Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Внекласная работа"Ұстаз ұлы тұлға"

Внекласная работа"Ұстаз ұлы тұлға"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Жүзағаш орта мектеп-бақшасы» КММ кітапханасы

Кітапханашы: Калиева Г.А

Ұстаз ұлы тұлға!

Мақсаты: Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге,сыйлай білуге,үлгі тұта білуге үйрету.

Көрнекілік: Интерактивтік тақта,слайд,суреттер,буклеттер.

Сабақтың түрі: Кездесу сабақ

Жоспары:

1)Ұстаз-зор тұлға.

2)Мамандығым-мақтанышым

3)Адал еңбек алғысым ұстазыма!

Барысы:

Кітапханашы сөзі: Құрметті қонақтар,аяулы ұстаздар!Ұстаздықтан асқан қиын да қызықты мамандық жоқ,өйткені,оның жауапкершілік өлшемі-адам тәрбиелеу.халқымыздың біртуар ұлы,қаһарман перзенті-Бауыржан Момышұлы.Ұстаз ұлық емес,ұлы қызмет деген екен.Ендеше ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің «Мұғалім мектептің жүрегі» деген даналық ойлары ұлы мамандықты игерген,осы мектепке өз өмірлерін арнаған,өмірден өткен ұстаздады 1рет еске аламау мүмкін емес.

Ұстаз!Ұстаз!Ардақты да құдіретті бұл есім.Үнемі сен жүрегімнің түкпірінде жүресің.

Олар:Абжанов Жанатбек,Асанов Муқат,Құнанбаева Райхан,Дүйсенбаева Есенғайша,Мейманов Бағдари.Серікбаева Сағдат,Абдуллина Аят,Сомажанова Қажен,Тыныбеков Марат.

Осы қазан айы ұлы мерекелерге толы.Қазанның алғашқы күні-ұстаздар қауымының төл мерекесі.Ұстаз жайлы айтылыр сыр да жыр да көп.Ұстаз сенімін ақтау адамгершіліктің белгісі.Олай болса,бүгінгі кездесудің басты ұраны «Мұғалім мектептің жүрегі» деген даналық ойлары ұлы мамандықты игерген әрбір ұстазға арналады.Ұлағатты ұстаздарымызды төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап,сөз кезегін оқушыларға бермем

1-жүргізуші: Ғылым да ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да ,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,егін салған дихан да,ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздардан білім,тәртіп алған,сондықтан,ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүгін адам баласы құрметпен бас иеді.

2-жүргізуші. Адам өмірдегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз.Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын сақтау мүмкін емес.

Бақыт таптық ұстаздардың бағынан,

Қаншама ұрпақ қанаттанды алдыңнан.

Сомдап соқтың болашақтың мүсінін,

Тіршілікте солғой ізін қалдырған-деп өз өмірін,білімін осы мектепте еңбек еткен аяллы ұстаздар бүгін бізде қонақта.

1-жүргізуші. Қош келдіңіздер аяулы біздің ұстаздар!Оқушылардың сіздерге арнап шығарған өлең жолдарын қабыл алыңыздар.

1.Аманғазы ағаға. Жүзағашта мүдір болған ардақты

Айтар ойы парасатты салмақты

Аманғазы ағамызды біледі ел

Біледі ұстаз өнегелі жан-жақты.

2.Алтай ағаға.Спорт үшін жаралғандай өзі де

Ширақ әркез сөзі менен ісі де

Алтай аға әліде қартаймаған

Жайраң қаққан жанары мен жүзі де.

3.Күлия апайға.Жүзағашта қалған ізі мәңгілік

Беретұғын шәкірттерге ізгілік

Апай аяулы ұстаз өзіңіз

Бақытты еткен өмір тіршілік

4.Гүлнар апайға.Сұлулығын адам айтар тамсанып.

Еңбек еткент шәкіртткрге ой салып

Аяулы ұстаз Гүлнарды ел ұмытпас

Көркі әлі таймаған,тұрады ғой нұршашып

9-оқушы: Бүршік жарды бір сезім төсімізде

Алғаш қалам ұстадық есімізде

Бастауыш мұғалімдері.

10-оқушы: Жалын отың от боп бірге жанасың,

Білім беріп,содан бақыт табасың.

Бар өмірің өрнектеліп баламен

Білім беріп содан бақыт табасың. (Ұстаздарға арнау)

Кітапханашы сөзі: Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға дегім келеді.Себебі ұлттың болашағы-ұрпағымызда болса,ұрпақтың тәрбиесі-ұстаз қолында.

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз

Тілектермен нығайтсын мерекеңіз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс!

Қорытынды: Бүгінгі мұғалім-Міңгілік ел идеясын жүзеге асырушы болса,ол бүгінгі ұрпақ осы идеяның жаршысы,бабалар аманатын орындап,болашақты болашаққа жалғаушы.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров84
Номер материала ДВ-369313
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх