Инфоурок Информатика Другие методич. материалыВне школьный мероприятие на тему "Жұлдызды сәт" по информатике

Вне школьный мероприятие на тему "Жұлдызды сәт" по информатике

Скачать материал

 

Батыс Қазақстан  облысы,

Теректі ауданы

Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі

Кубашев Елдос Аскарович

 

 

 «Жұлдызды сәт» атты пәндік сабақтан тыс іс- шара.

 

Мақсаты: Білімділік: Жалпы информатика курсы бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау, ой- өрісін кеңейтетін тұжырымдар жасату және пән бойынша білімдерін тереңдету.

                 Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын айта білуге үйрету, шығармашылық қабілетін және ой ұшқырлығын дамыту.

                 Тәрбиелік:      Оқушыларды бірлікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, бәсекелестік қабілетін, ұжымдық сезімге тәрбиелеу.

 

 

Барысы:                                          

                               

1- жүргізуші: ___________________________________________

2- жүргізуші: ___________________________________________

 

(Күй ойналады)

 

1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! «Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз.

2- жүргізуші:                       Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып 21- ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

 

1- жүргізуші:                     Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды

Информатика озады бар ғасырды

Ой түйіндеп, жетелейді адамды

Әлі ашылар құпиялар сан қырлы - дей келе бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын шарты: «Жұлдызды сәт» ойынына 7 қазақ сыныбының оқушыларынан құралған 3 команда қатысқалы отыр. Әр команда 3 ойыншыдан құралған. Ойын 4 турдан тұрады.

 

 

 

 

 

І тур      Дешифратор

ІІ тур    Қисынды ойлай білейік

ІІІ тур   Дода

ІV тур  Аниматорлар

 

Командалармен танысып өтейік:

7а сыныбының «Бірлік» командасы, команда мүшелері

_____________________________________________________________________

Ұраны: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

7б сыныбының  «Жеңіс» командасы, команда мүшелері

_____________________________________________________________________

Ұраны: «Тек қана алға»

7д сыныбының  «Ақиқат» командасы, команда мүшелері

_____________________________________________________________________

Ұраны: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен білімің екі жақтан»

 

2- жүргізуші:                     Әділ халқым берерсің әділ баға

Білімі мен білігін салыстырып- дей  келе ең алдымен сіздерді осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.   

1.     ___________________________________________

2.     ___________________________________________

3.     ___________________________________________

4.     ___________________________________________

 

1- жүргізуші:                  Төрағасы, төбе билер, жюрилер   

Әділетпен  кеңес құра біліңдер –дей отырып сайысымыздың І туры «Дешифратор» кезеңін бастаймыз. Әр топқа 10 сұрақ қойылады, сұраққа дұрыстығына байланысты «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру керек, әр дұрыс жауап 5 балл болып есептеледі.

 

(Сұрақтарды екі жүргізуші әр командаға кезекпен оқиды)

 

І тур. «Дешифратор»  кезеңі    

І командаға

1.     «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау,мәлімет дегенді бәлдіреді.  (ия)

2.     Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)

3.     Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)

4.     Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ- та пайда болды.(ия)

5.     Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)

6.     Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)

7.     Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)

8.     1 байт 8 битке тең. (ия)

9.     Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

10. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)

 

 

 

 

ІІ командаға

1.     «Информатика» пәні ЭЕМ-нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.  (ия)

2.     1 Килобайт 1024 байтқа тең.  (ия)

3.     Delete  алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

4.     Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)

5.     Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)

6.     Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

7.     Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді.   (ия)

8.     Процессор- ол компьютердің миы. (ия)

9.     1 Мегабайт 8 байтқа тең.   (жоқ)

10. ЭЕМ-нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)

 

ІІІ командаға

1.     Бит, байт аұпараттың өлшем бірліктері. (ия)

2.     1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)

3.     Пернетақта, сканер ДК- дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)

4.     Delete пернесі оң жағында тұрған символды өшіреді. (ия)

5.     ЭЕМ- нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

6.     Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

7.     1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

8.     Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графикалық түрде берілмейді. (жоқ)

9.     Принтер- ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)

10.  ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)

 

(Әділқазылар алқасы әр команданың қанша балл жинағанын айтып өтеді)

 

2- жүргізуші:                       Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

 

1-    жүргізуші:  Сонымен ІІ турымыз  «Қисынды ойлай білейік». Бұл турда берілген сөздерді дұрыс құрастыру арқылы ішінен артық сөзді табу қажет. Жауап толық болса 20 балл, толық болмаған жағдайда 10 балл қойылады. Бұл турдан кейін ең төмен балл жинаған команда ойыннан шығарылатынын ескертеміз.

 

2 – жүргізуші:                     Жас достарым, мұны айтайын несіне,

Информатиканы құрметтеу менің есімде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

Сәйкес ұпай, шәкірт, саған несібе – деп, турымызды бастайық.

 

(Тапсырма әр командаға карточка түрінде беріледі.

Бірінші болып жауабы дайын команда жауап береді)

 

 

 

 

 

1 – командаға:                                                                           Жауаптары:

NFMOITNRANO                                                                 INFORMATION

GORMARP                                                                          PROGRAM

TUOECRMP                                                                        COMPUTER

ETKITC                                                                               TICKET

 

 

 

2 командаға:

SICIA                                                                                   ASCII

HTISF                                                                                  SHIFT

ETBLA                                                                                TABLE

NSOWDIW                                                                          WINDOWS

 

3 командаға:

NEMLGTENA                                                                      GENTLEMAN

CAEPAKCBS                                                                       BACKSPACE

LKAPCSCO                                                                         CAPSLOCK

ELETDE                                                                               DELETE

 

2 – жүргізуші: Қосымша қызықты мәліметтен хабардар болып отырайық. Смарт – технология біздің өмірімізге дендеп енуде. Смарт – технологияны қолданудың бір мысалы ретінде банкоматтарды айтуға болады. Банктер өздерінің салымшыларына пластикалық карталар береді. Оның магниттік жолағында есеп шоттың иесі туралы толық мәліметтер жазылған. Ақша алғысы келген адам картаны банкоматтың қабылдағышына салады, машина магниттік жолақтағы ақпаратты оқып, клиенттің дербес идентификациялық номерін (ДИН) сұрайды.

 

(Әділқазылар алқасы әр команданың қанша балл жинағанын айтып өтеді.

Екі тур бойынша ең төмен балл жинаған командаға  алғыс хат беріліп, ойыннан шығарыладыі)

 

1-    жүргізуші:                      Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан

                                               Біреу қалып жатады асығыста

2- жүргізуші:  Олай болса келесі «Дода» кезеңінің шарттарымен таныстырып өтсек. Бұнда алты ұяшықта сұрақтар берілген, әр қатардағы сұрақ 10, 20, 30 балдан. Әр команда ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді, командаға балл сол таңдалған ұяшықта белгіленген баллға ие болады. Алдыңғы  екі турдың қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған командаға   бірінші болып ұяшық таңдау мүмкіндігі беріледі. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда келесі командаларға жол беріледі. Бұл турдан кейін ұпай саны аз келесі команда ойыннан шығарылады.

 

 

 

 

 

10 балдық ұяшықтар сұрағы:

1. Ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Деректерге қарағанда оның жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған.

Сұрақ: Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар не деп атаған? (Жауабы: «Абак»)

2. Бірінші электронды есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, құрастырушылар Дж. Моучли мен Дж. Эккерт болды.

Сұрақ: Бұл алғашқы ЭЕМ қалай аталды?

(Жауабы: «ENIAC»)

 

20 балдық ұяшықтар сұрағы: (ЭЕМ суреттері эранда көрсетіледі)

1.  1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарвард университетінде программамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген есептеуіш машинасын құрастырды.

Сұрақ: Бұл ЭЕМ қалай аталды?

(Жауабы: «Марк-1»)

2. 1694 жылы Вильгельм  Готфрид Лейбниц Блез Паскальдің идеясын дамытып механикалық есептеу машинасын құрастырып шығарды?  

Сұрақ: Бұл ЭЕМ қалай аталды?

(Жауабы: «Арифмомтер»)

 

30 балдық ұяшықтар сұрағы:  (Ғалымдардың суреттері экранда көрсетіледі)

1. Ол 1642 жылы он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды?

(Жауабы: «Блез Паскаль»)

2. Ол 1833 жылы программамен басқарылатын «Аналитикалық машинаны» құрастырып шығарған болатын.

(Жауабы: «Чарлз Бэббидж»)

 

2 – жүргізуші: Компьютермен жұмыс жасағанда ең бастысы оған асыққаныңызды білдіртпеу керек...

Нағыз программист, тамақ қоры біткеннен кейін де, пернетақтадағы қиқымдарды қоректеніп бір апта өмір сүре алады...

Өлгеннен кейін Бил Гейтстің жаны корзинаға түседі екен...

 

1 – жүргізуші: Мынадай қызық оқиға естідіңіз бе? Программист пианисттің жаңа роялін көруге келіпті. Рояльді ұзақ айналып жүріп: Пернелер тақтасы қолайсыз?! Небәрі 84 перне, оның жартысы функционалды, бірде біреуі жазылмаған, бірақ ... Shift - ті аяқпен басатыны жақсы екен депті.                                  

 

(Әділқазылар алқасы команда ұпайларын  айтады)

 

2 – жүргізуші:             Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

                                      Кім жүйрік ойға сол алда.

                                     Біліммен ісі сәйкессе,

                                    Тапқыр болар қашанда- дей келе соңғы турымызды бастайық.

 

1- жүргізуші: Бұл тур «Аниматорлар» сайысы деп аталады.

 

Шарты: Екі команда пәнге қатысты термин немесе құралды іс- қимылмен көрсетуі қажет. Неғұрлым үйлесімді және нақты  әр іс- қимыл 10 балмен бағаланады. Ал егер іс- қимылмен жеткізе алмаған жағдайда 0 балл қойылады.  

 

(әр команда төрт іс- қимыл көрсету қажет)

 

2 – жүргізуші: Сонымен, әділқазылар алқасы жалпы ұпай нәтижесін есептеп шығарғанша, көрермендер арасында сайыс ұйымдастырылады. Көрермендерге пәнге байланысты терминдер жасырылған «Венгр сөзжұмбағын» жасырамыз. Көрермендер екі топқа бөлініп, тапқан терминдерін қағазға түсіріп отырады.

 

М

Т

П

Л

О

Т

Т

Н

О

М

И

Ы

П

Р

Р

Т

Е

И

Д

Е

К

Ш

Н

И

Е

Е

Р

О

М

М

Р

Қ

А

Н

Т

Р

Н

Н

И

Т

О

Н

Т

С

Ө

З

Е

Т

Р

О

П

А

И

Б

А

Й

Т

Т

Е

З

Р

М

В

П

И

К

М

Е

Р

Е

О

Ә

И

А

Р

С

О

Ұ

А

Ф

Ц

Т

Р

И

Х

Е

Д

Я

Й

Л

Е

І

У

В

Ж

Л

И

Я

И

Ц

С

Н

С

Д

А

Ь

Ф

И

К

А

С

О

Р

А

Б

О

Н

Е

Н

Т

 

Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.

(Көрермендер орналасу реті бойынша екі топқа бөлінеді)

 

1 – жүргізуші: Сонымен, әділқазылар шешімі дайын болса, тыңдайық.

 

(Әділқазы төрағасы сөйлейді, жеңіске жеткен команда анықталады. Жеңілген командаға алғыс хат  беріледі.Жеңген команда дипломмен марапатталады)

2 – жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен алғысымызды айтамыз.

 

 

                                                                                    

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Вне школьный мероприятие на тему "Жұлдызды сәт" по информатике"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 448 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.12.2015 488
    • DOCX 91 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кубашев Елдос Аскарович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кубашев Елдос Аскарович
    Кубашев Елдос Аскарович
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10314
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 148 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе