Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Внеклассная работа "Аналарға құрмет-өнеге бастауы"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Внеклассная работа "Аналарға құрмет-өнеге бастауы"

библиотека
материалов

Қостанайоблысы, Амангелдіауданы

Б. Қолдасбаев атындағы орта мектебінің аға тәлімгері
Ақышова Ақтоты Ауданбекқызы


«Аналарға құрмет-өнеге бастауы» атты салтанатты жиын бағдарламасы


Баяу мызыка 1-сынып оқушысының монологы:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

1-жүргізуші:

Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.


Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

2-жүргізуші:

Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Айтмағамбетов Абай Кәрімұлына береміз.

1-жүргізуші:

Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын, 
Анам менің, асылым, лағыл әнім. 

2-жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

Ән

1-жүргізуші: 
Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды. 
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса мектебіміздің жас ақындарының сіздерге арналған арнауларын тыңдайық.

2-жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті
мың бұралғанбишілерге береміз.


1-жүргізуші:

«Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

2-жүргізуші:

Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

1-жүргізуші:

Хадис: Мұхаммед айтқан:
«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші:

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

Дуэт: «Асыл ана» әні.

Көрініс: «Соқыр ана»


1-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды


Ән

Көркем сөз:«Ана».


1-жүргізуші: 
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолында


2-жүргізуші: 
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары

1-жүргізуші: 
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар.
Барлықжақсылықтысебетін де аналар. Ендешесоланаларалдында бас иелік! 

(Жүргізушілер бас иеді)


2-жүргізуші:
Не дегенқұдіретедіңіздер, аналарым!
Сыйынатынболсаөмірдеқұдірет,
Сыйынар ем анадегентәңірге!
Анады да, мені де әлпештеген,
Қайтпасқайрат, дариядайақылберген.
Ниетіңқабылболсын, аналарым,
Өркендепөсеберсін, бала-шаға, немерелер.
Баршаанақұттыболсынмерекеңіз,
Әрқашандаанасізбенберекеміз.
Ақтасақақсүтіңді, асыланам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз

Хор: «Шет жүрсем сағынарым»


1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.


2-жүргізуші:

Сіздерді мереклеріңізбен шын жүректен құттықтай отыра, осымен концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-364363

Похожие материалы