Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Внеклассная работа на тему «Көктем аруы»

Внеклассная работа на тему «Көктем аруы»


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы:
Көктем аруы байқауы
Мақсаты:
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Қыз елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.

Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар.
Бүгінгі қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, өз өнерлерін көрсетеді.

Сайысымыз 5 турдан тұрады.
1. Таныстыру
2. « Өнерлі өрге жүзер» Аруларымыз өз өнерлерін көрсету.( ән айту, би билеу, домбыра тарту, пародия т,б )
3. « Талаптыға нұр жауар» Қыздарымыз өздерінің үйлерінен жасап әкелген қол еңбектерін көрсетеді.( қолдан жасалған бұйымдар.)
4. Жұмыртқа ашу 2 минут уақыт беріледі
5. Сұрақ-жауап билет алады.

1 тур. Таныстыру. Қыздарымыз ортаға келіп өздерін таныстырады.
2 тур.
« Өнерлі өрге жүзер»
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
Қане, қыздардың өнерін тамашалайық.

3 тур. « Талаптыға нұр жауар» Қыздарымыз өздерінің үйлерінен жасап әкелген қол еңбектерін көрсетеді

4 тур. Жұмыртқа ашу 2 минут уақыт беріледі
5 тур. Сұрақ-жауап қыздарымыз билет алады.

1.Қазақстанның астанасын ата.(Астана)
2. Судың адам өміріндегі маңызы қандай? (
Су болмаса , өсімдік өспейді . Жануарлар да , адам да сусыз тірішілік ете алмайды . Фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет .Сусыз ас дайындау да мүмкін емес . суды ішеміз , сумен жуынамыз , кір жуамыз .
3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата. ( Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Сұрақтары: кім? Не?)
4. Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген? (1845жылы)
5.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері. ( Т. Әубәкіров)
6. Түйе атасын қалай атайды? ( Ойсылқара)
7. Қазақ тілінде неше септік бар? (7 септік)
8. . Наурыз мейрамында әзірлейтін басты тағамды атаңыз.
9. Мақалды аяқта. Өнер алды -... (қызыл тіл)
10. . Мақалды аяқта

Мектеп – кеме, білім -...(теңіз)
11. Мақалды аяқта Отансыз – адам,...
12. . Мақалды аяқта

Балалы үй базар, баласыз үй -...(мазар)
13.
Қазақстанда қанша облыс бар?
14.
Қазақтың батыр қыздарын айт.
15. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңыз

Жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше
өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
Жүргізуші: Енді сөзді төрешілерімізге берейік.
Жүргізуші:. Назарларыңызға рақмет!


Краткое описание документа:

Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.


Автор
Дата добавления 30.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров177
Номер материала 260493
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх