Инфоурок Начальные классы ТестыВнеклассная работа 2 класс

Внеклассная работа 2 класс

Скачать материал

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл селосы

«№11Қоскол жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

C:\Users\User\Documents\Scanned Documents\Рисунок (11).jpg

Тақырыбы: Сынып озаты

Мақсаты: 1.Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой-

өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық

ойлы оқушыны анықтау.

2.Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын

және ойлау, ойды жүйелеу қабілетін арттыру.

3. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны

тәрбиелеу.

Көрнекілігі : интербелсенді тақта


Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» - деп Шоқан ағамыз айтып кеткендей, егеменді еліміздің болашағы, ертеңі тек қана білімді жастар.

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар, - дегендей, осы мақсатпен 4-сынып оқушыларының арасынан суырылып шыққан дарабоздармен «Сынып озаты» атты білімділер сайысын өткізгелі отырмыз. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ал, құрметті халайық,

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шықты сайысқа,

Қол соғып қарсы алайық, - деп қошеметпен сайыскерлерді ортаға шақырайық!


1. Әбілов Нұрперзент Ғалымұлы

Жылы – мешін

Жұлдызы – егіздер

Сүйікті пәні – қазақ тілі, ана тілі

Сүйікті тағамы – манты

Отбасында - әкесімен, анасымен тұрады.


2. Әбдікәрім Ержан Алтайұлы

Жылы – мешін

Жұлдызы – мерген

Сүйікті пәні – Ана тілі, дүниетану

Сүйікті тағамы – манты, пельмен

Обасында – анасымен, 1 інісімен тұрады.

3. Күмісбеков Аман Ғалымжанұлы

Жылы – Қой

Жұлдызы – мерген

Сүйікті пәні – математика, бейнелеу

Сүйікті тағамы – пельмен

Отбасында – анасы, 1 ағасы, 1 егізі, 1 інісімен тұрады.


4.Қалиев Ерболат Серікұлы

Жылы - мешін

Жұлдызы – таразы

Сүйікті пәні – математика, бейнелеу

Сүйікті тағамы – пельмен

Отбасында – әкесі, анасы, 2 апасымен тұрады.


5. Сапар Әділет Бағдатұлы

Жылы – тауық

Жұлдызы – суқұйғыш

Сүйікті пәні – математика

Сүйікті тағамы – ет

Отбасында – анасы, 1 апасы, 1 інісімен тұрады.


6. Серік Жаңыл Қанышқызы

Жылы – мешін

Жұлдызы – Сарышаян

Сүйікті пәні – орыс тілі, математика

Сүйікті тағамы – сүт көже

Отбасында – әкесі, анасы, 2 пасы, 1 інісімен тұрады.


Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. - деп Әділ қазыларды сайлап алайық.


Төрайымы:

Мүшелері:






«Сынып озаты» сайысының ережесімен таныстыру.

1. Сайысқа 4-сыныптың 6 оқушысы қатысады.

2.Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

3. 2 кезеңнен кейін ең аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

4.Одан кейінгі 2 кезеңнен кейін тағы ең аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

5. Соңғы 2 кезеңнен кейін көп ұпай жинаған оқушы «Сынып озаты» номинациясына ие болады.


«Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар» - демекші ойынға қатысушыларға сәт-сапар тілейміз.

І.кезең. «Біліміңді сына»

1 оқушыға:

1.Ең үлкен төрт таңбалы санға 1-ді қосқанда неше шығады?\10000\

2. Қазақ тілінде неше септік бар? \7\

3.Мәтін дегеніміз не?

4. Ұлы Отан соғысында пулеметші болып ерлік көрсеткен қазақтың батыр қызы кім? \Мәншүк\

5.Сүлеймен патшаның жарлығын орындамаған құс қай ертегіде айтылады?

\Сатқын жапалақ\


2 оқушыға

1.Фигураның ауданын қалай табамыз? \ені мен ұзындығын көбейтеміз\

2.Сын есім дегеніміз не? Заттың сынын, түрін, түсін, сапасын білдіреді\

3.»Тіл құралы», «Қырық мысалды» жазған кім? \А.Байтұрсынов\

4. Желтоқсан оқиғасының батыр ұл-қыздары кімдер?\Қайрат Р, Ербол С, Ләззат А , Сабира Мұханбетжанова, т.б.\

5. «Уа, тұтқындар!- дейді әмірші, Күншуақ елінің әйел затына азаттық беремін...» бұл үзінді қай шығармадан алынған? \ Әйел – Ана\


3 оқушыға

1.Жылдамдықты қалай табамыз? \Қашықтықты уақытқа бөлеміз\

2.Қазақ тілінде дауыссыз дыбыс нешеу? \ 25 \

3.Диалог дегеніміз не? \Екі адамның кезектесіп сөйлесуі\

4.Геолог зерттеуші, тұңғыш академик кім? \Қ . Сатпаев\

5. «Бала Тұрар» әңгімесінің соңында қоңырау сылдыры неге ұқсап етті деп жазады? \Кісен сылдырына\.





4 оқушыға

1.Бөлудің компоненттерін ата. \Бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні\

2.Үнді дауыссыз дыбыстарды ата. \л,м,н,ң,р,й,у\

3.Монолог дегеніміз не? \ Өзімен өзі сөйлесуі\

4.Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? \Ю.Гагарин\

5. «Жетім» әңгімесінің авторы мен басты кейіпкерін ата.\ М.Әуезов, Қасым\


5 оқушыға

1. 1 ғасырда неше тәулік бар? \36600 немесе 36500 тәулік\

2.Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата. \б,в,г,ғ,д,ж,з\

3.Көбінесе тарихта болған адамның басына құрылған шығарма қалай аталады?

4.Көкшетаудың көркемдігі мен әсемдігін суреттеген ақын кім? \І,Жансүг. \

5. «Аспан өртеніп, топырақ жанды. Шың-құздан тас құлап, тау төсінен арқар ауды..» бұл көрініс қай әңгімеде бейнеленген? \Дегелеңдегі жарылыс\


6 оқушыға

1.Үш тәулікте неше сағат бар? \72 сағ. \

2.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата. \ә,ө,е,ү,і,и.э\

3.Сатира дегеніміз не? \Күлкіге, әзіл-сықаққа құрылған шығарма\

4. «Дала жұлдызы» деп кімді айтамыз? \Ы.Алтынсарин\

5. «Сен неге үндемейсің? Бізге еш нәрсенің қажеті жоқ, Астау да, үй де, жиһаз да керек емес, Бір - ақ өтінішім бар...» бұл үзінді қай шығармадан алынған? Ол қандай өтініш? \Алтын балық. Апасының ауруын жазу\.


ІІ. Кезең «Пәндерге саяхат»

Қазақ тілі

20. Бастауыштың қимылын білдіретін сөйлем мүшесі \Баяндауыш\

30. Біріккен сөздер дегеніміз не? \Екі не одан да көп түбірден құралған сөздер\

40. Берілген қысқарған сөздерді толық айт.\ТМД, АҚШ, БҰҰ, \


Ана тілі

20. «Есіл-дерті сол ойынға ауып кеткендіктен, оған екі күн бармаса басы ауратын

жағдайға да жеткен» деген үзінді қай шығармадан? Авторы кім?

\Мектептен жырақ жол. Динара Мыңжасарқызы\

30. «Әлгі бала қаптың аузын ашып жіберді де, бір уыс ұсақ тас алып шықты» бұл кім туралы жазылған мәтін және қалай аталады? \Қ.Сатпаев,Қазына көтер. бала

40. Бұл кісі қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі. Жастайынан әкесінен жетім қалады. Оны немере ағасы Абай қамқорлығына алады. Бұл ақын кім? \Ш.Құдайб.\



Математика

20. Жаяу жарысқа 200 оқушы қатысты. Бірінші сыныптан 30, екінші сыныптан 80 оқушы қатысты, Үшінші сыныптан неше оқушы қатысты? \90 оқушы\

30. Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар. Осындай 12 ыдыста неше кг бал бар?\60кг бал\

40. Бағалары бірдей бірнеше костюм және олардан 2-еуі артық пальто сатып алынды. Костюмдерге қарағанда пальтолар үшін 16600 теңге артық төленді. Бір пальто қанша тұрады? \8300 теңге\


Дүниетану

20. Қазақстан неше елмен шектеседі? Ата.5.Ресей, Қытай, Түркм. Өзб. Қырғызс.\

30. Материктерді ата. Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан?\Еуразия матер.\

40. Жер шарында неше мұхит бар? Ата. Ең үлкені қайсы? \4. Тынық, Атлант,Үнді, Солтүстік Мұзды мұхит. Үлкені Тынық.\


Осы 2 кезеңнен кейін ұпайы аз екі ойыншы ойыннан шығады.


ІІІ. Кезең «Сәтті кезең»

Бұл кезеңде сайыскерлер түстерді таңдау арқылы мақал-мәтелдер таңдап алады, әр оқушыға 4 мақал-мәтелден жалғастырады.

Ұпайы аз ойыншыдан бастаймыз.

Сары түс

1Көп тілесе алар, \Күн бұлттанса жауар\.

2.Сумен ойнама батарсың, \Отпен ойнама жанарсың\.

3. Білген кісі тауып айтады, \Білмеген кісі қауып айтады\.

4. Бірлігі жоқ ел тозады, \Бірлігі күшті ел озады\.


Көк түс

1.Ер салмағын ел көтерер, \Жер салмағын жер көтерер\.

2.Жан қиналмай жұмыс бітпес, \Талап қылмай мұратқа жетпес\.

3.Өзің білмегенді кісіден сұра, \ Үлкен болмаса кішіден сұра\.

4.Еңбектің наны тәтті \ Жалқаудың жаны тәтті\.


Қызыл түс

1.Ақыл -тозбайтын тон, \Білім- тасылмайтын кен\ .

2.Істегенің еліңе жақсы, \Үйренгенің өзіңе жақсы\.

3. Ел жаусыз болмас, \Жер таусыз болмас\.

4. Мал өсірсең қой өсір, \Өнімі оның көл-көсір\.



Жасыл түс

1.Қайран менің өз үйім, \ Кең сарайдай боз үйім\.

2.Жанған от тәнді жылытады, \Жақсы сөз жанды жылытады\.

3.Ақылды ісіне сенеді, \ Ақымақ түсіне сенеді\.

4.Кісі елінде сұлтан болғанша, \Өз еліңде ұлтан бол\.


ІҮ. Кезең «Сыр сандық құпиясы»

Бұл кезең 2 бөлімнен тұрады.

1-бөлім «Сырлы сандық» \тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашу\.

2-бөлім «Сырлы сандар» \киелі сандарға байланысты тапсырмалар\


«Сырлы сандық» бөлімі

Көк сандық

1.Көзге түртсе көргісіз – қараңғы

2.Үйді басына көтеру – айқайлау

3.Айды аспанға шығару – ерекше іс жасау, таңғалдыру


Қызыл сандық

1.Төбе шашы тік тұру – қорқу, шошу

2.Таяқ тастам жер – өте жақын

3.Тайға таңба басқандай – ап - анық


Жасыл сандық

1.Бармағынан бал тамған - шебер

2.Бетінен оты шығу – ұялу

3.Жаны мұрнының ұшына келу – қиналу


Сары түс

1.Жерге кіре жаздау – ұялу

2.Жүрегінің түгі бар – батыл, батыр

3.Тісі - тісіне тимеу – тоңу


«Сырлы сандар» бөлімі

2

8

1

3



3арсыз 7ата 7жетекші 3би

9

5

4

4




7ырыс 3дана 7қазына 5қару



2 – 3 арсыз \күлкі, ұйқы, тамақ\

3 – 7 ата \бала, әке, ата, арғы ата,баба, түп ата, тек ата\

8 – 7 жетекші \Адамның басшысы –ақыл,Жетекшісі-талап, Жолаушысы-ой,Жолдасы-кәсіп, Қорғаны-сабыр, Қорғаушысы-мінез, Сынаушысы-халық\.

9 – 7 ырыс \Адамның ақыл-ойы, санасы,денсаулық, ақжаулық, бала, көңіл,жер, ит\

1 – 3 би \Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би\

4 – 3 дана \Абай, Шоқан, Ыбырай\

5 – 7 қазына \Жүйрік ат, қыран бүркіт,құмай тазы, берен мылтық,қанды ауыз қақпан, Майланған ау, өткір кездік\

4 – 5 қару \найза, мылтық, садақ, қылыш, айбалта\


Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.


Ү кезең. «Ол кім? Бұл не?»


Қызыл түс: Абылай ханның шөбересі. Әкесі ел билеуші аға сұлтан болған әйгілі адам. Шын аты – Мұхаммедқанафия \Ш.Уалиханов\




Көк түс: Биіктігі-97 метр. Төбесінде алтын жұмыртқа сияқты үлкен шар орналасқан. Шардың диаметрі-22 метр, салмағы-300 тонна.

\Бәйтерек\



Жасыл түс: Ол кісі 1781 жылы дүние салды. Денесі Ахмет Иассауи кесенесінің іргесіне жерленді. Жас кезінде Төле бидің малын баққан. \Абылай хан\



Қара түс: 2009 жылы 20-қазанда, Елордамыз Астанада Қазақстан мемлекеттілігінің басты бейнесі ретінде тарихқа енген монумент.

Биіктігі 9 1метр. \Қазақ елі монументі\



ҮІ кезең. «Жорға»

Бұл кезеңде 1минутта сұрақтарға жауап беру керек, дұрыс жауабына қарай ұпай есептеледі. Сайыста көп ұпай жинаған сайыскер жеңіске жетеді.

А

1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері – \Т.Әубакіров\

2.Қазақстанда неше облыс орталығы бар? \14 \

3.Н.Назарбаевтың туған жылын ата \1940ж\

4.Абылайдың азан шақырып қойған аты – \Әбілмәнсүр\

5.Ең кіші төрт таңбалы сан – \1000\

6.Сөз неден құралады? \дыбыстан\

7.Ең терең көл – \Байкал\

8.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? \3-ке\

9.Жыл басы не ? \тышқан\

10.16 желтоқсан қандай мереке? \тәуелсіздік күні\

11.Көру мүшесі не? \көз\

12.Ұя салмайтын құс – \көкек\

13.12 ай қалай аталады? \Жыл\

14.64 қай санның квадраты? \8саны\

15.Периметрді қалай табамыз? \ Барлық қабырғаларын қосамыз\

16.1км-де неше метр бар? \1000м\

17.Анаңның әкесі саған кім болады? \нағашы ата \

18.Қазақстанның ұлттық волютасы – \теңге\

19. Түйенің пірі – \Ойсылқара\

20.Барыс септігінің сұрағы - \Кімге? Неге? Қайда?\





Б

1.Қазақтың тұңғыш президенті кім \Н.Назарбаев\

2.Қазақстан неше елмен шектеседі? \ 5елмен\

3.Н.Назарбаевтың туған күні қай күн? \6-шілде\

4.Қабанбайдың шын аты – \Ерасыл\

5.Ең үлкен төрт таңбалы сан – \9999\

6.Сөйлем неден құралады? \дыбыстан\

7.Ең үлкен мұхит \Тынық\

8.Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді \2-ге\

9.Жылдан құр қалған жануар \түйе\

10.1-желтоқсан қандай мереке? \Президент күні\

11.Есту мүшесі не? \Құлақ\

12.Жеті күн қалай аталады? \апта\

13. Орман дәрігері \тоқылдақ\

14.81 қандай санның квадраты? \9санының\

15.Фигураның ауданын қалай табамыз? \ені мен ұзындығын көбейтеміз\

16.1кг-да қанша грамм бар? \1000 грамм\

17.Анаңның шешесі саған кім болады? \ Нағашы әже\

18.Қазақтың ұлттық аспабы – \домбыра\

19.Жылқының пірі – \Қамбар ата\

20.Табыс сетігінің сұрағын ата \Кімді? Нені?\



ҮІІ кезең. Қорытынды:

1. Сынып озатын анықтау, марапаттау.

2. Құттықтау сөздер























Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл селосы

«№11Қоскөл жалпы орта біліи беретін мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғаімі

Абилова Гулнар Жандарбековна

Сабақ тақырыбы: Шылау. Мен( бен,пен), және шылаулары.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға шылау туралы түсінік беру, шылау сөздердің жеке тұрғанда толық мағынасы жоқ екендігін, тек өзге сөздермен байланысып жұмсалатындығын аңғарту. Ақыл – ойын танымдық қабілеттерін дамыту. Қатесіз, әдемі жазуға баулу. Зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, таратпалар, тест сұрақтары, сөздер т.б.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 29-жаттығу, аралап тексеру, оқыту.

Жан-жақты білімдерін тексеру:

а\ Таратпамен жұмыс

Үстеу дегеніміз не? Үстеудің қандай түрлері бар? Мезгіл үстеу қандай сұрақтарға жауап береді? Мекен үстеу қандай сұрақтарға жауап береді? Сын-қимыл үстеу ше?

ә\ Семантикалық картамен жұмыс: Үстеулерді дұрыс ажырату.

Үстеу түрлері

Үстеулер

Мезгіл үстеу

Мекен үстеу

Сын-қимыл үстеу

Жол-жөнекей




Бүгін




Төменде




Жылдам




Жазда




Қалада




Ілгері




Баяу




Әуелде




ІІІ. Жаңа сабақ: Шылау. Мен,\бен, пен\, және шылаулары

Шылаулы және шылаусыз сөздерді салыстыру арқылы шылау туралы түсінік беру. Шылау түрлерімен таныстыру. Мен \бен,пен\, және шылауларына мысалдар келтіріп түсіндіру.

1.Ауа мен су, күн көзі – 2. Жаман көрші – ұрыс пен керіс

Шын достықтың нақ өзі. Жақсы көрші – алыс пен беріс.

Мақалдардың мағынасын түсіндіру, шылауларды табу, олардың сөйлемде атқаратын қызметін білу. Ережені оқып, түсіндіру. Көшіріп жазып,

шылаулардың астын сызу.

Сергіту сәті

Өздік жұмыс

8-жаттығуды жатқа жазып, шылаулардың астын сызу. Өлеңнің авторын,

атын еске түсіру.


9-жаттығу. Сөзжұмбақ шешу

ж

о

л

б

а

р

ы

с

ә

ж

е


н

а

р

е

р

1. Жыртқыш аң

2. Әкеңнің анасы саған кім болады?

3. Бір өркешті түйе қалай аталады?

4. Батыр сөзіне мәндес сөзді ата.


Оқулықпен жұмыс

10-жаттығуды ауызша орындау. Мысалды түсініп оқу, шылауларды табу


Тақтамен жұмыс

11-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып сөйлемдерді

көшіріп жазу. \тақтада \ Шылаулардың астын сызу .


Логикалық тапсырмалар

1. Үстел үстінде 5 шам жанып тұрды, оның 2-еуі сөніп қалды. Үстел үстінде неше шам қалды?

2.Сен оны қусаң, ол қашады, ал сен одан қалсаң, ол қуады. Ол не?

3. Қай кезде біз екіні көреміз де, он төрт деп айтамыз?

4. Азамат мектебіне бара жатты, ол біраз жүрген соң екі сыныптасын қуып жетті. Неше бала үйіне бара жатты?

5. Күндіз сағат 12-де жаңбыр жауып тұр еді, енді 12 сағаттан кейін күн шығып тұруы мүмкін бе?

Қорытындылау: Таратпамен жұмыс. Таратылып берілген шылауларға сөйлем құрап айту. Сұрақтарға жауап алу.

1.Үстеу дегеніміз не? Үстеу түрлерін ата.

2.Мезгіл үстеу қандай сұраққа жауап береді?

3.Мекен үстеу қандай сұраққа жауап береді?

4.Сын-қимыл үстеу қандай сұраққа жауап береді?


Үйге тапсырма: 12-жаттығу. Шылауларды пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құрау. Ережелерді жаттау


Оқушыларды бағалау:























































































































































































































































































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассная работа 2 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2016 847
    • DOCX 68.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абилова Гулнар Жандарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абилова Гулнар Жандарбековна
    Абилова Гулнар Жандарбековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6672
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 485 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе