Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Внекласный урок на тему "Мерекеңме, аяулы анашым!"

Внекласный урок на тему "Мерекеңме, аяулы анашым!"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Мерекеңмен, аяулы анашым!

Мақсаты: Оқушылар бойына 8 наурыз мейрамымен құрметтеу, қастерлеу сезімін дамыту. Оқушыларды мейірімділікке, аналардың өлшеуші өмірін білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Жалпы барлық аналарға деген, қыыздарға деген сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын арттыра түсу.

Көрнекілігі: Мереке өтетін орын балалардың өз қолдарымен жасаған жалаушалармен түрлі – түсті шарлармен безендіріледі. Батыр аналардың, қыздардың прортреттері ілінген. Қабырғада ана, бала, отбасы туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар: “Анасыз үй – сусыз диірмен”, “ Анң – асыл қазынаң, әкең – асқар тау”, “ Ан алдында – құрмет, ата алдында - қызмет”.

Мерекелік бағдарлама басталар алдында аналар туралы әсем ән орындалып тұрады.

1 – жүргізуші: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілінген. Ол 8 наурыз мерпкесі.

2 – жүргізуші: Армысыздар, ардақты да қадірлі, аяулы да сымбатты біздің аналар, ұзтаздар, рау қыздар! Өздеріңізге арналған кешімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар!







1 – жүргізуші:

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегіңнің бір бөлшегі – бала үшін,

Сізден жақын адам бар ма, аналар!

Балаға ең жақыны сіз ғой, ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бірақ нәрсе – Отан ғана.



2 – жүргізуші:

Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас – қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

1 – оқушы:

Шын жүрек, ақ көңілмен,

Алғашқы көктемнің күлімдеген.

Құттықтаймыз 8 – наурыз мерекесі,

Халықаралық әйелдер күніменен.



2 – оқушы:

Наурыз мейрам, жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен шуағыңмен, күн – Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем!

3 – оқушы:

Бәрі де ана бір өзіңнен басталады,

Сендер жазған ақындар жыр дастан.

Сендер жазған әндері самғай түсіп,

Жүрегіне із тастар әр адамның.



4 – оқушы:

Табиғат тауып келісім,

Жүректің мұзы ерісін.

Қуаныш кернеп ел ішін,

Аналар күні тойлансын.

5 – оқушы:

Жадырап тұр бүгінде берекеміз,

Бір тамшы білімді көл етеміз.

Еңбегіңіз әр дайым жемісті боп,

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз.



6 – оқушы:

Армысың ару қыздар, абзал ана,

Анаға тең келетін бар ма дана?

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын!

Қуанышпен құшақтар гүлге толсын.



7 – оқушы:

Тіршілік шыққан күннен нәр алады,

Ананың ақ сүтінен жаралады,

Анама” деп салған әні,

Аналар бір сіздереге арналады.

Жанары жалын, жүзі гүл,

Жүрегі толған мейірім нұр.

Еңбекте асып жүлде алған,Өнерден озып, жыр жазған.

8 – оқушы:

Теңдесі жоқ данасың, Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтайын,

Аман болшы, анашым.

Бар өмірдің жүрегі,

Өзің алтын ордасың.

Тілегімнің тірегі,

Уайымың болмасын.



9 – оқушы:

Алақаны ақ самал,

Мәпелеген, жан ана.

Көкте күнім батсада,

Өзің күнсің балаңа.

10 – оқушы:

Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

1 – жүргізуші:

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

Ән ”Анашым”.

2 – жүргізуші: Ардақты аналар, апа - қарындастар! Сіздереге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізгүе саулық, бала – шағаларыңызға амандық тілейміз.

Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!



1 – жүргізуші: Осымен өздеріңізге арналған мерекелік кешіміз аяқталады. Қош, сау болып тұрыңыздар. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар!







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров68
Номер материала ДВ-353617
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх