Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Внекласное мероприятие по химии на тему «Химия әлеміне саяхат»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Внекласное мероприятие по химии на тему «Химия әлеміне саяхат»

библиотека
материалов

«Химия әлеміне саяхат» сайысы

Семей қаласы

«Электротехника колледжі»КМҚК

Химия пәні мұғалімі:

Көбелекова Мөлдір Арипхановна


Мақсаты:Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін

қызықты сұрақтар,жұмбақтар,тәжірибелер бойынша бірнеше

турдан тұратын ойын арқылы бірлесе отырып жүргізу.

Тәрбиелік мақсаты:Химияның әртүрлі сырларын ашу арқылы,химияны танып-білу,сұрақ-жауап,әңгімелесу.

Көрнекілік:Компьютер арқылы электрондық оқулықтардан үзінділер көрсе

ту,химиялық сөздер,сұрақтар.

Жоспары:I.Ұйымдастыру

II.Команданы орта ға шақыру

III. «Химия әлеміне саяхат» сайысының басталуынын хабарлап,

ойын шартымен таныстыру.

1- жүргізуші: «Химия Әлеміне саяхат» сайысын ашық деп жариялаймыз.Химия адам баласын ауадан тыңайтқыш алуды, көмірден бояу, дәрі-дәрмек.пластмасса алуды үйретті.Қазірде бірде- бір зат химиясыз өмірге жолдама ала алмайды десек артық болмас еді.

2- жүргізуші:Химия кереметтері толып жатыр.Сіздер суттен түйме жасауға болады дегенді естігендеріңіз бар ма?Егер білмесеңіздер,біліп қойыңыздар.Кәдімгі сүттен түйме жасауға болады десе сене қояр ма екенсіздер.

1- жүргізуші:Химияның осындай кереметтерін ақындар да әнге қосқан.Ғали Орманов химия кереметтерін былай суреттейді:

Ғажайып нәрсе химия,

Тұңғиық сыры әр алуан

Жоғалып бір зат зым-зия

Жаңалап бірі жаралған

Өмірдің бірақ керегін

Осылай тауып берер ме?

Табар ма ешкім дерегін,

Телмірмей,сірә,тереңге?


2-жүргізуші:Химияның кереметін ақын Құланбай Көшіпов былай суреттейді:


Химия-ырыс бұлағы,

Шалқыған байлық, мол дәулет

Аялап күтіп тұр алда,

Болашағымыз-нұр сәулет.

Аялдама,алға ұмтыл,

Құдіретті біздің ой!

Сенде байлық,сенде ырысы

Сенімен өмір сәнді ғой.

1-жүргізуші:


Қызық думан-өміріміз ғаламат!

Қас қаққанша жаңа қала,жаңа бақ!

Қыруар істің қайсысына болса да,

Құдіретті химия жүр аралап,-дей келе сайысымызды бастайық.

Әрбір сыныптан 5 оқушы шығады. 4 команданың жеке эмблемалары,

шығарған газеттері ,ұрандары болады. Әзілқазылар сайланады.


Жоспары:

1.Таныстыру

2. «Ойлан тап»

3.Ғалым атынан элемент атын құрау

4.Жұмбақтар сайысы

5.Қызықты тәжірибе көрсету

6.Газет

7.Қорытынды

I-тур Таныстыру.Әр команда өздерінің топтарымен таныстырады.


II-тур «Ойлан тап»

1.Табиғи өте қатты зат(алмаз,графит)

2.Өте қатты металл(хром)

3.Реакцияның не жылдамдатады?(катализтор)

4.Адам өмірі үшін қажетті газ(оттек)

5.Қандай металл суға батпайды?(калий,натрий)

6.1955 ж. Американ физигі Г.Сиборг ашқан ұлы орыс ғалымы

Д.И.Менделеев құрметіне аталған элемент?(101 элемент)

7. «Тас тұзы» дегеніміз қандай зат және қайда кездеседі?(натрий хлориді)

8.Аллотропия дегеніміз не?(химиялық элементтердің құрылысы мен

Қасиеттері бойынша әр түрлі екі немесе бірнеше жай зат түрінде болу

қасиеті)

9.Сұйық металл (сынап)

10.Жер қыртысында ең көп тараған элемент (оттегі).


ІІІ-тур Ғалым атынан элемент атын құрау:

  1. Бутлеров

  2. Пруст

  3. Авогадро

  4. Менделеев.

ІV-тур Жұмбақтар сайысы:

  1. Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық,

Қандай металл, құрал жасар оны құйып (сынап)

  1. Су бетінде қалықтап, қанда металл жүзеді,

Айтшы ойланып денеңде, жетіспейтін қай тұз еді (ас тұзы)

  1. Жұртқа әйгілі кесірі,

Галогендер өкілі,

Тоғызыншы торға қамалған.

........ серігі мен болам (фтор)

  1. Газбын өткір иісті,

Салмағым ауыр ауадан,

Өткен талай соғыста

Тұншыққан менен көп адам. (хлор)


V-тур Қызықты тәжірибе көрсету


1-ші топтың жұмысы. Ең бірінші қауіпсіздік ережелері айтылады. Тәжірибе бойынша түсіндірме қағаз алдарына беріледі. Тәжірибені түсіндіріп, реакция теңдеуін жаза білуі тиіс.

Химиялық жанартау:

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: аммоний бихроматының ұнтағы, магний ұнтағы, асбест пластинка, шыны таяқша, спирт шам.

Түсініктеме: аммоний бихроматын аздап қыздырса жасыл түсті хром оксидіне, азот газына және суға ыдырайды. Магний ұнтағын салып араластыру арқылы күшейтуге болады. Бұл кезде лава тасқынымен бірге қызған тастар да атқылайды.

2-ші топтың жұмысы.

Қалайы тон:

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: стақан, мырыш, пластинкасы, қалайы ІІ хлоридінің концентрлі ерітіндісі.

Түсініктеме: сулы ерітіндіде активтілігі жоғары мырыш қалайыны оның тұзынан ығыстырып шығарады. Мырыш пластинкасынан қиылып алынған фигураның беті жылтыраған инелермен қапталады.

3-ші топтың жұмысы.

Сиқырлы жалын:

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: ақ қағаз, күкірт қышқылының ерітіндісі, шыны таяқша, жанарғы.

Түсініктеме: ақ қағаздың бетінде қара түсті жазу немесе суреттің пайда болуы, ол органикалық заттың күкірт қышқылының көмірге айналу нәтижесінде түзіледі.

4-ші топтың жұмысы.

Жанбайтын орамал:

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: орамал, су, ацетон, қысқыш, сіріңке.

Түсініктеме:ацетон, спирт оңай тұтанатын сұықтықтар, сондықтан ол жанады, ал су жануды қолдамайтындықтан суға батырылған орамал жанбай сол күйінде қалады.


VІ-тур Алдын-ала жасалып ілінген топ газеттері көрсетіледі.


Әділқазылардың қорытындыларының хабарлануы. Топтардың марапатталуы.









Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Номер материала ДВ-440415
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх