Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Внеклассная работа "Білім еліне саяхат"

Внеклассная работа "Білім еліне саяхат"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Білім еліне саяхат.

Сабақтың мақсаты: Балалардын жыл бойы алған білімдерінің сапасына көз жеткізу. Ана тіліндегі өткен дыбыстарды қайталау. Сөзді буынға бөліп және тұтас окқға жаттықтыру. Сауат ашуда сөздік қорды байыту, түрлі суреттер және сөздік ойындар арқылы балалардын байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, суреттер, ребус схемасы, атрибуттар.

Сабақтың барысы:

Балалар, біз бүгін білім еліне саяхатқа шығамыз. Ол жерде сендердің жыл бойы балабақшада не үйренгендеріңці тексереді. Сендер ондай сынаққа дайыңсындар ма?

Дайынбыз.

Ендеше саяхатка аттанайық.

Жолда "Ғалым" кездесті. Ол сабақ жүргізу тізгінін өз қолына алды.

1.Балалар мына көрсетілген суреттерді атап, дыбыстық талдау жасап жіберейік.

2. Мына суретте кандай пішіндер бейнеленген?

3. Логикалық есеп.

Қыстыгүні ағаш басында үш алма өсіп тұрды. Оның біреуін мен үзіп жедім, сонда қанша алма қалды? Жауабы: Қыста алма өспейді.

4. Кеңістікті бағдарлау (Ғалым елінің иесі балалармен қоштасады).

"Ғалым" аға, біз енді калай жүреміз? Жолымыздан адасып қалдық қой.

Тура жүріп оңға бұрылсандар, іздеген жерлерінді табасыңдар. Балалар музыка әуенімен саяхатқа аттанады (Әріптер еліне келеді). Әріптер елінен бұларға ақ сақалды қария кез болады.

Амансыңдар ма, балаларым!

(Әріптер атасы балаларға өзінің тапсырмасын ұсынады).

"Өзгеше буынды тап" ойыны.

(Әріптер атасы балаларға рақметін айтып, кала береді). Т: — Біздің саяхатымыз әрі қарай жалғасады. Жүре-жүре "Сауаттылық" еліне келіп жетеді.

Сұрақ белгісі елінің иесі, өзінің үтір, нүкте көмекшілерімен балаларды қарсы алады, оларды таныстырады.

Сұрақ белгісі өзінің тапсырмасы бар конвертін ашады да, мына төмендегі тапсырмаларды оқиды.

І.Ата, көктем, оқушы деген сөздерге сөйлем құрандар.

2.Дидактикалық ойын.

3.Ребустағы сөзді сурет бойынша оқу.

4.Суреттер арқылы "мектеп" сөзін жазу.

5.Жұмбақтар шешу.

а) Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

ә) Ат міндім қара ала таяқ,

Жүргенде жол салады табандатып. (Қалам)

Сұрақ белгісі балалармен қоштасады.

Балалар, біз бағанадан бері жол жүріп шаршаған болармыз. Ән айтып, би билеп, біраз бой жазып алайық. (Бой жазу жаттығулары).

Саяхат одан әрі жалғасуда. Оларды енді қуыршақ елінің кейіпкерлері қарсы алады. (Түлкі, қоян, тазша бала).

Қуыршақтар: - Сәлеметсіздер ме?

Балалар: - Сәлеметсіз бе?

Тәрбиеші: - Балалар, біз қайда келдік?

Балалар: - Ертегілер еліне.

Тәрбиеші: Балалар, түлкі, қоян қай ертегінің кейіпкерлері? Б" — "Құлақ", "Тазша бала" ертегілерінің кейіпкерлері. Т: - Балалар, сендер қандай ертегі қойып бергілерің келеді? Балалар "Жыл басына таласқан хайуанаттар" ертегісінен койылым көрсетеді.

Балалар қол ұстасып саяхатқа аттанады. Жолда оларға сандық кез болады. Онын ішінде қозы.

Т: — Бұл сандықты ашпас бұрын жұмбақ шешейік.

Жұмбақ: Кішкене ғана қошақан.

Өзі сондай момақан. (Қозы)

Балалар: - Қозы.

Т: — Қозы ненің төлі?

Б: — Қойдың төлі.

Т: — Осы кішкене қозы туралы кім әңгімелеп айтып береді?

(Бір бала әнгіме айтып береді. Жаңбырдың тырсылдаған дауысы естіледі)

Т: — Балалар, бұл не дыбыс деп ойлайсыңдар? Жауынды бізге не әкеледі? Дұрыс, қане, оқиықшы мына ғажайып бқлттардағы буындарды.

Най - за - ғай.

- Балалар, қарандаршы қандай ғажайып ағаш. Қалталарда қағаз қыстырылып түр, оқиықшы "Сөзді өзгертіп оқы", - депті. Діңінде қандай сөз жазылған екен? Жапырактарында ше? Қане, косып оқиық.

- Өте жақсы, балалар. Байқайсындар ма, балалар, күн де кешкіріп қалыпты. Біздің қайтар уақытымыз таяп қалған сияқты. Ал енді қайтсақ қалай қарайсыңдар.

Балаларға қайтар жолда "Ән аруы" кездеседі. Балалар жол бойы ән айтудан сайысқа түседі.

- Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

- Қандай елдерге саяхат жасадық?

Сабақ соңында "Ғалым аға", "Сұрақ белгісі", "Әріптер атасы", "Ән аруы" жиналып сабақты қорытындылай келіп, үздік шыққан балаларға сыйлықтарын береді.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров92
Номер материала ДВ-423049
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх