Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Внеклассная работа на тему «Ана өмірдің шуағы»

Внеклассная работа на тему «Ана өмірдің шуағы»

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Ана- өмірдің шуағы.»
Мақсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.
Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтка тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру,. Интерактивтік тақта
Оқушылардың өзі түсірілген бейнебаян
Түрі: әдеби-музыкалық монтаж
Барысы: интерактивті тақтада «АНА-ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ» жазуы.
Сынып іші: ,,,,,,,,, терең ойда, сынып ішінде ерсілі-қарсылы жүр.Сол кезде ,,,,,,,,,,,, кіріп келіп:
1-жүргізуші: -,,,,,бауырым , неге көңілсіз жүрсің?
2-жүргізуші: -Е-е, ,,,,,,,, бауырым мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
1-жүргізуші: -Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт……
2-жүргізуші:-Жо-о,жоқ! Жарамайды.Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
1-жүргізуші:-Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды.Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде.Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік. ( Барлығы жапырлап шығады)
2-жүргізуші: ( Басын ұстап)-Бәрің тақпақ айтуға шықтыңдар ма?
Балалар: -Иә,бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
1-жүргізуші: -Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты 8 наурыз туралы айтатын балалар айтсын, сосын тағы көре жатармыз.Сондықтан ең бірінш Ақмарал, Айсұлу, Екі Нұрдаулет , Сымбат қалсын, қалғандарыңды сосын шақырамыз.
Ақмарал:
Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.

Ана десем, шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Айсулу:
Тамаша тілім барда айнала маң,
Жан бар ма асыл сөзден жайнамаған?
Анамның ақ сүтінен жаралғандай,
Өзіңнен артық тілді қайдан алам!
Анашым ақ бесікті тербеткенде,
Әлдилеп мол мейірімен әндеткенде.
Жаныма шәрбат болып енген тілім,
Табынам әз қасиет бар деп сенде.
Сәбидің бесігінен басталатын,
Әз тілім, неткен таза, асқақ атың?!
Ардақтап ана тілдің мөлдір үнін,
Жыр жазып, ән айтайық аспандатып.

Ж. Нұрдаулет :
Мерейлі сәт мерекеге ұласып, 
Сегізінші наурыз келді қыр асып. 
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы- 
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды, 
Мерекеден шуақты бір із қалды. 
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер, 
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Дүниеде ең кемеңгер дананы, 
Ана табады, аялайды бағады. 
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп, 
Құрметтейік қасиетті – ананы

Нурдаулет: Аналар, қыздар жасай берсін! 
Ана десе ақтарылған ағынан 
Анашымды күніне мың сағынам. 
Тірлік үшін әулиеге табынатын 
Аналардың ақ сүтіне табынам.


А.Сымбат:
Ана сүтінен барлық адам нәр алған,
Ол азығын өзімен бір жаралған.
Туа салып тұңғыш тапқан дәмін ол,
Күш қуат боп өн бойына таралған.
Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар!
2-жүргізуші: Ана, ана, ана !
Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші!
Сезім мен қасиеті, бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде?
Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.
1-жүргізуші:
Міне, ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.

2-жүргізуші: -Дұрыс айтасың, ,,,,,,,,. Ана ең жақын, ең ыстық адам.Ана әрқашанда баласы үшін жанын беруге дайын тұрады.Түнде ұйықтамастан баласына қамқор болады.Әр бала анасын жақсы көреді.,,,,,,,,Ендеше келесі кезекті Сымбаттың орындауында Ана атты әнін тамашалаймыз!
1-жүргізуші: Келесі кезекті кыздарға берейік. Қыздарымыздың қазақша биін қарсы алыңыздар
2-жүргізуші: Пай, пай, пай қыздарымыз қандай керемет билейді екенғой
1-жүргізуші: Ия ,,,,,,,, Өйткені, ол 4 «А» сыныбының қыздарығой.
2-жүргізуші:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай,
Ақ сүтіңді өтермін.
Біліп тұрсың, жан анам
Міндеті үлкен ботаңның
Күтері сол баладан
Ана менен Отанның!

1-жүргізуші: -Жарайсың, ,,,,,,,,,,.Анаңды өте жақсы көреді екенсің! Бұның бәрі жақсы, бірақ бір нәрсе жетіспейтін сияқты.

2-жүргізуші: — ,,,,,,, мүмкін аналарымызға шаттық күлкі сыйлармыз.
1-жүргізуші: — Ол қалай?
2-жүргізуші:,,,,,,,,, мүмкін ана туралы бейнеролик түсірерміз?! «Ана -өмірдің шуағы» деп атаймыз.
1-жүргізуші: - Ойланып көрейік! Тамаша!!!
Бейнеролик көрсетіледі
2-жүргізуші:,,,,,,,,-Аналарымызға ұнай ма екен? ( көп ойланады)
1-жүргізуші: -Әрине ұнайды. Біз бұл бейнероликты түсіру сәтінде аналардың қадірін одан сайын ұқпадықпа?!
Ана-ең аяулы жан. Қандай жағдайда болмасын әрқашан қасымыздан табылатын асыл жан. — Мен өскенде бұдан керемет кино түсіремін. АНА өмір бойы ең негізгі кейіпкер ғой!
Ендеше келесі кезекті қыз-жігіттеріміздің Арива биін тамашалаймыз,
Айназ:
Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім,
Жанымды жадыратып, күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты,
Нұр толы қос жанарың білдіретін.

Ұлдана:
Бар ана туған елдің гүлі дер ем,
Анажан қайғың болса күңіренем.
Таусылмас тау суындай ақылың бар,
Сен барда менің әр бір күнім өлең.

Аяжан:
Сен менің астанамсың,
Қуанам, күлемін мен.
Саялар баспанамсың,
Жылтатын жүрегіңмен.
Суреттей салынбаған
Сенің бар қасиетің.
Сен күнсің жалындаған
Тіршілік бас иетін.

Мереке: Ана деген мәңгілікке қолдаушың
Ана деген тайсалмайтын қорғаушың
Ана деген жан сырласы баланың
Ана деген бұл тартуы Алланың.

Жүрегіне бақыт құсы келіп қонсын 
Өмірің мерей тойға мәңгі толсын .
Еңбегінің табысын көре берші
Болашығаң, аспаның ашық балсын.
Аружан: Ананың орнын ешкім,ешқашанда басалмайды 
Анажан сенен ешкім, ешбір жан асалмайды.
Ана заты құрметті, қасиетті,
Ана есімі әрқашан құдіретті.

1-жүргізуші: Келесі кезекті қыздарымыздың орындауында үнді биін қарсы алыңыздар!!
2-жүргізуші: Қалған оқушылар өлең айтамыз деп қоймай жатыр. Соларға берейік өлеңді.
1-жүргізуші: Ия берейік,,
Айымжан:
Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарсада өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын.
Жасыңа жас қосылып, бақыт қонсын.
өмірде қызық көр жыл сайын.
Береке мен бірлікке ортаң толсын!
Сымбат:
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.
Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.
Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Хормен: Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
2-жүргізуші:Келесі кезекті біздің яғни сүп-сүйкімді жігіттердің орындауында Шет ел биін тамашалаймыз!

Ерасыл: 8 Наурыз 2015 жыл көктемі, 
Қыстың кетті аязының өктемі. 
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар, 
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің, 
Ақындардың өлең арнар жырысың. 
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға, 
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.

Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған 
Шапақтарың бар әлемге таралған, 
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың, 
Орындалсын жүректегі бар арман!

Құтты болсын аналардың мейрамы! 
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары! 
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы, 
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

8 Наурыз қуанышқа бөлесін! 
Әкелсінші жаздың жылы елесін! 
Барлық халық аман болып елімде 
8 Наурызға жете беріңіздер келесі!



Оқушылар шығып өз тілектерін айтады.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Мақсаты:Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.
Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтка тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру,. Интерактивтік тақта
Оқушылардың өзі түсірілген бейнебаян

Автор
Дата добавления 30.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров194
Номер материала 260497
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх