Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Внеклассная работа на тему: Әдепті бала – тәрбиелі бала
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Внеклассная работа на тему: Әдепті бала – тәрбиелі бала

библиотека
материалов

Әдепті бала – тәрбиелі бала

Мақсаты: Балаларды әдептілікке , қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: Әдеп, тәрбие туралы түсінік беру;
жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.


Шаттық шеңбері.
Балалар бір-біріне гүл ұсыну арқылы жылы лебіздерін білдіреді.

- Балалар, бізде бүгін «Әдепті бала – тәрбиелі бала» атты тәрбие сағаты болмақ. Жақсы, жаман, әдептілік туралы мақал - мәтелдерімізді айтайықшы.
М: Үлкенді сыйласаң, елге сыйлы боласың.
Н: Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
Ж: Үлкенге құрмет, кішіге ізет.
«Жақсы болу өзіңнен» өлеңін барлығы жатқа айтады.


- Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла!

- Жарайсыңдар, балалар. Балалар, бір - біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлем - сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы. Олай болса амандасудың қандай ережелерін білесіңдер?
А: - Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып амандасқан жөн.
Р: - Ассалаумағалейкум, деп амандасқанда қолғапты шешу керек.
- Дұрыс, ендеше балалар, барлығымыз бірге «Ізгі сөздер» өлеңін айтайық.
Ұл - қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем - сөздің анасы».
- Балалар, қозғалмалы ойын ойнайық. (Онда үлкен көрнекілік автобус көлігі, оның ішінде жүргізуші, отыратын екі - үш бала және де әже рөлінде ойнайтын қыз бала).
Ойын: Қозғалмалы ойын. Автобус ішіндегі көрініс.
- Балалар, сендердің үйлеріңде әжелерің бар ма?. Ендеше, мынау біздің әжеміз, ол сендерге базардан алма сатып әкелмекші. Ол үшін қандай көлікке отыруы керек?
- Автобус көлігіне.
- Ендеше, аялдамадан автобус күтейік.(Әже аялдамада тұрады).
Автобус жүргізушісі аялдамаға келіп тоқтайды. Ішіне әжей кіреді. Сол кезде оған ешкім орын бермейді.
- Балалар, қараңдаршы осы көрініс дұрыс па?, әлде бұрыспа?
Балалар еркін түрде өздерінің ойларын айтуға тиіс.
- Жоқ дұрыс емес, үлкен кісіге орын беру керек. Біз үлкендерді сыйлауымыз керек. Амандасуымыз керек. Орнымыздан тұрып: «Сіз отырыңыз» деуіміз керек деп көптеген сөздер айтып, өз ойларын білдіреді.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, біз үлкендерді сыйлауымыз керек, амандасып, орнымыздан тұрып орнымызды ұсынуымыз керек - деп тұрып тұрған әжейге орын беріп, отырғызу.
Автобусымыз баратын жеріне жетіп, әжеміз автобустан түсіп базарға келеді. Базардан алма сатып алады.

«Кім жылдам» сайысы

/мақал-мәтелдің жалғасын табу/

Адам туа жаман болмайды, ........

Жақсы адам – арын құл.


..............................................

Жақсы мен жаман адамның арасы

.....................................................

Жақсы жолдас болсаң,

.........................................


- Өте жақсы. Енді бәріміз сергіту сәтін орындайық. ( Буфер арқылы ән).


Сергіту сәті.
- Кәне, балалар, орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық.
Бала, бала, балақан,
Қане, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбәт,
Былай - былай ойнат.
Күндей жайнап алақан,
Қолымызда жалау бар,
Жалауымыз жайнап,
Би билейміз ойнап.

Сәлден соң есік қағылып, Әдемі қыз сыныпқа кіреді.(Бастауыш оқушысы).
Бізге қонаққа әдемі қыз келіпті.

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым - Әдемі қыз. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Тапсырмалар ала келдім.
- Балалар, бізге Әдемі қыз(бастауыш сыныбының оқушысы) суреттер алып келіпті. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.( тақтаға ілдіру).
- Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Қыз бала мен ұл бала ағаш отырғызып жатыр. Бұл балалар қандай балалар?
Жақсы, онда Азамат қай қалтаға салады екенін көрейік.
- Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?
- Отырғызып қойған ағашты бала келіп сындырып жатыр. Бұл қандай бала?

Жанасыл қандай қалтаға салады екен.
- Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?
- Бұл суретте бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып жатыр. Бұл қандай бала? Жаман бала.
- Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?
- Жақсы. Олжас қандай қалташаға салады екен.
Өте жақсы, енді екінші тапсырмам.
- Сендер мамаларың мен папаларыңа көмектесесіңдер ме?
- Кәне, қалай көмектеседі екенсіңдер көрейік.
М: - Біз үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз?
Н: Үлкеннен бұрын сөйлемеу, алдын кеспей құрметтеу керек.


VІІ. Кестені толтыру

Ел жұртының қаласындай

Жақсы қасиеттер

Көкірегі көр, көзі соқыр


Жаман қасиеттер
















Әдемі қыз:- Балалар, сендер өте тәрбиелі, жақсы мен жаманды ажырата біледі екенсіңдер, үлкенді сыйлай білетін, құрмет көрсете білетін жақсы балалар екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Сендерге рахмет - деп кластан шығып кетеді.
- Сонымен балалар, жақсы бала қандай болады?
Таза жүректі, әдепті, үлкенді тыңдайтын, кішіге қамқор болатын.
Ырыс: Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам болып шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс.
- Көлік ішінде егде адамдарға не істейміз?
Үлкенге орын беру. Амандасу. Ұлдар аталарды көргенде «Ассалаумағалейкум» десе, апа, әже, апайларды көргенде «Сәлеметсіз бе?» деу керек.

Қорытынды:
- Әдемі қыздың әкелген тапсырмаларын орындады. Біздің балалар жамандық пен жақсылықты ажырата біледі. Көптеген тәрбиелі мол түсініктер алды. Сабағымды аяқтамас бұрын, Ұлы ақын Абай атамыздың нақыл да, тәрбиелі өлеңін оқып алайық.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ.
Бес дұшпанын білсеңіз,
Талап, еңбек терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
- Балалар, сендер осы Абай аталарыңның нақыл өлеңін мәңгі жадыларыңда сақтап, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, әрқашанда білімді, еңбекқор, өтірік айтпай, мақтаншақ болмай, тәрбиелі азамат пен азаматшалар болып өсулеріңе тілектеспін.






















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров116
Номер материала ДВ-336736
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх