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?

Оқушылар: Болашаққа жол бастар

Ол сүйікті әліппе.

Мұрат: Олай болса балалар, ең басты кейіпкеріміз – «Әліппені» зор құрметпен ортамызға шақырайық.

Оқушылар: Әліппе-әліппе-әліппе

32-слайд

Әліппе: (Айсұлтан) Армысыңдар, жас достар! Білім деген ғажаптың

Армысыздар, ата-ана! Әліппесін меңгерген,

Болашаққа жол бастар Келешегі қазақтың

Әліппең келді ортаға Басталады сендерден.

Сабина: Аяулы әліппе хош келіпсіз, сіз бізді көп нәрсеге үйреттіңіз. Енді отырып біздің өнерімізді тамашалаңыз. (Әліппені таққа отырғызады)

33-34-слайд

Мұрат: «Ертегілер» әнімен алдарыңызда Аружан. Қарсы алыңызхдар!


2-музыка «Ертегілер әлемі»

35,36,37-слайд

1-оқушы: (Камила)

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

2-оқушы: (У.Даниал)

Әр күнім алып келер жаңалықты,

Тоқимын, оқып, біліп жаңа әріпті,

Ұстазымның тынымсыз еңбегімен

Жаным да сағат сайын жаңарыпты.

3-оқушы: (Ф.Дильназ)

«А»-ны айтқанда дауысым дірілдеді,

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын, айырып буынды енді.

4-оқушы: (Айсұлтан)

Жүректерге сүйікті ең бір жақын,

Абай деп атамның атын жаздым.

Жатқа жазып ата-ана есімдерін,

Күнім бұл бірінші рет мақтанатын.

5-оқушы: (Ш. Сабина)

«Әліппе» даңғыл жол ашты.

Жаңадан пәндер жалғасты.

«Әліппе» сырын ұқтырған,

Рахмет,Ұстаз алғашқы.

6-оқушы: (Думан)

Бізді үйреткен білімге жалықпастан.

Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз-шәкірт, біз-Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.


38-слайд

3-музыка «Балапан»


7-оқушы: Даулет

Алғашқы оқу құралым

Әліппе білім бастауы

Ардақтап сені тұрамын

Серігім алты жастағы

8-оқушы:Бекзат

Отан, ана деген сөзді

Алғаш жаздым дәптерге

Оянды солай көңіл көзі

Әліппе досым бар жерде.

9-оқуш:Шыңғыс

Құрметті менің Әліппем

А-дан Я-ға апардың

Шығардың мені жолға кең

Жалға деп білім сапарын

39-слайд

4-музыка «Учать в школе» Шуақбаева сабина шығып кетеді.

40,41,42,43-слайд

10-оқушы: (Рахим)

Бітті «Әліппе» сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат.

Өзге оқулық достаспақ,

«Әліппемен» қоштассақ.

11-оқушы: (Нұрай)

«Әліппемен» қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

12-оқушы: (Алихан)

«Әліппе» деген - алтын жол.

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа.

13-оқушы: (Айшабибі)

«Әліппем», менің «Әліппем»,

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым мектептің.

Ертеңгі сәуле жарықпен.

14-оқушы: (Нұрсат)

Үйретіп жазудың да өрнектерін

Ойымды әліппемен тербеткенім

Зор қуаныш маған да, ұстазға да

Тілін біліп кітапты сөйлеткенім

15-оқушы: (Жанель)

Әліппе-жинаған жақсы әнім

Сенімен мектепті ашқанмын

Ұстаздың соғңына ілесе

Бастадым білімнің дастанын

Сабина: Мұрат сен білесің бе, сахынада мың бұралып би билеген де - өнер.

Мұрат: Ендеше сыныбымыздың биші қызын ортаға шақырайық. Сіздердің алдарыңызда Шуақбаева Сабина! Файзоллаева Дильназ шығып кетеді.

44,45-слайд

5-музыка «Домбырам үні» би

44-слайд

16-оқушы: Жалғас

Ата, зейін салдың ба?

Бас әріптің алдында

Неліктен «А» тұрады?

Деп бір күні сұрадым

Атам менің сауаты,

Былай берді жауапты:

-Ата, Ана, Ақыл, Ар, Адам

«А»-дан басталар содан шығар

«А»-ның алда тұрғаны.

18-оқушы: (Айнеля)

Әкелген едім Әліппе

Әр беті толған әріпке


19-оқушы: (Дәулет)

Өз бөлмемнен көрмедім

Өрмекшінің өрмегін

20-оқушы: (Бекзат)

Жаз биыл да жаңбырлы

Жайлау тағы жаңғырды

21оқушы:(И.Дильназ)

Тәп-тәтті нан – таба нан

Таба алмай қалдым табадан

17-оқушы: (Димаш)

А – деген ол ана ғой

Ана деген дана ғой

22-оқушы:(А.Даниал)

Мен көп тердім мақтаны

Марат мені мақтады

Аружан: Алфавитті біліңдер Алфавиттің басында Алфавитті біліңдер

Онда жүйе қалып бап А –басшы боп тұрады Әр әріпті танып дәл

Біздің қазақ тілінде Басқалары қасында Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар Әріп сапын құрады 42 әріп бар

Айсұлтан: 42 әріпті игерді Ризамын құрметті шәкірттер

Әріппен буындап сөз терді Меңгердің төкпедің босқа тер

Ризамын балалар сендерге Ана тілі атты бір әпкем бар еді

Рахмет айтатын кез келді Сендерді жетелеп әкетер

(Әліппе мен Ана тілі Вальс билейді. Кейін Әліппе өз орнына таққа Ана тіліні отырғазып өзі кетіп қалады.)

47,48-слайд

6-музыка «Вальс»

49-слайд

Оқушылар: Рахмет сізге Әліппе!

Айсұлтан: Қош болыңдар. Сабақтарыңды жақсы оқыңдар.


Ф.Дильназ: Туған елдің тілімін Ана тілі болмаса

Ақылы мен дінімін Мықты болмас тұрағың

Түсіндірір бәріңе Ана тілі елдігім

Ана тілі пәнімін Ана тілі ерлігім

Ана тілі ұраным Ана тілі болмаса

Ана тілі құралым Бүтінделмес кемдігің

Сабина: Қымбатты Ана тілі оқулығы біз сізді ешқашан ренжітпейміз. Өйткені біз Әліппе оқулығының арқасында оқуды да, жазуды да үйрендік. Сізді де аса ықыласпен оқуға ант етеміз

Оқушылар: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!

50,51,52-слайд

Мұрат: Құрметті ана тілі келесі ән шашуымызды өзіңізге араймыз. Қасым Нұрай орындауындағы «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар!

7-музыка «Бала тілегі»

53-слайд

Сабина:

«Ана» деп жазамын тақтаға,

Нақышын келтіріп, әсемдеп.

Оқимын, жазамын жатқа да,

Қағазға әріппен сап өрнек. – Мұрат сен білесің бе, мен кім жайлы айтқалы тұрмын?

Мұрат:

Әрине Сабина, осындай мерекеде аналарымыз туралы қалайша ой қозғамай кетеміз. Өмір сыйлаған анаға барша адам баласы бас имей ме? Канапинов Нұрсат пен Уалиханов Бекзат шығып кетеді.

5354,55-слайд

21-оқушы: Ш. Сабина

Адам бар ма ана сүтін татпаған

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықты, ар-намысты сақтаған

Мен анамның сонысына мақтанам

22-оқушы: Айнеля

Біз ғана емес, қадір түтқан бабалар

Аналардан туан небір даналар

Ана деген – тіршіліетің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар.

23-оқушы: Нұралы

Дүниедегі әр адамзат баласы

Болсын мейлі ол бір елдің данасы

Мәңгілікке қарыздар боп біреуге

Жүреді екен ол өзінің анасы

24-оқушы: (Әли)

Өмірге ана бұлақ, ана-пана

Өмірді өркендетер ана ғана

Өсірген талай көсем,талай шешен

Талай ер, талай ақын, талай дана

25-оқушы: Айшабибі

Ана –өмірдің куанышы тірегі,

Бала –оның жұбанышы жүрегі.

Ана алдында ел жауы да бас иген

Олар дәйім тыныштықты тілеген

26-оқушы: Рахим

Ана десем, алғыс алам халқымнан

Ана десем, теңіз болам шалқыған

Ана десем, ашылады қабағым

Ана десем, әділетті ұғынам

Сабина: Сыныбымыздың әншісі Думанның орындауындағы «Құлыншақ» әні де сіздерге арналады.

Мұрат: Қарсы алыңыздар, алдарыңызда Думан!

56-57-слайд

8-музыка «Тұлпарым»

58-60-слайд

Сабина: Иә, әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағадағы құрақ деп бекерге айтылмаған.

Мұрат: Дұрыс айтасың, Отан отбасынан басталады. Ендеше отбасымыз тату болса, Отанымызда берік болады емес пе?

Сабина: Біз қазақпыз, өркендей бер қазақ елі! Шыңғыс, Даниал, Жалғас, Дәулет шығады.


27-оқушы: Камила
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жөргегінде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
28-оқушы: Алихан
Мен қазақпын биікпін байтақ елмін
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім

29-оқушы: Жанель

Мен қазақпен, бір биік белеспін мен,

Азияда, Европада емеспін мен.

Аралықпын алтыншы материктей,

Бірақ барша адаммен тең өстім мен

30-оқушы: А.Даниал

Біз қазақпыз, ел үшін атқа мінген
Жаным жатқан лапылдап отқа түскен
Бойтұмыр ғып ар-ождан қазынасын

Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген

31-оқушы: И.Дильназ
Біз қазақпыз, қастерлер баба салтын
Аман бол айналайын дана халқым
Күн туса атқа қонам бір сен үшін
Міне жаным, міне қаным, міне антым

61,62,63,64,65-слайд

9-музыка дискта 1-трек «Алға Қазақстан.»

66-слайд

Мұғалім. Ел болдық, ерлік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады.

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Осыдан бір жыл бұрын ғана Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойын тойладық. Жиырма жылдың ішінде еліміз қол жетпейтін биіктерден көрініп келеді, білім саласына да көп көңіл бөлініп, еліміздің түкпір-түкпіріне мектептер мен балабақшалар салынуда. Оның бәрі еліміздің алғаш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің арқасы. Мерекелеріңіз құтты болсын ағайын! У.Бекзат, У.Даниал, Рахим, Нұрсат, Нұрай, А.Сабина шығып кетеді.

67-слайд

  1. Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.

  2. 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылыҚарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген

  3. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті

  4. 196069 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

  5. 196973 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды

  6. 197377 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

  7. 197779 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

  8. 197984 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы

  9. 198489 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы

  10. 198991 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

  11. 1990 ж. ақпансәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

  12. 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті

  13. 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

  14. 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

  15. 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

  16. 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды

  17. Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”

  18. Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”

10-музыка: «Қара жорға»

Мұғалім:

Жүздеріңнен көрсем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана,

Тойларыңыз құтты болсын, ағайын!

Балалар, әріпті танытқан, білімге жол бастаған оқулық «Әліппеге рахмет» деп, мен сендерге куәлік бергім келіп тұр. Бұл куәлікті табыс етуді мектеп директоры Гүлжан Жұмашқызына ұсынамын.

Мұғалім:

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар,

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.

(шашу шашылады, музыка ойнап тұрады).


















Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров120
Номер материала ДВ-334346
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх