Инфоурок Начальные классы Рабочие программыВнекласная работа на казахском языке (1сынып)

Внекласная работа на казахском языке (1сынып)

Скачать материал

Сұлутөр ауылы

№38 орта мектеп

 

 

 

Қош бол, Әліппе!

 

 

 

 

Ертеңгілік

 

 

1-сынып

 

 

Мұғалімі:Асқарбаева Бахыткуль Жолдасбековна

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы : «Қош бол,әліппе! »
Мақсаты:
1.
Әліппенің қадір - қасиетін меңгерту. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
2.
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету.
3.
Ана - тілін сүйіп қастерлеуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа, көпшілік алдындағы ұстамдылыққа, кеш барысында өзін - өзі мәдениетті көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: « Қош бол,әліппе ! » сөзі жазылған плакат, шарлар, нақыл сөздер. Әсем безендірілген сахна.
Барысы:
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн – «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппемен қоштасу». Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен «Білім басы - Әліппе!» ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер! Балаларды қошеметпен ортаға шақырайық
(Балалар қатармен ортаға шақырамын)
Әрқашан алға ұмтылып,
 
 Азамат,Еламан ,Нұртілеу,
Ешкімнен қалыспадың.

Аяна,Арайлым,Аяулым,
Жайқалып өскен қыр гүлім!

Аңсар, Аяжан,Ислам, Махфуза,
Тек биіктерден көрініп,
Бақытты болсын қайда да.

Мінекей алтын балалар
Зіннат,Жанел,Қуат, Азамат.
Өздері бал - бұл жайқалып,
Келеді басып жай ғана.

Құлпырған балғын жүзді балаларым
Қонаққа келді ата - аналарың
Көрсетші кәне қандай өнерің бар
Қуанып қалсын ата - аналарың.

Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік басында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар. (Аналарымыз шашу шашады)

Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
1 – оқушы Нұртілеу
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Балалар, біз осы уақыт аралығында не үйрендік?
Оқуды, жазуды, ән айтуды, ертегі айту.
- Бұл білімді қайдан үйрендіңдер?
Хормен:
- Әліппе досымыздан!
Мұғалім:
- Иә, ендеше сүйікті Әліппемізді ортаға шақырып алғысымызды білдірейік.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе.
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғалымның,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Ән: « Қош сау бол,Әліппе»
- Жарайсыңдар олай болса Әліппеге өз өнерімізді көрсетейік.
2 - оқушы: Азамат
Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем
Сөз оқимын айырып әріпті енді.
3 – оқушы: Арайлым
Әліппе – білім анасы
Әліппе – кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?!
4 – оқушы: Зіннат
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе
5 - оқушы : Н.Азамат
Әліппем, менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
6 – оқушы : Ислам
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа
7 – оқушы: Махфуза
Оқуды көп ойладың
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық.

8 – оқушы: Аяна
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға «Ана тілін» аламыз
Ата - ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.

9 – оқушы :Аңсар
Алфавиттің
А тұрады басында.
Әрқашан да
Ә тұрады қасында.
Байқадың ба?
Б тұрады үшінші.
Ал осының
Сыры неде? Түсінші:
А деген ол - аналар ғой ардақты,
Ә деген ол - әкелер ғой салмақты,
Б деген ол - балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі.

10 – оқушы: Еламан
Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің,
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді -
Жүрегіңнің бөлшегін.

11 – оқушы: Аяжан
Жақсы кітап - "Әліппе",
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштастым.
"Әліппемен" достастым.

12-оқушы:Аяулым
"А"- дан бастап әріпті,
Түгел маған танытты.
Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын.
Анам тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.

 

 

12 – оқушы:Жанел
Өсірген ой, білімді
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
13 – оқушы: Қуат
Бар кітапқа бас салған,
Әліппе – ғылым ағасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың,
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың
Әліппе:
Ризамын балалар
Меңгердің болмадың босқа тек
Ана тілі атты әпкем бар
Сендерді жетелеп әкетер
Ана тілі:
Сәлеметсіздер ме, балалар.
Туған елдің тілімін
Ақылымен танылам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен балам
Ана тілің – арың бұл
Ұяттың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
- Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
Би: Сүйкімді балалар биі. (Вальс)
- Сендерге Әліппенің не үйреткенін көрейікші.
- Ал, қане балалар өнерімізді көрсетіп жіберейік
Ойын: «Шар ішінде не бар?»
Сұрақ:
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
2. Дыбыс қаншаға бөлінеді?
3. Қандай дыбыс дауысты да, дауыссызда болып келеді?
4. Отаныңның президенті кім?
5. ҚР астанасы қай қала?
6. Сенің кіші Отаның қалай аталады?
Жұмбақтар жасыру:
1. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза жаза арықтаған (бор)
2. Алты қырлы,
Алтын сырлы (қарындаш)
3. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
4. Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді. (Алфавит)
5. Өшірді сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты. (Өшіргіш)
- Балалар, сендер қандай пәндерді оқып жатырсыңдар?
- Бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру, әліппе, математика.
- МАТЕМАТИКА пәнінен не үйрендіңдер?
Тура және кері санап береміз.

Математика әлеміне саяхат.
Табақта үш алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
( 5бес)
Көлден ұшты он қаз
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады енді нешеуі,
Қане, кім шешеді?
(8 бес)
42 жауынгер
Сапын түзеп тұрады,
Бүлдіршіндер қауымы
Сырын терең ұғады.
(Алфавит)

Санамақ та білеміз.
1 - санамақ
1 дегенім - бесік,
Шықтық содан өсіп.
2 дегенім - елім
Далам, тауым, көлім.
3дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
4 дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
5 дегенім - бақыт
Бағалайтын уақыт.
6 дегенім - ақыл
Тыңдағаның мақұл.
7 дегенің - жалау,
Жүректегі алау.
8 дегенің - сөзің,
Серт беретін кезің
9 дегенің тоқтау
Елдің жоғын жоқтау.
10 дегенім - Отан,
Қорға соны ботам.

Әріптер сөйлейді.

А –дегенім Алмұрт  / Нұртілеу/

Аузыңа сал,бал жұт!

Ә – дегенім Әңгелек  / Аяжан/

Әңгелегім дөңгелек.

Б – дегенім Бүлдірген  / Аңсар/

Балдай дәмін кім білген

Г –дегенім Гүлдеймін  / Азамат С/

Гүлге теңеу іздеймін.

 Гүл деген –мен, Күн – анам

Гүлдей жайнап қуанам

Д-дегенім  Долана  /Қуат /

Долана өсер далада

Қ –дегенім Қарбыз  /Арай/

Қызыл болса,жарғыз.

Ө-дегенім Өрік  /Жанел/

Өрікті ал, теріп.

Н - Ас біткеннің анасы  /Зіннат/
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпіне де қарашы.

Ы- Ыдысты саздан жасаған,  /Аяулым/

Ықылас біздің жас маман.

Е – Елге есті ер керек, /Азамат Н/

Ер жет, өсіп ертерек.

Р -  Роза шықса ән салып,  /Аяна/

Риза болар бар халық.

О - кәдімгі дөңгелек  / Еламан/
Кетпесін ол дөңгелеп.

М - әрпі Түйе өркешіне қарайық  /Махфуза/
Ұқсайды оған қай әріп?

С -  Білезікке қарайық  /Ислам/
Ұқсайды оған қай әріп?
Ж – Жыр алыбы-Жамбыл ата , /Нұртілеу/

Ұрпағына берген бата.
Л-Лашын биік самғайды, / Аңсар/

Лашын көкті шарлайды.

Х –Хадиш сөмке көтерген, / Аяна/

Хат хабар күнде әкелген.

Ү –дегенім үйрек, /Махфуза /

Болып жүрме күйреуік.

З - әрпі Қаздан көре аласың  / Нұртілеу/
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.

Ана тілі:
- Рахмет саған Әліппе осындай балалар көп болса мен қуанамын.
Ән «Қошақаным»
Әліппе:
- Ал енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар.
- Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер
- Осының бәрін үйреткен кімдер?
Оқушылар (хормен):
- МЕКТЕП!
- ӘЛІППЕ!
- МҰҒАЛІМ!
- АТА - АНА!
- Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата - аналарымыздың үлесі бар. Ата - анамызға ризашылығымызды білдіреміз.
Мұғалім:
- Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң - қуанып, ренжісең - жұбататын асыл адамдар ата - ана!
- Ол кісілер біз үшін ең ардақты адамдар. Ата - ананы сыйлау - біздің парызымыз - АНА сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар:
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Өмірде бір - біріне серік болып,
Отбасының бақытына берік болып.
Ұрпағының амандығын тілеген
Әкелерім аман болсын көреген!
Балалар хормен:
- Ата - анаға мың рахмет!

Ән: «Ел жатқанда жатпаған.»

Би : Шығыс биі. (Қыздар)
Би: Испан.(Арай,Жанел )
Көрініс: « Шалқан»ертегісі
Би: Үнді биі.    Ән: Құттықтаймын, мама, туған күніңмен
- Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Құттықтау сөзі:
1. Мектебіміздің директоры.
2. Ата – аналардан

 

 

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внекласная работа на казахском языке (1сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 151 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2016 471
    • DOCX 28.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аскарбаева Бахыткуль Жолдасбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5606
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 098 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 091 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе