Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыВнеклассная работа на 8-марта

Внеклассная работа на 8-марта

Скачать материал

Тақырыбы: «Ана – өмірдің гүлі».

Мақсаты:

·        Білімділік: Оқушыларды мейірімділікке, аналардың, ұстаз апайлардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуін, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылақ атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру.

·        Дамытушылық: оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

·        Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Плакаттар,  гүлдер, шарлар, суреттер, қанатты сөздер.

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті асыл аналар, қыз қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!                                              Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!                                                                       1913 жылы 8-наурызда  Санкт-Петербургте тұңғыш рет халықаралық әйелдер күні атап өтілді. Содан бері жыл сайын біздің елімізде осы күн ерекше салтанатпен атап өтіледі. Міне, аналар мейрамы біздің сыныптада аталып өтілгелі отыр. Халқымызда «Жан қысылса, жақынын табады» деген сөз бар. Адам баласы қуансада, қиналсада ауызға алар сөзі «ана». Ақын ананы ән-жырына қосады, суретші оның бейнесін салып қалдырады. Сәулетші ананы тастан қашап жасайды. Ана – барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана баласын құрсағында көтеріп, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнайды. Шырылдап жерге түскеннен-ақ әр нәрсенің ең жақыны – анасы. Сондықтан анаға деген махаббат құндақта жатқан күнінен-ақ басталады. «Ана» сөзі де ыстық. Адамда қандай қасиет болсада күннің нұрымен, ананың сүтімен дарыған.                                                                                                     Жүргізуші: Ал, балалар, барлығымыз бірге аналарды құттықтап жіберейік:                                   Бәрімізге анасың,                                                                                                        Біз үшін күн боп жанасың.                                                                                          Құтты болсын мейрамың,                                                                                           Құттықтаймыз, анашым!

Хор: Анамызға мың алғыс!

-         Балалар, өмірде ең жақын кім? (Ана)

-         Ананың баласы үшін қай жері ауырады? (Жүрегі)

-         Ана мерекесінде нағыз анаға деген сыйлық не деп уәде бересіңдер?

Хор: Біз тәртіпті, білімді, еңбекқор боламыз!

(Балалар еңбек сабағында жасаған сыйлықтарын береді).

Жүрізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көтеріңкі көңіл сыйлайтын 1-3сынып оқушыларының аналар туралы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.


Индира

Ана – бақыт, ана - байлық, ана – гүл,

Осыны естен шығармайық, достарым.

Ана арқылы батыр және ақынбыз,

Тіршілігін түрлендірген даланың

 

 

Ана деген қамқоршы әрі қорғаның

Ана білсең ортаймайтын орманың,

Аналардың алдында мен бас иіп,

Ана жайлы жүректен жыр толғадым.

 

Айдана

Ақ халатты аяулым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың,

Еңбегінді ақтаған

Аман болшы, анашым.

Алина

Әкелетін отбасына береке ең,

Әз аналар арамызда көп екен.

Жыл құсындай көктем сайын аралар,

Құтты болсын, нұрға толсын мерекең.

Мәпелеген, әлпештеген баланы,

Ардақтасаң жарасады ананы

Аналардың арқасы ғой ежелден,

Елдікті ерлер сақтап жүрсе саналы.

Бексұлтан  

Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан ана

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа.

Жүре берші қасымда,

Айбат анам, ай анам

Ботам деген дауысынан

Мен мәз боп оянам

Жандос

Аялаған анамыз,

Саялаған панамыз.

Шынары боп өсеміз

Шырағы боп жанамыз.

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Нұргүл

Әнші біткен жүрсе оларға арнап ән

Шабыт қысып менде өзімше толғанам

Аналармен өмір мәңгі көрікті,

Тіршілікті келешекке жалғаған.

Сәби үшін мұздай бесік таянған,

Анаға арнап жыр жазудан аянбан.

Өйткені олар өшпестей боп мәңгілік,

Жүрегімнің қақ төрінен жай алған.

Сабина

Қадірлі анашым,

Аялар баласың

Төрт бөлген ұйқысың

Жас сәби бала үшін.

Жақсылық тілеген

Анашым – данасың

Осынау дүниеде

Біз үшін дарасың.

 

Наташа

Асыл ана, гүл ана

Ең жақыны сен ғана

Баланы ойлап жүресің,

Жүрегің бейне кең дала


1-4 класс (өлең)

2-4 сынып (ән мен өлең шумақтары)

«Ой шақыру» әдісі

Балалар халқымызда «Жан қысылса, жақынын табады» деген сөз бар. Адам баласы қуансада, қиналсада ауызға алар сөзі «ана».Сондықтан да балалар ана дегенде қандай ой келді бастарына? (Балалар жауабы)

                            Жанашыр                     күн   

                                                        

Овал:  Ана                   әдемі                                                          қадірлі

 

сүйкімді                                           тірегім

 

Мейірімді

 

Ананың алақанын сипап-сезу.

Шарты: Аналар ортаға шығады. Ал бір оқушының көзі жабылған күйі солардың ішінен өз анасын табу керек.

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, - деп, Абай атамыз айтқандай 3-сыныптың орындауындағы «Ана» әнін қабыл алыңыздар.

Сөз құрастыру.

Шарты: Оқушылар ана және мама деген сөздегі әріптерден басталатын қыз аттарын айту керек.

Жүргізуші:

         Бишілер бар біздерде 1-сынып

         Мерекеге өнерімен келген бүгін.

         Таң қалдырып қанекей би билеші,

         Қол соғып демеу берер көрермендер, - демекші, ендігі кезекте өзбек биімен          сахнада 1-сынып, қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім ұмытып.

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып, - дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.

Бексұлтанның орындауында «Ана туралы» әні.

Жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер,

Көтерілсін қанекей, көңіл күйлер.

Алдарыңызда қазіргі кукла биі,

Таңқалдырып қанекей би билеңдер, - демекші, ендігі кезекте рэп биімен сахнада 4 «а» сынып оқушылары қабыл алыңыздар.

Көрініс. «Қариялар мен немерелер».

Жүргізуші: Ардақты аналар, апайлар, қыз-қызғалдақтар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен – көп рахмет!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассная работа на 8-марта"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 946 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2016 523
    • DOCX 37.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хамина Гульнара Каденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хамина Гульнара Каденовна
    Хамина Гульнара Каденовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8167
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2688 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 482 человека

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе