Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Внекласный урок на тему "Қош, келдің жаңа жыл!"

Внекласный урок на тему "Қош, келдің жаңа жыл!"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Мұғалім: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер .
Осындай ғажап мерекелік күнді жақсы көңіл күймен барлығымыз ата-ана қауымы бірлесіп мерекелейік. Бұл балалардың көптен күткен мерекесі ендеше,сіздердің де мерекелеріңіз!

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт ағайын!

«Ән » хор
Ал,балалар бүгінгі мерекеміздің сәні,оларсыз қызықсыз болады Аяз ата мен ақшақарды шақырайық.

---------- ------------------ ------------------------- ------------------

Аяз Аяз-ата,ақшақар ----

ата жалғыз келеді.

Аяз ата: сендердің дауыстарынды естіп,сонау орманнан келе жатып,жанымдағы ақшақар қызымды жоғалтып алдым,меннен бұрын келген жоқпа? Маған қарағанда жас қой.

Жоқ,жоқ келген жоқ!

Ендеше шырша тойларына мен де қатыса алмаймын,өздерін тойлай беріңдер,мен қызымды іздеймін.

Жоқ ата тұра тұрыңыз ,қазір келіп қалар,сіздерсіз біз бұл тойды қалай тойлаймыз.сіздер осында бірге келе жатсаңыздар,ол осында келіп қалу мүмкін тосайық,шыдайық.Ашуыңызды басып балалардың өнерін көріп,көңіліңіз көтеріліп қалсын.Кәне,балалар

Тақпақ: 1. Жаңа жыл бірлік берсін елімізге,
Береке, ырыс келсін жерімізге.
Қыспақты пейіліміз жеңіп шығып,
Қуаныш шашу шашсын төріңізге

2. Жаңа жыл-қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

3 Аппақ тоңға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келеді алыс сапардан,
Аяз ата оралы
4 .Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.

5 Жаңа жылдың шыршасына,
Келіңіздер төрлетіп.
Мереке де би билейік,
Шырқайықшы әндетіп.

Ал,балалар аяз атаға қараңдаршы,көңілсіз ақшақар қайда жүр екен? Тағы барлығымыз айқайлайықшы

Ақшақар ---------------- --------------------- ------------------------

Мыстан кемпір кіреді. Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма? Сендер жана мені шақырдыңдар ма?
Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма?
Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз ба? Неге үндемейсіңдер?

Е,сендер ақшақарды іздеп жатырсыңдар ма? Ха-ха-ха ол қамауда ол келсе сендер ән айтып,би билейсіңдер ал маған неге сондай өнерлерінді көрсетпейсіңдер? Шартым бар:
Жұмбақ жасырам жауабын тапсаңдар ақшақарды босатамын.

Жұмбақтар:

Ақшақарды алып келеді,бірақ қолы,аузы байлаулы,ал енді ақшақарды сендерге жібері үшін маған ән айтып мені билетіңдер.

Ән «Жаяу» Алиханның орындауында

Мыстан ақшақарды босатады.Ақшақар жүгіріп барып атасының бауырына тығылады.Аяз –ата ашуланып.менің қызымның зәресін алып ,әбден қорқып қалыпты.Енді мыстан өз жөніне кет,елдің тойының шырқын бұзба ,келіскен сөзінде тұр.Қайт бар.қайт

Мыстан жарайды барар басқада жерім бар кеттім ренжімеңдер.Жақсылап тойлаңдар.

Мұғалім сөзі: Ал,енді той бастайық барлығын ұмытайық! Аяз-ата ақшақар көңілдеріңізді көтеріңіздер әйтуір табыстыңыздар ғой.Енді ешкім сіздерді айыра алмайды. Ия,ия

Аяз Ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)

Лотерия ойнатылады: 5 сыйлық

Тақпақтар:6. Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға 
Мерейін мәртебесін биікке асыр.

7. Жаңа жылым жаңа бақыт сыйласын,
Көгімізде бақыт рухы самғасын
Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін
Қуанышпен арайлансын ақ таңың

8 .Кел жаңа жыл жаңа жыл,
Саған әзір Жаңа жыр
Елге табыс, жақсылық
Ала келші жаңа жыл

9 Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылдарында

10.  Қуанышпен шаттықта кенелейік,
Жадыратып, ән шырқап, тербелейік.
Төрле, төрле, халқымның құтты жылы,
Бәріміз дөңгелене би билейік.

11.Кел, жаңа жыл, жаңа жыл
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.

Мұғалім сөзі :Аяз-ата бағанадан ақшақар үшін каншама уайымдадыңыз,енді қасынызға келді ,бізге әкелген өнері бар шығар. Әрине,әрине

Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен қой жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Мешін жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Ақшақар; Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Менде құр қол келген жоқпын,кәне менің сіңілдерім ортаға шығындар, біз бәріміз би билеп береміз.
Би «Ақшақарлар»

Мұғалім: Ескі жылға мағлұмат беру

Жаңа-жыл маймыл кіреді. Мешін: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Ия,ия жоғарлат,қадамың құтты болсын, Жаңа жыл жақсылықпен келерсің,қонағымыз бол!

Ән «Жаңа -жыл» Меруерттің орындауында

Мұғалім :Мешін , сен құр қол келмеген шығарсың,қандай сыйлығын бар бізге?

Мешін:Мен қазір мына балалармен ойын ойнпймын,той осы балалардікі емес пе ,ал,ендеше кім мықты? Сол ортаға шықсын. 1.Көзін жұмып ата-анасын табу. 3-бала

2.Шар үру. 3-бала

3.қар жинау 3-бала

Өте жақсы рахмет ,бір күліп қалдық.

Тақпақтар: 12 Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл-шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.

13 . Жаңа жылда жаңа бақыт, тыныштық,
Жаса,жаса достық, бірлік, туыстық!
Құттықтайық Жаңа жылда өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық!

14 Жарқыраған шырағы - шыршамыз да нұрланды.
Бақытты жас балалар айтады шат жыр - әнді.
Жаңа жылда сайланып, шыршамызды айналып,
Би билейік ән салып,
Баршамыз да жар салып!

15.Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын. 

16.Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.

17.Шырша қандай керемет,
Ойыншықтар ілінген.
Жымың қағып шамдары,
Бүкіл қызық тірілген-дей

18.Әкелді жыл ырыс құт,
Әлемде той, тыныштық.
Ән салайық жаңаша,
Жаңа жылым тамаша.

19. Байыз таппай менің мына жүрегім,
Бар әлемге шуақ шашып жүремін.
Келген сайын Жаңа жылым жарылқап,
Жақсылық пен ізгі арманды тіледім.

20. Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Қоян жылы мен Ұлу жылы ауысып.
Береке, бірлік, бейбітшілік төрінде,
Тұрайық әр кез татулықпен қауышып.
21.іЖана жылдың шырақтары тұр жанып,
Бара жатыр қараңғы түн нұрланып,
Шырқай берсе таусыла ма әніміз,
Деп тарқалық үйімізге қуанып.

22 .Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Саған әзір жаңа жыр
Елге табыс, жақсылық
Ала келші жаңа жыл!

23. Жаңа жылда жасарған
Жаңа шырша жас арман
Жалт - жалт етіп көрінер
Аппақ әлем құлпырған.

Мұғалімнің сөзі:Балалар қыс сендерге несімен ұнайды? Қыста қандай ойындар ойнайсындар?Ойын түрлерін айтады балалар. Аққала жасаймыз. Ол қалай жасалушы еді ? Сол кезде Есікті тарс,тарс қағып Аққала кіреді.Ту. үлгердім бе әйтуір.Домалап мына желмен жарысып жеткенімше осы болды балалар ренжімеңдерші

Сендермен бірге болуды қалай армандадым десеңдерші. Кәне ,мен сендермен,сендердің ата-аналарынмен бірге болам ойын ойнаймын деп келдім. 3-ойын ойнатылады.

Барлығы бірігіп би кешін жасайды.













57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров71
Номер материала ДВ-353608
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх