Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Внеклассная работа "Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген"

Внеклассная работа "Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қостанай облысы, Амангелді ауданы

Б. Қолдасбаев атындағы орта мектебінің аға тәлімгері
Ақышова Ақтоты Ауданбекқызы


Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген...
(ән-жыр кеші)


Безендірілуі: баннер,слайд,қаламның суреті
Сахнаны қарағылап, «Пай-пай –өмір» Мұқағали ақының өз дауысы.
«Менің анкетам» өлеңі көрініс түрінде көрсетіледі.
Дәрігер:№17 палатадағы Мұқағали жолдас, бері келіңіз, анкета толтырамыз.
Дәрігер: Туған жеріңіз?
Ақын: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Дәрігер: Туған жылыңыз?
Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Дәрігер: Шыққан тегіңіз?
Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Дәрігер: Білімің ше?
Ақын: Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға балаймын.
Дәрігер: Ана тілің?
Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.
Дәрігер: Қайда істейсің?
Ақын: Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал. Оқымаған дипломсыз демесең, бір бойымнан бар мамандық табылар.
Дәрігер: міндеттісің бе әскерге?
Ақын: Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой, жанын қиған Мәскеуде.
Дәрігер: Шет елдерде болдың ба?
Ақын: Болғам жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, осы отырған орнымда - ақ.
Дәрігер: Мекен - жайың?
Ақын: Мекен - жайым - жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, мен өмірді жырлау үшін келгемін.
Дәрігер: Мұқағали жолдас, сіз әлі қаралып, дәрі ішуіңіз керек.
Ақын: Керегі жоқ, керегі жоқ, керегі жоқ бәрінің. Иненің де керегі, керегі жоқ дәрінің.
Дәрігер: Сіз қаралып, емделіп шығасыз, сіздей адам бізге қажет, тыңдап көрейін, әлі - ақ жазылып кетесіз.(тыңдап, дәрі жазып береді.)

«Өзімнің есебімше» атты өлеңін оқып сахнадан шығып кетеді.

Ән: Есіңе мені алғайсың
1-ж: Армысыздар, ақынын аялап азаматын ардақтаған құрметті көрмермендер!

2-ж: Шындықтан туған шынайы поэзияның иесі, қазақтың қара өлеңінен ешкімге ұқсамайтын өзгеше рең, өшпес бояу беріп, қайталанбас құбылысқа айналған мұзбалақ ақын М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естіміген» атты ән жыр кешіне қош келдіңіздер!

1-ж: Бүгін ереулі атқа ер салып жүріп, егеулі найза қолға алып жүріп, еңку - еңку жер салып жүріп, ойраны шыққан ғасырлардан көріп

Патша құдай сыйындым,

Тура басса өзіңе.

Жау жағадан алғанда,

Жан көрінбес көзіме- деп, күреңе толқыған

2-жүр: ескі мен жаңаны, батыс пен шығысты жалғаған, ғаламдық биікке көтерілген мәңгілік сарыңдардын шалқар кеңістігіне шыққан қазақ жыры Мұқағали үні болып, сана атаулыны қозғауда. Мұқағали мұңы болып жүректерге сапар шегуде.

1-жүр: Бүгін естір құлақ пен ескі үнді қайрап бір сілкініп ұлы музаның сиқырлы сырлы сазына шомылары меңіреу шыңдарға тіл бітіп бедеу қырларға үн қоңары қошқар мүйізді қазақтың қай-қайағысы еске түсері жазғыны тұлпары тулап көгінде қыраны қалықтары жаны жадырап, көңіл толқыры ақиқат.

«Атырау, Алтай» поэмасынан үзінді -Жасұлан,Әли,Әли,Рүстем,Кенжеболат,Ерұлан.

Ән: «Туған жер»

1-Жүр: Ақын қиялы мен арманын, ақын ойы мен мұратын жырсыз елестету мүмкін емес.

2-Жүр:

Ойлы жаз өлең менің сырласымдай

Сырлассамда құмарым жүр басылмай

Айтып өткен ақында арман барма

Жүргенің түбіне кір жасырмай

Мақатаев жырларының әр сөзі қорғасындай салмақты әр тіркесі өмірдің өзіндей бейнелі де бедерлі әр ойы тағдырдың көзіндей тереңде тегеурінді.

«Автограф» - Шайбан

«Туады ақын» - Аяжан

«Жазылар естеліктер мен туралы» -Серік

«Үш бақытым» -Ажар

«Аттандырып тым тәтті сәттерімді» - Ұлту

«Не сыйлайды,не береді келер күн?»-Осман


«Бақыт дегенім» әні – Мөлдір,Гүлім,Динара,Бекболат


«Аққулар ұйықтағанда» - көрініс


«Жас қайың» әні


«Сәби болғым келеді» - Ұлту

«Ақ кимешек көрінсе» - Мағжан

«Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің» - Рүстем

«Қариялар азайып бара жатыр» - Гүлжан

«Шеше, сен бақыттысың» -Арай

«Сен қартайды дегенге» - Нұрсаят


«Қайраң жеңгем» әні


Жүргізушілер: Мұқағали-Фаризаның сөзінен монолог

Ән «Фариза қыз»


«Жоқ, дәрігер» -Айзада

«Шыда, шыда»-Ұлпан

«Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген» - Маншүк

«Бұлқынба жүрек» - Айым

«Арыз жазып кетейін» - Данияр


«Аңса жаным» «Сенің көзің» әні


Экранда Гүлнар Дәукенованың «Күрең күз» әнінің шығу тарихы туралы берілген сұхбаттан үзінді.

Квартет: «Күрең күз»


2-Жүр: Ұлы қуаныштары мен ұлы қасіреттерін терең сезініп, тебірене жырлаған Мұқағали Мақатаев жыр тауында асқақтай түспек.

1-жүр:Қазақ жыры аманда, қазақ өлеңңн оқитын ел аманда. Мына сыры мен сиқыры мол ғаламда өзінің құндағында тебірентер, құдіретті жырының өз халқымен бірге өзінің ұлы даласымен бірге өмір сүрері, ғұмыр кешері ақиқат.












































Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров92
Номер материала ДВ-364358
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх