Тақырыбы: « Білгір биологтар» сайысы.
Мақсаты:
1. Оқушылардың биология
пәнінен алған білімдерін жинақтап, қорытындылау. 2. Оқушыларға әртүрлі сұрақтар
беру арқылы биология пәні бойынша білімдерін, шығармашылық қабілетін,
дүниетанымдығын дамыту.
3. Оқушыларды
шапшаңдыққа, тез ойланып және өз ойын толық әрі еркін жеткізуге, биологиялық
тілде сөйлей білуге тәрбиелеу. Үштілділікті дамыту.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жарыс сабақты бастау.
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды-
II. Сайыс кезеңдері:
І кезең – «Таныстыру»
ІІ кезең – «Қызықты
сұрақтар»
ІІІ кезең –«Полиглот -
тіл өнері»
ІҮ кезең – Бұл қандай
ғылым?
III. Қорытындылау.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
« Білгір биологтар» атты
7- сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін сайысына қош келдіңіздер.
Бүгінгі жастар-еліміздің
ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, таным
қызығушылықтарын дамытатын, шығармашылыққа шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын
интеллектуалды ойынды бастаймыз
Ойынға 3топ қатысады. Сайысқа қатысушыларды
таныстырып өтейін:
« » тобы 7 «Ә»- сынып оқушылар
« » тобы 7 «Б»- сынып оқушылары
« » тобы 7 «В»- сынып оқушылары
Әділ бағасын беретін
әділ-қазылар алқасы таныстырылады.
Сайыс 4- кезеңнен тұрады:
І кезең – «Таныстыру»
ІІ кезең – «Қызықты
сұрақтар»
ІІІ кезең –«Полиглот -
тіл өнері»
ІҮ кезең – Бұл қандай
ғылым?
1 - кезең «Таныстыру» кезеңінде әр топ өз тобын таныстырады. 10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.
2 - кезең «Қызықты
сұрақтар» кезеңінде әр топқа 5 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа толық
жауап береді. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.
3- кезең «Полиглот »
кезеңінде әр топқа 2 жұмбақ оқылады. Сайыскерлер оқылған жұмбақтың жауабын 3 тілде
қазақша-орысша-ағылшын тілінде айтуы керек
Дұрыс толық жауап үшін 15
ұпай беріледі,2 тілде жауап берсе 10 ұпай, бір тілде жауап берсе 5 ұпай
1)Ағашта жабысып тұрады
Тұмсығын алмай ұрады
Тоқылдақ – Дятел –
Woodpecker
2)Мойны сұрақ белгісі
Бұл қандай көл құсы
Аққу – Лебедь– Swans
3)Бұйра тұлымы желмен
ойнайды
Қызыл мұрыны жерге
бойлайды
Сәбіз – Морковь – Carrot
4- кезең«Бұл қай ғылым?»
Оқушыларға уақыт беріледі
таңдаған саласы бойынша термин сөздерді
жазып шығады.
Алғырлар тобы
1.Ботаника
2.Бриология
3.Цитология.
Жүйріктер тобы
1.Гельминталогия
2.Орнитология
3.Маммология.
Жүйріктер тобы
1.Арахнология
2.Микология
3.Микробиология
Қорытынды Сайыс мәресіне
жетті. Сөз кезегін әділқазы алқасына бере отырып, сайысты аяқтау .
Биология пәнінен
өткізілген сыныптан тыс сабақ Тақырыбы: « Білгір биологтар» 7
сыныптар
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.