Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Вне классный мероприятие на тему «Келді міне, Жаңа жыл»(№ 3 ІІ сәбилер тобы)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Вне классный мероприятие на тему «Келді міне, Жаңа жыл»(№ 3 ІІ сәбилер тобы)

библиотека
материалов

3d1dca1ae6d2



МҚКҚ Құрама үлгідегі № 57 «Ақбота балабақшасы»















«Келді міне, Жаңа жыл»

(№ 3 ІІ сәбилер тобы)









Дайындаған: Кужахметова А.К.









Ақтау 2014 жыл



Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Балаларда мерекелік көңіл – күй тудыру; балаларға көтеріңкі көңіл – күй сыйлап, жаңа жыл мерекесінде балаларды өнерпаздылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

(Залға әуенмен Жүргізуші кіреді)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен ата-аналар! Сіздерді Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Бүгінгі

3 «Балбөбек» тобының «келді міне, Жаңа жыл» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Құтты болсын жаңа жыл,

Жаңа жылың бүгінгі

Ертеңгілікті бастасын

Балбөбек атты тобыда.

Шақырайық ортаға

Қол соғып қарсы алайық.

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, қандай әдемі шырша, ойыншықтарымыз қандай әдемі, сендерге шыршамыз ұнады ма?

Балалар: Ия.

Жүргізуші: Қане, балалар олай болса жаңа жылымызға, әдемі шыршамызға арнап өзіміздің тақпақтарымызды айтып берейік.

(Балалардың тақпағы, 5 бала)

Аманқос Айкөркем

Жаңа жыл, жаңа жыл

Сені күттім елеңдеп

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп

Көбесов Әнуар:

Жасыл желен жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Кел балалар, келіңдер

Тамашаны көріңдер!

Аманқос Нұрали:

Жаңа жылдай уақытым

Ән ұясы, жыр басы

Жанарындай шаттықтың

Жасыл шырша тұлғасы

Қалдыбай Мөлдір:

Ата-аналар келіп тұр

Сый-сияпат беріп тұр

Балалардың өнерін

Ақшақар да көріп тұр.

Жарқын Айдын:

Жаңа жыл, жаңа жыл

Тамаша тойымыз

Алақай, алақай

Өседі бойымыз.

Жүргізуші: Жарайсындар балалар! Балалар жаңа жылдық мерекемізді әдемі тақпақтармен бастадық. Ендеше бізбен бірге бір жыл бойы бір болған, бар қызықты бірге өткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіген жылқы жылына рахметімізді айтып, жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін деп, ескі жылымызды ортаға шақырамыз.

(Музыка әуенімен жылқы шығады)

Жылқы: Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Сәлементсіздер ме, балалар!

Байқаймын мен байқаймын

Тұрсындар сендер таң қалып,

Таң қалмаңдар, билеңдер,

Бір жыл бойы сендермен

Би биледік шаттанып.

Жылқы: Балалар сендердің шыршаларын неге көңілсіз? Шамдары неге жанбаған? Қазір мен сиқырлы тақпағымды айтып, шыршаның шамдарын жағайын.

1, 2, 3... Шырша шамы жарқырай түс

(Шырша жанады)

Жүргізуші: Ескі жыл сізге көп-көп рахмет!!! Шыршамыздың шамдарын жағып, балаларымызды қуантып тастадыңыз. Қане балалар, ескі жылымызбен бірге «Шыршамызға арнаймыз» әнін орындайық, әдемі шыршамызды айналып.

Ән: «Шыршамызға арнаймыз»

Жүргізуші: Ал балалар бізбен бірге жақсылықтарымен болған, жылқы жылын шығарып тастайық.

Жүргізуші: Балалар,Аяз ата мен Ақшақар әлі жоқ, әлде бізді ұмытып кетпеді ме екен? Қане, бәріміз бірге Аяз атаға хат жазайық. Балалар білесіндер ме, жаңа жылда армандаған тілектерімізде орындалады екен. Қане кімнің қандай арманы бар?

(Балалар армандарын айтады)

Жүргізуші: Балалар тілегімізді жаздық, конвертке салдық, енді бұл хатты кімнен беріп жібереміз?

Қане, балалар мына қарлардан аққала құрасырып, содан беріп жіберейік.

(Балалар музыка әуенімен қарды домалатып,шыршаның артына апарады. Біраз уақыт өткеннен кейін ақ киім киген Аққала шығады.)

Аққала: Міне мен, міне мен. Сендерге не керек?

Жүргізуші: Сәлеметсің бе Аққала? Біздің мына хатымызды Аяз атаға апарып бере аласын ба?

Аққала: Әрине мен бұл хатты үлкен қаунышпен апарып беремін. Біріншіден сендердің өнерлеріңді көруім керек.

Би: «Аққалалар»

Жүргізуші: Балалар, қане Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Ау-у-у-у Аяз ата, Ақшақар

(Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым,

Амансың ба, ұлдарым,

Есенсің бе, қыздарым?

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың,

Шаршап келдім алыстан.

Балалар сендердің маған жазған хаттарыңды алдым. Сендермен бірге жаңа жылды қарсы алуға келдім. Сендердің өнерлеріңді тындап, демалғым келіп тұр.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс күлкі тарайды.

Ақшақармын, аппақпын,

Қалай жаумай жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Ақ үкімді тақпақпын.

Балалар Жаңа жылдарын құтты болсын!


Жүргізуші: Ал балалар Аяз ата мен Ақшақарға тақпағымызды айтып берейік.

(балалардың тақпағы)

Амангелді Дастан:

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны

Бек Ақерке:

Келді міне жаңа жыл

Қарсы алайық бәріміз

Күліп ойнап би билеп

Ән салайық бәріміз.

Базарбай Мейіржан:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата-әже, әке-шеше

Құтты болсын жаңа жыл!

Умирзаг Самалай:

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той маскарад басталды

Аяз оны басқарды.

Ержан Темірлан:

Аяз ата ақ сақалды

Ақ таяқпен паң ата

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің бізге таң ата.

Аяз ата : Көп рахмет балалар, жарайсыңдар!

Ән «Аяз ата мен Ақшақар»

Аяз ата: Ақшақар қызым-ау, манағы балалардың хаты қайда екен? А-а-а міне, таптым. Қане қызым оқып бер, балалар не депті?

Ақшақар: Ата хатты балалар өздерінің армандаған тілектерін орындаймыз ба?

Аяз ата: Әрине орындаймыз, не айтыпты оқи ғой қызым?

Ақшақар: Ата балалардың бірінші тілегінде мультфилимдер әлемінен Сайқымазақ, Сиқырлы ханшайым және Мальвинаны көргісі келетіндерін айтыпты.

Аяз ата: Жарайды орындап көрейін. Қазір мен өзімнің сиқырыммен оларды шақырайын. Трах-тиви-дух ортаға Сайқымазақ, Сиқырлы ханшайым және Мальвина келсін.

(балалар көздерін ашқанда алдарында тұрады)

Сайқымазақ: Ой біз қайда келдік?

Сиқырлы ханшайым: Білмеймін, мұнда көп балалар отыр ғой. Біз қайдамыз?

Ақшақар: Сайқымазақ, Сиқырлы ханшайым, Мальвина сі балаларымыздың жаңа жыл мерекесіне келдіңіздер.Қош келдіңіздер!

Үшеуі: Қандай керемет, шыршасы да әдемі.

Ақшақар: Келіп қалған екенсіңдер, енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

Би: Хоровод

Ойын: Шырша безендіру

(Ойынды Сайқымазақ ойнатады)

Ақшақар: Балалар, Аяз ата сендердің тілектеріңді орындады. Енді олар өз әлеміне бару керек, қане олармен қоштасайық.

(Аяз ата сиқырлы сөздерімен оларды қайтарады)

Ақшақар: Балалар алдағы күтіп отырған жылымыз қандай жыл?

Балалар: Қой, қой

Ақшақар: Қойды шақырайық.

(Музыка әуенімен қой келеді)

Қой: Сәлеметсіздер ме қонақтар,

Сәлеметсіздер ме балалар?

Мен тұрмын қуанып

Шаттыққа бөленіп,

Бір жыл бойы сіздермен,

Дос болайық бәріміз!

Ақшақар: Сәлеметсіз бе жаңа жыл, қош келдіңіз!

Аяз ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің қыздарым, ұлдарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып қақ, жақсы жыл бол, дария нұр бол!

Қой: Құрметтеріңізге рахмет! Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!

Ән: «Аяз ата мен балалар»

Ақшақар: Қане, менің ұлпақарларым келе қойыңдар бір би билеп берейік.

Би: «Ұлпақарлар»

Ақшақар: Аяз ата балалардың тағы бір тілегі бар екен. Бізден көп сыйлық алғысы келеді екен.

Аяз ата: Әрине, әрине... Балаларым манадан бері өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Жарайсыңдар балалар, өте өнерлі екенсіңдер! Ал кәне балалар сендерге сыйлығым бар. Аталарыңның сыйлығын қуана қарсы алыңдар. Міне менің сыйлығым, қане көздеріңді жұмыңдар. Трах-тиви-дух...

(Осы кезде залда үйшік пайда болады)

Ақшақар: Ата мына үйшікті қараңызшы, сыйлығыңыз осында емес пе? Бірақ есігі қайда?

(Аяз ата сыйқырлайды, үйшік айналып тұрады)

Үйшік ішінен сыйлықтарын шығарып береді, балаларға үйлестіреді

Барлығы балалармен қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші: Осымен балаларымыздың бүгінгі мерекеге арналған жаңа жылдық ертеңгіліміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!






Краткое описание документа:

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Балаларда мерекелік көңіл – күй тудыру; балаларға көтеріңкі көңіл – күй сыйлап, жаңа жыл мерекесінде балаларды өнерпаздылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

(Залға әуенмен Жүргізуші кіреді)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен ата-аналар! Сіздерді Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Бүгінгі

№ 3 «Балбөбек» тобының «келді міне, Жаңа жыл» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Автор
Дата добавления 22.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров262
Номер материала 403871
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх