Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Внекласный урок по математике на тему "Математикалық эстафета" (6 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

Внекласный урок по математике на тему "Математикалық эстафета" (6 класс)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы:  Математикалық  эстафета
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларға  логикалық, викториналық т.б есеп түрлерін шығарудың шапшаң түрлерін ойын арқылы үйрету
Дамыту: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру,  пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды дене тәрбиесінің элементтерін қолдана отырып, ұжымшылдыққа, зейінділікке, шапшаңдыққа  тәрбиелеу
Сабақ түрі:  сыныптан тыс сабақ
Сабақтың әдісі: ойын түрінде

Сабақтың көрнекілігі: доп, скакалка
Сабақтың құрал жабдығы: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар және де ұстаздар!

Бүгінгі «математикалық эстафета» сайысына қош келдіңіздер! Осы сайыстан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін!
1-жүргізуші: математикалық эстафеталық ойын сабағы 4 кезеңнен тұрады.

Екі топтың танысуы :
Әр топтың аты, ұраны болуы керек (5 ұпай)
«Жекпе –жекке» шақыру. Топ басшыларын жарыстыру
Ойын  түрлерін өткізу.   Эстафеталық жарыстар арқылы  екі топ жарыса бара, тақтада  дайын тұрған есептерді шешу арқылы қайта жарысып орындарына келу керек
«Бәйге» сайысы. Жұмбақ, мақал –мәтелдер айту сайысы
Әділқазы алқасына сөз, қорытындылау

 Мұғалім:
Уа халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі  жарыс төрінде
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып
Есеппен ән салысып
Көңілді жарыс жасайық
Жұмбақ  шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
Мұғалім: Ал балалар, жарысымыздың  екі топтың бір –бірімен танысуы мен топ басшыларын сынаудан бастайық:
Командалардың амандасу рәсімі. Екі топпен танысу (топ басшыларымен де). Әр топ  аттарыңызды, ұрандарыңызды таныстырып өтесіздер.
Топтардың сәлемдесуі:
1 топ:                   Шақырамыз, келіңдер жарысуға.
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық , ортамызға.
Ал кәне, кім шығады, сайысуға!
2 топ:         Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көресіздер!
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер!

Сіздер бір-бірлеріңізге қандай тілек айтасыздар?

І. «Жекпе-жекке » шақыру. Топ басшыларын сынаққа шақырамыз: Мына есепке ойланып  кім бірінші жауап берсе, сол басшы өз  тобына 5 ұпай жеңіп береді.
а) Әкемнің жеті ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы болғаны? (8)
б) Жанардың әр түсті 20 шары бар: сары, жасыл, көк және қара. 17 шардың жасыл емес екендігі, 5 шардың – қара, ал 12 шардың сары емес екендігі белгілі. Жанардың қанша көк шары бар? (15)
в) 2,3 және 4 сандарының бәріне бөлінетін ең кіші натурал сан қандай? (12)
ІІ. Эстафеталық ойындар!

Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы.
 
Мықты болсаң –арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң –шоқалаққа сүрінбе,
Мықты болсаң –тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт,
Мықты болсаң –заманыңды көктеп өт!

Мұғалім:1-эстафеталық ойынның шарты: Тақтадағы есептерді шешулерің керек.  Эстафеталық ойын шарты бойынша допты 1-мәреден жерге ұрып отырып, екі топ жарыса 2-ші мәреге жарыса жүгіреді, жетісімен тақтада жазылып тұрған есептерді шеше сала қайта өз тобына жүгіруі қажет. Қай топ 1-ші  болып аяқтаса, сол топ 1-ші болып саналады.(Маркер қолдану).Әділ қазылар алқасы қай топ қанша есеп шығарғанын жазып белгілеп отырасыздар

hello_html_m592752f9.gif
2-эстафеталық ойын Бұл ойында скакалкамен тақтаға дейін секіріп барып баспалдақ есебін шешу арқылы орындарыңа жайғасасыңдар
1 «Баспалдақ» есебі


20*5=100                                                        88+12=100
40/2=
 20                         22*4=88
63-23=
   40                                          11*5=55
7*9=
   63                                                       98+12=110
42*2=
  84                                                      7*14=98
25+17=
  42                                                   70-12=58
100-25=
   75                                                 100/5=20

а) 44/4=  11                                         а) 55/5=11
б)4444/44= 101                                   б) 5555/5=1111
в) 44444/4=11111                                   в)55555/5=11111
 
3-эстафеталық ойын

Келесі  эстафеталық ойын. Скакалка қолдану арқылы жарыса  екі оқушы 10рет кім бірінші секірсе, сол бірінші болып логикалық сұраққа жауап береді. Дұрыс жауаптары көп болған команда жеңіске жетеді.
1 сұрақ
Басынан аяғына төңкеріле жазылған түрінде оқығанда өзгермейтін қандай сандарды білесіңдер? (69, 88)
2 сұрақ
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды. (Түйеқұстар ұшпайды).
3 сұрақ
Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды. (10 торғай, басқалары ұшып кетті).
4 сұрақ
5 сұрақ
Төрт  қайың  қатар өсіп тұр.
Әрбір қайында 4-4-тен үлкен бұта  бар.
Әрбір үлкен бұтақта 4-4-тен кішкене бұтақ бар.
Әрбір кішкене бұтақта 4-4-тен алма бар.
Барлық алма саны қанша?
(бір де алма жоқ, қайыңда алма өспейді.)

6 сұрақ
Қайсысы ондық бөлшек?
45               5/72            36,8
7 сұрақ
Сәуленің ұшы бола ма?(болады)

ІІІ. «Бәйге» сайысы
Бұл бөлімде оқушылар мақал –мәтелдер айту арқылы жарысады. Мен бастаймын, ал сендер жалауша көтеру арқылы аяқтайсыңдар

Бір тал кессең ... тал ек

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді ......

Досыңды үш күн сынама ....

Білгенің бір тоғыз ....

Бір кісі қазған құдықтан .....

Ұлға отыз үйден ....

Білекті бірді жығады ...

Қыздың ....
Жұмбақтарға жауап береді.
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан жағыңа қарамай? (Натурал сан)
Бүтін , бөлшек  бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшек)

Күн-күн сайын жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық (өшіргіш)
Жоқ өзінде бас та,
Қас та мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында (Сызғыш)

Түйе бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін білсең санап қой. (17)


ІҮ.Сабақты қорытындылау
Олар жайлы төреші
Көрермендер өздерің
Ақ қарасын айырып
Куә болды көздерің.
Көңіл бөліп бұл жарысқа
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге мың рахмет
Ендігі сөзді  әділқазы алқасына беріледі
Марапаттау




Автор
Дата добавления 27.11.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров174
Номер материала ДВ-203033
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх